Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

Ә. Тарбағатайдың күнгей бетіне Б. Қалың түскен В. Күнгей бетіне түскен Г. Қар түскен

Таңғажайып дүние [3]

Кейін үлкендерден сұрастырып көрсем, боз биені сойған уақыт – 1939 жылдың желтоқсаны, яғни менің үштен төртке қараған шағым екен. Бұл, былай салыстырып қарасаң, соншалық ерте де емес. Әлемде үш жасында хат таныған, бес жасында ән шығарып, өлең жаза бастаған данышпандар аз ба?! Тіпті туа сала ес білгендер туралы да аңыздар бар. Баяғыда біреу шешесінен: «Мен туған күні оң жақ босағада қызылды-жасылды бірдеңелер толып тұрды ғой. Ол не?» деп сұраған екен. Сонда анасы іркілместен: «Иә, айтпақшы, сол күні толғақ қысар алдында басқұрға жіп иірейін деп жүн бояп, керегенің басына сорғытып іліп қойғам, соны айтатын шығарсың», – деп жауап беріпті. Жасы төртке қараған шағында төңірегін зорға байқаған кісі, әрине, ондай зеректермен таласа алмайды. Әйтсе де, соғымға сойылған сол боз бие мен ауылдағы аппақ қар, оның бетіне қызғалдақтай шашылған қызыл ала қан бертінге дейін менің есімнен шықпай жүрді. Кейде сол суретті түсімде көретінмін. Көңілімде неше алуан сұрақтар туады. «Менің сыртқы дүниені алғаш қабылдауым, басқа көрініс құрып қалғандай, қып-қызыл қаннан басталғаны несі? – деймін ішімнен. – Бұл ненің нышаны? Ненің жоралғысы?». Кейін ойланып қарасам, ол да жайдан-жай бола қалмаған сияқты. Сол бір көріністе тұтас ғасыр суреті тұрғандай. Аппақ қар – сәбидің кіршіксіз таза көңілі десек, қызыл қан – сол уақыттың, яғни мен есігін ашқалы тұрған заманның басты нышаны екен. Дәл осы жылдары өзім туып-өскен Шыңжаң өлкесінде Шың Сы – Сай өкіметі әр ұлттың игі жақсыларын зынданда шірітіп, қапаста тұншықтырып, шетінен қырып-жойып жатыпты. Содан бірер жыл ғана бұрын ата жұрт Қазақстанда ұлттың сүт бетіне шығар қаймағы – зиялы қауым «халық жауы» атанып, жаппай қуғын-сүргінге ұшырапты. Оларды былай қойғанда, дәл сол жылы батыс Еуропада екінші дүниежүзілік соғыс басталып, миллиондарды қанға бөктіру қарсаңында тұрыпты. Міне, дәл

41

осындай кезеңде болашақ жазушы – маған, сәби кезімде сәуле боп енген уақыттың басты белгісі – қан болмағанда қайтушы еді?! Жалпы, екі бірдей дүниежүзілік соғыс өткен жиырмасыншы ғасырды – қан төгістер ғасыры десек, ешкім таласа қоймас. Сол ес кірген сәттен бастап біздің ауылда болып өткен елеулі оқиғалардың бірде-бірі менің назарымнан тыс қалып көрген жоқ. Ал өскен орта, табиғат жөнінен келсек, әлде біздің жақта қыстың ұзақтығынан ба, жаз жайлаудан гөрі қыс көріністері көңілге көбірек ұялапты. Арғы атамыздың атымен «Күдері қыстауы» аталатын біздің қысқы мекеніміз – Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі шұрайлы қоныстардың бірі – Малдыбай бұлағының бойын- да-тұғын. Қыстаудың дәл желкесінде Малдыбайдың суы екіге айрылады. Біреуі – өзеннің өз арнасы да, екіншісі – кейін қазылған тоған. ...Қыстаудың теріскей жағында Берікқара биігі мен «Жақаштың қара тасы» аталып кеткен зәулім, жалама құздар бар. Мұның бәрі де менің жадымда мөрдей басылып қалған, жер шарының қай түкпірінде жүрсем де ұмытылмайтын, өшпес көріністер (Қ. Жұмаділов).

