Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

сын» ерте сездім деп түңіледі. Басына қамыт киіп отырған елінің ел болмасын ерте сезген ақын өз ортасынан безіп, оңаша жыраққа қарай бет түзейді.

Шәкәрім – билік жүйесіндегі жүгенсіздікке, отарлық езгіге бар жанымен қарсы шыққан ақын. Ресей отаршыларының билік жүргізу саясатының асқынған түрі ақынның «Ойбайлап, шабу мақұл ма?» атты өлеңінде анық көрініс тапқан. Қазақ ауылына әкіреңдеп шауып келген ұлықтың іс-әрекетін былай деп береді:

«Ойбай, орыс келді!» – деп, Балалар қашып кетсе егер; «Бір үстел тап жылдам!» – деп, Біреуі әмір етсе егер, [50, 93] –

орыс деп отырғаны – Абай өлеңінде айтқандай, Ресейдің отаршылдық саясатына қарсылық ниеті. Абай өлеңдерінде орысты айтып, орыс шенеуніктерін өткір тілмен шенейді. Мысалы:

Ұрысса орыс, Елге болыс,

Үйден үрген ит құсап, –

немесе орыс айтты:

Өзіңе ерік берем деп, Кімді сүйіп сыйласаң бек көрем деп.

Бұзылмаса оған жұрт түзелген жоқ Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп, –

дейді ақын. «...Абай осы туындылар арқылы Ресейдің отаршылдық пиғылын, құлдыққа айналдырмақ болған құлқын қолқасымен суыра әшкерелейді» [23, 15].

Қазақ жерінде жүргізіп отырған биліктің асқынған түрі Абай өлеңдерінде нанымды бейнеленген. Болыс-билер мен атқамінер пысықтарға арнап жазған өлеңдерінде орыстың ұлықтары мен жандаралдарын ащы сынайды.

Ұлықсып асқан бос шабыс – Екеуі де теріс жол, [50, 93] –

31

деп ұлықтық жолды теріс санайды. Бұл әдетті тастап, тура жолға бастап, ел түзеуге күшіңді сал деген дұрыс бағытты көрсетеді. Ұлығымсып аспауды, халыққа қиянат жасамауды ескертеді. Елді қорқытпай, әділет жолына түсіп, тез түзелуге ұлықты шақырады. Шәкәрімнің кемел ойлары Абай көтерген мәселелермен сарындас.

Бойында адамшылық қасиеті жоқ, елді талап жалмаудан жалықпаған зорлықшыл басшылардың ісін ашына жазады. Елді зарлатып отырған арсыздардың қылығын «Кейбіреу безді дейді елден мені» өлеңінде былай деп көрсетеді:

Көре алмас өзімшілдер пейілі тар, Жуандық, зорлық, күншіл, мақтаны бар. Қасқырша жемтік жеуден тартынбайды, Адамшылық бойында қалмаған ар [50, 99]. –

Елінің көріп отырған қорлығына шыдамаған Шәкәрім жүректегі дертін жасыра алмай қиналады. Ақын елінің жарасын анық сезіп, арамнан адалдықты ақтап ала алмағанына өкінеді. Көптің қайғысын тартқан ақын бәрінен жиреніп, айдалаға безіп кеткенін айтады.

Көрген соң ел жарасын анық сезіп, Аңдайын айдалаға кеттім кезіп. Ел емес, елге істеген қылығынан

Қашқамын, шынымды айтсам, сонан безіп, [50, 100] –

деп ақын Абайша күңіренеді.

Абайдың өмірдің бірталай белесіне келіп, айналасынан сөзін ұғар жан таппай жалғыз қалғанын айтып мұң шағатыны мына өлең жолдарынан анық байқалады.

Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым – дәп шыным!

Абай да көптің ішінен сөзін ұғатын жан таппай, рухани жалғыз қалған күйін айтып, мұң шағады.

