Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

сы» деген халық даналығының сәйкестігі тағы байқалады. Абай шығармашылығында қайғы мәні өмір тіршілікте кездесетін мұңшерге байланысты қозғалып, әсіресе, Әбіш қазасына байланысты асқына түседі. Ақынның өмірге көзқарасы тереңдеген сайын, өлеңдері мен Қарасөздерінде қайғы да ұлғая түседі. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңінде қоса білдіреді.

Белгілі бір этностың сөздік қорында сақталған дүниенің мә- дени-ұлттық бейнесін концептілер көмегімен қайта жаңғырту мүмкіндігі мол. Соған сәйкес, қайғы концептісін ұлт дүниетанымындағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін бірліктің бірі ретінде қарастыруға болады. Біздің когинтивтік санамыздағы дүние бейнесін қайғы концептісінің құрылымы арқылы жүйелеу мүмкіндігі де бар, сондай-ақ, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер арқылы прагматикалық сипатын анықтауға болады. Қайғы сөзімен келген фраземалар қоғамдағы оқиға құбылысты тілдік тұрғыдан сипаттап қана қоймайды, халықтың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын да қоса білдіреді.

Күйесіз қазан жоқ, Қайғысыз адам жоқ; /Қайырсыз адам болса да, Қайғысыз адам болмас; / Қайғы басқан кісіге мамық төсек таспен тең, / Қайғысы жоқ кісіге екі аяғы атпен тең, – деген мақал-мәтелдер және фразеологиялық қордағы «қайғысыз қара суға семіреді, қайғы жеу, қайғы басу, қайғыға қамалу т.б.» басқа да фраземалардың Абай қолданысындағы бірліктер ассоциациалық өрісін кеңейтіп, қайғы концептісінің құрылымын толықтыруға септеседі. Сөйтіп, тілдік таңбалар мазмұн бірлігі арқылы бір өріске жинақтала түзіледі. Мазмұн бірлігі дегеніміз – шектес мағына немесе бірлескен ортақ қызмет. Абай дискурсында «қайғы» концептісі арқылы айқындалатын семантикалық құрылымдардың рөлі мәтін интерпретациясы кезінде де арта түседі. Мысалы, Дулат ақын: «Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық сумен жуынам». Абай ақын: «Өзгеге, көңілім тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, / Іштегі дертті жоярсың», – деп толғайды.

Дулат ақынның «Ұйқы беріп, қайғы алған / Қайғылыны уат-

тым» деген экспрессияға толы синтагмасының мәні Абай дүниетанымына сәйкес екі мәтінде кездеседі. 1) «Өзімдікі дей ал-

май өз малыңды, / Күндіз күлкің бұзылды түнде ұйқың; 2) Адам дертті болмай ма құса тартып, / Тұщы ұйқы ұйқтай алмай

101

түнде жатып» , – дегенде Абайдың «Қалың елім қазағым» өлеңі мен «Масғұт» поэмасы және Дулаттың өлеңіндегі ой өзегіне айналған бұл жолдарда ұйқының бұзылуы қайғы концептісімен ассоциацияланып, қайғы келгенде, ұйқы қашатыны имплицитті мәнде берілген, ал Дулат мәнмәтініндегі ой ашық, эксплицитті уәжделген. Ұйқының қайғыға «орын босатуы» тікелей баяндалады.

Абайдың тілдік тұлғасындағы а) «басыма салдың қараны», ә) «құса тарту»; б) «тұщы ұйқы ұйқтай алмау»; в) «күндіз күлкі бұзылу»; «түнде ұйқы бұзылу» синтагмаларын қайғыру етістігінің перифразды түрі деп есептейміз.

