Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

69

.pdf
Скачиваний:
4
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
5.44 Mб
Скачать

Корей тіліндегі қысқартылған сөздердің бірінші ерекшелігі дыбысталуына қарай сөздің қалыптасқан түрінің ықшамдалып жазылуы жатады. Мұндай сөздерге көбінесе екі буынды сөздер мысал болып табылады.Қысқартылған сөздердіңдыбысталубойынша жасалып, қолданылатын сөздер интернет желісінде жылдам әрі ыңғайлы етіп қолдану үшін өзгертілген болып келеді. Бұл топқа жататын сөздерді көбінесе жастар арасында кең қолданылады. Кей жағдай да дыбысталуына байланысты жазылған сөздерді жасы үлкен адамдардың түсінуінде қиыншылықтар туындайды. Бірақ мұндай тәсілмен қысқартылып қолданылатын сөздер жазылуы жағынан ғана өзгеріске ұшырап,

мағынасы жағынан еш өзгеріс орын алмайды. Мысалы, [чоым]– [чом]бірінші рет, алғаш,[щихаб]– [щяб] жарыс, сайыс, [ури] – [уль]біздің, біз, [хуайтиң] – [хуаттиң]

алға, [тыдио] – [тыдё] әйтеуір, [кыромён] – [кыром] ендеше.

Келесі бір ерекшелігі сөз немесе сөз тіркесі құрамындағы дыбыстардың ішінен тек дауыссыз дыбыстардың ғана қалдырылып жасалуы болып табылады. Мұндай қысқарту түрі өзге тілдерде орын алуы оңай болып табылмайтын ерекшелік. Корей тіліндегі сөздердің барлығы дауыссыз дыбыстан басталатыныбелгілі.Осығанбайланыстыдауыстыдыбыстанбасталғанжағдайдадаоныңорнынабірге

қолданылатын « »таңбасы қойылып, сөздің негізгі мағынасына сай етіп айтылады. Осындай ерекшелікке жататын сөздер «Кесте 2» көрсетілген.

Сөздің бастапқы түрі

Сөздің қысқартылған

Оқылуы

Аудармасы

 

түрі

 

 

 

 

камсахамнида

рақмет

 

 

инджоң

мойындау

 

 

анида

жоқ

 

 

банбокбульга

қайталау мүмкін емес

(go go)

 

каджа

кеттік, барайық

 

 

бай бай

сау бол

Кесте 2. Дауыссыз дыбыстардың қысқартылуы арқылы жасалған қысқартылған сөздер

Бұдан бөлек тағы бір ерекшеліктерінің бірі қысқартылған сөздердің шет тілдік сөздермен, әсіресе ағылшынсөздеріменбірігіпқысқартуарқылытүрліжаңасөздердің(конглишжаңасөздер)пайдаболып табылады. Мұндай сөздердің бастапқы бөлігі немесе екінші бөлігінде корей және ағылшын сөздерді қолданылып, жаңа сөз пайда болған кезде де сөздердің бастапқы түрлері өзгеріп қолданылады.

Мысалы, [анида](no) + ( )[джэми] = [ноуджэм] қызық емес, ( )[джольда] +chatting( ) = [джольтиң] іш пыстыратын хабарлама-әңгімелесу, [согэ]+ meeting( ) =[согэтиң] бір-бірін білмейтін адамдардың таныстыруы үшін болатын кездесу. Бұл жердегі [ноуджэм]дегенсөз [анида]«жоқ»дегенмағынадағы сөзбен [джэми]«қызық»

деген сөздің дыбыстық түрде қолдануға ыңғайлы етіп ықшамдалған түрі « [джем]»-ді қосып жаңа

мағынадағы сөз «қызық емес» деген сөз туындады.

Корей тіліндегі қысқартылған сөздер тілдік жасалу түріне байланысты шет тілдерінен бөлек өзіне ғана тән ерекшеліктерген ие болып, соның арқасында сөздік қордың кеңеюіне алып келіп отыр. Соныменқатаркорейтіліндегіерекшелігініңбіртілдебөлінбейтінбірбөліккеайналғанконглиштердің қолданылуыболыптабылады.Себебіосысөздердіңарқасындадатілдегіқазіргізаманғықысқартылған сөздердің саны артып келеді.

Сонымен қатар корей тіліндегі сөздер тек ғылыми қалыптасып қалған тек бірнеше бөліктен тұратын зат есімдердің қысқартылуы емес, басқа да сөз таптары арқылыжасалады. Бұл ерекшелікке ие болып табылатын сөздер зат есім, етістік, есім сөздердің бір-бірімен бірігіп қысқартылу арқылы жасалынатынболыптабылады.Сынесіммензатесімқосылып,олардыңқысқартылғантүрізатесімдік

мағынаға ие болады. Мысалы, [джыльгопта] – + game ( ) ойын– gam – = [джыльгем]. Бұл жердегі қызық деген мағынаны білдіретін « »[джыльгопта] сын есімі және

ойындегенмағынаныбілдіретін«game»сөзініңбастапқытүрі « »болыпөзгертілеотырып,екісөздің қосылуы нәтижесінде «қызықты ойын» деген қысқартылған сөз жасалған.

Корей тіліндегі қысқартылған сөздердің кеңінен қолданылуы баспасөз бетінде жиі кездеседі. Әсіресе баспасөз құралдарының интернет-парақшаларында қандай да бір мақаланы жариялауда аббревиатураларды қолданылады. Оның себебі мақалада айтылатын жаңалықты қызықтырақ әрі

141

оқырмандардың арасында қысқартылған сөздерді қолдану мәдениет насихаттау барысында пайдалануы корей тіліндегі қысқартылған сөздердің ерекшілігінің бірі болып табылады.

Одан басқа корей тіліндегі « » [джуриммаль] негізінен қазіргі заманғы қысқартылған

сөздерді қарастырады. Осыған байланысты қысқартылған сөздерге жататын сөздер алдымен ауызекі түрдегі қолданыста болып, кейін барып жазбаша түрде қолданыла басталған болып табылады.

Мысалы, [капджаги бунуиги ссахэджим] (кенеттен жағдай ыңғайсыз болу)= [капбунсса], [согэ](таныстыру) + meeting (кездесу)= [согэтиң] бір-бірімен таныс емес адамдардың кездесуге баруы, [даңенхада] – [даңгын] міндетті түрде, әрине,

[инсаидо]– [инсса] атақты адам, [аутсаидо]– [асса] жаңа нәрселерден хабары жоқ адам.

