Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

21

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.04 Mб
Скачать

жері бай адам өзге елде қайыр сұрап жүрмейтіні жұрттың бəріне барлық кезде де белгілі екенінде, белгілі болғанында сөз бар ма...

Елі бай, жері бай адам өзге елдің ішінде қайыр сұрай ма... Ал елі бай, жері бай бола тұра, өзге ел, өзге жерде қайыр сұрау адамның азғынынан ғана шығуы мүмкін. Елі кедей, жері жұтаң, жұрты жоқ-жітік елден бар елге, бай жерге келіп қайыр сұрап жүріп, сол жоқ елін, жұтаң елін бай ел еді, бақуат еді, ырысы тасыған ел еді деп жырлау – бұл да танымның таяздығынан, ұяттың жоқтығынан шығатын жаман қылық қатарына жатады. Мұндай қайшылықтар арқылы ақын өз заманының адамының келбетін, мүсіні мен мінезін шебер жасайды деуіміздің себебі осындай. Аудармада бұлар, ақын талантына тəн мұндай шеберлік қырлары мен даналық даралық із-түзсіз жойылып кете барған.

Мағыналық, мазмұндықдəлдігі, сəйкестігіжағынанМ. Сильченконың жолма-жол аудармасы түпнұсқаға В. Звягинцеваның аудармасынан көп жақын:

Ради наживы острили язык, запродавали душу, Выпрашивая подачку, иных обманывали, иных обвораживали

Вчужом роду выклянчивали милостыню,

Всвоем – с клятвой восхваляли бая [6, 88].

Зерттеуші ақын өлеңінің мағынасын, мазмұнын бастапқы үш тармаққа дейін дұрыс беріп келіп, соңғы тармақта жаңсақ басып кетеді. Соның нəтижесінде «өз елінде байды мақтайды», «өзге елде қайыр сұрайды» деген секілді ой айтылады. Түпнұсқаға тағы көңіл аударғанда, ақынның суреттеп отырған жаны өзге елде қайыршылық жасап жүріп, өз елінің байлығын айтып мақтанатынын тағы қайталап көрсетуге тура келеді. Ол өз елінде байды мақтамайды, өзге елде қайыр сұрап жүріп, өз елінің байлығын мақтан қылады. Міне, осы бір анық та айқын, нақты ойды М. Сильченко жаңсақ түсініп, жолма-жол, сөзбе-сөз аудармасында түпнұсқамен тепе-теңдікті, мазмұндық теңдікті сақтай алмай қалады.

Ə. Қодар да түпнұсқаның болмысын толық аша алмаған секілді болып көрінеді:

151

Корыстью зажженные, лезли из шкур, Смотря на хозяев сквозь хитрый пришур. В чужой стороне без стыда побираясь,

Свой край воспевали, мудры чересчур [5, 29].

Өлең мəтініндегі «мал үшін», «мал сұрап» сөздері беретін ұғымды аудармашы «корыстью зажженные» сөздері арқылы беруді мақұл көрген. Абай бұл реттегі ойын нақты, ашық айтса, аудармада бұл ой жалпы сипатты иеленіп, өзінің заттылығын, нақтылығын жоғалтқан. «Тілін безеп», «жанын жалдап» секілді фразеологиялық тұрақты тіркестердің беретін мағынасын Ə. Қодар «лезли из шкур» сөздерінің көмегімен жеткізуді тиімді санаған. Аудармашының ізденістерін мансұқтауға бармай, оның шығармашылық еңбегінің көркемдік дəрежесін төмендетпей отырып, онда түпнұсқадағы барлық істің себебі қызметін атқарып тұрған мал, мал жинау мақсатының анық ашылмай қалғанын айтпасқа болмайды. Аудармадағы «корыстью зажженные», «лезли из шкур», «хитрый пришур» секілді сөздер тобының бəрі, айналып келгенде, кейіпкердің мал үшін, мал алу үшін жасап отырған қылығы екендігі аудармада тиісті дəрежеде ашылмай, анықталмай тұр. Оның басты бір себебі, жоғарыда көрсеткеніміздей, нақты, затты ұғымды білдіретін «мал үшін», «мал сұрап» сөздерінің жалпы ұғым білдіретін «корыстью зажженные» сөздері арқылы берілгендігінде. Кейінгі екі тармақтың мағынасын беруде де осындай нақты мағынаны жалпыландыру салдарынан туып жатқан олқылықтар бар. В. Звягинцеваға қарағанда Ə. Қодар соңғы екі тармақтың мағынасын дұрыс жеткізген. Əйтсе де Ə. Қодардың аудармасынан «жат жерде ұятсыз сандалып жүріп, өз өлкесін жырлады, əсіресе, даналыққа салынды» деген ойды аңғармау қиын. Бұл ойдың түпнұсқа беретін мағынаға сай келмейтіні өз-өзінен көрініп тұр. Жат жерде қайыр сұрап жүріп, өз елінің байлығын жырлау туралы ой бұл жерде де көзге түспей, сырт қалған. Аудармадағы «свой край воспевали» мен түпнұсқадағы «өз елін бай деп мақтап» арасындағы алшақтық арасында да кейбір үндестік барын жоққа шығармау керек. Мұндағы үндестік «воспевали» мен «мақтап»

