Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

ойлайтын тоңмойындарды ақын алдын есептей алмайтын миы жоқ, бір күн тойғанын ойлайтын есектер деп ащы тілмен түйрейді. Жауға сатылып, дау-жанжалға салынып, болыстық үшін алысқан елдің сиқын ашына жазады. Іргесі сөгітіліп, береке-бір- лігі кеткен елге қорған болар намысты ұлды аңсап, қазық болар Абай айтқан «қайратты ерді» іздейді.

Ел ішінде өтірік пен өсек, қулық пен сұмдық қаулап көбейіп кеткеніне ақынның жүрегі ауырады. Жұрттың баяғы қалпы, баяғы салты, сол ұйқышыл жалқаулығы. Білім мен өнер іздеп, алдыға қарай ұмтылмайтын өрісі тар халқының надандығына жүрегі ауырады. Қазақтың баласын мал табу үшін, шен-шекпен алу үшін оқытып отырған жайын баяндайды. Аузында Алласы бар, басында сәлдесі бар жұртты алдап жүрген молдалардың зымиян әрекеттері мен қымыз ішіп мастанып жүрген байлардың, елді обып, сорып отырған ұлықтардың басынған әпербақандығын әшкерелейді.

Жан-жақтан қысқан қайғыны ұлғайтып, уытын жайып, елдің басына қара бұлт торлап отырғаны ақын жүрегіне батады. Елінің басын торлаған қара бұлттан сақтандырып, одан құтылудың жолын айтып, жөн сілтейді.

Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып!

Қанған жоқ па әлі ұйқың? Ұйықтайтын бар не сиқың?! [61, 115].

Ақын арманы – қазақ халқының азаттығы, еркіндігі, ұлт мүддесі. Бір кезде хандар билеп, халықты дұрыс баға алмағандықтан, ақырында жат жұртқа кіріптар еткені, ел билеушілерінің халыққа көрсеткен озбыр істері ащы күйініш сезімімен жеткізіледі.

«А. Байтұрсынұлы өлеңдерінің ішінде бірімен-бірі жұптасып келетін, мағына жағынан бірін-бірі толықтырып, үнемі қатар айтылып отыратын егіз туындыдай екі шығарма бар», – деп, «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабында «Қазақ қалпы» мен

41

«Қазақ салты» өлеңдеріне талдау беріледі [31, 223]. «Қазақ қалпы» атты өлеңінде ақын қазақ халқының кемшілік мінездерін сөз етеді. Атап айтқанда, ел арасында құр пысықтардың, бос белбеу боз-балалардың, қайырымсыз байлардың жүгенсіз әрекеттерін сынайды. Жастардың алдыға ұмтылып талаптанбай, ұйқыдан басалмай жатқан жағымсызқылықтары ақынжанынабатады.

Не пайда өнерің мен біліміңнен, Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған? –

деп, ақын өнері мен білімін кімге арнап, қайда жаратарын білмей күйінеді. Абай айналасынан сөзін ұғар жан таппай қасірет тартса, Ахмет те өнері мен білімін тиісті жеріне сарп ете алмай қиналады. Абай айтқан қазақ халқының ішіндегі кесел кемшіліктерді Ахмет те қозғайды.

Бұл бір сөз қасірет етіп, хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет, қазақ азған. Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп,

Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан [61, 108].

Бұл өлеңде байлардың малды ғана ойлайтыны, ал оқығандардың шен-шекпенді көздейтіні нақты көрсетілген. Ал жұрт қамын ойлайтын адамды таба алмай, ақын қасірет тартады.

«Қазақ салты» атты өлеңінде қазақ халқының тағдыры сөз болады. Басында азаттығы өз еркіндігі жоқ қазақ халқының халін ақын теңіздегі ескегі жоқ қайық бейнесімен береді. Теңізде жүрген қайық жел соқса, құйын қуса, жылжи береді, оның табан тірейтін жері де жоқ. Халқының бұғаудағы мүшкіл күйге түсуінің себебін ақын былай деп түсіндіреді:

Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік. Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, Алалық алты бақан дертпен кірдік [61, 108].