32

Шәкәрім:

Партия, алдау, қулық – қылған ісің, Жылмайы сыртың таза, арам ішің. Саған ақыл айтудан жалыққанмын,

Сарп еткен бар еңбегім кейінгі үшін [50, 100]. –

Іші арам, сырты жылмаң адамдардың қылған істері – партия, қулық, алдау екенін айтып, ақын олардың істерінен теріс айналады. Бұл істерін тыя алмаған ақын олардың қылықтарына өнегелі ақыл айтып, қолына қалам алып оған қарсы күреседі. Ақын өмірдегі өзініңұстанғанарманыменкөздегенмақсатынбылайдептүсіндіреді:

Арманым байлық, мансап, мақтан емес, Ойлы адам оны әсте олай демес.

Ары зор, ата ұлы емес, адам ұлы Итше талап өз елін, жырып жемес [50, 100]. –

Абай аңсаған «ата ұлы емес, адам ұлын» Шәкәрім де армандайды. Ары бар – адам ұлы, халық ұлы өз еліне қамқор болатынын айтады. «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның ба-ласы – бауырың», – деген Абай қағидасын Шаһкәрім бүкіл өмір бойы берікұстапөткен адам», – дейді Қ. Мұхамедханов[47, 6]. Шәкәрімөз елін итше талап, жырып жемейтін, керісінше жұртын жөнге салар қайраткер– нағызадамның, халықтың арлыұлыніздейді.

Шәкәрім елінің тағдыры үшін жүрегі ауырады, ол үшін зар шегеді. Елді билеп отырған әкімдердің зорлықшыл, жегіш істерінен түңіледі, бірақ сары уайымға салынып та кетпейді. Халқының алдағы болашақ өмірінен үлкен үміт күтеді. «Қош, жұртым!» өлеңінде елінің келешек тағдыры туралы сәуегейлік ой айтып, кемеңгерлік танытады.

Қазақтың жайнар даласы, Жетілер оқып баласы. Шошынтатын мені сол – Олардың күндес, таласы. Дағдысы сіңген бойына [50, 169]. –

Ақын қазақ даласының жайнап кететініне, жастардың білім алатынына кәміл сенеді. Халқымыздың қанына сіңген қасиеті –

33

күндес пен таластың жойылмайтынын сол кезде-ақ Шәкәрім білгірлікпен айтқан болатын. Қазақты құртатын осынау жаман қылықтан ақын шошитынын жасырмайды. Азаттық пен бостандық таңы атқанына қуанады. Осындай кезде халыққа жай жатқаның жарамас, елдің ойына нұр құйып, адал жолға баста деген кемел ақыл айтады.

Қош, арманым жоқ, жұртым, Жасарсың.

Мен сапар шегем енді! [50, 169]. –

«Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді» [52, 368]. Шәкәрім өз халқының өткен өміріне көз жіберіп, бүгінгі күніне үңіледі. Жүріп өткен өмір соқпағына қарайлай отырып, «ендігі мақсатың не?» деп сұрақ қояды да, ол сұраққа жауап іздейді. Ендігі жерде халқының қамқор ұлы елінің бойына сіңіп кеткен күндестік, бақастық, мақтаншақтық, талас сияқты кесел мінездерін айтып, жұртымен сырласып, сапарға аттанып бара жатып қоштасады.

«Шәкәрімнің ақындық стилінде, Абайдан үйренгендік Абай ақындығының ықпалы әрдайым байқалып отыратындығын», – профессор М. Базарбаев атап көрсетеді [48, 90]. «Шәкәрімнің шығармашылығы Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің классикалық стилі дамуының бір бағыты», – деген ғылыми тұжырымды белгілі әдебиеттанушы ғалым А. Ісімақова түйіндейді [53, 51]. Абай негізін салған сара жолды Шәкәрім жалғастырып, қазақ әдебиетінің классикалық поэзиясының биік шыңына қарай көтерді. Қазақ әдебиетін жанрлық жағынан, тақырып, мазмұн, форма мен стиль тұрғысынан, өлең өрнегінде байытты. Абайдың пәлсапашыл ойшылдығын, суреткерлік шеберлігін, гуманистік, ағартушылық көзқарасын, эстетикалық танымын Шәкәрім жаңғырта дамытып, поэзияда жаңашыл дәстүр қалыптастырды.