152

арасындағы мағыналық жақындықтан шығып жатыр. Түпнұсқада əйтеуір мақтау туралы əңгіме жоқ, онда «бай деп мақтау» туралы айтылады. Аудармада мақтау туралы ой бар да, «бай деп мақтау» туралы ой жоқ. Түпнұсқадағы «мақтаудың» мəнісі «бай деп мақтауда». Бекерден бекер мақтау немесе əйтеуір мақтау, пəнсізмақтаутүпнұсқағажат. Алаудармадамұныңбəрікерісінше болып шыққан: онда пəнсіз, жөнсіз, беталды мақтау туралы сөз болады. Сонымен бірге аудармадағы «мудрый черезчур» сөздерінің басы артық, сірə, бұл сөздерді ұйқас қуған тілек өз тарапынан алып келіп, түпнұсқа мазмұнына жанаспайтын болса да, қоса қойған болса керек.

Ақынныңадаммензаманбейнесінжасаудағышыншеберлігін танытатын өлеңдерінің бірі – «Байлар жүр жиған малын қорғалатып». Мазмұны, сыншылдықсипатыжағынанбұлөлеңілгеріде талданған өлеңдердің бəрімен үндес, сарындас. Мұнда да ақын өз заманының терең шындығын, сол заман шындығынан туып жатқан адам сырын, адам құлқын үлкен шеберлікпен, шыншылдық таныммен суреттейді.

Байлар жүр жиған малын қорғалатып, Өз жүзін онын беріп алар сатып. Онын алып, тоқсаннан дəме қылып,

Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып? [2, 52], –

деген өлең жолдарында суреттелген өмір шындықтарында терең сырбар. Олсырдыңбастықырларыабайтанусаласындағызерттеу еңбектерде кеңінен ашылды [1, 114-115; 12, 44-45]. Берілген жолдардың сөзбе-сөз аудармасын М. Сильченко мынадай түрде жасаған екен:

Баи живут, оберегая накопленный скот, Сам (бай) дает десять (голов), а норовит взять сто, Добыв десят, надеется на девяносто.

Уж не богом ли предназначено это народу? [6, 64].

Бай үшін осында көрсетілген құлық түгелдей лайықты екенінде сөз жоқ. Қалай болса да мал тауып, байлығына байлық

153

қосқысы келмейтін бай болған емес, болмақ та емес. Əйтпесе оның несі бай... Аудармадағы мұндай қасиеттер байдың қандайының бойына да лайықты болғанмен, Абай суреттеп отырған байдың сипаты мүлде бөлек. Ақын өлеңінде екі тұлға қатар көзге түседі. Оның бірі − өз жүзін онын беріп өзі сатып алып отырған бай. Өз малын өзімдікі дей алмай, өз малына өзі билік ете алмай, қу мен алаяққа он беріп, жүзді сақтап қалып отырған байдың бейнесі өлең жолдарынан анық елестейді. Өлеңдегі екінші тұлға −байдыңжүзініңоныналып, ендіқалғантоқсанынандəмеқылып отырған аларман. Мұның да бейнесі толық. М. Сильченко осы екі тұлғаның екі түрлі мақсаты мен ісін бір ғана адамның, байдың, бойына жинақтап, соның бейнесін нақтылайды да, одан алып отырған, алған үстіне ала беруге дəме етіп отырған қанағатсыз аларманның бейнесін ұмыт қалдырады. Бұл, сірə, зерттеушінің өлең мəтінін жете түсінбегендігінен болу керек. М. Зенкевич бұл өлең шумағын түпнұсқаға мейлінше жақын аударған:

Бай живет и охраняет свой скот, Десять подарит − сотню убережет. А тот, кто добудет десять голов, И девяносто в придачу урвет [3, 33].