ІІІ. Абай шығармасы дискурсындағы қайғы семасы үш түрлі тақырып аясында әр қырынан ашылады: 1) қайғы – адамды адамның түсінбеуі; 2) қайғы – қымбатыңнан, аяулы адамыңнан айрылу; 3) қайғы – қоғамдық-әлеуметтік мәселені қозғайды. Бұдан шығатын қорытынды «қайғы» концептісі Абайдың поэтикалық жүйесінде тақырып өрісінің кеңдігімен, яғни айтар ойының деңгейімен ерекшеленеді.

Тақырыптық топ көлемі лексика-семантикалық топтың көлемінен ауқымды да жан-жақты болатындығын ескеріп, «қайғы» концептісін әуелі тақырып аясына қатысты сөз еткенді жөн санадық. Теория бойынша, сөздерді тақырыптық тұрғыда топтастырғанда олардың арасындағы әйтеуір бір байланыс негіз болатынын белгілі. Бұл арада қайғының жекеге де, жалпыға да, алысқа да жақынға да салған ауыртпалығына байланысты ауыспалы мағынадағы ортақ қасиеті алынды. «Лексика-семанти- калық топтағы сөздердегі мағына жақындығы мен ортақ семалары болады» деген теориялық мәселені біз концепт мәнін ашуда шартты түрде пайдаландық, яғни біздің сүйенгеніміз – логикалық байланыс.

3.4 «Өтірік» концептісінің әлеуметтік мәні

Біз әр шығармадағы ой сабақтастығын бір жүйеге келтіріп, автор ойының «ізіне түсіп», дискурстық талдауымызда «өтірік» концептісі арқылы мәтін түзілісін айқындап беруді мақсат тұттық. Ол үшін концептуалды талдау барысында логикалық-

102

лингвистикалық тәсілді басшылыққа алдық. Әр шығарманың «ішкі әлемінде» орныққан ой-қуатын, ортақ ойды жүйелей отырып, концептуалды біртұтас ой әлеміне барлау жүргізуді ниет етеміз.

«Өтірік» концептісіне жасалған талдау көрсеткеніндей,

Абай өлеңдерінің концептуалды мәні – имандылыққа шақыру; «Өрге бастырмайтын өтіріктен» арылтып, «Адалды сатсаң, арамға, / Құдай қабыл етер ме?» – деп ес жиғызу. «Өтірік пен өсекті жүндей сабай бермей, терең ой, терең ғылым іздеуге» шақыру.

Семантикалық мазмұны ашылуға тиісті объектісіне қа-

тысты алғанда; концептуалды мән иеленген мазмұны мен берілген ақпаратты ашатын тірек сөздер қатарына: мақтан, өті-

рік, алдау лексемалары алынды.

Лингвистикалық талдаудың түпкі мақсаты – мәтіннің кон-

цептуалды мәнін анықтау болса, оның екі түрлі әдіс-тәсілі қарастырылады: 1) шығарма мазмұнынан → концептуалды мәнге; 2) тілдік құралдар арқылы → концептуалды мәнге талдау жасалды. «Өтірік» концептісінің тезаурусын құрайтын парадигмалар қатары жан-жақты талдауды қажет етеді.

Бұл семалар (өтірік, мақтан, алдау) ақынның бірнеше шығармасында а) үзілмей жалғасып отырады; ә) поэтикалық образ жасау мақсатында қолданылады; б) негізгі концептуалды мәнді, астарлы ойды айқындайды, репрезентацияға түсіреді; в) кейде ол лексикалық бірліктер вербальды түрде берілмегенімен, мәтіннің мағыналық өрілімінде жасырын импликация ретінде келеді.

Жалпы алғанда, ұлы ақын шығармашылығы аясында алып қарағанда, а) не тұтас бір шығармасы, ә) немесе бір шығарма тіліндегі бір шумағы, б) не бір тармағы «өтірік» концептісінің өрісіне қатысты объектіге айналғанын байқадық. Мысалы,

1)«Дүтбайға» деген өлеңі бастан аяқ қу, екі жүзді, өтірікті серік еткен образды суреттеуге арналған.

2)«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» өлеңіндегі 8 шумағының бәрі «сенімі жоқ серменделерге» арналады.