Корея мемлекетінде қысқартылған сөздердің қолданылуы кеңінен тарап, интернетте ғана емес, күнделіктіөмірдедеқолданысқаенген.Корейтіліндеқысқартуарқылыжасалынатынсөздердіңкөптеп қолданылуы «экономикалық себепке» байланысты. Ким Хэ Ённың еңбегінде «тыңдаушыға ол түсінетін кішкене сөз немесе сөз тіркесімен сөйлеуші жаңалықты не мағлұматты аз сөйлеу арқылы үлкен нәтижиге жетуді, яғни сөздің формасы мен буындардың санын қысқарту арқылы түсіндіруді» айтады[10].Сонымен қатар, интернет желісінде қысқарту арқылы жасалған сөздерді көп қолданудың да басты себебін «экономикалық себеп» арқылы түсіндіруге болады. Интернет хабарламада (чаттинг) жүргізілетін әңгіме тез орын алу үшін сөздердің негізгі формасын қолданған гөрі қысқартылған сөздерді қолданудың арқасында әңгіменің мағынасын сақтап тез әрі ықшамды түрде жүзеге асыруға болады. Осы сияқты смс-хабарлама жіберген кезде де қысқартылған сөздер қолданылады. Бұл жағдайда смс-хабарлама жіберген кезде таңбалардың саны белігіленген мөлшерден асуына байланысты қосымша ақша төлеу керек. Осы себепті экономикалық жағынан тиімді әрі аз сөзбен көп мағынаны жеткізу үшін қысқартылған сөздердің кең таралғандығы түсінікті. Осылайша қазіргі заманғы корей тілінде қысқартылған сөздердің көп қолданылуының алғашқы себебі «экономикалық себеп» болып табылады.

A:6 ?[оныль ёсот щие коно гоу гоу?] Бүгін кешкі 6-да тиын салып айтатын караокеге барамыз ба?

B:[ың ың] Ия,жақсы

Бұл смс-хабарламада [коно] = [коин] (тиын) + [норэбаң] (караоке); (go go) =

барайық, кеттік; [ың ың] ( ) = ия деген сөздің бейресми түрі. Осындай түрде қысқарту арқылы смс-хабарламаларда таңба санын үнемдеп, қосымша ақша төлемеудің алдын алады.

Экономикалық себеппен бірге қазіргі кездегі корей тіліндегі қысқартылған сөздердің қолданылуыныңсебебіне«психологиялықсебеп»дежатады.Психологиялықсебепкеәңгімелесушілер арасында бірдей тілде әңгімелесіп отырғанын, яғни жақынлығын сезініп, сенімлігіне психологиялық тұрғыда көз жеткізілуі айтылады. Ким Хэ Еннің еңбегінде «ұқсастық пен байланыстың құрымының психологиялық себебі» туралы зерттеуінде бірге қолданылатын тілді пайдалану арқылы әңгімелесушілерден бастап айырмашылық, бөлектенуді сезінбейтіндіктен психологиялық тұрғыдан алғанда жайлылылық әсерін көрінеді дейді [10].

Сөйлеушінің ойын бейнелеп жеткізу және көңіл көтеретін себептері де қысқартылған сөздердің қолданылуының көбеюіне алып келді. Ойды жеткізу себебі смс-хабарлама немесе интернет желісінде қысқартылған сөздерді пайдалану арқылы әңгімелесушілердің интернет кеңістігінде өзінің сезімін, жылы шырайлылық және жақын қарым-қатынасты көрсетудің құралы ретінде қолданылады. Ал көңіл көтеретін бірлік ретіндегі себебіне буындарды қысқарту арқылы құпия сөз секілді жасап, ол сөздің бастапқыформасынқайтадан шешуүрдісіндеқызықтылықтысезінугеболады. Қысқартылғансөздерді құпия сөз ретінде қолдану жасөспірімдердің ата-аналары мен мұғалімдерінің немесе өзге адамдардың өз арасындағы әңгімелерін түсіне алмайтындай етіп, құпия түрде сөйлесу үшін жиі қолданылатын

болыптабылады.Студенттер арасындакеңқолданылатын « »[дока] сөзіүлкенадамдар немесе осы аталған сөз кеңінен қолданылатын университетке байланысы болмаған адамға белгісіз болуы мүмкін.[дока] сөзі [досокван] – кітапхана және [капэ] – кафе сөздерінің қысқартылып, бірігуі арқылы жасалған қысқартылған сөз.

A: , ?[Чонгука, хокщи нэиль нотыбук биллё джуль су иссо?]– Чонгук маған уақытша ноутбук бере тұрасың ба?

B: , [ың ың, кыром] – Ия, әрине A: [камса]–Рақмет

B: [Да мамури хаго насо ёнлакджо]. – Қолданып болған соң айтарсың.

142

A: [Наджуңэ сыбок саджульке].–Кейін старбокстан кофе алып беремін. B: , [Аня, куэнчана].–Жоқ, керегі жоқ.

Бұл жердегі « »[камса]–« »[камсахамнида]«рақмет», « »[куэнчана]– « »[куэнчанда]«бәрі дұрыс»,« »[сыбок]–« »[сытабоксы] «старбокс»деген сөздердің

қысқартылған формасы болып табылады. Корейлер « »[камса] сияқты ерекше қысқартылған

сөздерді көбінесе өздері жақын араласатын адамдар арасынла ғана қолданады. Себебі мұндай формадағы қысқартылған сөздер кей жағдайларда дөрекі болып көруі мүмкін.

Осылайша қазіргі заманғы корей тіліндегі қысқартылған сөздер немесе аббревиатураларды қолданудың себептеріне экономикалық, классификациялық, психологиялық, ойын білдірушілік және көңіл көтерушілік, қоғамдық жағдайларды сынау бағытында қолдану себептері жататынын көреміз.

Осындай ерекшеліктеріне байланысты корей жастары да өз араларында қысқартылған сөздерді көптеп қолданады. Мұның себебі тек корей тілінінің ерекшелігі ғана емес, жастардың қазіргі заман талабына, корейлердің өмір сүру салтына, сонымен қатар жастар мәдениеті мен олардың арасындағы қарым-қатынасқа байланысты болып табылады. Джоң Джэ Хан жастар арасындағы интернет желінде кеңіненқолданылатын сөздер арасындақысқартылған сөздеркеңінен таралғандығынжазған [11, 37б]. Жастардың шет тіліндегі сөздер мен корей тіліндегі сөздері біріктіре байланыстырып, қысқартылған сөздер жасап жаңа сөздерді қолдануы жастар арасындағы қысқартылған сөздердің қолданылуының себептерінің бірі болып келеді. Яғни, жастардың қысқартылған сөздерді қолданылуына бірнеше себептері бар болып табылады.

Барлығы тез қарқынмен дамып, сол аралықта тілде де өзгерістер орын алып жатқан заманда корей тілі де бұдан тыс қалмады. Тілдегі өзгерістерге қысқартылған сөздердің көбеюі жатып, корей тілі осы тілдік бірліктер кеңінен қолданылатын тілдердің бірі болып табылады. Корей тіліндегі қысқартылған сөздер түсінігі жалпы қалыптасқан қағидадан өзгеше болып, қысқартылған сөздер туралы түсініктеме берген кәріс ғалымдары да көп. Соған байланысты ғалымдардың түсініктемелерін саралай келе, корей тіліндегі қысқартылған сөз дегеніміз корей тіліндегі буындардың қысқартылуы, ықшамдалуы нәтижесінде қолданысқа ыңғайлы етіп жасалынатын сөздер болып табылады. Сонымен қатар корей тілінің тілдік құрылымына да байланысты оның өзіне тән ерекшеліктер болып, соған байланысты ол жастардың арасында қысқартылған сөздердің кең таралуына алып келді десек болады. Жалпы жастар арасындағы қысқартылған сөздердің қолданылу ерекшеліктері мен себептері қысқартылған сөздердің жастар тіл ерекшелігі ретінде қарастыруға негіз болады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Құрманбайұлы Ш. «Қазақ тіліндегі қысқартылған сөздер». Алматы, 2003. 6-бет

2., «' ' ‘ '' ‘ '», « » vol.7, 1997

3.https://stdict.korean.go.kr/search/searchResult.do -

4., , « », , 1975.