Əр тармақ, əр сөз деңгейінде талдау жасағанда да аудармашының түпнұсқа мазмұнын еш өзгертпей, оның мазмұны мен пішініндегі келісімді де сақтай алғандығына көз жеткізуге болады. Сөйтіп, өлеңдегі адам да, заман да аудармада өз сипаттарымен еркін жəне толық көрініс табады. Байдың ісі мен күйі қаншалықтыанықберілсе, оныңмалынандəмеетіп жүргеналаяқ аларманның жағдайы да дұрыс ашылған. Түпнұсқаға адалдық, аудармашылық өнердегі шынайылық пен шыншылдық ақын өлеңінің аудармасын түпнұсқамен етене жақындатып, ақынның талант табиғатын, ақындық ойлау даралығын мейлінше дəл тануға жол ашады. Өлеңнің бастапқышумағын аударудаосындай ерекше зерде, үлкен ізденіс көрсеткен аудармашы кей тұстарда мұнысынан жаңылып қалғандай, түпнұсқа мазмұнын сақтауды міндет етпей, еркіндікке жол береді:

154

У богатого исстари сила вся, Обманщик избит, но не перевелся. Чтобы честного человека травить, Наготове любой держит злого пса [3, 33].

Аударманыңалғашқытармағытүпнұсқаның«Күштіжықпақ, байжеңбекəуелбастан» дегентармағыменмағыналасболаалады деуге ешкімнің батылы бара қоймас. Түпнұсқада соншалықты анық, түсінікті айтылып тұрған ойдың аудармашының қалайша дұрыс түсіне алмағанына таң болмасқа шара жоқ. Ақын екі түрлі адамның тұлғасын көрсеткен. Оның бірі − күшті, екіншісі − бай. Бұл екі тұлғаның əрқайсысына тəн іс нəтижесі бар: бірі жықпақ, екіншісі жеңбек. Екі түрлі тұлғаны жəне олардың əрқайсысына тəн осындай іс нəтижесін көрсетпеген жағдайда, ақынның айтып отырғанойысұйылыпшығабереріндесөзжоқ. Бұлардыкөрсетуді аудармашы міндетті санамаған жағдайда, ол ақын ойына тең түсер, онымен тектес басқа ойды ұсынуға тиісті еді. Аудармашы басқа ой ұсынбады деуге болмайды, бірақ сол ұсынып отырған ойы түпнұсқа мазмұнымен еш үйлеспейді, түпнұсқа беретін мазмұннан əлдеқайда кедей, ажарсыз. Шумақтың кейінгі екі тармағы түпнұсқа табиғатын біршама дұрыс жеткізеді. Онда да түпнұсқадағы эмоциялық реңкке ие болып тұрған «жаны аяулы жақсы» туралы ұғым түсіп қалған. Мұның өзі де аударманың эмоциялық мазмұнын сырт қалдырып, түпнұсқаның тек нақты мазмұнын ғана беріп отырғанын байқатады. Соңғы тармақтағы əркімнің сақтап жүрген иті жай ит емес, ырылдаған ит. «Ырылдағанит» аудармада«қабағантөбет» (злойпес) болыпаударылған. Қабаған ит − атау. Ырылдаған ит − бұл да атау. Бұл тұрғыдан келгенде, түпнұсқа мен аударма арасында ешқандай алшақтық жоқ дерлік. Бірақ түпнұсқаға тереңірек үңілген жағдайда, ақын тілінің басқа қыры мен сыры ашылады. Ырылдау итке тəн болғанмен, «ырылдатып» сөзібелгілібірісті, қимылдыбілдіретін басқа сөзді қимыл-сын, амал жағынан пысықтап тұр.

