Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

35

.pdf
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.52 Mб
Скачать

«Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, Ата-ананың қызынан ғапыл қалма» –

деген Абай өлеңінің мәтіні бүтіндей бір ұлттық мәдениеттен ақпарат жеткізуші таным көзі ретінде қабылданады. Ыбырай Алтынсаринның «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және жасау дәстүрлерінің очеркі» деген еңбегінде жасау даярлау барысы туралы дерек келтіріледі

(www.classic.nlrk.kz).

...«Тарихтың сан толқын дерегін, сан тарау дерегін білу арқылы біз ең алдымен өзімізді өзіміз танимыз. Біздің ата-бабала- рымыздың өмір-салты көшпелі болғанымен, рухани болмысы көшпелі болмаған» [86, 21]. Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру тәсілі болатыны белгілі. Соған сай салт дәстүрі мен әдет-ғұрпы туындап, халықтың дүниетанымы айқындалады. Әлемдік осы мәдениеттен қазақ халқы да сырт қалмағаны айқын. Өзіндік даму жолы бар халықтың соған сәйкес ұлттық мінезі, ділі мен дәстүрі сараланатыны да белгілі жайт. Осы мәселелер көркем мәтінде, өмір айнасы – әдебиетте әр қырынан көрініс беріп жатады.

Абайдың «Жазғытұры» өлеңін қазақтың тұрмыс-тіршілігін, ұлттық болмысын, мінезін танытатын мәдени ақпарат көзі деп есептейміз. Қыстаудан көктеуге шыққан, ен даланы еркін жайлаған елдің қуанышты кезі мен шуақты бір күніне тыңдаушысын (оқырманын) ортақ еткізетін қуат – әдеби туындыдағы ойдың анықтығында, сөздіңдәлдігінде, суреттің айқындығында.

Көктеудегі елдің емен-жарқын тірлігін көз алдыңызға келтірер фрем-сценарий мазмұнын құрайтын этнобірліктерге мән берсек: қырдағы ел ойдағы елмен араласу, құшақтасу, көрісу

адамдар арасындағы жылы сыйластықтан сыр бөліссе; қой қоз-

дау, қорада шу, ақ пен ас көбею, мал семіру; жаңа төл – малды ауылдың бір марқайғанын білдірсе; қылықты қыздар, бұраңдап қанжығаға жабысу, назды еркелік – ұлттық ұяң мінезден ұлағат дарытқандай. Шаруа қуған жастардың мойны босау, жұмыртқа іздеп, көл жағалаған бала, шуақ іздеген кемпір-шал, жыршы құс, қиқу салған қаз бен қу, күн лебі, толықсыған жер, кәрі-жас,

201

табиғат пен адам, мал мен жан – бәрінің масайраған, мамыражай тірлігін көз алдыңа көлденең тартып, тіршіліктің тереңіне бойлатады. Ақынның өз сөзімен айтқанда, «дүниеге нұрын төккен мейірбандыққа» мерейің тасиды. Бұл тілдік бірліктер бойына сыр сақтаған, боямасыз шынайы суреттердің ішкі мазмұнына қанықтырады. Өлеңде сол кездегі лингвомәдени қауымның тұр- мыс-тіршілігі динамикалы қалыпта, жүйелі түрде, бір бүтін дүние болып берілген.

Уақыттың ұлы көшіндегі адамзат мекенін және ондағы адамның асқақ рухымен үндестік тапқан тіршілік кезеңін дәл қазір көз алдымызда өтіп жатқандай етіп, дүниенің тілдік бейнесін ұсынады. Ғалым Г. Смағұлованың «Ұлт мәдениетінің қай түрін алсаңыз да, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс тіршілігі сақталған, өйткені ол тіл өзінің даму сатысында белгілі бір тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты қоршаған ортадан оқшау өмір сүрмейді» деген пікіріне Абайдың осы «Жазғытұры» өлеңінің мазмұнын ашуда ден қоямыз [96, 34].