Алды-артымызды аңдамай ойланбастан бетпен кірдік деп, елдігімізден айырылған себебімізді көрсетеді. Алауыздық дертпен алды-артымызды бажайламағандықтан, Ресейдің құрамына кірдік, өз елдігіміз бен тәуелсіздігімізден осылайша айырылдық деп түсіндіреді.

42

Халқының қамын жеген Абай да, Ахмет те «халқым», «жұртым», «елім» деп сөйлейді.

Жазған сөз жаным ашып Алашыма; Алаштың адасқан аз баласына. Қаннан қан, еткен інім, бауыр жұртым!

Қараған «Қара таудың» қаласына [61, 110].

Ақын Алашына жаны ашып, жұртының қамы үшін жүрегі ауырады. Халқының тағдыры үшін от кешіп жүрген Алашының азаматтарын ет жақын бауыр жұртым деп өзіне жақын тартады. Олардың алдағы күндері үшін алаңдап, уайым шегеді. Өлеңнің келесі шумағында ақын елін қу залым адамдардан сақтандырады.

Іші лас, сырты таза залымдардың Алданып құр сыртының тазасына. Мәз болып байғазы алған балаларша

Сатылып жылтыраған танасына [61, 110].

Ахмет Байтұрсынов «іші лас, сырты таза залым» адамдарға алданып қалмауды ескертеді. Бұл Абайдың «Жастықтың оты жалындап» атты өлеңіндегі адамдардың ішкі-сыртқы күйін сипаттайтын мынадай сөзіне ұқсас келеді:

Құйрығы шаян, беті адам, Байқамай сенбе құрбыға! Жылмаңы сыртта, іші арам Кез болар қайда сорлыға [42, 183].

Абай адамның зымияндық, залымдық қасиетін сипаттап, «құйрығы шаян, беті адам» кейпіндегі іші арам, сырты жылмаңдардан байқамай алданып қалмау жағын айтады.

Абайдың халық, ел мүддесі сарынын жалғастырған Ахмет поэзиясының негізгі бағытын Ө. Әбдиманұлы атап көрсетеді: «Абайдан тәлім алып, өлең құдіреті арқылы халыққа ой салып, саналы іс-әрекетке, күреске үндеу – Ахмет поэзиясы әкелген жаңа арна. Сондықтан да қазақ поэзиясында Ахаң салған жаңа бағыт – ұлттық бірлік пен ұлттық азаттықты жырлау. Құр жырлау, құр ойбай емес, бостандықтың биігіне алып шығар жолды көр-

43

сетіп, жөн сілтеу», – деген пікірі Абайдың азаматтық әуенінен бастау алған дәстүр Ахмет поэзиясында азаттықты жырлау идеясына ұласатыны айтылады [39, 320]. А. Байтұрсынұлының «Жұртыма» атты өлеңі Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңімен сарындас. Абай сияқты Ахмет халқына «жұртым» деп жар салады. Бұл өлеңдегі ақынды толғандыратын мәселе – халқының қолынан биліктің, басынан бірліктің кеткені. Сондықтан жұртының тағдыры ақынды көп алаңдатады. Жұртын жан-жаққа бытырап ұшқан шуылдаған қарғаға теңесе, енді бірде оны қоян жүрек қорқақ етіп бейнелейді. Оған: «Ел болып іс етпейсің, жөнің менен терісіңді білмейсің», – деп ренішін білдіреді. Береке-бірлігі кеткен халқына:

Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса, Шығасың қолыңа ала керісіңді. Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде, Көрдік қой жайылатын өрісіңді [61, 120].