Тармақтағы «ырылдатып» сөзімен тікелей байланысты сөздердің тобын алсақ, онда олардың өзара байланысу, тіркесу жүйесі мынадай болады: əркім бір итті сақтап жүр; əркім бір итті

155

ырылдатып сақтап жүр, т.б. Бұдан көрініп тұрғандай, «ырылдатып» сөзі «сақтау» етістігімен тікелей байланыста. Сақтағанда жай сақтау емес, ырылдатып сақтау. «Сақтаушы» да, «ырылдатушы» да итті ұстаушы (əркім). Сақтау сөзін пысықтап, оған образ дарытып тұрған сөз де осы − «ырылдатып». Бұл жерде де эмоциялық мазмұн бары рас. Ал осы эмоциялық мазмұн иттің белгісінемес, оныұстап, сақтап жүрген адамның тұлғасынашуға қызмет етеді. Сондықтан аудармада түпнұсқаның осындай мағыналық қосымша реңкін, эмоциялық бояуын қайта жасаудың маңызы жоғары.

Айтылған жайлардың бəрі аудармашының түпнұсқа табиғатын, əсіресе шығармасы аударылып отырған ақынның талант даралығын, ақындық əлемін, поэтикасын жете тану немесе тани алмау жағдайымен тікелей байланысты.

Ақынның айтып отырған ойын білу жəне оны аудармада жеткізу, негізінен, екі түрлі деңгейде жүзеге асырылады: түпнұсқаның негізгі мағынасын, онда тұжырымдалған нақты мəліметті, хабарлай айтылған ойды дұрыс жеткізу бар. Мұның маңызы да өте жоғары екендігінде сөз жоқ. Сонымен бірге өлеңнің көркемдік-эстетикалық мəні, ақынның тек өзіне ғана тəн поэтикалық машығы мен мəнері жəне бар. Оны аудармада таныта білу, жеткізе білу жəне бар. Қайсыбір тұстарда ақынның поэтикасына тəн нəзік белгіні немесе бір нəзік бояуды өзгертудің өзі түпнұсқаға тəн қасиетті арзандатып, ақынның поэтикасын мүлде ажарсыздандырып жіберуі мүмкін. Түпнұсқаның жалпы мазмұнын аударып баяндау мен оның поэтикасын сақтап аудару, аудармада ақынның поэтикасын кестелей білудің екі басқа шығармашылық құбылыс екендігінде дау жоқ. Ал бұл мəселе − өте күрделі, танымға да, талантқа да үлкен сын. Ақындығы келісті, талантты, біліміде, тəжірибесідемолаудармашыныңөзітүпнұсқа авторының поэтикасын, оның даралығын жете тани бермеуі, танысадажетебағалайалмауығажапемес. Түпнұсқаныңсыртқы сипатын, ондағысөздіңлексикалықмағынасынтанужəнеоныдəл аудару−бірбасқада, солардыңбірлігіментұтастығы, келісімімен жарасымынан жəне қызметінен туындайтын поэтикалық мəнді

156

тану − бір басқа. Алғашқы жағдайда хабарлай айтылған ойды əр аудармашы да жеткізе алатын болса, кейінгі жайды, ақынның поэтикасын, аудара білу, аудармада оны жасай білу таланттың талантының ғана қолынан келеді. Абай шығармаларының аудармалары туралы əңгіме қозғағанда, біз осы талапты көбірек ұстануды дұрыс көрдік.

Əдебиеттер

1.Əуезов М. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Монография // Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – т.ХХ. − Алматы: Жазушы, 1985. – 6-245-б.

2.Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – т.1. − Алматы: Ғылым, 1977. – 454 б.

3.Абай Кунанбаев. Избранное / перевод с казахского. − М.: Художественная литература, 1981. – 224 с.

4.Ахметов З.А Лермонтов и Абай. − Алма-Ата: Казлитиздат., 1954.

270 с.

5.Абай /Ибраһим/ Қунанбаев. Избранное / перевод с каз.комментарии А. Кодара. − Алматы: Ана тілі, 1996. – 224 с.

6.Сильченко М.С. Творческая биография Абая. − Алма-Ата: Изд. АН Казахской ССР, 1957. – 294 с.

7.Абай Кунанбаев. Избранное. − Алматы: Казгосиздат худ.лит., 1951.

140 с.

8.Абай Кунанбаев. Избранное. − Алматы: Казгосиздат худ.лит., 1951. -140 с.

9.Абай /Ибраһим/ Кунанбаев. Избранное /перевод с казахского. − М.: Художественная литература, 1970. – 272 с.