3)«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңінің 21 шумағының барлығы «алтыбақан алауыз» өтірікті серік еткен елдің жайына арналады.

103

4)«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңіндегі 12 шумақтың алтауы синтагмалық тұтастыққа құрылып, өтірік айтып алдау мәнін ашса, қалған 6 шумағының әйтеуір бір тармағында «өтірік» концептісіне қатысты сөз қозғалады (астарлы, имплицитті мәнде).

5)«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңі: «Терін сатпай, телміріп көзін сатып, / Жұрттың бәрі болды аларман», – деп басталып, соңына дейін сол ойды жалғастыра келіп: «Арын сатып тіленген малы құрысын, / Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын» – деп аяқталады, яғни алдау, өтірік айту (қулық) мәнін ашады.

6)«Көңілім қайтты достан да дұшпаннан» деген 11 шумақ өлеңнің 7-еуінен өтіріктің өрісіне түсеміз. Осылайша, ой жалғастығын көптеген өлеңдерінен таба аламыз. Атап айтқанда, 60-қа жуық шығармасында «өтірік» концептісінің мәніне назар аударылған. Абай тілінің жиілік сөздігінде өтірік (зат есім – 14; сын есім – 6, барлығы – 20 рет), мақтан – 53 рет, мақтаншақ – 11 (зат есім – 6; сын есім – 5) рет қолданылғаны көрсетілген, біз бұл деректерді нақты мысалдар арқылы концептуалды талдауға түсірдік.

Халықтың этикалық-эстетикалық мұрат-мақсаттары ең алдымен оның тілінен байқалатындығы белгілі. Әр халықтың өмірге көзқарасы, оны бағалауы, пайым-парасаты да тілде танылады. Психологиялық тереңдік пен философиялық түйін де тіл арқылы көрініс береді.

Абайдың тілдік тұлғасындағы талдануға тиісті нысанның бірі «өтірік» концептісі өзінің әлеуметтік мән иеленуімен назар аударарлық, көп қырлы түсінік. Оның лингвистикалық, фи-

лософиялық, этикалық, психологиялық, теологиялық қатпарлары да күрделі. Енді осы салалардағы көрініске қысқаша сипаттама беріп көрейік.

І) Лингвистикалық мінездемесі тереңдігімен назар аударта-

ды.

Келелі ой мен терең мазмұн, даналық түйінді бойына жиған халық тіліндегі астарлы, бейнелі тілдік құралдардың бірі – тұрақты тіркестер мен сөз көркі – мақал-мәтелдерде өтірік пен алдауға, қулық пен жалғандыққа өткір де өктем сын айтылады: «Арамды құдай табар, момынды қайыр табар», «Құдайдан

104

қорықпа, Құдайдан қорықпағаннан қорық», – деген халық нақы-

лындағы терең ойды Абай ақын: «Құдайдан қорықпай антұрған, Иман жүзін тоздырар», – деп одан әрі әрлендіреді. Тың тіркестің (иман жүзін тоздыру) танымдық-прагматикалық қуатынан иманын қайта-қайта аяқ асты еткен (тоздырған) байлаусыз пенденің баянсыз әрекетін танимыз. Халық даналығында дүниенің тілдік бейнесінің «өтірік мың болса да, бір ақиқатты жеңе алмайды» деген паремиологиялық көріністері де бар.

Терең мағыналы көркемсөз өрнектеріне бай қазақ тілінде жалған әңгімені асқан шеберлікпен жеткізушіні «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылды» десе; жалған сөзді аса белсенді-

лікпен кәдеге асырушыны «өтірік пен өсекті жүндей сабады»;

ал жалған сөйлеу туа бітті қасиетіне айналған адамға – «өтірікпен ауызданған», – деп мінездеме береді; сол «ерекше қасиет иесінің» өтірігіне иланып, үйіріліп түскенде «өтірікке сүттей ұйыды», – дейді.