5., « », , 2000.

6., « », , 1995.

7.Cho Ok Yi. «A study on abbreviated Korean expressions for Foreigh learners: focusing on categorization and selection of teaching lists», Korea, Daejon, paichai University, 2008.

8., « », « », , , 1987.

9., « », , 2010.

10.Kim, Haeyeon, «A Sociolinguistic Analysis of Abbreviations in Korean». Sociolinguistic Journal of Korea 16(2), 2008.

11.Jeong Jae Han, «Research on youth's SNS language usage and meaning», Gongju National University of Education, 2017.

Гамзе Нұр Налбант

Ыстамбұл университетінің 4 курс студенті Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы Әбелдаев Ж.Ә.

ОРТАҚ ТҮРКІ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ

Біз түркі халықтарының ұлы ұрпағымыз. Түріктің белгілі тарихшы-ғалымы, професор Ахмет Ташағыл:“Біз түркі халықтары ең аз дегенде жеті мың жылдық тарихы бар халықпыз” деп айтқан еді.

Ұлыдаланынайзаныңұшымен,қаламныңкүшіменқорғап,тарихтамәңгіқалғанхалықпыз.Тарихы көне ұлттың - тілдері де көне. Тілдері деген себебім, қазіргі кезде түркі тілдері өте көп. Бұл тілдерді

143

көптеген ғалымдар салыстыра зерттеп, оларды жүйелі түрде топтастырған. Осы топтастырулардан негізгі төрт бұтақ өрбіп шығады. Олар: Оғыз, Қыпшақ, Қарлұқ және Сібір топтары. Күллі түркі тілдерінің атасы саналатын VI-VIII ғасырлардағы Орхон-Енисей есткерткіштеріне назар салсақ, аталмыш жазба тілі түркілердің алғашқы дамыған тіл екендігін байқаймыз. Түрік болсақ та, қазақ болсақ та, қырғыз, ұйғыр, өзбек болсақ та, әрқайсысымыз Түрік қағанатының бүгінгі мирасқорларымыз.

Иә, мың жыл бұрын да қаймағы бұзылмаған ұлы халық едік біз! Ал қазір ше? Қазір өз тілдерімізде сөйлегендебір-біріміздітүсінбейтінхалгежеттік.ТүркілердіңтарихысонауСақтар,ҒұндаржәнеТүркі қағанатынан бастау алған. Дей тұрғанмен, соңғы мың жыл уақыт мөлшеріндеәр түркі ұлысы өзінің бөлек тарихы, мәдениеті һәм әдебиетінқалыптастырып үлгерді. Соның салдарынан бір-бірімізді оқи алмайтын, түсіне алмайтын, тіпті, дұрыс тани алмайтын жағдайға жеттік. Мың жыл бұрынғы бірлігіміздің бұзылғанын байқаған біз жас ұрпақ, бүгінде не істей аламыз, қолымыздан не келеді?!Бірбірімізді түсіне алатын деңгейге қалайшақол жеткіземіз? Мінеки, қолға алыпотырған аталмыш мақала осы сұрақтарға жауап іздейді.

Ортақ түркі тілін қалыптастырудың алғашқы қадамы – ортақ әліпби болмақ. Біз түркі халықтары өзіміздің даму тарихымыз бойынша көптеген әліпбилерді қолданып келдік. Мысалы үшін:орхон әліпбиі, ұйғыр әліпбиі, араб әліпбиі, соғды әліпбиі, грек әліпбиі, кіріл әліпбиі, латын әліпбиі. Бүгінгі таңда тәуелсіз түркі республикалары ішінде Түркия Республикасы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы,ӘзербайжанРеспубликасы,ӨзбекстанРеспубликасыжәнеТүркіменстанРеспубликасы латынқарпін қолданып келеді. Қазақстан Республикасымен Қырғызстан Республикасыкіріләріптерін қолданып жүр. Өзге мемлекеттерге тәуелді түркі халықтары, атап айтар болсақ, Ирак пен Сириядағы түркімендер, Ирандағы әзербайджандықтар, Қытайдағы ұйғырлар мен қазақтар араб графикасын, Ресей Федерациясына тәуелді татарлар, башқұрттар,чуваштар, хақастар, тувалар кіріләріптерін қолданып жүр.

Тәуелсіз түркі мемлекеттері құрған Түркі Кеңесі мен ТҮРКСОЙ сынды халықаралық ұйымдар, түрлідеңгейдегіхалықаралықкелісімшарттар,халықаралықсауда-саттық,университеттерарасындағы студенттер алмасу бағдарламалары аталмыш түркі мемлекеттерін (Солтүстік Кипрді қоспағанда) бірбіріне жақындата түсті.

Қазақстандық белгілі түркологтарР.А.Авакова мен С.Б.Бектемірованың “Түркі филологиясына кіріспе” атты еңбегінде қазіргі уақытта қырықтан асатүркі халықтарының барекендігі айтылады. Олай болса түбі бір түркі халықтарыосы бір шетін мәселені, яғни ортақ әліпби қолдану мәселесін қалай шешпек?! Бұл сауалдың шешімі көптеген ғалымдарды ойландырып жүргені хақ.

Орталық Азиядағы түркі халықтары Совет Одағының бодауынан құтылғаннан кейін1991 жылдың 18-20 қарашасы аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Мармара университетінде түркі әлемінің белгілі ғалымдар бас қосқан еді. Аталмыш жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан жиырма сегіз ғалым қатысты. Бұл ғалымдар “ортақ түркіқарпін” түзіп, отыз төрт әріптік латын әліпбиін белгілеген еді. Аталмыш әліпби Түркия Республикасындақолданылып жүрген қазіргі жиырма тоғыз әріпке “ä, x, q, ñ, w” әріптерін қосу арқылы ерекшеленді. Осыдан кейін 1993 жылдың 21-23 наурызында Анталия қаласында өткенІІ Құрылтайда әліпби мәселесі қайта көтеріліп, отыз төрт әріптік ортақ латын әліпбиі қабылданған-ды. Дегенмен, Өзбекстанмен Түрікменстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұләліпбиді қабылдамай тастады, өздеріне ыңғайлы етіп өзгеше әліпби белгіледі және соны қолданысқа еңгізді. Алайда, олар қабылдағын латын әліпбиінің шикіліктері әлі күнге дейін БАҚ беттерінде көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылып жатыр.

Ортақ түркі әліпбиінде нақты белгіленгенç, ğ, ö, ş, ñ әріптері Өзбекстанның бүгінгі латын әліпбиінде ch, g‘, o‘, sh, ng деп белгіленген. Түркімен әліпбиінде ž, ý секілді қосымша әріптер бар. Бұдан өзге«ň»әрпі«ñ» қарпінің орнына қолданылып жүр.