Абайдың тілдік тұлғасы ұлттық мәдени тәжірибе негізінде жиналған білім жүйесін меңгере отырып, өз танымындағы дүниенің тілдік суретін береді. Дүниенің тілдік бейнесінің идиоэтникалық сипатын анықтайды. Абайдың тілдік тұлғасы мен тілдік деңгейін саралағанда оларды халықтың болмыс-тіршілігіне, мәдениетіне қатысты категориялармен бірлікте алғанда қаламгердің тілдік тұлғасы толық ашылмақ. Ұлттық мәдени белгілерді, этникалық өлшем бірліктерді саралау – Абай тілін зерттеудегі жаңа бағыт қатарында болмақ. Сөз өнерінің эстетикалық көркемдігі ғана емес, танымдық тағылымы өзіне баурап алатындай қуаты да бар, дәл соны Абайдың тілдік тұлғасы дөп басып, тура тап-

қанын бағамдаймыз. Белгілі бір халықтың рухани әлемін өзгелер оның тілі арқылы таниды немесе ол өзін тағы да сол тіл қуаты арқылы танытады. Мәдениеттің тілдегі көрінісі, яғни ұлттық мәдениеттің вербалдануы жаңа лингвомәдениеттану бағытында өз деңгейінде зерделенуді талап етеді.

Біздің зерттеуімізде ұлттық мәдени компонент аспектісінде қарастырылатын этнографизмдердің (мәдени кодтар), Абайдың тілдік тұлғасында жиі кездесетін лингвокультуремалардың сипаты, стильдік қолданысы, өзге де функционалды мәні адам

202

факторы мәселесімен байланыстырыла сөз етіледі, сондай-ақ олардың лингвомәдени табиғаты суреттеледі.

Ақын шығармаларында ұлттық мәдениеттен ақпарат жеткізетін деректер мол кездеседі. Солардың кейбіріне қысқаша сипаттама беруге болады. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі мәдени-ұлттық ерекшелікті білдіретін семиотикалық таңбалардың маңызы ерекше. Бұлар ақпарат жеткізетін көмекші құрал немесе когнитивтік мәні бар бейвербалды амалдар қатарында қаралуға тиіс деп есептейміз. Мысалы, әдет-ғұрыпқа байланысты үкі тағу – лингвомәдени таңбасының ұлттық болмыстан мәлімет жеткізудегі маңызы зор. «Абай жолы» эпопеясында: «Басқа үкі тағу – бар күйеудің әдеті. Ол ғана емес, қызыл манат шапан мен биік өкше етік киіп, елден ерекше ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу бұл өңірдің бар күйеуіне жол болатын». Үкі тағудың мифтік танымға сәйкес мәні де бар. Киелі саналған үкі – ауру-сырқау, пәле-жаладан сақтайтын тылсым күшке ие деген наным-сенім болғаны. Сәбидің бесігіне, қамшының сабына, кәмшат бөрікке үкі қадалған.

Келесі бір этнографиялық мәлімет: «Алты жақсы, жүз жылқы болған басы, / Бір семіз ат болады оның құны», – деген мәнмәтінде сақталған.

Ежелгі әдет заңы бойынша өлтірілген азамат үшін кінәлі жақ құн төлеген. Ердің құны – «алты жақсы, жүз жылқы», яғни алты түйе мен жүз жылқы. Қадірі түскен адам ақыр аяғында бір семіз аттық құнға әзер ие болады, – деп отыр Абай [98, 261].

«Моласындай бақсының / Жалғыз қалдым, тап шыным»

осы жолдардағы бақсы сөзін – «қазақтарда арбау айтып, ауруларды емдейтін сиқыршы мен болашақты болжағыштардың атауы», – деп анықтаймыз.

«Монғол тілінде бақсы – оқытушы, ұстаз деген сөз. Шаман діні бойынша бақсы тәңірінің сүйетін, жарылқайтын, аруақтың жарататын, қолдайтын адамы. Ол әрі жыршы, әрі күйші, әрі дәрігер, әрі сәуегей, қысқасы, шаманистердің айтуы бойынша оның білмейтіні жоқ – деген наным болған... Бақсыларды жеке молаға жерлеген. Шаман діні дамыған халықтардың ұғымы бойынша, бақсы өлгеннен кейін оның эмэхэті (аруағы) өзі қалаған кісіге қонады» [99, 47-65].

203

Буряттар мен алтайлар бақсылық қонатын адам өзін өзгелерден аулақ ұстап, есінен ауып, сандырақтап жүреді және болашақ бақсының жаны о дүниеге барып, жын-перілер мен аруақтардан бақсылық тәлім алып жүреді деген наным-сенімде болған. Бақсы моласының жалғыз тұруы осы себептен болғаны дәлелдеуді қажет етпес деп есептейміз. Абай қолданысы «тілден тыс» осындай ақпараттар жеткізген.