ІІ) Өтірік айту және онымен пара-пар өзге де жат қылық-

тардан сақтандыру, теологиялық ой өзегінің де арқауына айнал-

ған. Имандылыққа тәрбиелейтін еңбектерде де өтіріктің өкініштен өзге ештеңе бермесіне көңіл бөлінеді. Осы концептінің, тіпті кез келген лингвокогнитивтік бірліктің, ішкі мәнін ашу барысында ұлттың өзіне тән ерекшелігі мен түсінігі де ескерілетінін назарда ұстау керек.

Өтірік сөзіне байланысты діни еңбектерді қарастырғанда Пайғамбардың (с.а.у.) мына хадисіне көңіл аудардық: 1) «Кім маған екі жағына ... ие болғандығы туралы кепілдік берсе, мен оның жұмаққа баратынына кепілдік беремін» [56, 73] және Пайғамбарымыздың мына хадисінде: 2) «Расында құл Аллаһ тағалаға жағымды сөздер айтуы мүмкін. Ол өзі оған оншалықты мән бермейді, бірақ сол үшін Аллаһ оның дәрежесін көп сатыға жоғарылатады, сондай-ақ Аллаһ тағаланың қаһарын тудыратын сөздер айтуы мүмкін, ол өзі оған оншалықты мән бермейді, бірақ сол үшін Аллаһ оны тозаққа салады» [57, 73].

Бірінші хадис мәтініне көңіл аударғанда екі жақ сөзінің мағынасы ауыздан шыққан сөзге, яки тілге абай болу мәнін танытады. «Тілден жақсы да, жаман да сөздер шығуы мүмкін. Жалған сөздерге ғайбат сөздер (біреудің артынан жаман сөз айту, өтірік жала жабу); әдепсіз сөздер (бұған көбінесе кейбір

105

ақындар мен жазушылардың өлең-жырларында арақ-шарапты дәріптеуі, жұртты әдепсіз қылықтарға ынтықтыруы немесе өздерінің ұятсыз махаббатын суреттеуі); күдік тудыратын сөздер (діннің кең тарауына себеп болатын немесе көзқарасы орныққан мұсылманды тазалығынан айыратын, шариғат үкімдерінің дұрыстығына күдік тудыратын сөздер)» [56, 74].

Діни түсінік бойынша, адам жәннатқа кіру үшін тіліне абай болып, жалған, өтірік сөйлемеуі керек.

Екінші хадисте Пайғамбардың (с.а.у.) адамға тілінің қаншалықты пайда келтіретіні немесе қаншалықты зиянға ұшырататыны туралы айтқанын айқын ұғамыз. Сондықтан әрбір мұсылман Аллаһ тағаланың қаһарын туғызып алудан сақтануы, өзінің тіліне ие болуы, айтатын сөздеріне жеңіл-желпі қарамауы тиіс.

Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы өзінің «Ақиқат шуағы» атты еңбегінде: «Қабір азабына себеп болатын күнәлар: жалған сөйлеу, Құранды біле тұра ішіндегі айтылғандарға теріс әрекет ету, адамдарды алдау, жетімдердің ақысын жеу, ғайбат өсек айту»... деп көрсетеді.

Өтірік пен ғайбат сөздерді жоққа шығаратын және оны қоздырушылардың мысын басып тастап отыратын – шындық сөздер, ол туралы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде былай дейді: «Кім өзінің тілімен де, қолымен де басқа мұсылманға зиянын тигізбесе, сол – нағыз мұсылман» [56, 162].

Діни көзқарас бойынша, өтіріктің де «пайдасы бар». Үш жағдайда өтірік айтуға болады екен: 1) әйелінің көңілін көтеру үшін; 2) соғыста жауларына өтірік айтуға болады; 3) екі адамның арасын қосу үшін, достастыру үшін өтірік айтуға болады

[57, 34].