Бәрімізге белгілі болғандай,Қазақстан да қазір латын әліпбиіне сатылай көшу жолына түсті. Мемлекет басшысы 2025 жылы латын әліпбиіне толығымен көшетінін айтты, заң да шығып қойды. Дегенмен, Қазақстандық ғалымдар түзген латын әліпбиінде де мәселелер жетерлік. Ол бірнеше рет өзгертілгендігі белгілі, сондай-ақ, әлі де жетілдіруді талап етеді. Өзім жеке кездесіп жүздескен кісілердің барлығы дерлік латын әліпбиін қайтадан өзгертуді талап етуде. Өйткені “ы” әрпінің орнына “y” әрпі, “y” әрпінің орнына “i” әрпі, “j” әрпінің орнына “zh” әріптері белгіленген. Бұл жазу кезінде үлкен қиыншылықтар туғызып, шатасуға әкеліп жатыр. Латын графикасынды қылыптысып қалған әріптерді өзгерту меніңше ақылға қонымсыз. Бұдан өзге апострофтардың нүктелі әріптерге қолданылуы да талап етілмеуде. «У» әрпінің«ý» немесе «y’» әріптері, «ү»әрпінің орнына «ú» немесе «u’» әріптері, «ө» әрпінің«ò» немесе «o’» әріптері көрсетіліп жүр.

144

Интернетті жиі қолданатын қазақ жастарына сұрау салған едім. Көбісі латын әріптеріне көшу турасында “дұрыс, көшейік” деп жауап берді. Алайда, солқазақ жастары “ш” әрпінлатындағы “c” әрпімен көрсетіп жазуда. Мен олардан латын әріптеріне көшу не үшін дұрыс деп ойлайсыз деген сұрағыма олардың басым көпшілігі: “Өйткені латын әріптері Америка мен біздерді жақындатады» деп жауап беруде. Біздер осы жастарға Америкадан бұрын Түркі әлеміне жақындаудың манызы өте зор екендігіншегелеп айтып қойғанымыз дұрыс болар.

Мәселеге осы тұрғыдан келер болсақ, неге олар түрлі әліпбилер қолдануға жаны құмар. Неге түркі бауырлар Түркияның 1928 жылдың 1 қарашасынын бері қолданып келе жатқан латын әріптерін қабылдауға құлықсыз?!Күмән неде?! Түрік әліпбиіндегі жиырма тоғыз әріпке бірнеше әріп қосып қолдануға болмас па еді?! Бұл сұрақтарға әзірше жауап жоқ.

Қазіргі Түркия Республикасы қолданып жүрген латын әліпбиінде жиырма тоғыз әріп бар. Олар мыналар: A a, B b, C c, Ç ç, D d, E e, F f, G g, Ğ ğ, H h, I ı, İ i, J j, K k, L l, M m, N n, O o, Ö ö, P p, R r, S s, Ş ş, T t, U u, Ü ü, V v, Y y, Z z. Ал қазіргі Әзербайжан Республикасының әліпбиінде де осы қаріптер қолданылуда. Салыстырып көрейік: A a, B b, C c, Ç ç, D d, E e, Ə e, F f, G g, Ğ ğ, H h, I ı, İ i, J j, K k, Q q, L l, M m, N n, O o, Ö ö, P p, R r, S s, Ş ş, T t, U u, Ü ü, V v, Y y, Z z.

Өздеріңіз байқап отырғандай Әзербайжан Республикасының латын әліпбиі мен Түркия Республикасында қолданылатынәліпбидің айырмашылығы тек қана мына қаріптерде болып отыр: ə, x, q. Өзгелері дерлік бірдей. Ендешетүркілердің ортақ әліпби қолдануына не кедергі?

Ресейдің үстемдігінен құтылған жаңа түркі мемлекеттеріне Түркияның өздеріне жаңа қамқоршы болатындығы туралы келеңсіз әңгімелердің айтылып жүргеніне біраз уақыт болды.

ТүркияРеспубликасының негізін қалаушы ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүрік көптеген ғалымдардың басын бір жерге тоғыстырып, бүгінгі латын әліпбиін қабылдаған еді. Бұл әліпби турасындаМұстафа Кемал Ататүрік былай дегенді: “Көркем тілімізді бейнелі түрде түсіндіру үшін жаңа түрік әліпбиін қабылдап жатырмыз. Біздің тіліміз үйлесімді, бай тіл. Тіліміздің байлығын жаңа әріптерменкөрсетугежаңамүмкіндіктуды.Ұлтымыздыңбүкілмәдениетәлемініңұйтқысыболатынын әріптері арқылы көрсетпекпіз”.

Бәрімізге белгілі болғанындай, бұл әліпби бүгінгі таңда қазіргі түрік тілінең жоғарғы көрсеткішке жеткізіп отыр. Сонымен қатар ол қазіргі әзербайжан тілін де көркейтті.

«S» әрпінің астына тек бір нүкте қойып белгілеу арқылы мәселені шешуге болар еді. Неге осы біз апострофтарға өзімізді мәжбүр етіп жатырмыз, сол жағы түсініксіздеу. Біздер бауырлас елдерміз. Тарихымыз, тіліміз, дініміз бір деп жар салғанда алдымызға жан салмаймыз. Неге бір-біріміздің әріптеріміздіқолдануғаұяламызнемесешеттетеміз.Оғанкеліпсаясаттыараластырамыз.Кіріләріптері де орыстардікіғой, оны қолдануда еш қымсынбаймыз. Түркия бауырлас ел емес пе?!“I, i, ş, ç, o, ö” әріптерінің қолданылуы еш қиындық туғызбаса керек. «Y, ý, sh, s’, ch, c’, o’, ò, o‘»қаріптерікөзге оғаш көрінеді. Латын әліпбиін дәстүрлі қолданып жүрген елден келген мен үшін бұл әріптермен жазылған мәтінді оқу қиындық туғызады. Бұл әріптер біздерді бір-бірімізге жақындатпайды, керісінше бірбірімізден алшақтата түседі, әрі түркі әлемінен, әрі Европадан алыстатады.

Түркі мемлекеттерінің тәуелсіздік алғанына отыз жылдай уақыт шамасы болса да, әлі күнге ортақ тіл меселесінің шешімін таба алмауы өте қынжылтарлық жәйт. Сондықтан, ортақ әліпбиімізді қалыптастырмай жатып, ортақ тіл туралы айту өте қисынсыз. Әліпби мәселесі шешілгеннен кейін ғана шетін мәселелердің күрмеуі шешілетіндігі хақ. Ортақ әліпби жасалғаннан кейін ғана аз да болса бірбірімізді түсіне алатын жағдайға жетеміз. Сонымен қатар лексикалық қорымызды байытуға да мүмкіндік тумақ, яғни өзге тілдердегі кірме сөздердің орнына бір-бірімізден сөздер ала отырып тіл байлығына мән берілмек.Мысалы “құрылтай” және “кеңес” сөздері қазіргі түрік тіліне Орта Азиядағы түркі тілдерінен енген болса, “ұшақ” және “тұрақ” сөздері де қазіргі түрік тілінен түркі тілдеріне еніп отыр. Бұл тіл біліміндегі өте ұтымды тәсіл болмақ. Менің ойымша “самолет” сөзінің орнына “ұшақ” сөзі қазақ тіліне керемет жарасып тұр.