10.Абай. «свою судьбу от мира не таю…» Избранное / составитель Герольд Бельгер. Ответственный редактор Абдижамил Нурпейсов.

Алматы: Издательство «Крамдс-Ахмет Йасауи» Казахского пен-

клуба, 1995. – 279 с.

11. Абай. Тридцать семь стихотворений / сост. и пер. М. Адибаев.

Алматы: Дом Печати «Эдельвейс», 2006. – 440 с.

12.Ахметов З.А. Абайдың ақындық əлемі. − Алматы: Ана тілі, 1995.

272 б.

13.Кунанбаев А. Собрание сочинений в одном томе. Стихотворения. Поэмы. Прозы / перевод с казахского. − М.:Госиздат.худ.лит., 1954.

416 с.

14.Кунанбаев А. Избранные стихи / перевод с казахского, сост. А.Л. Жовтис. − Алма-Ата: Жазушы, 1985. – 168 с.

157

VI тарау

ОБРАЗ ЖƏНЕ ОБРАЗДЫЛЫҚ

Абайдың шығармашылық мұрасын оқып, білу, оның мəні мен мəнісін түсіну, пайымдау – күрделі жəне қиын үдеріс. Абайдың сөзі − бейнелі, ойы − терең. Абайдың терең ойы мен бейнелі сөзін өз деңгейінде түсіну ХХ ғасырдың басынан аяғына дейін жалғасты, бірақ Абайды терең түсіндік, түсінгенімізді түгел пайымдадық деп айтуға ерте. ХХІ ғасырда абайтану ғылымында жаңасерпілісболды. СоғанқарамастанАбайдыңшығармашылық мұрасын тану мен білуде, түсіну мен түсіндіруде қайта қарауды, арнайы пайымдауды талап ететін мəселелер қатары бар. Сол мəселелердің бірі – Абайдың шығармашылық мұрасын түсіну, пайымдау, бағалау. Абайдың шығармашылық мұрасын түсіну мен пайымдаудың, бағалаудың басты бір арнасы – Абай шығармаларын басқа тілдерге аудару ісі.

Көркем шығарманың да, көркем аударманың да басты бірлігі

образ. Бірақ образ көркем аударманың басты бірлігі дегенде, ол бұлқасиеткетүпнұсқатүріндегікөркемшығарманыңбастыбірлігі деп отырған образға сəйкес келсе ғана ие болады. Өйткені образ

ең алдымен эстетиканың категориясы, ол өмір шындығының бейнесін жасаудың өнерге тəн тəсілдерін сипаттайды. Образ жəне образдылық өнер мен көркем əдебиеттегі негізгі ұғымдар болып табылады, дегенмен де əлі күнге дейін бұл терминдердің нақты анықтамасы жоқ. Көбінесе «сөздік», «тілдік» жəне «көркем» образдар ұғымдары шатасып араласып жүреді. И.Ф. Волковтың пікірінше, «көркем образ − көркем мазмұнды, яғни шындық болмысқа тəн көркемдік сипатты көрсететін бейнелеу құралдарының жүйесі» [1, 75]. Образдылық сөзден пайда болады. Адам өзінің ойын сөз арқылы жеткізеді. Əдебиетте сөздің көмегімен заттар мен құбылыстардың бүтіндігі игеріледі.

158

Сөз конвенционалды белгі, ол өзі сипаттайтын затқа ұқсамайды. Сөздік суреттер дерексіз болып келеді жəне олар арқылы автор оқырманның қиялымен байланыс орнатады. Əдебиетте бейнелеп көрсетеді, дегенмен сол бейнені қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Бірақсолайболатұра, сөздік-көркемобраздарқиялдағы шындықты суреттейді. Əдеби туындының мұндай жағын сөздік пластика деп атайды. Сөздік туындыларда көбіне көзге көрінген заттың өзі емес, сол затқа деген субъективті көзқарас көрсетіледі. Сондай-ақ, образдылықтың «пластикалық емес» түрлері де бар: лирикалық кейіпкердің, баяндаушының психологиялық ойлары

[2, 96].