1. Мәтін бойынша автордың сол боз биенің қан жоса болып аспанға шапшығанын қай уақыттан бері есінен шығара aлмай келуі:

А. Бес жасынан бастап Ә. Туған күнінен бері

Б. Үш жасқа толған күннен бастап В. Төртке қараған шағынан бері Г. Өлең жаза бастаған шағынан бері

2.Мәтінде автор «Мен есігін ашқалы тұрған заманның нышаны» деп атаған көрінісі:

А. Қызғалдақтай қызыл қан төгілген аппақ қар Ә. Аппақ қардай кіршіксіз сәби көңілі

Б. Аппақ қарға шапшыған қызғалдақтай қызыл қан В. Боз биедей аспанға шапшыған асаулық Г. Қуғын-сүргінге ұшыраған зиялылар

3.Мәтін бойынша жиырмасыншы ғасырдың қан төгіс ғасыр атану себебі: Шыңжандағы Шың Сы – Cай өкіметінің жауыздығы, Қазақстандағы қа-

зақ зиялыларының «халық жауы» ретінде репрессияға ұшырауы және...

А. КСРО-да Ұлы Отан Соғысының басталуы Ә. Боз биенің нәубет жылдарының нышаны болуы

Б. Ашаршылық жылдарының осы ғасырда болуы В. Екі бірдей дүниежүзілік соғыстың болуы

Г. КСРО-дағы азамат соғысы мен ұлт азаттық көтерілістерінің дүмпуі

42

4.Мәтін авторының бала кезінен көңілінде көбірек ұялаған табиғат суреттері:

А. Жазғы жайлау Ә. Қысқы көріністер

Б. Елдің күзеуге көшуі В. Қыстауға қонған мезгіл

Г. Бұлағы сылдырап аққан көктем шуағы

5.Мәтін бойынша бүтін бір ғасыр суретін қамтыған көрініс:

А. Соғымға сойылған боз биенің шалажансар кейпі мен аппақ қар, қызғалдақ қан

Ә. Екі бірдей дүние жүзілік соғыс Б. Зиялылардың жазықсыз жазалануы

В. Ұлттық намысқа тиетін зорлық әрекеттер Г. «Күдері қыстауының» табиғаты

6. Мәтіндегі Малдыбай бұлағының екі айрылу себебі:

А. Құлама құздан бөлініп ағуы Ә. Жалама құздың екі саласын бойлап ағуы

Б. Қолдан қазылған екі тоғанмен ағуы В. Қазылған тоған мен өз арнасы арқылуы ағуы

Г. «Жақаштың қара тасы» бойындағы қос сайға құйылып ағуы

Таңғажайып дүние [4]

Жайлау үстінде қазан оттан түспейді. Ет аса ма-ау, құрт, ірімшік қайната ма-ау, тіпті отын шақ келмейді. Осындайда көлік қомдап, алыс тоғайдағы отынға баратынбыз. Іргеде жас тал-терек дегенің сыңсып тұр. Соларды бүгін қиып тастап, екі-үш күнде қурап, отқа жағуға келер еді. Бірақ көшпенділер жас талды қидырмайды, көк шөпті жұлдырмайды, өзен-бұлақ бойына кір жудырмайды. Тоғайға отынға барғанда да, кілең қу сөңке, кәрі бұтақтарды ғана алуың керек. Сиыр түнеген жердегі ақ жапалaрды теріп әкелсең тіпті жақсы. Сол әдеттің бойыма әбден сіңгендігінен болар, қазір кесілген ақ қайың шөркесінен басқаны отқа жақпайтын, әйелдері саны жарқырап өзен бойында кір шайқап тұратын өзге жұртты көргенде, былғанып, құрып бара жатқан табиғатқа жаным ашып, біртүрлі аяп кетемін. Жалпы көшпелі қазақ ауылында балалар ерте ер жетуші еді. Еңбекке де ерте пісетін. Қазір біреулер: «Қазaқтар ұлдарын ерте үйлендіріп, қыздарын жастай ұзатыпты» деп кінәраттап жатады. Бұл – тарихи қажеттілікті түсінбеуден туған қате пікір. Ол кезде он бестегі ұл – төрт

43

түлік малды қалай бағып қағуды меңгерген, көші-қонның да қы- ры-сырын жақсы білетін, кәдімгі шаруа. Ал он бестегі қыз, тақа бір қолынан түк келмейтін олақ біреуі болмаса, бір үйдің шаруасын дөңгелек айналдырушы еді. Әсілі, «Он бесте отау иесі» деген сөзді аталарымыз тегін айтпаған. Сол өмірлік үлкен сапарды он бесінде бастағандардың бірі менің апам ғой. Егер сол кісі болмаса, біздің үйдің тірлігі қалай жүретіні көз алдыма елестемейді...