Абайдың тілдік тұлғасындағы әр сөздің астарында, тіпті әр сөздің бойында ұлттық нәрлі қуат сақталған, образын халыққа таныс, жанына жақын суреттерге құра білген. «Ем таба алмай» деп келетін өлеңінде мал бағып, малды байлықтың ғана емес, ең бастысы, күн көрістің көзі деп қараған ел ғана түсіне алатын сурет – деталь бар: «Жас теректің жапырағы / Жамырайды соқса жел». Осы сияқты детальдар қуаты – нағыз ұлттық ақын қаламынан шығады (Қозының көгенде жамырауы, төлдің жамырауы... деген тіркестер ойға оралады).

Абай байқаған дүние суреті оның тілдік тұлғасында қазақи бейнемен өзгеше кейіптеледі. Ұлттық болмысы, қазақы әдеби мен ибасы сақталған, тәрбиесі көрініп тұрған сол заманның екі жасының сүйіспеншілік сезімі бүгінгі жасқа дарыса дейсің:

«Сөз айта алмай бөгеліп / Дүрсіл қағып жүрегі. Тұрмап па еді сүйеніп / Тамаққа кіріп иегі».

Осы тұста Абай сомдаған портрет ұлттық мінезбен ұласып кеткен.

Ақын поэзиясын айқындық пен дәлдік арқылы өлшейтін болсақ, ол өз адресатының образды ойлау дәрежесімен санасып отырғандай әсер қалдырады.

Атты – ер қанатты деп білген, әрі көшпелі тұрмыс жағдайымен жылқы малының мінезін әбден меңгерген ұжым мүшесі мына суреттердегі бейнені өте әсерлі қабылдайтыны мәлім. Биік мақсатқа ұмтылған жастың әрекетін «үміттің аты оры-

ндап, талаптың мініп тұлпарын» – деп сипаттайды. Ал еңбек десе жиренген жағымсыз портрет иесін «Ұрлық пенен қулыққа /

Бойлағанда кестің бау; немесе Үш күн қолың босаса / Бола қалдың бас асау; Алқыны күшті асаулар ноқтаға басы керілді»,

– деген суреттер арқылы сомдайды.

204

Түйіндей келгенде, Абай дискурсындағы тілдік бірліктердің мәдени-танымдық негізін анықтау, өлең мәтінінің мағыналық құрылымындағы лингвомәдени құрамалардың (компоненттердің) мәнін де зерттеу қажет. Оны былайша уәждейміз: біз ұлттық құбылыстың этнолингвистикалық, лингвокогнитивтік, лингвомәдени сипатын Абай шығармалары тілі негізінде талдау арқылы тілді тұтынушы халықтың дүниетанымы мен Абай рухани әлемінің құндылығын адам факторы тұрғысынан пайымдауға мүмкіндік аламыз.

Абайдың тілдік тұлғасын зерттеудегі прагматикалық уәждің бірі – Абай шығармалары этнолингвистикалық тұрғыдан да терең игерілу керектігіне назар аударту. Өйткені этнодеректер – тарихи таным көрсеткіші болып табылады. Өз кезегінде, бұдан мәселенің басқа бір қыры туындайды. Абай шығармаларының тілінен оның ой жүйесіндегі ұлттық танымды түсініп, түйсінеміз.

Абай шығармалары тілі мен ұлттық сананы бірлікте қарау себебін – ұлттық ойлаудың кемел көрінісін шығарма идеясынан әркез таба алатындығымызбен уәждейміз.

Абайдың тілдік тұлғасының ұлттық негіздерін сипаттап беретін құбылыстарға ұлттық болмысын, халықтың дүние-та- нымын, дүниенің ұлт танымындағы тілдік бейнесін білдіретін этникалық құндылықтар, этномәдени байлықтар жатады. Лингвомәдени аспектіде зерттелетін тілдік бірліктер адам мен қоғам қарым-қатынасын және этнос мәдениетін айқындайды.