деп осындай күймен баратын өрісіне күдіктенеді. Бытырап бетбетімен жүрген халқының барар жері, көрер көзі қандай болмақ? Ақынды осы ой мазалайды. Абай өлеңіндегі:

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың, [42, 78] –

деген сөздерін Ахмет те қостайды. Абайдың халық тағдырын шынайы реалистік қуатпен кеңінен толғайтын «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі азаматтық үнін Ахмет «Жұртыма» атты өлеңінде жалғастырып, дамыта түседі. «Туысыма», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты», «Көк есектерге», «Жұртыма», «Қарқаралы қаласына» өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар», – деп атап көрсетеді академик Р. Нұрғали [27, 13]. Расында да, Ахмет Байтұрсынұлының бірнеше өлеңдерінен Абайдың азаматтық әуені мен сатирасындағы ортақ сарындарды байқауға болады.

ХХ ғасырдың басында көзі ашық, көңілі ояу қазақ азаматтарын ойландырған барлық мәселе поэзияда айқын көрініс тауып отырды. Азаттықтың, тәуелсіздіктің биік идеясымен қатар қазақтың өз ішіндегі өзекті проблемалары – партиягершілік, әйел

44

теңдігі, надандық, халықтың жағдайы поэзияның өзекті тақырыбына айналды. Қандай бағыт өкілі болмасын қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Сондықтан олардың шығармалары сарындас, желілес болып отырды.

«Елді бұрынғы мешеуліктен арылтып, өнер мен білімге ұмтылуға шақыру идеясы Абайдан, Абай заманынан басталды. Алайда осы идеяның жаңа қоғамдық жағдайда кеңірек, жаңаша мағынаға ие болып, «Оян, қазақ!» деген сөздің ұлттық ұранға айналуы осы кез – ХХ ғасырдың басы болатын», – деген З. Ахметовтің пікірі Алаш қаламгерлерінің Абай дәстүрін әдебиетте ары қарай дамытып өрістеткенін дәлелдейді [62, 3]. Абайдан соңғы ақындардың ішінен Ж. Аймауытұлы М. Дулатұлын ерекше атап, оның ақындық өнеріне, өлеңдерінің күшті қуаттылығына жоғары баға береді. Ж. Аймауытұлының: «Бұл айтылған өлеңшілердің ішінде өзінің ақындық беті күшті, түр тапқыш, аса еліктегіш емесі – Міржақып. Кенеттен келген оқиғаны тез сезіп, тез сіңіріп, тез жауап тапқыш, жүйрік қиялды өлең Міржақыптан шығады», – деген пікірі – осының айғағы [21, 129].

«Міржақып – өз халқына қызмет етуге бойындағы бар жақсы қасиетін, бар саналы өмірін арнаған, сол жолда қандай қиындық, ауыр азап, қауіп-қатер болса да, бәріне басын байлаған қайраткер, азамат ақын. Сондықтан да ол өзінің әдеби есімін (псевдонимін) «Азамат» деп атаған», – деген ғалым Қ. Мұхамедхановтың пікірі ақынның азаматтық тұлғасын танытады [47, 180]. Халқының қамын ойлаған ірі қоғам қайраткері, Алаштың ардақты азаматы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, педагогикасы, мәдениеті, саясаты өміріндегі аса ірі тұлға Міржақып ұлтына, жұртына «Оян, қазақ!» деп жар салды.

Алаш деп ұран естілсе, Кім бұрылмас қанына. Фаһімлер деп айтамын,

Фарасатың барына, [63, 40] –

деп, Міржақып Алаштың азаматтарын бір тудың астына бірігуге шақырады. Міржақып Дулатұлының шығармалары Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері тәрізді ХХ ғасырдың басындағы демократтық, ағартушылық әдебиетке азаттық, теңдік идеясын ала келді.