Осы екі мәселе шешімін тапқан болса, өзге мәселелердің барлығы да біз үшін оңайырақ болар еді. Алла біздерге сол күндерді көруге нәсіп ететініне сенеміз!

Пайдланылған әдебиеттер:

1.Авакова Р.А., Бектемирова С.Б. Түркі филологиясына кіріспе. Алматы: Қазақ университеті баспасы, 2017.

2.Ali Akar. Türk Dili Tarihi, İstsnbul, 2006.

3.Abdulvahap Kara. Alfabe Sempozyumu ve Türk Dünyasının Meseleleri. İstanbul, 2010.

4.Ahmet Buran. Çağdaş Türk Lehçeleri, İstanbul, 2008.

5.Қортабаева Г.Қ. Түркі oномастикасы. Алматы: Қазақ университеті баспасы, 2018.

6.Қортабаева Г.Қ. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы: Қазақ университеті баспасы, 2016.

7.Авакова Р.А. Контактология: әлемнің тілдік бейнесі. Алматы: Қазақ университеті, 2019.

145

Жусупова Салтанат,

Магистрантка 2 курса факультета востоковедения, КазНУ им.аль-Фараби, Алматы, Казахстан, sata_94@bk.ru

ПЕРЕВОД ФРАЗЕОЛОГИЧЕСКИХ ЕДИНИЦ В ДИСКУРСЕ ХУДОЖЕСТВЕННОГО ПРОИЗВЕДЕНИЯ С.ХЕДАЯТА «ДАШАКОЛЬ» НА АНГЛИЙСКИЙ ЯЗЫК

Введение

Персидская литература – одно из величайших богатств и достояний иранской культуры, признаваемое и почитаемое во всем мире. Говоря о величайшихперсидских поэтах и писателях и в Иране, и за рубежом первыми в голову приходят такие мастера как Фирдоуси, Саади, Омар Хайам, Хафиз и многие другие, чьи произведения стали неотъемлемой частью персидскойкультуры. Но стоит упомянуть, что это представители лишь классическойперсидской литературы, которая по большей части характеризуется именно поэзией. Двадцатый же век для иранской культуры ознаменовался возрождением современной персидской литературы, характеризуемой расширением языкового своеобразия прозы.

СадегХедаят– это, пожалуй, самый узнаваемый и самый читаемый представитель нового этапа персидской литературы, с именем которого, собственно, и связано становление современной иранской прозы. ПроизведенияХедаята известны за рубежом, ведь именно его считают символом “иранского революционного духа” [1, 3]. Будучи гениальным художником, СадегХедаят через свой особый стиль в деталях описал иранскуюдействительность того периода и иранского человека в частности, внутренний мир которого для иностранцев на тот момент оставалсязагадкой. Произведения Хедаята пропитаны более тонким иранским колоритом, чем наличие в тексте столь характерных классической литературе описание любви к богу и суфизма, они отражают политические настроения народа и личные переживания человека.Истинный гуманист, патриот, до боли души любящий свою страну и ее невежественный, забитый, страдающий народ, Хедаят создал произведения необыкновенной обличительной силы.

Аномалиичеловеческогоповеденияипсихики,страхи,нездоровыежеланияигнетущаяобстановка

— все то, на чем строится литературный мир СадегаХедаята. Один за другим рассказы демонстрируют отчуждение, неприязнь, антипатию по отношению к другим, несчастья, пороки, смерти, уродливое общество, злой рок судьбы и бессмысленность жизни. Однако живой, полный изысканных метафор, присущих только истинному иранцу: язык автора способствует погружению читателя в сюжет.

В связи с этим особенно актуальной становится проблема переводов СадегаХедаята на английский язык, связанного с переводом реалий современной персидской литературына английский язык. Ведь читатели западныхстранвидят егоглазами переводчиков и заметитьто, чего не заметилипереводчики, не способны.Ведь, перевод – это, в первую очередь, творческий процесс передачи текста с одного языка на другой.

Понимая, что перевода, а в особенности перевод реалий никогда не может быть абсолютно эквивалентным, мы будем говорить скорее об адекватности перевода. А. Д. Швейцер считает, что «адекватностьтекстаопределяетсяпоегосоответствиюкоммуникативнойустановке»[2,35].Различие между эквивалентностью и адекватностью перевода проводит, например, В.Н. Комиссаров. Согласно В.Н. Комиссарову, адекватный перевод отвечает поставленной цели, а понятие эквивалентности относится уже к результату перевода, подразумевает функциональное соответствие текста перевода тексту подлинника [3, 82].

ТекстроманаСадегаХедаята,отражаяоднуизчерт,свойственныхкультуреиранцевэпохиХХвека, включает в свой словарный состав определенное количество лексических единиц, таких как устойчивые фразеологические обороты.

Таким образом, после изучения ряда литературных произведений СадегаХедаята объектом исследования было выбрано конкретное произведение - «Даш Аколь» [4; 1]. В ходе исследования произведенияи егопереводанаанглийскийязыкKimberly A. Brown[5; 1],методом выборки было получено 70единицбезэквивалентнойлексики, из них самуюмногочисленнуюпоколичествувходящих в неёреалий составила группа “реалий-фразеологизмов”. В статье проводится анализ отдельныхярких вариантов переводасреди этихперсидских реалий на английский язык, а именно описательный анализ приемов перевода, применённых англоязычнымпереводчиком.

Особенности перевода фразеологических единиц в повести «Даш Аколь»

146

Так, одним из таких примеров в переводе может служить следующая фраза: ﺮﯿﺗ ﺎﺑ ار ﺮﮕﯾﺪﻜﯾ ى ﮫﯾﺎﺳ ندز[sayeehyekdigarrābātirzadan]. Дословно выражение переводится как “ударять стрелой/стрелять в тень друг друга”. Автор этим выражением подразумевал ‘ярую ненависть, которую могут испытывать 2 соперника друг против друга’.Переводчик, использовав уподобляющий перевод, подобрала ему эквивалент в виде - To be such bitter enemies that each would shoot at other’s shadow if he could.

Следующий фразеологический оборот – ندﺮﻛ ﮫﺴﯿﻛ ار ﺎھ ﺖﺳﺎﻣ[māsthārākisekardan]. Данный фразеологизм относится к разговорным выражениям и переводится как ‘поджать хвост, стушеваться’. Переводчик перевела его как “To recognize his precarious situation”, хотя на мой взгляд, это не совсем точно передаёт оттенок первоначального значения. Признать своё опасное положение можно и не находясьподстрахом.Тогдакакздесь,вконтексте,какразтакиподразумевалось,чтогеройиспугался и поджал хвост. Более подходящим эквивалентом, на мой взгляд, было бы выражение ‘to be scared’.

Фразеологизмы в тексте перевода часто используются для усиления. Например, в персидском предложении"ﺖﺴﯿﻛ يﺰﯿﭘ يﺪﻨﻓاو ﺖﻟﻮﺻ ﻢﺘﺳر دﻮﺷ ﻲﻣ مﻮﻠﻌﻣ ﺖﻗﻮﻧآ" [ānvaghtma’lummishodrostamsoulat-oafandipizi]

прилагательные "ﺖﻟﻮﺻ" [soulat] и "يﺰﯿﭘ يﺪﻨﻓا"[afandipizi] имеют сильную саркастическую коннотацию при этом в переносном значении. В своем переводе переводчик воспользовалась подходящим англоязычным фразеологизмом-эквивалентом: «We’ll see if you can put your money where your mouth is», гдевыражение«to put your money where your mouth is»придаеткрасочностьповествованиюисмысл оригинального предложения, чтодоказывает адекватность перевода.