Әр халықтың мәдениетін, рухани әлемін этнотаңбалық белгілері арқылы ғана тани алатындығымыз – дәлелдеуді қажет етпес ақиқат, сондықтан да Абай дискурсындағы этномәдени лексикаға мәдени ақпарат көзі ретінде ерекше мән берілді. Оның басты себебі: лингвомәдениеттану тұрғысынан алынған әрбір лексема – құнды ақпараттарды құрайтын, мазмұнға толы тілдік таңба. Мәтіндерді зерттеудің мақсаты тілдің когнитивтік қызметін саралаумен ұштасады. Ол өз кезегінде, Абай тілі тезаурусындағы тілдік бірліктер тек экспрессивтік көркемдегіш құрал ғана емес, идеялық, танымдық қызметті қоса атқарғандығын білдіреді және сол тілдік таңбалар өзіндік әлеуметтік, мәдени, рухани мәні басым құндылықтар деп бағаланады. Абай шығармаларындағы тұрмыс-салт

205

атауларының қолданылу мәнін ашу арқылы тіл мен этностың, тіл мен ұлттық ерекшеліктің, мәдениеттің арақатынасына талдау жасалады. «Тіл коммуникативті қызмет қана атқарып қоймай, материалдық және рухани мәдениетті жинақтаушы, сақтаушы ретінде маңызды міндетін, кумулятивтік қызметін атқарады» [100, 176].

Біздің мақсатымыз этнографиялық деректерді тізбелеп, көлденең тарту емес. 1) Абай шығармаларындағы халықтың тарихи-әлеуметтік, мәдени бітім-пішінінен сыр тартар рухани дүниелердің когнитивтік санадағы суретін таныту. 2) Этнографиялық деректерден қазақ әлемін, оның ішінде Абайдың индивидуалды танымындағы дүниенің тілдік бейнесін көрсету, өйткені ол халықтың рухани өрісі, эстетикалық мәдениеті, әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат жеткізеді.

Ұлттық салт-дәстүрлер мен этнонимдік атаулардың ұлт болмысын танытудағы маңызы, әсіресе, Абай шығармаларын өзге ұлт тіліне аударғанда арта түседі. Тіпті ұлттық нақышты терең біле бермейтін, түсіне бермейтін қазіргі буын өкілдерінің өзін Абай тілінің тылсымына бойлату үшін де этномәдени лексика мәні бәсі кемімейтін құндылық деп бағалану керек. «Халық пен халық, мәдениет пен мәдениет арасы күн санап жақындасуда, бірігуде. Осындай жақындасуды, түйісуді жүзеге асырудың бір жолы» – сауатты аударма...

«Түпнұсқадағы бейнеленген болмысты түсінудің кілтін мәтіннің өз бойынан да табуға болады, ал сол мәтіндегі кейбір атауларды түсіну үшін, негізінен, фондық білім керек» [101, 48]. Абайдың тілдік тұлғасын өзіміз жете танып, өзгеге (өзге тілге аудару барысында) толыққанды жеткізу үшін аударма үдерісінің арқалар жүгі мың батпан.

206

5-тарау

АБАЙ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ

5.1 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты

Абай тіліндегі көркемдік құралдың бірі – метафора әлеумет- тік-философиялық ментальды тілдік бірлік ретінде қызмет атқарып тұр.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы лингвистикада тілді «түсінудің» негізгі қағида-постулаты ең басты екі тезиске: 1) тілдің санадан ажырағысыздығына, 2) тілдің шындықты, философиялық тұрғыда тануына сүйенді. Қазіргі тіл білімі тілді танымдық тұрғыда (концептуалды) қарастыруды негізгі міндеттің бірінен санайды. Тілді көркемдік құрал мақсатында ғана емес, ой-таным көрсеткіші ретінде де зерделеуді басты ұстаным етіп алған бүгінгі тіл білімінде метафора құбылысының мән-маңызы ерекше. Сөйтіп, метафора анағұрлым күрделі және маңызды құбылыс ретінде бұрынғыдан да белсенді, бұрынғыдан да жиі қарастырыла бастады. Метафора құбылысының тілдік таңбаның тура мағынасынан алшақ тұрған, ойпайымды таныта алу қабілеті онымен шектес ғылым көкжиегін басқа бір қырынан кеңейте түсті де, оның шексіз мүмкіндігі ғалымдар назарын өзіне аудара берді. Метафора көп аспектілі, көп қатпарлы құбылыс болғандықтан да, білімнің бірқатар салалары мен тіл аясында әр қырынан талдануда: ойлау тәсілі және шындықты тану «амалы» ретінде – логика, философия және когнитивті психологияның нысанына айналса; әсерлі әсемдікті әспеттеу, әрлі мен нәрсізді сипаттау үшін – эстетиканың, троптың бір түрі ретінде – поэтиканың; жаңа, тың аталым ретінде – неологияның (лексикологияның); ассоциация тудыру, ұласпалы, шектес ұғымдарды таныту тәсілі ретінде – психолингвистиканың өзекті мәселелерінің қатарынан орын алуда.