«Мен жетелеп өлемін, өрге қарай қазақты» деп кеткен Шәкәрім ақын поэзиясындағы «ел», «қауым», «қазақ» деген түсінік, таным табиғаты Абайдан ауысқанымен, ол тақырып ақын поэзиясында жаңа бір биікке көтерілді. Мұны өз кезінде қазақ әдебиетінің ірі тұлғалары Ж. Аймауытов пен М. Әуезовтер де:

34

«Шәкәрім көбінесе өлеңін халыққа ұғымды болуын көздейді және өлең арқылы халықтың ақылын да тәрбие қылып жетілдіргісі келеді. Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса да, ішкі мағынасымен еліктеген кісі – Шәкәрім. Мінді, кемшілікті айтқанда жерлеп, кекеп, шенеп, оңдырмайтын Шәкәрім өлеңінде шанышпа ащылық бар», – деп әділ байқаған [54, 260]. Болыс та болып, Алаштың кезінде сот қызметін де атқарып, халықты түзу жолға сала алмаған Абайдың ақын інісі ендігі күрес, ендігі жол «ажалсыз әскер» – қаламы мен қағазын қару ету екенін түсініп былай дейді:

Ойлаңыз, біздің әскер өле ме, Қағазға бір басылып қалған соң. Бұл мықты әскер емес немене,

Жайылып талай орын алған соң [50, 65].

Шәкәрім «Қазақ» деген өлеңінде халық өмірінің бар панорамасын жасап береді: ғылым іздеп талпынбай, шатаққа құмарланып ұрлық, ұрыс, араздықпен күнелткен, жамандыққа белшесінен батып, бар уақытын өтірікпен өткізген ел, құр мақтанға малданып жүрген байлар.

Ақын елді езілген күйден жұлып алар бір жарық – білім екенін танып, «анық пен танықты» айырмаған «сәнқойлар», «ызақорлар» мен «еріншектерге»:

Кел, байлар, балаңды оқыт, ғылым ізде, Қазақты бастайтұғын қару сізде...

...Есті жи, ел шаңына ер, мұны тастап, Қайғы жоқ басқа жатсаң ғылым жастап. Сен – батыр, мынау – білгіш, анау – есті, Апардың қазақ көңін қайда бастап, [50, 96] –

деп «насихат» айтудан танбайды.

Бірақ Шәкәрім ағартушылар сияқты білімге шақырып қана қоймай, оны ұқсата білуге де үндеп кеткен.

Күн көре алмай жақының жатыр өліп, Шіміркенбей жемтігін жейсің бөліп... [50, 102].

немесе:

35

Ей, көп халық, көп халық, Көп те болсаң, шөп халық [50, 77].

Міне, қазақтың халін осыдан артып ауыр айту мүмкін бе? «Шәкәрімнің лирикалық шығармалары қазақ әдебиетінде лирика жанры мықтап өркендеген, дәстүрі қалыптасқан кезде, Махамбет, Абай үлгілері жалғаса дамыған кезде дүниеге келгендіктен, идеялық-көркемдік деңгейі де биік туындылар болып шыққан, – дейді әдебиеттанушы ғалым Ш. Сәтбаева. – Ең құндысы сол – онда ақынның «мені» – лирикалық кейіпкері қоғамдық ой, халықтың көкейтесті сырларымен астасуы» [55, 22]. Ғалым Шәкәрімнің лирика жанрындағы озық үлгісін, поэзиядағы идеялық-көркемдік деңгейінің биік екенін ерекше атап көрсетеді. Шәкәрім бәрін сарп етіп, елсізге кеткенде де халықтан емес,

«жуандық, зорлық, күншіл, мақтаннан» безгендей. Бұл туралы өзі де былай дейді:

Ел емес, елге істеген қылығынан Қашқамын, шынымды айтсам, сонан безіп [50, 100].