Фразеологический оборот ‘ ﺪﯿﻔﺳ ﻲﻧﺎﺸﯿﭘ وﺎﮔ ﻞﺜﻣ ’[meslegāvpishāniyehsefid] дословно переводится как ‘белый лоб как у коровы’. Аналогичный предыдущему фразеологический оборот, при переводе которого переводчик, охватив всю эмоциональную окраску говорящего, подобрал адекватный эквивалент и нашёл аналог на англ языке, переведя его, как ‘To be one of a kind’.

Выражение ‘ﻦﺘﺧاﺪﻧا ﮓﻨﻟ’ [langandohtan] относится к разговорным выражениям и означает ‘ставить под сомнение авторитет’. Переводчик дала буквальный перевод и перевела его как “To dare challenge authority”.

Выражение ‘ﻦﺘﺴﺸﻧ ﮫﻨﯿﺳ يور’ [ruyeh sine neshastan] дословно переводится ‘сидеть на груди’. Само выражение означает ‘tobother’. Аналогичный предыдущему фразеологический оборот, при переводе которого переводчик использовала буквальный перевод и перевела как “Sitting on chest”.

В персидскомязыке, чтобысказать, чточеловек — сильный и храбрый, частоиспользуетсясравнениесоднимизглавныхгероевклассическойперсидскойлитературы,аименно популярной эпопеи Фирдоуси «Шахнаме» – с Ростамом, так как он является символом народной храбрости и бесстрашия. В «Даш Аколь» С. Хедаят также употребляет сравнение: "ﻢﺘﺳر ﻞﺜﻣ" [meslerostam]. У Kimberly A. Brown данное сравнение переведено с помощью калькирования: «Like Rostam», как многие другие переводчики персоязычных произведений, где когда-либо встречался этот оборот. Однако она немного меняет структуру фразеологизма, предлагая в добавок после выражения дополнительное пояснение в виде «painted on the wall of the bathhouse». Здесь она подразумевала, что в холлах и на стенах иранских домов можно часто увидеть картины с миниатюрами, изображающими различные сцены из «Шахнаме», в частности с Ростамом. И переводчик, подбирая этот эквивалент, имела в виду именно этого литературного героя.

Сравнительные фразеологические обороты с персидского языка в большинстве случаев переводятся дословно. Выражение ‘ﻦﺘﺴﺸﻧ رﺎﻣ ﺮھز جﺮﺑ ﻞﺜﻣ’ [meslebordjezehremārneshastan] дословно переводится как ‘сидеть как башня змеиного яда’. Данный фразеологизм ярко выражает эмоции гнева, ярости и злости и часто используется при описании этих чувств. Ноневсегдасравненияпереводятсядословно.Например, здесь этому выражению былподобранэквивалент ‘To sit back smarting with anger’. Скорее всего переводчик отталкивался от решения – подобрать более привычный для носителей английского языка эквивалент, ссылаясь на то, что сравнение со змеей не так естественно передаёт смысловой оттенок фразеологизма.

‘هدﺮﻛ شرﺎﺑ ﻞﺜﻣ ﺖﺸﻤﻜﯾ’ [yekmoshtmeslebārashkarde] – данное выражение тоже не стало исключением. Переводчик подобрала обобщающий эквивалент и перевела его как “To ridicule”, объединив значение в одно слово.

Иногдапереводчикидобавляютфразеологизм в сам текстперевода. Так и в переводе “Даш Аколь” не обошлось без этого приема. Например, данный персидскийфразеологизм "لﻮﻛ يور ﻦﺘﺷاﺬﮔ ار مد" [dam rāgozāshtanruyehkul’] (дословно: «положитьхвостнаплечо») передаёт значение стыда, поражения. Переводчик подобрала английский аналог данному фразеологизму и перевела егокак“To put a tail between legs”, что дословноозначаетпрактически то же самое:показывать или демонстрировать, что ты чувствуешь себя пораженными застыженным. Данное добавление было сделано для усиления речи

147

персонажа, поэтому включение фразеологизма в английский текст – оправданно. К тому же такой вариант хорошо вписывается в канву повествования.

Другимпримеромдобавленияфразеологизма в переводеможетстатьследующеевыражение: "ﮫﺑ ار ﮫﻨﯿﻛ ﻦﺘﻓﺮﮔ لد"[kinerābe del’ gereftan]. В английском варианте оно фигурирует как: "To be licked".Данный английскийглаголнеявляетсяустойчивымсловом, он имеетнемногодругоезначение в целом, но здесьонвыступает в переносном значении “проиграть, попасть в просаку” и служитдляусиления описания состояния героя. Но, несмотрянаэтот небольшойнюанс в значениифразы, вариант, предложенныйпереводчиком – адекватен.

Заключение

Подводя итог, можно прийти к выводу, что говорить об успешности перевода можно очень относительно, как и о сохранении художественно-эстетического своеобразия оригинала, однако если мы рассмотрим эту проблему под разными углами, то можно прийти к двум выводам. Во-первых, если мы изучаем переводы с научной точки зрения, то перевод Kimberly A. Brownпреуспел в сохранении и выражении художественного своеобразия оригинала. По завершении анализа произведения стало очевидным, что переводчик, тщательно проработав весь материал, содержащий колоритную и культурную окраску, постаралась бережно передатьего, открывая иранскую культурудля зарубежных читателей. ПовестиС.Хедаята стали известны во всем мире как раз потому, что они не привязаны к однойкультуре,азначит,необходимостьточногопереводареалийможетне бытьприоритетнойцелью переводчика.

В ходе проделанной работы былиопределены особенности перевода англоязычным переводчиком, что позволило увидеть ее слабые и сильные стороны, оценить, удачно ли он был выполнен. Исследования в направлении сохранения уникальности оригинального текста должны и будут продолжаться, так как идеальный способ перевода, не содержащий никаких потерь, еще не найден, а обе стороны процесса перевода, переводчик и читатель, заинтересованы в адекватной и наиболее близкой передачи своеобразия текста, переводчик —как носитель культуры, которая создала произведение, а читатель — как человек, желающий получить перевод без искажений.

Список литературы:

1.ХоджимурадовО.Х. Автореферат диссертации на тему«Поэтика современной персидской психологической прозы».

–Код cпециальности ВАК: 10.01.06: Душанбе, 2008. – 3 с.

2.Швейцер А. Д. Теория перевода: статус, проблемы, аспекты. — М.: Наука, 1988. — 215 с.

3.Комиссаров В. Н. Общая теория перевода. Проблемы переводоведения в освещении зарубежных ученых. – М.:

«ЧеРо», 1999. — 132 с.

4.СадегХедаят. Даш Аколь. – 1932.https://www.academia.edu/36504492/Dash_Akol.pdf

5.КимберлиA. Браун. Даш Аколь.– 1995. http://www.angelfire.com/rnb/bashiri/Stories/Dashakol.html

Жеңісбек А.