Тіл біліміндегі жаңа антропоөзекті, когнитивті бағыттардың бір бағдары ретінде, әрі олардың таным межесі ретінде де

207

метафора құбылысының мәні зор. Сондықтан да, метафора тілдегі ең бір әмбебап құбылыс бола отырып, тілді түрлі аспектіде қарастыруда шешуші рөл атқарады. Осы маңыздылығынан болар, 1978 жылы Чикагода «Метафора: концептуалды секіріс» тақырыбымен салмақты симпозиум өтті.

Бүгінгі таңда тіл білімінде метафораның танымдағы рөлі мәселесі күн тәртібінде тұр. Концептуалды метафора теориясына сәйкес, метафора тілдік көркемдегіш құрал емес, біздің ұғым-түсініктерімізді қалыптастырушы, әрі мән-мағына, таным мазмұнын саралаушы қызметінде көрінеді.

Тілдік тұлға қолданысындағы әлемнің тілдік суретін беру үшін алынған тың метафоралар жаңа концептуалды мазмұнда өз бояу реңкін аша түседі. Концептуалды метафора теориясына сүйенсек, ондай үлгілер адам ақыл-ойының, ұғым-түсінігінің нәтижесі. Адам метафоралар көмегімен өз ойын білдіріп қана қоймайды, «ол метафорамен ойлайды», өзі өмір сүріп отырған әлемді метафора көмегімен таниды [13, 59].

Метафора жасау – адам ақыл-парасатының басты көрсет-

кіші деуге болады. Адам жаңаны бұрыннан бар ескімен салыстыра отырып, әлемді таниды. Әлемді жаңа бір қырынан тануы «жаңа мен ескінің» ортақ қасиетін ашып, ортақ бір атауға біріктіру нәтижесінен келіп туындайды.

В. Маслованың тұжырымы бойынша, «Метафора – ойлау және таным құралы, ол ұлттық-мәдени танымға негізделгендіктен іргелі мәдени құндылықтарды бейнелейді [13, 61]. Олай болса, метафора – әлем туралы ой қорыту тәсілі, жаңа білім қорын қалыптастыру жолы.

Метафора сыртқы әлемді тану және игерудің маңызды құралы» десек, әлемнің бейнелі метафоралық суретін жасау тетігін анықтау адамның когнитивті әрекетінің құпиясына бойлауға мүмкіндік берері сөзсіз. Сондықтан метафора тілдік құбылыс қана емес, когниция құбылысы деп айта аламыз.

Біз сөз етіп отырған концептуалды метафора теориясы немесе қоршаған орта шындығын метафора арқылы модельдеу (кодтау) теориясы жаңа ғылыми бағыт ретінде когнитивті лингвистика шеңберінде белсенді дами бастады. Алайда бұл теория бастауы Аристотельдің «Поэтика және Риторика» трактатында қаланды деп есептеуге негіз бар. Поэтика мен шеберлік,

208

әсерлілік туралы сөз болғанда іргелі зерттеу ретінде бұл туындыға сілтеме жасамаған еңбек кемде-кем, себебі ол еңбек метафораның когнитивті аспектісін қарастырудың алғашқы бастауы деуге болады. Аристотель ұсынған тұжырымда «метафора әлемді тануға қатыса алады және одан алынған білім суретін» тілде таңбалайды [102, 13].

Метафора өз табиғатына сай антропоөлшемді. Яғни метафоралы ойлай алу қабілет тек адамға тән игілік, олай болса, метафораны игеру белгілі бір шамада адамның өзін-өзі игеруі, өзін «түсінуі»– деп қарау керек [103, 16].

Антропоөлшем айналадағы құбылысты адам білімінің ауқымымен, адам қабылдауының, түсінігінің деңгейімен бағамдайды, яғни адам барлық зат пен құбылыстың өлшемі. Жаңадан пайда болған ұғым мен әлем бейнесін тың мағынада білдіре отырып, өзге де құбылыс қатпарларына адам ойының қуаты арқылы қол жеткізбек болады.

