Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

26

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.15 Mб
Скачать

металдың қола, қалайы секілді түрлерін өңдеп, өздерінің кәделеріне жарата білді. Ұлы далада металды игеріп, адамзат тұрмысында пайдалану үрдісі сақ дәуірінде қарқынды дамыды. Мәселен, Грек жазбаларында сақ, сармат, массагеттердің елінде мыс пен алтын қорының мол екендігі және олардың металл өндіруді жетік меңгергендігі айтылады. Ал Геродот пен Страбонның жазбаларында «Азиялық скифтерде алтынның молдығы сонша, олар басынан аяғына дейін алтын әшекейлермен апталған бай киімдер киеді және астындағы аттарының да ер-тұрмандары алтындалған», – дейді («Егемен Қазақстан» газеті, Дархан Қырәлі,

29.01.2019).

1.Мәтін бойынша ежелгі дәуірдегі металлургия орталығына айналған Қазақстан аймағы:

А. Орталық, солтүстік, оңтүстік шығыс аймағы Ә. Солтүстік, орталық, солтүстік шығыс аймақтары Б. Орталық Қазақстандағы кен орындары В. Орталық, солтүстік, шығыс аймағы

Г. Қазақстанның Алатау, Алтай, Тарбағатай аймақтары

2.Мәтін бойынша Ұлы даладағы металлургияның қарқынды даму ке-

зеңі:

А. Қола дәуірінде Ә. Азиялық скиф дәуірінде

Б. Түркістандағы ренессанс дәуірінде В. Алғаш жылқыны қолға үйреткен кезеңнен бастап Г. Ежелгі дәуірде

3.Мәтін бойынша Орталық Қазақстандағы қола дәуірінде пайда болған кен орындары:

А. «Қалайы қазған»,«Қырық шұқыр», «Бес Шұқыр», «Мың шұңқыр», «Қара темір»

Ә. «Теміртау», «Жезқазған», «Мың шұқыр», «Бес шұңқыр», «Ұста» Б. «Мың шұрық», «Қалайы қазған», «Бес шұрық», «Жезқазған», «Темір-

тау»

В. «Ұста», «Мың шұңқыр», «Қырық шұрық», «Қара темір», «Бес шұрық», «Жезқазған»

Г. «Бес шұрық», «Қалайы қазған», «Теміртау», «Қара темір», «Мың шұрық», «Ұста», «Қырық шұрық»

4.Мәтіндегі металдан жасалған ат әбзелдерінің атаулары:

А. Шідерті, үзеңгі, ер-тұрман Ә. Тебінгі, үзеңгі, ауыздық, құйысқан, жүген

71

Б. Ауыздық, ертұрман, үзеңгі, шідер В. Кежім, үзеңгі, тебінгі, ауыздық

Г. Сауыт-сайман, ер-тұрман, ауыр қару, темір ауыздық, темір кежім

5.Атына темірден кежім кидірген, қолында найза, ауыр қаруланған түркі жауынгерінің бейнесі кездесетін орын:

А. Сөзбен бейнеленген жырларда Ә. Баһадүр жауынгерлер бейнеленген эпостарда. Б. Грек жазбаларында В. Тау жартастарында

Г. Қола дәуіріндегі кен орындарының сұлбасында

6.Ұлы даламызда ежелден зергерлік өнердің жетік дамығанына нақты

дәлел:

А. Қола дәуіріндегі тұрғындардың мыс пен алтынды кәдесіне жарата білуі Ә. Геродот пен Страбонның жазбаларындағы Азия скифтерінің алтынмен

апталған киімдері Б. Грек жазбаларындағы ат әбзелдерінің әшекейлері

В. Жырдағы «үзеңгісі үзбе алтын, құйысқаны құйма алтын, тебінгісі терме алтын» жолдары

Г. Алатау, Тарбағатай, Алтай тауларынан табылған «алтын адамдар»

7.Мәтіннен алынған «Олардың металл өндіруді жетік меңгергендігі айтылады» сөйлемін жай сөйлем түрлеріне ажырату:

А. Жақсыз, толымсыз Ә. Жақты, толымсыз Б. Толымды, жалаң В. Жақты, жайылма Г. Жақсыз, жайылма