ІІІ) Психологиялық сипаты бойынша, «Өтірік – адамның са-

налы түрде шындықты жасыруы. Өтірік – шындыққа қарамақайшы немесе шындықтан ауытқу (қиындықты немесе өзінің жетістіктерін әсірелеу, шынайы емес қошемет, т.с.с.). Кішкене балалар біреуді алдау мақсатымен емес, өз қиял әлемінің жетегімен өтірік айтуы мүмкін, әрі өздері оған сенеді. Өтірік айтудың себептері: біреудің айыптауынан, қорланудан, сәтсіздіктен, пайда табу, қара ниетті жүзеге асырудан т.б. болуы мүмкін».

Жалпы, «өтірік» концептісінің екі түрлі сын мен сипаты бар сияқты. Бірінде: өтірік – адамның адамгершілігіне сын, жағым-

106

сыз әрекет болса, екіншісінде: ізгіліктен туған ақниет деуге лайық. Халықтың мұңын мұңдап, өзгені алдағанның өзін алдаған Алдаркөсе; өтірік өлеңімен шындықтың шырайын келтірмек болған Тазша бала; Ұлы Отан соғысы кезінде қарақағаздың қасіретін кейінге ысыра беріп, бір күнгі үмітті ұзартқан «алдаусыратулар» мен науқастың дәтіне – қуат, дертіне – дауа іздеген дәрігердің ауруды «көлеңкелеуі» – өтірікке емес, өміршеңдікке таразы болар ізгіліктер деуге болады. Ал, басқа жағдайлардың бәрінде «өтірік» – шындықтан алшақ жатқан келеңсіз құбылыс.

Абай поэтикасындағы «Өтірік» концептісінің өрісі (перифериясы), мағыналық сатылары. «Өтірік» концептісі Абай дискурсында қалай көрінеді?

Оның мәнін талдай отырып, Абайдың тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейіне бойлауды мақсат тұттық. Абай шығармашылығында «өтірік» концептісінің мазмұн сипаты мен прагматикалық қызметіне маңызды орын берілген. Оның уәжсебебін саралап көрелік:

«Өтірік» концептісі арқылы қоғамдық деңгейдегі мәселе көтерілгені Абай шығармашылығында әр қырынан көрінеді. Концепт ұғымы тілдің когнитивтік бағытымен, адамның ойлау, таным әрекетімен, белгілі бір тілдік тұлғаның дүниенің қабылдау ерекшелігімен тығыз байланысты екені белгілі. Абай өз шығармашылық дискурсында қайшылыққа толы өмірдегі адамдардың тұрақсыздығына, пенделік әлсіздікке күйіне отырып, соларды суреттеу үшін әр алуан поэтикалық тәсілдердің бояу, реңкін пайдаланады. «Ішім өлген, сыртым сау, Бүгінгі дос – ертең жау», – деп күйіне отырып, «қулық сауған» өмір заңына қарсылық білдіреді. Өйткені Абай өмір сүрген кезеңнің өзі – ұлы ақын, ойшылға сол қоғамдағы адам рухын, ар-ұжданын бойкүйездіктен арылту міндетін жүктегендей еді. Абай шығармалары – қазақ жасына адамгершілік жолына нұсқау, әлеуметтік бағыт-бағдар сілтеу дәрежесіндегі рухани құндылық, рухани өре болып табылады.

Абай ақын адамгершілік, мораль тұрғысынан сөз алуға өзін міндетті санайды. Адам факторы алдыңғы орынға қойылған шығармалардың әлеуметтік сипатына баса назар аударылады. «Түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып», – деп айтқандай, ұлы ақын өз заманын да, оның адамын да түзету үшін

107

«өтірік» концептісінің өрісін кеңінен қолданған. Сөйтіп саясиәлеуметтік мән иеленген кейбір тілдік бірліктер адамның рухани тұлғасы мен ішкі-сыртқы портретін беру үшін суреттеу қызме-

тін атқарады. Тіптен, нақты бір кезең көрінісін, заман реңкін беру үшін макроконтекстік аяда қолданған деуге болады. «Өті-

рік» ұлттық мінез болып қалыптасып кетпесін деген қауіп те барын сездіреді.

«Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын, / Түбін ойлап уайым жеп айтқамын», – деген «уайымшыл», халықшыл ақын Абай шығармашылығында өтірік пен жалғанға, алдау мен қулыққа әлеуметтік мән берілген. Оларды қоғамның ауруы, сылап тастар мерезі деп санаған. Абайдың өзі бағалағандай, «Қулық емес, бұл – бір дерт» («Дүтбайға» өлеңінде) болатын.

Отаршыл империя өз саясатына лайық (сәйкес келетін), аяр, екі жүзді, қу атқамінерді даярлайды және оның бойына өзінің бар сұмдығын «сіңіртеді». Абай (шығармаларында) дискурсында ұлт бойына кейіннен жамалған осы кеселдер сыналады. Ол ұлттың өзінің туабітті қасиеті емес, қоғамдық факторлар әсері болатын. Экстралингвистикалық осы ықпалдар, тілдік тұлға тезаурусында өз көрінісін тауып, дүниенің тілдік бейнесі ретінде беріледі.

Жоғары әлеуметтік мән иеленген осы құбылыстардың өз кейіпкерлері, өз лексикасы, тезаурусы бар деп айта аламыз. Абай шығармашылығында өтірік концептісі «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпанның» қатарында қарастырылған.

Тілдік тұлға санасы өтірік идеясының өзіндік суретін, яғни әр тіл иесінің санасында өзінше, өзгеше қалыптасқан әлем суретін таныта білген. Осы концептінің функционалды тезаурусы негізінде Абай шығармалары поэтикалық жүйесінің концептуалды деңгейі талданады. Оның құрылымы адамның білімі мен тәжірибесін танытатын ментальді бірліктерден, когнитивті ұғымтүсініктерден тұрады.

«Өтірік» концептісі көпқұрамды және орталық өзегі (ядро) мен оған жапсарлас бөлігі (периферия) бар мағыналық өрістен, шектес ұғым-түсініктермен ұласпалыкеңістіктерден тұрады.

Тілдік тұлға «өтірік» концептісінің мәнін ашу үшін өтіріктің номинативті мағынасынан басқа, сол ұғымның төңірегінде

108

топтасқан қосымша семасын дискурстық аяда өзектендіре, белсенді ете түскен. Яғни ойын әрі қарай қисынды өрбіту үшін сол бірліктердің коннотациялық жағымсыз мағынасын және қосымша бояу-реңкін көрсету арқылы өзінің айтпақ идеясын әсерлі жеткізе білген. Сөйтіп денотатты мазмұн ядросының мағынасы қосымша өрісі арқылы барынша толыға түскен.

«Өтірік» концептісінің (жалпы концепт категориясының да) когнитивтік табиғатын таныту барысында олардың құрамдас компоненттерінің болатындығын, сонда ғана олардың табиғатын толық тануға, болмысын барынша байыптауға болатындығын үнемі назарда ұстау керек деп есептейміз.

«Өтіріктің» концептуалды өрісі қатарына оның мән-мазмұ-

нын толықтыратын, алдау, жалған, қулық, мақтан семалары қа-

растырылатыны айтылды. Олардың мағынасы мәнмәтін аясында барынша айқын көрінеді.

Талдауға түсіп отырған сөз мағынасының бірнеше сипаттағы қолданысын байқауға болады. Ақын шығармашылығы негізінде оның коннотациялық көрсеткіш ретінде бірнеше түріне тоқталамыз.

«Өтірік» концептісі арқылы образ ашылады.