45

Ақын халықтың ақылы мен сезіміне әсер ете отырып, оларды ел тағдыры, өз міндеті жайында ойлануға бастайды. М. Дулатұлы мен А. Байтұрсынұлының шығармалары жайлы академик С. Қирабаевтың айтуынша: «Олардың ақындық сөздері қалың қазаққа арналды, екі ақын да халқын ұйқыдан оянуға, елдің қазіргі күйіне көз салып, ілгері ұмтылуға, азаттық, бостандық жолына үндеді. Осындай мазмұнда жазылған Ахметтің «Масасы» мен Міржақыптың «Оян, қазақ» кітаптары қазақ қоғамындағы ең алғаш айтылған әлеуметтік өткір сөздердің бірі болды. Ахмет өлеңін алауыз, сөз тыңдауға салғырт, берекесіз қазақтың құлағына Маса боп ызыңдауға, сөйтіп, оларды ұйқыдан оятуға жұмсаса, Міржақып тікелей үн қатып, «Оян, қазақ!» деп жар салды [25, 62]. Сол уақытта қалың елді ұйқыдан ояту үшін «Оян, қазақ!» пен «Маса» жинағы халыққа ең қажетті құрал болғаны анық.

«Міржақыптың көркем әдебиеттегі ұстазы – Абай. ...Ахмет, Міржақыптар алғаш қолдарына қалам алып, әдебиет майданына құтты қадамдарын бастаған шақта, олардың көз алдында адастырмас жарық жұлдыз – Темірқазық – Абай тұрды. Сондықтан Ы. Мұстамбаевтың: «Оян, қазақтан», «Масадан» бастап, соңғы барлық белгілі ақындарымыз үлгіні Абайдан алды», – дегені, С. Садуақасұлының Ахмет, Міржақып, Мағжандарды Абай шәкірттері деп атап айтуы – ақиқат шындық», – деген Қ. Мұхамедхановтың деректі пікірі А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабайұлының Абайды өздеріне ұстаз санап, үлгі тұтқандығын анықтайды [47, 184]. Ғалымның пікірінде аты аталған алаш зиялыларының барлығының алдында жол нұсқап, адастырмас жарық жұлдыз Абай тұрды деуі дана ақынның әдебиеттегі сара соқпағын таныта түседі.

«1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген үш кітап шықты. Оның бірі – Абайдың өлеңдер жинағы, екіншісі – Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысалы», үшіншісі – Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты публицистикалық-лирикалық жинағы», – дейді М. Дулатұлының шығармашылығын зерттеген Әбсәмет Марат [64]. Абайдың азаматтық лирикасының сарыны Міржақып өлеңдерінде ерекше көрініс тапқан. Абайдың халық тағдырын жырлаған қоғамдық азаматтық пікірлерімен Міржақыптың халықты ояту, өнер-ғылымға шақыру, прогреске үндеу идеясындағы өлеңдері сабақтас. «Қазақ халқының бұрынғы һәм

46

бүгінгі халі» атты өлеңінде ақын қазақ халқының арты жар, алды тұйық тұманға кірген күйін ащы шындықпен жырлайды. Әбілхайыр хан тұсында қазақ елінің Ресейдің қол астына кіргенін айтып, бұрынғы күніне зар болып қалған жайына қатты өкінеді. Бұрынғы билік өзгеріп, билеп-төстеудің заңдарын шығарып отырған отарлық жүйеге қарсылық білдіреді. Осы кезде өз пайдасын ойлап, халықты сатып, шен-шекпен алып жатқан залымдарды өткір тілмен түйрейді.

Ақын осындай уақытта адасқан ағайынға басшы болар, жол көрсетер адамды іздейді. Қазақтың көзі ашық зиялы азаматтарына бас қосып, халықтың қамын ойлауды міндет деп санайды. Басқа өркениетті елдердің озып кеткенін айтып, оларға жету үшін ұйқыдан оянып, алдыға қарай аяқ басуға қам жасау керегін ескертеді.

Абай өлеңдерінде қозғалған мәселелер Міржақыптың өлеңінде де көтеріледі. «…қазақтың өз ішіндегі кесапаттар, билікке таласып, мал шашып, жұлқыса-тартысу, надандыққа белшесінен батқан, оқу-білімнен құралақан ескілік бай мен кедей арасындағы ойсыраған айырма, аянышты тағдыр – осының баршасына ақын өзінің айқын көзқарасын білдіріп, жаңалыққа, ғылымға, адамгершілікке үндейді, алаш деп ұран салып, оян деп шырыл-

дайды…» [27, 66].