8.Мәтіндегі металл өңдейтін құралдың атауы:

А. Көрік Ә. Құрал-сайман Б. Шұңқыр В. Шұрық

Г. Қаңқа арба

72

ТОҒЫЗЫНШЫ НҰСҚА

Ою-өрнек – озық мәдениет белгісі

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен озық мәдениетін ою-өр- нексіз елестету мүмкін емес. Тұрмыс-тіршілігінде ең жиі қолданылған ою – «қошқар мүйіз». Қошқар мүйіз берекенің, байлықтың белгісі саналады. Текемет пен сырмаққа негізінен осы ою салынады. Қошқар мүйіз салынуына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, біз «төрт құлақ» деген сөзді жиі естиміз. «Төрт құлақты қошқар мүйіз» дегеніміз – дүниенің төрт бөлігін, төрт әлемді, төрт бұрышты, яғни дүниенің тұтастығын білдіреді. Сонымен қатар қошқар мүйіздің иректеліп, жапырақ жайған тәріздісі бар. Оны «қанатты қошқар мүйіз» дейміз. Ал мүйіз бірімен-бірі жалғасып келетін болса, ол «арқар мүйіз» деп аталады. Арқар мүйіз

– өсіп-өркендеу, көкке қарай ұмтылу дегенді меңзейді. «Қанатты қошқар мүйіз» қанатың кең жайылсын, өрісің кең, құшағың ашық болсын деген сенімді білдіреді. Қошқар мүйіздің басы үшкірленіп, екі жағы дөңгеленіп келсе, оны «тұлға мүйіз» деп атаймыз. «Сынық қошқар мүйіз» деген де ою бар. Оны көбінесе кілемнің шетіне салады. «Тай тұяқ», «Ботагөз», «Тышқан көз», «Қарға тұяқ», «Өрмекші» оюлары жиі кездеседі. Оюлардың «көкөріс» тобына жататындары өсімдік әлемінен сыр шертеді. Мұнда ағаш, гүл, жапырақ белгілері салынады. Гүлді міндетті түрде сабағымен, жапырағымен белгілеген. Ол көгеру, өсіп-өркендеу ұғымын қамтиды. Ал көйлектің етегіне салынатын оюлар «геометриялық ою-өрнек» деп аталады. Зергерлік бұйымдарды да оюсыз елестету мүмкін емес («Жас қазақ» газеті, 01.02.2019).

1. Мәтін бойынша қазақ халқының ою-өрнектерінде бейнеленетін нышандар:

А. Қошқардың мүйізі, гүлдің жапырағы Ә. Төрт құлақ, дүниенің төрт бұрышы

Б. Жануарлар, аң-құстар, жәндіктер мен өсімдіктер әлемі В. Арқардың иір мүйізі, қошқардың сынық мүйізі Г. Мүйізді жануар мен тұяқты аңдардың бейнесі

73

2. Мәтін бойынша өсіп-өркендеу ұғымын білдіретін ою түрлері:

А. «Арқар мүйіз», «сынық қошқар мүйіз» оюлары Ә. «Қанатты қошқар «мүйіз және «өрмекші» оюлары Б. «Тұлға мүйіз», «тай тұяқ» оюлары

В. «Арқар мүйіз», жапырағы сабағынан өрбіген гүл бейнелі оюлар Г. Өсімдік әлемін бейнелейтін оюлар мен «қарға тұяқ» оюы

Ұлтымыздың ұлы жеңісі

1727 жылы Бұлантыда басталған Жеңіс Аңырақайда аяқталды. Бұл ұлтымыздың тағдырын шешкен ұлы жеңіс еді. Бабаларымыздың ғажайып ерлігі ұлтымызды, елдігімізді сақтап қалды. Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болуымыздың негізін қалады. Жастар, келер ұрпақ мұны білуге тиіс.