Бүкіл шығарма макромәнмәтіні осы концептінің архисемасынан, яғни «адам бойындағы кесел» дегеннен құрылғандығын Абайдың тілдік тұлғасындағы тезаурустар қызметі анықтап береді. Осы аталған алдау, жалған, қулық, мақтан деген сөздердің әрқайсысының астарында, яғни ішкі форма мазмұнында «жалғандық», «екіжүзділік», «алдау» мәні тұрғандығын аңғаруға болады. Мәтін түзіміне тұтастай назар аударғанда, образдың өтірік, жасандылықтан түзілген ішкі әлемінің тілдік суреті былайша сипатталған:

1) «Жылуы жоқ бойының, / Жылмиғаны неткені?

Құбылуы ойының / Кетпей құйтың еткені» (Ішкі жылуы жоқ болса да, жасанды жылмияды, бір қалыпты мінез таныта алмайды, яғни алдайды).

2) «Мұңды, жылмаң пішінін / Кезек киіп, ел жиып,

Болыс болса, түсінің / Түксігін салар тырсиып». (Біресе мұңды болғансып, бірде жылмаңдап, осы екі бейнеге кезек ауысып, дәрежесі өсе қалса, түсін тағы өзгерткен пенделік келеңсіздікті сынайды).

109

3) «Бір көрмеге тәп-тәтті / Қазаны мен қалбаңы.

Дөң айналмай ант атты, / Бүксіп, бықсып ар жағы» (Бір қарағанда сүйкімді қылығы, сырт айнала бергенде мүлде басқа реңкке енеді екен, себебі жан дүниесінің арғы түкпірінде болымсыз баянсыздық жатыр).

4) «Сенен аяр түгі жоқ, / Бүгін сыйлас көрініп, Бүгін жалын, ертең шоқ, / Сөзі мен ісі бөлініп». (Сөзі мен ісі

қабыспайтын пенде, бүгін сенен аяр ештеңесі жоқ болып көрінеді де, ертең аяныш білдіруге де жарай алмай қалады екен).

5) «Әлі үміт, әлі серт! / Жын сықылды бұзылып.

Қулық емес, бұл – бір дерт, / Тұрлауы жоқ құбылып». Сөйтіп, Абай мәтін түзу үшін, нақты айтқанда, өтірік кон-

цептісін танытатын мәтін түзу үшін қажетті сөз топтарын, тезаурустық қатарын қалыптастырады. Курсивпен берілген бірліктер арқылы өтірік концептісінің мәні барынша толық ашыла түседі. Дискурстың ең басты жетістігі «сөз шығармашылығының «көзге көріне алатын» қасиетіне байланысты, кейіпкерлердің барлық іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысы көз алдыңа елестейді. Бұл – Абай сөзінің құдыреті арқылы ғана жүзеге аса алатын құбылыс. Сөйтіп әлемді сөзден салынған «сурет» арқылы, яғни сөз-сурет арқылы қабылдай аламыз. Ол сурет бояуын, поэтикалық көркемдегіш құралдарды, Абайдың тілдік тұлғасы өзі таңдап барып қолданады.

Абай субъекті сапасын жаман-жақсы деп тура кесіп айтпайды, қимыл әрекетін байқаған оқырман өзі бағасын береді, өзі оның мінезіне қанығады, сөйтіп мінездік сипаттаманы тағы да өзі жасайды.

Сол замандағы қулық-сұмдықты, өтірік пен алдауды «қасиет еткен» адам образын беру үшін және сол арқылы өзінің айтпақ ойын, көзқарасын танытпақ үшін жасалған образды тіркестердің (қолданыстардың) мән-мазмұны терең. Стильдік кешеннің барлық компоненті, яғни стильдік ұясы (ядро) мен стильдік перифериясы бір стильдік мақсатқа қызмет етеді. Ал тілдік бірліктер – контекстік синонимдер. Бір қарағанда мағыналары үйлеспейтін, бір мағыналық топқа енбейтін бірліктер (мақ-

тан, жалған, өтірік, алдау,, алдамшы) шығарманың мәнмәтін-

дік аясында синонимдік қызмет атқаруда. Бұдан біз стильдік синонимия құбылысының қызметін байқай аламыз.

110

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]