Ел ішіндегі алалық, барымта, ұрлықтың бұрыннан бар екенін жасырмайды. Қазақ сол кезде кең жерге таласушы еді, енді сығылып таршылық көріп отыр деп қайғырады. Халқының іштен де, сырттан да қорлық көріп, сөйтіп, берекесін құртып алған себебін түсіндіреді. Жұрты өзімен-өзі тату болса, мұндай күйге түспес те еді.

Мінеки, бұл уақытта тұрмыз енді, Дұшманға таба болып, күлкі досқа, [63, 24] –

деп ашына күйінеді. Абайдың даналық ойын жалғастырып, ғылым тапсақ, надандықтан құтылар едік деген ағартушылық идеяны ұстанады.

«Ахмет Байтұрсынов та, М. Дулатов та өз шығармашылығының ең басты идеялық нысанасы халықты ояту, оны өнер-ғы- лымға, еңбек етуге, прогресс жолымен алға басуға шақыру деп

47

түсінді. «Оян, қазақ!» деп ұран тастаған М. Дулатов өз шығармаларында қоғам өмірінің бірталай мәселелерін, Абай дәстүрлерін жалғастыра отырып, жаңа заманның талабына сәйкес батыл қоя алды» [32, 74]. Ақынның «Терме» атты өлеңінде жігіттерге заманың болса мынау, өзіңнің пайдаңды ойламай, халқың үшін еңбек ет деген ақыл айтады. Нашарларды жылатпа, байлардың малын сатпа, көз жасына қаласың деп адамгершілікке шақырады. Сол уақыттағы ала шапқын дүрбелең қиын кезге тап болғаны ақын өлеңінен айқын көрінеді. Мұндай тар заманға кез келдік деп ақын бұл уақыттың көтеріп отырған жүгінен елін сақтандырады. Осындай тар заманда қиянаттан бойыңды аулақ алып, әділет жағына шық деген түзу жолды нұсқауды өзінің адамдық паразы деп біледі. Халқыңның қамы үшін басыңды бәйгеге тақ деп, ақын жігіттерді ел қорғаны болар қайраткерлікке, ұлтжандылыққа шақырады.

Бұл өлеңнен ақынның халқының қамы үшін бар жанын салған ұлтжандылық жүрегі мен «Алаш» деп соққан азаматтық тұлғасын танимыз. Ар мен намысқа, әділетке үндеген гуманистік көзқарасын ұғынамыз. Міржақыптың «Терме» өлеңінде:

Хиянаттан бой тартып, Шық ғаділет жағына. Мұны істесең шығарсың,

Абыройдың тағына [63, 41] –

делінген. Абай өлеңдерінде жиі айтылатын «қайрат», «әділет» ұғымы Міржақыптың өлеңінде де бар. Абай өлеңдерін оқып, өзіне үлгі тұтқаны, ақын тағлымынбойынасіңіруіәбденорынды.

Міржақып өз тұсындағы қазақ қоғамының келеңсіз жайларына көз жібере отырып, басқа халықтардың үлгісімен жаңа өмір сүруге үгіттейді. Оқу-білімді, әйелдер теңдігін жырлайды. Ақын өлеңдеріндегі гуманистік ой-пікірлер оның:

Айнымай тұтқан жолың болсын мынау – Азаттық, ағайындық, теңдік сұрау. Тайсалмай дұрыстыққа жанды қисаң. Борышы адамдықтың сонда тұр-ау! –

деген өлең жолдарынан анық көрінеді.

48

«Міржақып өз шығармаларында қоғам өмірінің сан алуан маңызды мәселелерін Абай дәстүрін жалғастыра отырып, жаңа заманның тілек-талабына сәйкес, батыл қоя білді. Ол Абайға, әсіресе сөз өнерін халықтың санасын оятудың, қоғам көшін алға бастаудың бірден бір күшті құралы деп санаған ағартушылық өнегесі жағынан үндес» [62, 17]. Міржақыптың «Сайлаулар хақында» өлеңі сол кездегі болыс сайлауын егжей-тегжейлі сөз етеді. Абай заманында шыққан болыс сайлауының сол кездегіден еш өзгермей, халықтың дегбірін қашырып, мазасын алып болғаны ащы тілмен сыналады. Абай шығармаларында өткір сөз болатын болыс сайлауы Міржақыптың өлеңінде де ащы шындықпен әшкереленеді. Сол кезеңнің шынайы келбеті өлеңде бар болмысымен көз алдыңнан тізбектеліп өтіп жатады.

