Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
37.42 Кб
Скачать
  1. Астықтың сапа көрсеткіштері базисті кондицияға сәйкес болуы

Егер астықтың сапа көрсеткіштері базисті кондицияға сәйкес болса не (шектелген) кондициялардан томен болмаса, ол кедергісіз қабылдауға тиісті. Дегенмен, бұл негізі ережеден ауытқушылық болуы да ықтимал. Ол үшін Министрлер Кабинетінің не баска жоғары ұйымның арнаулы шешімі, рұқсаты болады. Сондай шешім қабылданғанда ғана астық қабылдау кәсіпорындары дәнді және майлы дақылдардың шектелген кондициядан ылғалдығы мен ластығы бойынша ауытқуларымен қабылдайды. Бірақ, зиянды және дәннен қиын ажыратылып бөлінетін ұсақ қиыршық тастар, татар қарақұмығы, қара сұлы, мысық құйрық және т.б. арамшөптер мен бүлінген дәндер сықылды қоспалары бар партиялар еш қабылданбайды.

Ал қанша дегенмен, киын бөлінетін және зиянды шама мөлшері шектелген кондицияға мүлдем сәйкес келмейтін жағымсыз иісті, қара күйесі бар ащы жусанды тұқымдарды қабылдау үшін жоғарыдан ерекше рұксат болуы тиіс.

Базисті және шектелген кондицияларға көрсетілген сапа белгілерінен баска, қабылдау кәсіпорындары есепке алып, сатып алар бағасына үстеме қоятын күшті және қатты бидайдың үлпасы (желімдеме, не желім тәріздес зат, орысша клейковина деп аталады) саны мен сапасы сиякты да көрсеткіштері де болады.

Базистік және шектелген кондициялар талабына сәйкестігін анықтау және қабылданбақшы астық үшін өткізуші шаруашлықпен дұрыс есеп айыру мақсатымен әрбір келіп түскен партиядан арнаулы сынама шөкімдер алынып, оларды өзара қосып, сосын одан әрі лабораторияда талдау жасау үшін орта тәулікті сынама жасау, астық дайындау кезінде күшін жоймаған үлгіге (стандартқа) сәйкес катаң кадағалануы керек. Сол үлгіге сәйкес орта тәулікті сынама да жасалады. Осы талдаудың корытындысы бойынша қабылданған астық үшін қаржы төленеді.

Бидайдың күшті және қатты дейтін сорттарын қабылдауда шаруашылықтың егістігінде өткізілетін дәннің сапасын алдын ала анықтаудың маңызы зор. Мұндай бағалауды колхоз бен совхоздың және қабылдау кәсіпорнының өкілдері бірлесіп жасайды.

Келіп түскен астыққа қабылдау квитанциясы делінетін құжат дайындайды. Колхоз бен совхоздардан астық тауар-транспорт құжаты (накладная деп аталатын), ал сортты дән оның сорттылығын куәлендіретін, дәлелдейтін қосымша құжатпен жіберіледі. Мұндай жағдайда лаборатория міндетті түрде аталған құжаттардағы астықтың көрсеткіштерін қабылдау кәсіпорнына бүрын келіп түскен дән сапасын анықтау (апробация) актілеріндегі көрсеткіштермен салыстырады.

Астық қабылдау кәсіпорындары дайындау маусымы кезінде қалтқысыз тоқтаусыз жұмыс жасап, істі уақтылы тындырып отырады.

Әсіресе автомобиль транспортының тоқтаусыз істеуін қамтамасыз ету керек.

Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның астық қабылдау мекемелерінде дәнді қабылдау және жинаудан кейінгі өңдеу технологиясын жетілдіру жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды. Астықты колхоз, совхоз қырмандарынан астық қабылдау орындарына тәулік бойы толассыз жеткізудің бірегей кешенді ғылыми негізделген жүйесі жасалған, сағаттық график бойынша тасымалдау ұйымдастырылған, күшті және қатты бидай сапасына алдын-ала баға бере отырып, оны арнайы технологиялық карта бойынша орналастыру ұйымдастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]