ҚазҚызМПУ-дың 2 курс студенті Ғылыми жетекеші: ф.ғ.к.Садықова Р.К.

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНІҢ ТАРИХИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Наурыз мейрамының шығу антологиясы туралы нақты мәліметтер аз. Кейбір көне мәтіндерде, соның ішінде Фирдоусидің «Шаһнаме» мен Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәридің «Тәбәри тарихы» шығармаларында Наурыздың негізін қалаған Иранның әпсаналық патшасы Джамшид деп көрсетілген. Оның шығу төркіні туралы әртүрлі аңыз-әңгімелер бар. Аңызға жүгінсек, Джамшид өзіне алтынмен апталып, күміспен күптелген керемет тақ соқтырған екен. Сөйтіп, бір күні Дамаванд тауының ар жағынан ұшып келіп, Бабыл қаласына тақты түсіреді. Басына гауһар мен жақұтпен безендірілген тәж бен күн сәулесі шағылысып, маңайды жап-жарық етіп, нұрландырып жібереді. Бұл көрініске таң қалып, шаттанған халық бұл күнді «жаңа күн» деп атапты. Осы күннен бастап Наурызды тойлау үрдіскеайналыпты-мыс.ОсытұрғысындаӘбуРайханБирунибылайдепжазады: «Джамшиддүниеден өткенненкейінпатшаларбұлмерекенібірайбойытойлайды.Мейрамдыалтыбөліккебөлді.Еңбірінші бес күнді патшалардың еншісіне берді. Келесі бес күнді ақсүйектерге, үшінші бес күнді кеңесшілер мен уәзірлерге, төртінші бес күнді нөкерлеріне, бесінші бес күнді бұқара халыққа, алтыншы бес күнді диқандардың тойлайтын күні деп белгіледі». Ал ХІ ғасырдың ұлы ақыны, ғалым, математик Омар Хайям Нишапури аңыз-апсаналардан бойын аулақ салып, «Наурыз наме» атты еңбегінде Наурыз мерекесін астрономиялық көзқарас тұрғысынан зерттейді де, Джамшидтің күн мен түннің теңелген уақытын дөп басып анықтағаны туралы тұжырым жасайды.Наурыздың пайда болған мекені – ежелгі

148

Иран. «Ноуруз» парсы тілінде «жаңа күн» деген мағынаға ие. Содан болар бұл мереке Иран халқының мәдениеті мен тарихы, әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты.

Наурыз сөзі – зороастризм сенімінің ортасы болған парсы жұртының тілімен сәйкес келетінін атап өттік. Бұл сенімде жақсылық жарықтан, жамандық атаулы мереке наурыз айдың 22-жұлдызында тойлануының себебі, осы күні жамандықтың қайнар көзі — түнгі түнектің жіңішкеріп, күндізгі жарықтың ұзаратындығы, зороастризмдегі жарықты ізгіліктің бастауы ретінде бағалайтын сенімімен үйлесім тапқан. Ал зороастризм сенімінде отқа ерекше құрмет көрсетілуінің себебі, от жарықтың бастау көзі саналады [1] .

Наурыз және Масленица өте жақын. Ресей және онымен көршілес елдерде Масленица аптасы болып өтеді. Қызығы сол, бұл мерекенің ежелгі Ирандықтардың наурыз мерекесімен ортақ ұқсастықтары өте көп. Наурыз секілді Ресейде де қыстың суығын,ызғарын шығарып салып, көктемнің жайма-шуағын қарсы алады. Масленица – бұл көне славян мерекесі және ежелгі мәдени өзерістерге ұшырағанына қарамастан, бұл мереке Ресей жерінде сақталып қалды.

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, ирандықтар мерекеден бір ай бұрын үлкен қарбаласқа түседі. Ирандықтар мерекелік дастарханға қажетті «хошкбар» – пісте-жаңғақтың түр-түрі мен өрік-мейіз сатып алу мен бір-біріне тарту ететін мерекелік сыйлық дайындауды ерте бастайды. Мерекеге екі-үш апта қалғанда әр отбасы «Хоне текуни» -

«үйсілку»депаталатынүйдіқағып-тазалаунауқанынбастайды.Бұлотбасымүшелерініңбірлесіп, ұжымдасқан түрде жүзеге асыратын, өте пайдалы шара болып саналады. «Хоне текуни»- көктемнің келуіментазалықпеннәзіктіктіңнышаны.Отбасымүшелеріүйдіңішіменауланытазартып,кілеммен төсеніштерді қағып-сілкіп, перделерді жуып, қабырғаларды қайта сылап қуанышқа толы әбігерге түседі. Иран фольклорында бірнеше жаңа жылдық кейіпкер бар. Олардың қатарына «Хаджи Фируз», «Мире Ноуруз» бен «атеш Афруз» жатады. Бүгінде осы үшеудің ең танымалы – «Хаджи Фируз». Ол үстіне қызыл матадан киім, басына конус пішінді қалпақ киіп, бетін қараға бояп, мереке қарсаңында қасынанөкерлерінертіп,көшелердішуғатолтырып,барабанұрып,әзіл-қалжыңғатолыәнсалып,Жаңа жылдың таяп қалғандығы жайлы жар салады. Хаджи Фируз бейнесі Сасани дәуіріндегі жаңа жыл қарсаңындағы қара түсті құлдардың түрлі-түсті киім киіп, ән салып, би билеп, жұрттың көңілін көтерген дәстүрлерінің жалғасы деген пікір бар. Келесі бір болжам бойынша, Хаджи Фируздың қара түсті беті – өлілер әлемінің нышаны, ал оның қызыл түсті киімі қанды бейнелесе, оның шаттыққа бөленуі – тірілуі мен өмірдің жаңғыруына қуанғанын білдіреді. Тағы бір пікір бойынша, оның қызыл түсті киімі мен қанды бейнелесе, оның шаттыққа бөленуі – тірілуі мен өмірдің жаңғыруына қуанғанын білдіреді. Тағы бір пікір бойынша, оның қызыл түсті киімі мен «жеңімпаз» деген мағынаны білдіретін есімі– бақытпенберекеніңнышаны.Қалайболғандадашыққантегіжайлы әрқилыпікірдіңболғанына қарамастан, Хаджи Фируз – Наурыз мерекесінің бас кейіпкері болып табылады.

Қазіргі иран халқы дүниенің қай жерінде болмасын, жаңа жылды қарсы алған кезде «һафт син» деп аталатын дастархан жаяды. «һафт син» дастарханын жаю – Наурыздың әдемі де ізгі негіздерінің біріжәнеолқуанышпеншаттықтыңсимволы.Соныменқатарбұлдәстүржаңажыленетінсәттеотбасы мүшелерінің жиналып, бірге бас қосулары үшін жақсы себеп болып табылады. Дастархан үстіне «с» әрпінен басталатын жеті түрлі өсімдік пен тағам қойылады : «сабзе» (бидай, жасымық не басқа дәнді дақылдардың көк өскіндері) және «саману» (бидай өскінінен әзірленген тағам) – дүниенің жандануы мен өмірдің жаңадан басталуының символы; «сиб» (алма» деннің саулығы мен сұлулықтың символы; «сомақ» пен «сир»- (у сарымсақ) – денсаулық эликсирі мен өмірдің шаттығын оятатын символ; «санджед» - мейірімділік символы; «серке» - (сірке суы» сабырлықтың символы.