Абайдың:

Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал,

Қалмады елге тығындап, [42, 128] –

десе Міржақып:

Бай болып, мырза атанып, мал біткендер, Таласып волостыққа ақша төкті, [63, 30] –

дейді. Абай да, Міржақып та бар малын шашып шығындап, болыс болудың қамында жүрген, болыстыққа таласқан елдің әбігерге түскен жайын сөз етеді. Екі ақынның өлеңдерінде де болыс болудың жолында өтірік, қулық, екіжүзділік пен алаяқтық іске баратын адамдардың қылықтары жиіркенішпен әшкереленеді. Өтірікті расқа шығарам деп, жалған іске ант беріп, нақақтан бірінебірі бәле салып жатқан істерін жақтырмайды. Ұрлық пен барымтаның, төбелес пен жанжалдың көбейіп кеткені ел ішінің шырқын бұзуда. Елдегі қаптап кеткен жағымсыз әрекеттер Абай өлеңдеріндедекөпсөзболған еді. Абай «Көжекбайға» дегенөлеңінде:

Барымтасын тыя алмай. Нанымы жоқ, анты бар, Ел нұсқасы кетті ғой,

Елмін деген салты бар, [42, 113] –

49

десе, Міржақып:

Нахақтан біріне-бірі бәле салып, Білмесе ұрлық, білсе егер барымта алып, [63, 31] –

дейді. Ел ішіндегі жағдайдың бұзылуы болыстық сайлаудың шығу себебінен екені Абайда да, Міржақыпта да ашық айтылады. Патша өкіметі болыстық, билік, ауылнайлықты шығарып, ел ішін ұрыс-керіске айналдырды деп жазады. Халықтың берекебірлігінен айырылып, мазасыз күйге енгені осының айғағы екенін түсіндіреді.

Ағадан іні айырылды, атадан ұл, Ағайын арзандады, қымбаттап пұл, [63, 32] –

деп Міржақып халықтың қарым-қатынасының, туыстығының осындай дәрежеге дейін төмендегеніне іші ашиды. Болыстық жүйеге бар ниетімен қарсы болған ол халыққа жаман әдетті тастап, тура жолға бастайық деген ойлы ақыл тастайды.

Міржақып өлең өнерінің Абай таныған құдіретін мойындау арқылы оны ұлттың санасын азаттық күреске оятудың күшті құралы деп біліп, өз поэзиясына азатшылдықты арқау етуі арқылы Абаймен іштей үндесіп, өлең өлкесіне өзіндік өршіл рух септі.

Қарап отырсақ, ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар Абай ақындығынан үлгі өнеге ала отырып, ұлы тұлғаның сан қырлы, мол сырлы поэзиясынан жандарына жақын, рухына үйлес, өз ойпікірімен үндес келер тұсын үйіріп әкетіп, жаңғырта да жаңаша дамытқанын байқаймыз.

Ақындық өнерінде өзінің рухани ұстазы ретінде пір тұтып, көркем сөз үлгісін жалғастырған келесі қаламгер иесі – Мағжан Жұмабайұлы. Ол Абай дәстүрін дамытып, қазақ поэзиясын тың өрнектермен, жаңа айшықтармен байытты. 1909 жылы жарыққа шыққан баспадан Абай өлеңдерін оқып, Абайға арнап «Алтын хакім Абайға» деген өлең жазады. Абайды өзіне рухани ұстаз тұтқан Мағжан ақынға табынып, «алтын хакім» деп жоғары бағалап жыр шашуын арнайды.

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

50

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]