Біздің халқымыз – жанды жатырқамайтын, ешкімді жау санамайтын, өзі ешкімге тиіспейтін, дарқан даласындай пейілі кең, бауырмал, аңқаулығы да бар халық. 1721 жылы қалмақтың ханы Қалдан Серен бастаған қалың қол тосыннан шабуыл жасап, қазақты «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламаға» ұшыратты. Бұл ұлтымызға келген алапат апат, теңдесі жоқ ауыр қасірет еді. Босыған жұрт Көктөбені бетке ұстап жосыды. Оларға шілденің ми қайнатар ыстығы да жау болып тиді. Бір жағынан жау, бір жағынан, ыстық, оған шөл мен аштық қосылып, миллиондаған қазақ қырылды.

Ебіл-тебіл болып, Көктөбеге (Ұлытауға) жеткендері аман қалды. Бұл қырғын адам айтқысыз ауыр қасірет әкелумен бірге, ұлттың санасын сапырып, намысын оятып, жігерін шыңдады. Бұл жаудан о дүниелік болған бауырларының кегін алуға, бөлeк-бө- лек болып көшіп-қонып жүрген қазақтарды бірігуге жұмылдырды. Ұлы жүздің биі Төле би, Орта жүздің биі Қаздауысты Қазыбек, Кіші жүздің биі Әйтеке билер жаудан кек алудың, ұлтын сақтап қалудың басты шарты Үш жүз бірігу керек деген шешімге келіп, Ұлытауға, Арғанаты бауырындағы «Балбұлаққа» Үш жүзді жинап, ел тағдырын шешетін, жаудың жолын кесетін алқалы жиын өткізіп, сол жиында елдік пен бірлік, ерлік туы көтеріліп, Үш жүз бір тудың астына топтасып, үлкен күшке айналды. Сөйтіп, ұлт тағдырын шешетін ақтық айқасқа дайындалды. Бұл кезде қалмақтардың ханы «Қазақтарды біржолата тұқыртып жеңу үшін олардың Көктөбесін басып алуымыз керек. Бұл қазақтармен

74

соңғы жорығымыз болуы керек. Кең байтақ жерін иеленіп, байлығын пайдалануға тиіспіз», – деп, қалың қолмен Ұлытауға беттеп келе жатты. Қазақтар да соғысқа сақадай сай болып еді. Сарбаздардың алдында бауырлардың кегі, ұлтымыздың тағдыры тұрды. Әр сарбаз мұны жақсы түсініп, терең сезінді. Бұл ұлт тағдырын шешетін қалмақтармен ақтық айқас еді. Сөйтіп, ата жаумен айқас Білеуті мен Бұланты өзендерінің арасында басталып, қазақ сарбаздары – батыр бабаларымыз жауды жусатып қырып салды. Екі өзеннің арасындағы алаңқайда қалмақтардың басынан бөлінген қаңқалары қалды. Бұл түпкілікті жеңістің басы болды. Аңырақайда қалмақтардың талқанын шығарып, соғысқа соңғы үлкен нүкте қойды. Сөйтіп, батыр бабаларымыз ұлтымызды, жұртымызды, ар-намысымызды, елдігімізді қорғап қалды. Бұл – мәңгілік есте қалатын ұлтымыздың абыройын асқақтатып, рухын аспандатқан Ұлы жеңіс.

1. Аңырақай шайқасында қазақ әскерлерінің жеңіске жетуіне дем берген басты күш:

А. Үш жүз қазақтарының бірігуі Ә. Үш жүздің атақты билерінің жігер беруі

Б. Жоңғарлардың екі өзеннің арасында қыспақта қалып, қазақ жауынгерлеріне қолайлы жағдай туғызуы

В. Соғыста қаза тапқан бауырларының кегін алу жолындағы қазақ әскерлерінің жанқиярлығы

Г. Жоңғарлардың жеңіске масайрап, жауыздықпен көздерінің қараюы

2. Мәтін бойынша Аңырақайдағы жеңіспен аяқталған шайқастың басталған жері:

А. Балбұлақтың баурайы Ә. Көктөбе Б. Ұлытау

В. Бұланты өзені Г. Білеуті мен Бұланты өзендерінің арасы

3. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезеңінде қазақтардың миллиондап қырылуының жаумен «ағайынды» себептері:

А. Шөл мен аштық Ә. Шөл мен ыстық

Б. Ыстық, шөл, аштық В. Жоңғарлардың жауыздығы, ыстық, шөл, аштық

Г. Жау мен аштық, ыстық пен шөл

75

4. Мәтін бойынша сын есімнің қызметіндегі есімдігі бар сөйлем:

А. Бұл – ұлт тағдырын шешетін айқас...