Бұлармен қоса, «һафт син» дастарханына жұмыртқа (туылу мен жаратылыс); айна (мөлдір мен бүр түстілік); су (береке мен жарық); тірі қызыл түсті балық (өмір мен ізденімпаздық); ұсақ тиын (байлық пен берекелііс); шам)жылумен жарық), сонымен қатар кипарис бұтақтары, гиацинт, мәжнүн гүлінің бірі де қойылады. Осылардың бәрінің ортасына қойылатын мұсылмандардың қасиетті кітабы – ҚұранКәрімнің«һафтсин»дастарханындағыорныерекше.Жылауысарсәттеотбасымүшелерірухани тілек тілейді. Содан кейін Құран аяты оқылады. Әдетте жаңа жыл енген кезде отағасы отбасы мүшелерінеақшалайнемесезаттайсыйлықтарүлестіреді.Сөйтіпбарлығытәттітағамдарданауызтиіп, мәре-сәре болып, бір-бірін құттықтайды. Үстеріне жаңа киім киген жұрт бір-бірінің үйіне барады. Осылайша құттықтау рәсімдері басталады. Мұндай қонақтық он екі күнге созылады, ал жаңа жылдың он үшінші күні «сиздаһ бер дар» (үйден тыс он үшінші күн) деп аталады. Қалыптасқан наным-сенім бойынша он үш саны жамандық, кесапат әкеледі-мыс. Сондықтан жамандық үйге енбесін деген ниетпен осы күнде ирандықтар қаланың сыртында табиғат аясында өткізуге тырысады.

Қазақстандықзерттеуші ғалымСафарАддулла«МагияНавруза»аттыжинағында Иранхалқының ұлы данышпандары доктор Али Шариати, Али Акбар Деххудо және тағы басқа ғалымдардың парсы

149

тілінде жазылған мақалаларының аудармасын береді, сондай-ақ б ұл құнды еңбекте Наурыз мерекесінің тарихы, ерекшеліктері, қазіргі кезде Наурыз мерекесінің Иранда, Орта Азия, Закавказье және шығыс елдерінде қалай тойланатыны жайында толыққанды мәліметтер береді [2].

Чоһар шанбэ йе сури ескі жылдың соңғы сәрсенбісінде тойланатын мейрам. Бұл мейрамды тойлау барысында ирандықтар үй ауласында, көше бойында қуарған ағаштан үйме жасап, оны жағып, оттың айналасында билеп, оттың үстінен секіреді. Иран халқы (көбінесе жастар) оттың үстінен секіргенде мынандай өлең жолдарын айтады: «зәрдие мән бэ то, сорһие то бэ мән» (маған сенің қызыл алауың, саған менің бозғылттығым, бойымдағы сары түс) [3]. Бұл өлең жолдарын айтып оттан секіру – менің бойымдағы ауру кетіп, сенің бойыңдағы жалындаған от маған берілсін деген ниетте жасалынады. Мұндағы қызыл түс – денсаулық белгісі болса, ал сары түс ауру, дерттің белгісі. Осылайша ирандықтар отпен бойларындағы ауруды аластатқан. От өшкеннен кейін күлін міндетті түрде ағынды сумен ағызып жібереді. Яғни пәле-жала осымен кетсін деген ниетте.

Наурыз мерекесінің талай ғасырлық тарихы бар. Әртүрлі мереке-мейрамдар уақыттың өтуімен тарих парақтарынан сызылып, халық санасынан өшіп қалып жатыр. Ал Наурыз мерекесі жағрафиялық шеңберін кеңейтіп, жыл өткен сайын өркендеп, қанат жаюда. Наурыздың жалпы халықтық сипаты және Наурыз бен оның әдет-ғұрыптарының қасиетті исламдіні негіздеріне қайшылықта болмауы және керісінше исламдық философия мен дәстүрмен үйлесімді болуы Наурыз мерекесі өміршеңдігінің негізгі себептері болып табылады. Ислам атаулы мерекені өзінің ішкі әкімшілік, мәдени әдет-ғұрпына қабылдауымен қатар, оның өркендеп, өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар туғызды. Әрқилы тарихи оқиғалар мен кезеңдерге, тіпті көптеген мәдени негіздердің өзгергеніне қарамастан, әз Наурыз өзінің өміршең қалпына танбай қарыштап алға басуда. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімі бойынша «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының түсініктемесінде Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылданберіБалқантүбегінде, Қаратеңіз аймағында,Кавказда, Орта Азияда жәнеТаяуШығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын хабарлады. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді. Ұлы мерекеміздің ұлттық мәртебесін көтеріп, шығу тарихын білу ешкімге артықтық етпесі анық!

Қолданылған әдебиеттер

1.Бачинин В.А. Религиоведение. Энциклопедический словарь. Изд-во: Михайлова В.А., 2005. -56 с. 2. Рүстемов Л.З., Самарэ И. Парсы тілінің ізашары. – Тегеран, 1994. – 495 б.

3. Абдулло C. Магия Навруза.-Алматы, 2007.

Жалмухамбет Ш. А.

ал-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасы «Шетел филологиясы: жапон тілі» мамандығының 1 курс студенті sholpanj111@gmail.com

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Нұрсеитова Л.Д.

ЖАПОН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҮДЕРІСТЕР: ҰҚСАСТЫҚТАР МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

(«Аралдық» және «материктік» реципиенттер мәселесі туралы)

Жапон тіліндегі шет тіл лексикасының енгізу үдерісі мен сипаты отандық филология мен қазіргі қазақстандық қоғам үшін орасан зор қызығушылық тудырады. ХХ ғасырда екі ел - Қазақстан мен Жапония - өздерінің сөздік қорларына көптеген шет тілінен келген жаңа сөздерді енгізу қажеттілігіне тап болды. Әртүрлі геосаяси жағдайларда дамыған екі шығыс тілінің аса белсенді және кең ауқымды вестернизация кезеңінде өзіндік тілдік қорына қалыптасқан көзқарасын анықтау филология ғылымының компартативистік зерттеулерінің дамуына пайдалы болады деп ойлаймыз.

Жапон тіліндегі кірме сөздер жапон, батыс және орыс филологтарының еңбектерінде жақсы зерттелген.i Қазақ тіліндегі кірме сөздер отандық зерттеушілердің еңбектерінде зерттеліп жүр. Алайда, жапон және қазақ тілдерінде кірме сөздерді енгізу жолында қандай факторлардың басым болғанын және олардың әсері бірінші рет қарастыралайын деп жатыр. Яғни, ұсынылып отырған баяндамада филология мәселеcі (кірме сөздер) ауқымды әлеуметтік-мәдени және тарихи тұрғыда салыстырмалы түрде қарастырылатын болады. Бұл тақырып замануи жапон-қазақ салыстырмалы зерттеулерінің арасында қазіргі күнге сай әрі нәтижелі зерттеулерге жатады.

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]