Ал психологтардың пайымдауынша, өмірді метафоралық тұрғыда сезіну («метафоралық көзбен қарау») адамның адамдық болмысымен, генезисімен, шығу тегімен байланысты екен. Бұл метафоралық құбылыстың маңыздылығын көрсетсе керек

[104, 17].

Біздің мақсатымыз тұлға дискурсындағы антропоөлшемді метафоралар қолдануының негізгі прагматикалық функциясын анықтау; олардың орны мен рөлін айқындау;

Антропоөлшемді метафоралардың пайда болуына қоғамдық санадағы өзгерістер әсер етеді, сонымен қатар субъектінің қоршаған орта шындығына эмоционалды-бағалауыштық тұрғыда баға беру нәтижесінен; пікір қалыптастыру, адресатқа ой салу; тәрбие беру; эстетикалық әсер тудыру мақсатынан пайда болады. Ал бұлар өз кезегінде жаңа атаулар туғызады;

Бейнелілікті білдіру үшін тілдік құралдардың ішінде осы метафораға жиі жүгінеміз, алайда ол көркем шығарма стилінің бейнелілігі үшін ғана қызмет етіп қоймайды, оған әлемді тану процесін тілдік және материалдық (болмыстық) тұрғыда білдіру міндеті де жүктеледі. Ал шындығында, метафора қатаң логикалық түйсінуден алшақ тұрған идеяларға нақты бір форма береді. «Сөз – ойдың киімі», – деген пайым түйгізеді. Оның көмегімен, қисынсызды қисынды, түсініксізді ұғыныңқы ете

209

аламыз. Сондай-ақ «метафоралық ауысудың жүрер жолы мен ұстанар бағыты – нақтылықтан → дерексізге, материалдықтан → рухани дүниеге ұласады». Мысалы, мағынасы жағынан бірбірімен үйлеспейтін тіркесімдер арқылы жасалған жеке авторлық тың бірліктер Абай шығармаларында коннотациялық реңкімен ерекшеленеді. Жүрек «адам сияқты күйге түсе» алады:

ынталы жүрек, сорлы жүрек, жаралы жүрек, ауру, сұм жүрек те болуы мүмкін. Тіптен ол адам тәрізді түрлі эмоцияға беріліп, жайтаңдаған, үрпейген кейпіне енеді. Ал сезімге ерекше бөленгенде от жүрек, жалын жүрек, мұз жүрекке айналады

[4, 475] .

Ал көңіл бірде адамның өзі, бірде оның күйінің образында «жанып, сөніп, суынып қалған (көңіл) болса, келесі бір жағдайда

күңгірт көңіл, жаралы, қаралы, шын, боямасыз ақ көңіл» сипа-

тында келіп, «адам» концептісінің түрлі қалтарысын барынша терең ашу мақсатында поэтикалық образға айналады.

Ұлы Абайдың поэтикалық шығармалары өзіне ғана тән сөз өрнектерімен өрілген. Абай әлемінде метафора поэтикалық образ жасаудың құралы ғана емес, метафоралық мағына – же-

ке ой қорытындысының түйіні болып та келеді. Ақын шығар-

маларындағы ауысулар негізінен бейнелі қолданыс мақсатында екені даусыз, әйтсе де, тілдік тұлға қолданысында дүниенің тілдік суретін тану үшін образды көркемдікке жету басты меже емес. Шығарма тілін саралағанда метафора ой дәлдігі, мағына айқындығы үшін де қызмет еткеніне көз жеткіздік. Мағына айқындығы үшін бір сөзді жиі қолданысқа түсіреді. Тілдік тұлғаның нақты бір сөзді белсенді немесе жиі қолдану себебі олар білдіретін мәннің қоғамдық сипат алуымен тікелей байланысты деп түсінеміз. Мысалы, сату семасы тілдік тұлға дискурсында дүние бейнесінің тілдік суретін көрсету үшін алынған лексикалық құралдың бірі. Сату – стильдік реңкі қою, концептуалды мәні терең поэтикалық құрал қатарында жиі қолданыс тапқан. Автор өз шығармашылығында оны әртүрлі тіркес құралында басыңқы компонент етіп жұмсайды. Және суреттеліп отырған оқиғаға жағымсыз мән беру үшін қолданады, сонымен қатар, шығарма субъектісіне стильдік реңкі төмен сипаттама беру үшін де осы лексеманың семантикасын басшылыққа алады. Мысалы, жүзін сату (жылы жүзін асқа сатқан); құлағын сату (құлағын

210

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]