Ә. Бұл жаудан о дүниелік болған бауырлардың кегін алуға ... жұмылдырды.

Б. Бұл мәңгілік есте қалатын... Ұлы жеңіс.

В. Бұл қырғын адам айтқысыз ауыр қасірет әкелумен бірге ...

Г. Бұл кезде қалмақтардың ханы «Қазақтарды біржолата тұқыртып жеңу

үшін олардың Көктөбесін басып алу керек ...» деп...

Жылқы – еркіндік нышаны

...Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жыр- лар, ертегілер өте көп. Қобыланды батырдың Тайбурыл, Алпамыс батырдың Шұбар (Байшұбар), Ертөстіктің Шалқұйрық, Қамбардың Қара қасқа, Ер Жәнібектің Көк дөнен деген аттары болған. Бұл аттар жай аттар емес, жүйрік, сұлу әрі батырдың ең жақын досы бола білген.

Жылқы – өз бойын таза ұстайтын, өз жерін қашықтан танитын, аса сезімтал, адамға өте жақын келіп, сыр-сипатын қабағынан аңғарып тұратын қасиетті жануар. Жылқының тас қараңғы түнде жарты тарыны көретін жанарының өткірлігі сынды жаратылыс ерекшеліктерінің өзі қандай!

Қазақтар жылқыны ұрып соғу былай тұрсын, киесі атады деп, желіден, жылқыны ұстайтын құрықтан, бақанның үстінен аттап өтпейді. «Бақан аттаған жарымайды» деген сенім бар. Сүрінген атты да ұрмайды. «Сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін» деп көзін оң қолымен сүртіп тазалайды. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды. Жапанда келе жатқан жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жорылады. Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі әрі киелі жануар деп жыл қайыруда жетінші орын берген. Халқымыз үшін, әсіресе жылқы еркіндіктің, батырлықтың, серіліктің нышаны. Қазақтың ұлттық ойындарының бірсыпырасы да осы жылқы жануарымен тікелей байланысты болады. Спорттық ойын-сауықтарда Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Жорға жарыс, Көкпар, Аударыспақ, Ат омырауластыру, Ат үстінен тартыс, Қыз қуу, Салма ілу, Күміс ілу, Жамбы ату, т.б. азаматтың мерейін асыратын, шырайын келтіретін текті жануар деп есептеледі. «Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін» деген мақалдың мәні де осыны меңзесе керек («Ана тілі» газеті, 17.05.2018).

76

1. Бәйгенің ең алысқа шабатын түрі:

А. Бесті бәйге Ә. Құнан бәйге Б. Ат шабыс В. Дөнен бәйге

Г. Аламан бәйге

2. Неліктен «жорға бәйге» емес, «жорға жарыс» деп аталды екен?

А. Бәйге алысқа шабатын аттардың жасына қарайды, ал жорға жарыс бесті жылқылардың жарысы

Ә. Жорға жарыс жақын қашықтықта болады Б. Жорғалар қатты шаба алмайды

В. Жорғаға өте жас балалар отырғызылып, солардың жеңісін күтеді Г. Жорға жарысқа көп ат қатыстырылмайды

3.Жылқының пірі:

А. Қызыр баба Ә. Ойсыл қара Б. Көк пырағы В. Қамбар ата Г. Шекшек ата

4.Халқымыз үшін жылқы ненің нышаны (мәтін бойынша)?

А. Еркіндік пен ерліктің нышаны

Ә. Батырлық пен бостандықтың нышаны Б. Серілік, еркіндік, батырлықтың нышаны

В. Батырлықтың, серіліктің, еркіндіктің, қасиеттің нышаны Г. Еркіндіктің, елдіктің, ерліктің, батырлықтың нышаны

5. «Сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін» деп неге оң қолымен сүртетінін пайымдау:

А. Ат оң жағынан үркеді Ә. Оң жақтан бастау – жақсы ырым Б. Сол қолы бос болмайды

В. Оң қолындағы қамшымен сүртеді Г. Сайтан аттың оң көзінде отырады

6. Қазақ халқы жылқыға адамның қандай қасиетін теңейді?