Әрине, Шәкәрім әлеуметтік мәселелерге Абайдай терең бармады. Бірақ оның қай өлеңін оқысаңыз да, қай мұрасына назар салсаңыз да, басты нысаны, негізгі ой өзегі – халық, ел, қарапайым қазағы екені көрініп тұр. Тіпті, осы мәселені кейінірек Адам деген алып аренаға алып шыға алды.

Шәкәрімтанушы ғалым М. Мағауин Шәкәрім поэзиясы туралы: «Шәкәрімнің мейір мен зорлық, әділет пен зұлымдық, ғылым мен мораль, адам мен заман туралы толғаныстары екі ғасыр шегіндегі қазақ қоғамдық ойының марқайған қалпын, тіпті Түркістан өңіріндегі алдыңғы қатарлы, биік өресін айғақтаса керек...», – деп айтқан еді [56, 94].

Жаратылыс жұмбағын тану үшін дінтану мен философия ғана емес, математика мен физика сияқты нақты ғылымдарды да өз бетінше меңгеріп, Стамбул мен Меккенің, Париждің білімімен сусындаған дана ақын өлеңдеріндегі әлеуметтік үн космополиттік деңгейге дейін көтеріле алған. Тіпті, сол кезде 18-19 ғасырлар шегіндегі әлем әдебиетіндегі қозғалып жатқан тақырып

– құл саудасы, адамның бас бостандығы мәселесіне үн қосып, күтушісі Әупішке еркіндік беріп, қоя беруі – өз ортасынан оқ бойы озық тұрған адамның ісі.

36

...Көзіме елестейді құлдық дәуір, Адамды «құл» деген сөз маған ауыр. Шын ойласам екеуін салыстырып,

Том ағайдан Әупіштің несі тәуір? [50, 104] –

деп Әупішті Гарриет Бичер-Стоудың атақты кейіпкері Томмен салыстырады. Осылайша, Шәкәрімнің әлеуметі қазақтан асып, әлемдік деңгейге жеткендей.

Абай дәстүріне Шәкәрім шығармашылығының өте жақынжанасымды болғанын біз зерттеу барысында байқадық. Сондықтан Абайға өкшелес шыққан, оған дәстүр-өнегесі жағынан өте жақын ұқсас Шәкәрім екенін ерекше айтуымыз қажет.

«Тарихи тығырыққа тіреліп, басы қатерге байланып тұрған халқының қайғылы халін ойлап қамыққан Абай дәстүрін Шәкәрімнен кейін іліп әкетіп, әрі қарай дамытқан – Алаш қозғалысының қайраткерлері; Абайдың уытты сөздерін нақты іске айналдырудың жолын нұсқаған Алаш ақындары. Бұл бағытта біздің ең бірінші ауызға аларымыз, әрине, Алаш көсемдерінің бірі – Ахмет Байтұрсынов», – дейді белгілі ғалым Ж. Ысмағұлов [37, 29]. Қазақ әдебиетінде Абай дәстүрін тікелей жалғастырған Алаш қаламгерлердің ішінен халқымыздың «рухани көсемі» Ахмет Байтұрсынұлын ерекше атап айтамыз. Аласапыран саяси ушыққан заманда А. Байтұрсынұлының тарихтағы орны туралы жас М. Әуезов дер кезінде өте орынды баға береді. «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі, «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды», – деп, М. Әуезов Ахметтің қазақ халқы үшін атқарған қыруар еңбегінің еш уақытта ұмытылмайтынына сенім білдіреді [57, 20].