Образ əр текті құбылыстарды бір бүтінге жинап, бірін біріне айналдырып, біреуі арқылы екіншісін көрсетеді. Образ белгілі бір ұғымды қабылдауды жеңілдетіп немесе қиындатып, белгіліні белгісізбен, белгісізді белгілімен түсіндіре алады. Образдың мақсаты затты қайта өзгерту, жəй затты күрделіге, күрделіні жəй затқаайналдырып, екіполюстіңарасындаеңжоғарғымағыналық қуатқа ие болу, болмыстың əрқилы көріністерінің өзара тығыз тоғысуын анықтау. Образда заттық жəне мағыналық қатарлар, сөздік бейнелеу мен астарындағы ой тоғысады.

Образды көркем əдебиетте тереңірек түсіну үшін көркем шығарманы «бірнеше қабықшалармен қоршалған ядро түріндегі белгілі бір құрылымдық модель» деп қарастырып көрейік. Ядро шығарманың тақырыбы мен идеясын қамтиды. Сыртқы қабықшада шығарманы жасайтын ауызша материал бар. Шығарманың құрылымдық қабықшалары шығармадағы рухани ақпаратты жеткізген кезде көркемдік мəнге ие болады. Шығарманың мəнерлілігін арттыру үшін сыртқы қабықша мен ядроны байланыстыру қажет, бұл өз кезегінде екі аралық қабықшаны түзеді. Бұл қабықшалар құрылымның ішкі жəне сыртқы формасы деп аталады. Ішкі форманы образдар жүйесі құрайды. Сыртқы форма тілдік мазмұнның құрылымы. [организация языковой ткани]. Бұл форма мəтіннің астарындағы көркем ақпараттың оқырманға жетуіне ықпал етіп, мəтіннің дыбыстық жағынан жандануына да септігін тигізеді. Образды жасап шығаруда мəтін астары үлкен

159

роль атқарады. Мəтіндегі жасырын мағына мəтін астары деп аталады. Əдетте мəтін астары психологиялық сипаттаманың құралы болып табылады, сондай-ақ мəтін астары көру бейнесін де тудырады. Образдың құрылымын қоршаған ортаны синтездік игеру, шығармашылық нысанға эмоционалдық қарым-қатынас, потенциалды əсерлі күш құрайды. Л.И. Тимофеевтің пікірінше, «образ – адам өмірінің қиялдан туған жəне эстетикалық мағынасы бар нақты жəне жалпыланған суреті» [3, 60]. Ғалым өмірдің образды көрінісінің екі маңызды белгісіне тоқталады. Біріншісі, образда ғылымдағыдай өмір құбылыстарының ең сипатты белгілерін анықтайтын жалпылау болады. Екіншіден, бұл құбылыстар өздеріне тəн ерекшеліктерін сақтай отырып нақты бір формада көрінеді. Л.И.Тимофеевтің пікірінше, көркем бейнелеудің пəні − адам жəне оның табиғатпен, қоғаммен байланысы. Жазушы өзінің шығармасында өмір құбылыстарының барлық күрделілігімен, шындығымен суреттейді, бірақ олар адам өмірінде нақты көрінетін болғандықтан жазушы өзінің тарапынан белгілі бір өзгертулер енгізеді. Оның танымының пəні

шындық өмір, бейнелену пəні – адамның жеке тұлға ретінде шындыққа деген күрделі жəне сан қырлы қатынасы.

Əдебиет адамды қайталанбас тұлға ретінде оның психологиялық, физикалық ерекшеліктерімен, сөйлеу мəнерімен, əлеуметтік, тұрмыстық, табиғи жағдайымен бейнелей отырып, өмір үдерісінтүгеліменқамтып, адамныңмінезқұлқыныңқалыптасуы мен дамуын анықтайды.

Образ − адам өмірінің суреті. Өмірді образ арқылы суреттеу

адам өмірінің суретін салу (адамдардың іс-əрекеті, күйзелісі). Образ−адамөмірініңсуретіболса, суретшіадамменбайланысты барлық нəрсені сол суретте көрсетуі тиіс.

Л.И. Тимофеевтің пікірінше, «образ» ұғымы характер ұғымына қарағанда кең, себебі образда адам өмір сүретін бүкіл заттық əлемнің көрінісі бар, дегенмен характерді бейнелемей тұрып образ да тумайды [3, 38].

«Образды» анықтайтын белгілі бір өлшемді іздегенде, образдық жүйенің сатылы түрде өсіп отыратын градациясын байқауға

160

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]