А. Мінезін Ә. Батылдығын

Б. Ұшқыр ойын В. Жорға жүрісін Г. Тектілігін

77

Диірменнің үстіңгі тасы шыр айналғанымен, астыңғы тасы бір айналмайды

...Дәстүр – мыңжылдық мәдениетіміздің, жүз жылдық тарихымыздың алтын арқауы. Сол дәстүр біздің егемен ел болып қалыптасуымызға шексіз қызмет жасады. Жаһандану кезеңінде, дәстүрден тыс мәдениетті жанымызға жарып тығып, «осыны ғана қабылдайсың» деп жатқан тұста біз соған өзіміздің ата-баба дәстүріндегі тәрбие көзімен ғана қарсы шыға аламыз... Диірменнің астыңғы тасы шыр айналғанымен, астыңғы тасы бір айналмай жата береді. Ұнды да, талқанды да жасайтын – диірменнің астыңғы тасы. Сол астыңғы тас – біздің ұлтымыз, халқымыз. Саясат төбемізден қанша айналғанымен халық өзінің тегін, тек баянындағы асыл қасиетін жойған жоқ. Сол арқылы ХХІ ғасырда Қазақ Елі дейтін үлкен мемлекетке айналдық. Біздің ұлттық тұғырымыз да, ұлттық құндылығымыз да дәстүрде жатыр... ХХІ ғасырға аттап, ел болып әлемдік өркениетке, әлем халықтарының қауымдастығына қосылдық. Осы кезде алдымыздан жастарды тәрбиелеуіміздің де өзекті мәселелері кесе көлденең шықты. Әлемдегі жақсы қылықтар мен жаман қылықтардың барлығы араласып кетті. Тағы да қайталаймын, енді оған араша тұратын халықтың дәстүрлі өнері ғана. «Қыз Жібек» эпосы секілді, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Едіге», «Орақ Мамай», «Мәулім Нияз» эпопеялық өз рухымен тарихының отын үрлеп, шоғын сөндірмеген осындай күш қуаты бар шығармалар бүгінгі талантты орындаушылардың көмейінен күй болып шертіліп, жыр, мақам, саз, әуен болып халықтың жүрегінен жол табуы керек. Мыңнан астам батырлар жырының рухы тарап жатса, ұлт мерейінің өскені емес пе?! Атамұраны жеткізетін адамның өзі емес, дарын мен талант емес, оның тегі. Бірде әкем, бұзықтықтан апамнан таяқ жеп жылап отырған үстімнен түсіп:

Балам, кім тиді, – деп сұрады.

Апам ұрды, – деп шағымдандым.

Балам, Алла «өзге шеше» мен «өгей шешенің» таяғынан сақтасын. Өз шешеңнің алақаны – бал ғой, – демесі бар ма...

Не жыларымды, не күлерімді білмей қалдым. Осы сөзден кейін апам да қол көтермейтін болды. Әкеміз бір ауыз сөзімен

78

анаға да, балаға да ескерту жасаған екен. Кейін анамыз: «Ойпырмай, сол сөз өзегімнен өтіп кетті», – деп отыратын. Міне, бұл – қанмен, текпен, тәрбиемен келетін қасиет.