Ж. Аймауытұлы Ахмет Байтұрсынұлын халықшыл ақын деп, өлеңдерінің негізгі идеясы мен көздеген мақсатын былай түсіндірген еді: «Ойды оятуға, миды сергітуге, мұңлы, мұқтаж, терең мақсат түртіп шығарады. Біресе ызамен зекіп айтып, біресе зарланып, шермен айтып, біресе ақыл қылып, сипап айтып, не қылса халықтың көзін ашпақ» [21, 130]. Ахмет өлеңдерінің негізгі идеясы халықтың көзін ашу екенін сипаттайды.

37

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиетінде Абайдың азаматтық үнін, ұлтжанды сезімін барынша күшейтіп дамытқан ақын. Азаматтық үн... Жалпы, қай дәуір ақындарын оқысақ та, негізінен, өлеңіне өміршең қуат, сөнбес от беріп тұратын ақынның дүниетанымдық позициясы. Оларды ғасырлар қойнауларынан табыстырып, жалғастырып жататын дәстүр өзектері де сол төңіректен туындайды. Азаматтық лирика жайлы академик З. Ахметовтің берген анықтамасы бойынша, «лирикалық поэзияның әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы болып табылады. Өмір жөнінде, халықтың тағдыры туралы ой-толғамдар ақынның өз көңіл күйімен терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын суреттеу арқылы көрінеді. ...Халық қамын, оның қоғамдық халін шығармасына арқау еткен әрбір ақын лирикасында азаматтық сарын басым болмақ. Тақырыпты көтеру арқылы ақын заман сырын ашады. Әсіресе оның қайшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді, алға, болашаққа жол сілтегендей ой қозғайтын сипатымен ерекшеленеді» [58, 32].

Поэзиядағы азаматтық әуен де, ең алдымен, ақынның тұлғасына байланысты. Ақынның азаматтық тұлғасын оның шығармаларының азаматтық үні ғана таныта алады. Жазба әдебиетте азаматтық сарын Абай шығармаларынан бастау алады. ХХ ғасырдың бас кезінде бұл сарындағы лирика Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Міржақып Дулатұлы поэзиясында үлкен әлеуметтік маңызға ие болды.

Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың әдеби дәстүрлерін көбінесе қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді, заман жайын, халық тағдырын жырлау тұрғысынан жалғастырды. Оның өлеңдерінің Абай поэзиясымен үндестігі аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғауларынан анық байқалады.

«Қырық мысал», «Маса» кітаптарында ұлы Абайдың көркем ойлары, поэтикалық үлгілері, өлең өлшемдері жаңғыра құлпырып, жандана түсті, жаңашыл дәстүр ілгері жалғасты» [59, 141]. Кезінде М. Әуезов «Маса» жинағы туралы патша заманындағы қазақ халқының басынан кешкен аса ауыр хал-ахуалын айнытпай суреттеп берген шыншыл көркем шығарма екенін атап көрсеткен еді. Жинақтағы өлеңдердің негізгі лейтмотиві – халық үшін, ел үшін, туған жер үшін өмір сүру, қызмет ету. «А. Байтұрсынұлының ақындығы Абайдан мирас болып қалған клас-

38

сикалық поэзияның осы жағын, осы әуенін дамыта түскен. Лирикалық кейіпкер елін маса болып шағып, оның намысы, жігерін оятуға бет алған», – деген ғалым А. Ісімақованың пікірі Абайдың азаматтық, халықтық сарындағы әуенін дамытудағы Ахметтің ақындығын айқындай түседі [60, 18].

Ахмет Байтұрсынұлы ұстазы Абайға еліктеп, дәл «Сегіз аяқ» өлеңінің үлгісінде «Жиған-терген» деген өлең жазады. Бұл өлеңі арқылыАхметтіңАбаймен өнержарысынатүскені білінеді.