Кейде апамның ерте еті қашқан, тарамыс қолдарын көргенде әрі таңданып, әрі жаным ашушы еді. Құдай-ау, не өтпейді бұл қолдардан: мал сауу, жүн сабау, киіз басу, жіп иіру, басқұр, алаша тоқу, арқан есу, тері илеу, киім тігу, сабын жасау...санап тауысу мүмкін емес. Бір өзі – бір фабрика секілді. Олар бір ғана сүттің өзінен қаншама түрлі тағам жасайды: құрт, ірімшік, қымыз, айран, кілегей, қаймақ, сары май, сүзбе, толып жатыр. Жаздай жанталасып жүріп, жайлаудан қап-қап құрт, ірімшік, қарын-қарын май алып қайтады. Сойылған малдың терісін де далаға тастамай, ұлпадай қып илеп қоятын. Қыстауға көшіп-қонысымен, иленген терілерді шүкірге бояп, еркектерге тон-шалбар тігіп береді. Және менің апамның өңдеп бояған терілері қандай! Жауын-сөлде былбырамай, аязда қатпай, қанша кисең өңін бермей тұрады. Кілең қара сеңсеңнен тігілетін жағалы ішіктердің жөні тіпті бөлек. Апам мені бір кісідей-ақ еркелетті. Сонымен бірге тым ақсаусақ етіп жібермей, еңбекке араластырып отырды. Әкем мені жастайымнан адалдыққа, кісілікке, көпшілдікке баулыса, табандылық, іскерлік, еңбекқорлық жағы, сөз жоқ, апамнан дарыды. Сон- дай-ақ жасымнан дәмді тамақ ішкізіп, сәнді киім кигізіп, әдемілікке, талғампаздыққа үйреткені үшін де асыл анама мәңгі қарыздармын (Қ. Жұмаділов).

1.Мәтін бойынша берілген сөйлемді аяқтау: Әкем мені жастайымнан...

А. Табандылыққа баулыды Ә. Іскерлікке баулыды Б. Кісілікке баулыды

В. Еңбекқорлыққа тәрбиеледі Г. Талғампаздыққа үйретті

2.Мәтіндегі «жаққан кезде табиғатқа аяушылық туғызатын отын

түрі»:

А. Сиырдың ақ жапасы

Ә. Қайыңның ақ шөркесі

44

Б. Қу сөңке В. Кәрі бұтақ

Г. Қураған отын

3.Анасының тарамыс қолдарынан өтетін, бірақ санап тауыса алмаған істің бірі:

А. Киіз басу Ә. Мал сауу Б. Жіп иіру В. Ши тоқу Г. Алаша тоқу

4.Адасқан тіркесті белгілеу:

А. Қап-қап май Ә. Қарын-қарын май Б. Қап-қап құрт

В. Қарын-қарын сары май Г. Қап-қап ірімшік

5.Мәтін бойынша сүт өнімінен алынатын тағамдар:

А. Ірімшік, құрт, сүзбе, қымыран Ә. Айран, қымыз, қаймақ, сары су

Б. Кілегей, сары май, ірімшік, шұбат В. Сүзбе, құрт, қаймақ, сары май

Г. Қымыз, шалап, сусын, ірімшік, кілегей

6.Ер бала туралы мәтелдің дұрысы:

А. Он үште отау иесі Ә. Он бесте отау иесі

Б. Он алтыда отау тіктір В. Он екіде отау иесі Г. Он жетіңде отау жық

7.Мәтін бойынша анаға мәңгі қарыз болудың бір белгісі:

А. Кісілікке тәрбиелегені үшін Ә. Адалдыққа баулығаны үшін

Б. Ештеңе істетпей, еркелеткені үшін В. Көпшілдікке баулығаны үшін Г. Талғампаздыққа үйреткені үшін

8.Мәтін бойынша қазақтың ұлын ерте үйлендіру себебі:

А. Ата дәстүрді сақтау Ә. Ертерек еншісін беру

Б. Баласының ерте үйленгісі келетіні В. Ерте ер жетуі Г. Қалыңдығын көп күттірмеуі

45

АЛТЫНШЫ НҰСҚА

Ғаламның шеті жоқ

Бұдан 100-150 жыл бұрын астрономдар әлем жалғыз құс жолы галактикасынан ғана тұрады деп есептеген. Сөйтсек, ғалымдар қатты қателескен екен. Кейін 100 миллиардтан аса галактикалардың бары анықталды. Жалғыз құс жолының өзінде күн сияқты 100 миллиардтан астам жұлдыздар бар. Біздің ғаламшарымыз Жер Күнге тәуелді. Ал жер күн жүйесіндегі 8 планетаны серіктерімен қоса өзіне қарай тартып тұр. Осы 8 планетаның ортасындағы Күн бір орнында тұрмай, құс жолы галактикасын айналып жүр. Құс жолы галактикасының ішінде Күн және күн жүйесіндегі барлық планеталар елеусіз бір нүкте болып қалады. Көзімізге өте үлкен болып көрінетін Жеріміз күннен 1 миллион есе кіші. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлікпен күнге 170 жылда жетуге болады екен. Себебі жер мен күннің орта қашықтығы 149 миллион шақырымды құрайды. Ал құс жолының ішіндегі Күнге ең жақын жұлдыз Альфаға сол көлікпен 3740000 жылда жетуге болады екен. Осыған қарап қалған жұлдыздардың арақашықтығы қандай алыс екенін байқауға болады

(«Ана тілі» газеті, 10.03.2016.).

1. Күн жүйесіндегі сегіз планетаны серіктерімен бірге өзіне тартып тұрған ғаламшар:

А. Жер Ә. Құс жолы

Б. Күннің өзі В. Альфа жұлдызы

Г. Өзге галактикалар

2. Мәтін бойынша аспан денелерін алғаш зерттеуші ғалымдардың басты қателігі:

А. Жерді күнге тәуелді етуі Ә. Күнді жерге тәуелді деуі

Б. Галактикалар санын жалқы деп түсінуі В. Галактика санының шексіздігін мойындауы

Г. Жердің күннен қанша есе кішілігін анықтаудағы өлшемнен

46

Балуан Шолақ пен Кенен ақын

Балуан Шолақ өзі денелі, әнші, ақын кісі екен. Қордай өңірінде беделі зор, Қордай болысының ардақты адамы, орысша оқыған, тілге жетік Еркебай ауылына түсіп, қонақ болады. Шаршы топ алдында сөз сөйлеген Балуан былай дейді:

Ән көп, бірақ нағыз орындаушысын тапқан ән ғана бақытты. Сіздің елде де өнер қуған жас буын Кенен деген әнші бар деп естіп едім, мүмкін болса сол әнші баланы алдырсаңыздар екен.

Мен не де болса ол кісіні көруім керек деп, қалай барудың есебін келтіре алмай жүргенімде, Еркебайдан «тез жетсін» деген хабар келді. Келсем, ел құжынап жиналып жатыр. Алты қанат ақ орда толы сауықшылар. Үлкендер үйде, жастар далада, бәрі ән тыңдайды. Мен де тыңдап отырдым. Әндері асқақ шығады, дауысы да зор екен. Кіріп шығып жүрген Еркебай мені көре сала «келдің бе?» деп дереу үйге кіргізді де:

Мынау Кенен ақын, – деп таныстырды. Ол менің бас-ая- ғыма қарады да: – Ә, Кенен деген әнші сен бе? Мен сенің әндеріңді жолшыбай әр елден естіп келемін, қане, шырағым, шырқашы, – деді. Мен әуелі «Бозторғай», онан соң «Көкшолақ», «Көпшілік, тыңда әнімді» деген әндеріммен бірге батыр ағаға арнап:

Мен келдім сәлем бере, батыр аға, Атағың кең жайылған Сарыарқаға. Бала едім, жаңа талап іздеп келдім, Өзіңнен сұрайын деп ақыл, аға, –

деген ән жолдарымен шырқап бердім. Ол үнсіз тыңдап отырды да: – Пәлі, нағыз әнші өз ауылдарыңда екен ғой, дауысы да құлаққа жағымды екен, – деп мақтады. Еркебай менің жайымды түсіндіріп: – Бұл баланың бағы ашылмай жүр. Ертелі-кеш қой соңында жүреді. «Қу жоқшылық өнеріңді өсіруші ме еді?» – деп жатыр. – Тобыма қосып, шәкірт етіп алайын, – деді Балуан, мен болсам: – Өзім жас, әкем қарт, – деп сылтау айтып едім, ол тағы да: – Өнер жастықты талғамайды, үйреніп кетесің, ал әкең болса, ел іші ғой, бір шалды жалғызсыратпас, – деді.

47

«Мен батыр, әнші ағамыздың жанында бір айға жуық бірге жүріп, үлкен мектептен өттім. Балуан Шолақтың талай әнін өзі таныстырған кезде шырқадым», – деп еске алады екен Кенен атамыз сол тарихи күндерді. Балуан Шолақ жас Кененге он екі әнін үйретіп, аманат қылып тапсырған екен. Оның «Сарын», «Ғалия», «Ыңғайтөк», «Желдірме», «Жай қоңыр», «Кенже қоңыр», «Сұрша қыз», «Көкшетау», «Қос қалқа» секілді әндері елге Кенен атамыздың айтуымен тараған. Ұлы өнерпазбен бірге жүрген бір жаздың сапары Кенен атамызға өле-өлгенше сабақ болды. Оның жүрегінде Балуан Шолаққа деген құрмет қалды («Егемен Қазақстан» газеті, Хамит Есаман. 26.01.2017).

1. Мәтін бойынша ең бақытты ән:

А. Елге ұнаған ән Ә. Халықтың мұңын жырлаған ән

Б. Нағыз сазгер орындаған ән В. Орындайтын әншісіш тапқан ән Г. Орындаушыға ұнаған ән

2.Мәтін бойынша Балуан Шолақтың Қордай өңіріне келу мақсаты:

А. Кененнің әнін тыңдау Ә. Өнерді насихаттау

Б. Досы Еркебайдың қадірлі қонағы болу В. Жас Кененге өз әндерін үйрету Г. Жолшыбай соға кету

3.Бала Кененнің «бағы ашылмау» себебі:

А. Әкесінің қартайып, қолына қарауы Ә. Ертелі-кеш қой соңында жүруі

Б. Әншілікке баулитын ұстазының болмауы В. Кедейшілік тұрмысы Г. Әнін қадірлейтін ортаның болмауы

4. Әнші әрі сазгер Балуан Шолақтың бала Кененнің әншілігіне берген бағасы:

А. Дауысының зор екендігі Ә. Әншілігінің ешкімге ұқсамайтындығы

Б. Өз әндерін нақышына келтіре орындайтындығы В. Даусының құлаққа жағымдылығы

Г. Жол-жөнекей жұрттың мақтауын естіп, риза болғандығы

48

Есімі еліне ұран болған

Қарасайдың әкесі Алтынайды ел абыз деп атайды. Абыз дегені – көріпкел, айтқаны келген әулие деген сөз. Қарасай ірі денелі, орасан күш иесі, көзі шоқша жайнаған алғыр болып өсіпті. Ірілігі сонша, бір өгіздің терісі екі аяғына етік тігіп беруге әзер жетеді екен. Қарасай он алтыға толғанда әкесі шақырып алып айтыпты:

Құдайға шүкір, алдыма он мың сан көк ала жылқы бітті. Бірақ биыл әлемет жұт болады. Сен жаныңа қарулы жігіттерді таңдап ал да, жылқыларды алдыға салып айдап жай да отыр. Жылқы малы өте кірпияз, алдын қайырма, өрісін өзі табады. Қар кісі бойынан асып, қақаған қыс ұзаққа созылып, ақсүйек жұттан елдің тігерге тұяғы қалмай қырылады. Күн жылына көктеуге, жазға салым ел жайлауға көше алмай қалады. Сол кезде алдына салып берген биелерін құлындатып, шұрқыратып дін аман Қарасай елге оралады. Алтынай абыз Қарасайды шақырып алып:

Қойды серке бастар, тойды ерке бастар, ал елді хан ием өрге бастар деген. Ал ел ерге қарайды. Ел басқарған хан иеміздің малы түгел қырылып, хан ордасымен көше алмай, ескі жұрт – қыстауында отырып қалды. Ол – алты атасынан қыдыр дарыған төре атаның баласы, жерге қаратпайық. Енді, балам, мына жылқының қақ жартысын ханға сыйла, апарып бер, – деп жолға салады.

Тігерге тұяқ қалмай жұртта отырған хан қалың шаңды үлкен тобырды көріп:

«Жұт – жеті ағайынды» деуші еді. Мыналар жұтаған елді шапқалы келе жатқан жау болмаса игі еді, – деп үрейленеді. Жаяулап болса да жауға қарсы тұруға дайындала бастағанда шапқыншы келіп сүйінші сұрапты:

Алтынай абыздың ұлы Қарасай қаптаған қалың жылқыны айдап әкеле жатыр, – депті. Қарасай, сондай-ақ ханға жүк артар келе-келе түйе, сауынға табын-табын сиыр да әкеп тарту етіпті. Ел аққа жарып, тойынып, ханды жайлауға көшірісіп, Қарасай хан ордасында ай жатып мейман болыпты. Ханға келіп Қарасай қайтуға рұқсат сұрайды. Сонда хан:

49

Бүкіл ел-жұртымды ашаршылықтан аман алып қалдың. Не тілегің бар, балам! Үкідей ғып өсіріп отырған үш бойжеткен қызым бар, таңдағаныңды ал, күйеу балам бол! Күйеу демейін, ұлым бол! – дейді хан шын разы болып, ниеті қатты ауып.

Ниетіңізге рахмет, хан ием. Маған мына өзіңіз отырған қара босағаңызды берсеңіз өмірлік ризамын, – дейді Қарасай. Сонда хан тағынан атып тұрып, екі санын сарт ұрып:

Алтынай абыздығын істеді. Айтқаның болсын, балам, мына қара шаңырақ – сенікі. Ақ батамды берейін, – деп шыға жүре беріпті де, өзінің кіші отауына барып кіріпті. Сонда хан тағынан тұра бергенде оң жақ иығына қызыл шұбар жолбарыс пайда бола кетіпті. Ханның соңынан ілесе шығып барып екінші отауына кірмей, қайта бұрылып кеп, ақ ордада тапжылмай отырған Қарасайдың етігін жалап, оң жақ иығына басын артып, еркелеп жанына шоқиып отыра кетіпті. Қарасайдың қара босағасы мен қызыл жолбарысы елімізге солай келген екен.

1.Мәтіндегі алты атасынан қыдыр дарыған тұлға:

А. Хан Ә. Абыз

Б. Алтынай В. Қарасай Г. Көріпкел

2. Мәтіндегі «ел ерге қарайды...» тіркесінің қазақ мәтеліндегі жалғасы:

А. Ер елге қарайды Ә. Ер еленбей қалады Б. Ер жерге қарайды

В. Ері ерлікке қарайды Г. Ерін сүйеніш санайды

3.Мәтін бойынша Қарасай батырдың ханға әкелген тартуы:

А. Келе-келе түйе, табын-табын сиыр Ә. Келе-келе түйе, қаптаған қалың жылқы, табын-табын сиыр

Б. Табын-табын сиыр, келе-келе түйе, жайлауға тігетін үйлер В. Сауынға сиыр, жүк артуға түйе, мал айдауға жалшы

Г. Үйір-үйір жылқы, тігерге тұяқ, келе-келе түйе, табын-табын сиыр

4.Мәтіннен алынған «Ел аққа жарып, тойынып, ханды жайлауға көшірісіп, Қарасай хан ордасында ай жатып мейман болыпты» сөйлеміндегі тұрақты сөз тіркесі:

А. Хан ордасы

50

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]