Біздің түркі текті қанымыз мың өліп, мың тірілген қазақты түркі әлемінің түпқазығы деңгейіне жеткізді. Осы тұста айта кететін ақиқат, «рухани жаңғыру керек, жаңғыру керек» деп құр байбалам сала беруге де болмайды. Ол үшін рухани жаңғырудағы негізгі тұрағымыз қайда екенін біліп алуымыз керек. Ел елде, жер жерде музыка мектептері бар. Бір ғана Қызылорданы алайық. Ауданның музыка мектептерінен 50-60 бала бітіріп шығады. Облыс бойынша 300-400-дей бала. Соның 80-90-ы ғана колледжге түседі. Сол 90-ның 4-5-еуі ғана жоғары оқу орнына келе алады. Сонда қалған таланттар қайда? Ақылы кеп оқиын десе, 700 мыңнан миллионға дейін кететін ақшаны қалың көпшіліктің қалтасы көтермейді. Міне, жылына қаншама бала өнерін тұсаулап, амалсыз басқа мамандықтың есігін сығалап, жан-жаққа кете барады. Бізге осы балаларды өнерге баулитын, оқытатын білім ошақтары туралы көбірек ойлану керек. Студенттеріме, шәкірттеріме бірінші болып айтатын сөзім бар. Оларға «Біз өнерге бір күнде келген жоқпыз және бір күнге келген жоқпыз» деймін. Сол сияқты бір күнде бойымызға дари қоймаған өнерді бағалау жолындағы жұмысты тоқтатпауымыз керек.

Адамның сатпайтын, сатылмайтын, сата алмайтын досы – өнері мен білімі. Көрге өзіңмен бірге түседі. Басқаның бәрі сыртта, далада қалады. Ілім мен білім, өнер мен дін дамыған қасиетті өлкеміздің қадірін арттырып, әнін асқақтатып, күйін күмбірлетіп, жырын жалпақ жұртқа танытқанымыз жөн. Әйтпесе, бардың бағасын білмеген, жоқтың жобасын да білмейді («Айқын» газеті, 05.02.2019, Алмас Алматов, жыршы).

1. Мәтін бойынша жаһандану кезеңінде қазақи рухты сақтап қалатын

күш:

А. Ата-баба дәстүрі Ә. Салт-дәстүріміз Б. Дәстүрлі тәрбие

В. Дәстүрлі экономика Г. Ұлттық сана мен саяси сауаттылық

79

2.Мәтін мазмұнындағы диірменнің шыр айналған үстіңгі тасының

теңеуі:

А. Тектілік қасиет Ә. Дәстүр сабақтастығы

Б. Нарық экономикасы В. Мәдениетімізге қол салған жатжұрттық өнер Г. Саясат

3.Мәтіндегі өзгертіліп берілген тұрақты сөз тіркесі бар сөйлем:

А. Ойпырмай, сол сөз өзегімнен өтіп кетті Ә. Алла «өзге шеше» мен «өгей шешенің» таяғынан сақтасын

Б. Адамның сатпайтын, сатылмайтын, сата алмайтын досы – өнері мен білімі

В. Біз өнерге бір күнде келген жоқпыз және бір күнге келген жоқпыз Г. Бардың бағасын білмеген, жоқтың жобасын да білмейді

4. Мәтін бойынша ұлттық құндылығымыздың негізі:

А. Тегімізде Ә. Дәстүрімізде

Б. Батырлар жырында В. Күмбірлеген күйде Г. Мақамды жырымызда

5. Мәтін бойынша өнерге тиесілі оқу орнына түсе алмаған таланттарымыздың тұрақтайтын жері:

А. Әнші, термеші болып кетеді Ә. Эпостарды дәріптейтін жырауға айналады Б. Басқа мамандықты таңдайды

В. Рухани жаңғыру жолында насихат жүргізуге тартылады Г. Екі қолға бір күрек таңдайды

6. Мәтіндегі «Бұл – қанмен, текпен, тәрбиемен келетін қасиет» деген ойдың түйіні:

А. Әкесінің «өзге шеше» мен «өгей шешенің» таяғынан сақтасын деген шешендігі

Ә. Шешесінің әкесі айтқан бір ауыз сөзге тоқтауы Б. Дәстүрлі өнердің өміршеңдігі

В. Әкесінің бір ауыз сөзбен баласы мен шешесіне ескерту жасауы Г. Қазақтың түркі әлеміне түпқазық болуы

7. ХХІ ғасырда жастарды тәрбиелеудегі көкейкесті мәселенің туындау себебі мен оның шешуші кілті:

А. Жаһанданудағы жат қылықтардың келуі; тектілік.

Ә. Жастардың жоғары оқу орнына түсе алмауы; жаңа оқу орындарын ашу Б. Ұлттық өнерді менсінбеу; дәстүрлі өнер

80

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]