А. Байтұрсынұлының «Сегіз аяқ» өлшемін қолданған «Жи- ған-терген» атты өлеңін Абайға бір жағынан еліктеп, бір жағынан жарыса жазғаны байқалады. Еліктегені өлеңді Абайша бас- тағанынан-ақ бірден ап-айқын», – деп, академик З. Ахметов еліктеу мен өнер жарысына түскендегі ақын қолданған тәсілдің ұтымды шыққанын көрсетеді [32, 74]. «Жиған-терген» өлеңі формасы жағынан да, мазмұны жағынан да Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңін дәлме-дәл қайталайды. Бұл ұқсастықты екі ақынның өлеңін салыстырып көргенде анық байқауға болады. Мәселен:

 

1-кесте

 

 

Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінде:

А. Байтұрсыновтың «Жиған-терген»

 

өлеңінде:

1

2

Өткірдің жүзі,

Оюын ойып,

Кестенің бізі,

Орындап қойып,

Өрнегін сендей сала алмас.

Түр салғандай өрнекке,

Білгенге маржан,

Қиыннан қиып,

Білмеске арзан,

Қиырдан жиып,

Надандар бәһра ала алмас.

Құрап, сөзді термекке,

Қиналма бекер, тіл мен жақ,

Еңбекке егіз, тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ – ойға олақ.

Ерінбесең, сөйлеп бақ!

Ағайын бек көп,

Сайраған тілмен,

Айтамын ептеп,

Зарлаған үнмен

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Құлағы жоқ кереңді

 

Ұқтыра алмай сөз әуре...

 

 

Басында ми жоқ,

Бой сүйсінер сазы жоқ.

Өзінде ой жоқ

Шешенсіп жұртқа

Күлкішіл кердең наданның.

Мылжыңдар қыртпа,

Көп айтса көнді,

Ой ісінер сөзі жоқ.

Жұрт айтса болды. –

Маған үлгі ол емес,

Әдеті надан адамның.

Ол түсерлік жол емес.

39

1

2

Бойда қайрат, ойда көз

...Мейлің тула, мейлің көн.

Болмаған соң, айтпа сөз.

Иланбасам, айтпаймын,

 

Иманымнан қайтпаймын.

Малыңды жауға,

Салынып дауға,

Басыңды дауға

Сатынып жауға,

Қор қылма, қорға, татулас.

Болыстықты алысты.

Абай «Сегіз аяқ» өлеңінде халқымыздың басындағы айықпас дерт пен кертартпа кесел мінездерді кеңінен толғайды. «Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде...» – деген ызалы толқын атып, аттап түскенде, өзі тірлік етіп отырған бұзық ортаның дертті кескінін, ел іргесі тозып бара жатқанын әшкерелей келіп, осы жаманшылықтардың себебін де айтады. Бұл өлеңде ақынның жүрек шері мен халық қайғысы қабысып жатыр.

«Жиған-терген» өлеңінде Ахмет Байтұрсынов сол уақыттағы қазақ халқының тағдырын бар болмысымен шынайы көрсетеді. Бұл өлеңді халық тағдырының бар айнасы деуге болады. Себебі халықтың өмір сүріп отырған тіршілігіне, кәсіп еткен еңбегіне, айналысатын жұмысына, ұстанған әдетіне ақын сын көзбен қарайды. Елін мандытпай отырған кертартпа әрекеттер мен адамдардың санасына орныққан жаман қылықтарын ашына сынайды.

Қазақ халқын ертеде хан билегенін айтып, кейін орыс патшалығына бағынғанына наразылық білдіреді.

Баға алмай жөндеп, Басқаға көн деп, Артқан жұртқа азапты. Бас адамдар халықты

Сатып, сыйлар алыпты [61, 112].

Ресей патшалығының қол астына кіруге халықты амалсыз көндіргенін осылай деп сипаттайды. Халықты өзіне бағындырған Ресей патшалығы билеп-төстеудің әртүрлі амалдарын қолдана бастайды. Бұл уақытта халықтың арасынан шен-шекпенге құмарлары шығып, олардың айтқанына көніп, айдап соғар қол шоқпары болып отырғанын мәлімдейді. Бұндай өз құлқынын

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]