- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
- •1.8. Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі
- •1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
- •1.11 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
- •Дүниежүзілік тау-кен ісінің даму тарихы
- •Тау жынысы және пайдалы қазбалар Сұхбат
- •Ресей мемлекетіндегі тау-кен ісінің даму тарихы
- •Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдары
- •Инженер мамандығының қажеттілігі және оның салалары
- •Кен орындарын жерасты арқылы қазудың болашағы
- •Кен байыту саласында қолданылатын терминдер
- •Сұрақ-жауап
- •Пайдалы қазынды кен орындарының кен- геологиялық сипаттамасы
- •Маркшейдерлік істің даму тарихы
- •Металлургия саласының зерттелуі
- •Металлургия саласының зерттелуі
- •Түсті металдардың техникалық классификациясы
- •XVIII ғасырға дейінгі Ресейдегі металлургияның дамуы
- •3 Апта. 9-тәжірибелік сабақ
- •Қазақстандағы металлургияның дамуы
- •Геология ғылымы
- •Геологиялық зерттеу әдістері
- •Геологиялық зерттеу әдістері (жалғасы)
- •Геологияның халық шаруашылығындағы маңызы
- •Геологиялық зерттеу әдістері (жалғасы)
- •Полиграфияның пайда болу тарихы мен дамуы
- •Қазақстандағы баспалардың қысқаша тарихы
- •Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқалары
- •Түпнұсқалар үш топқа бөлінеді:
- •Ақпараттық технологиялар
- •Ақпарат
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютерлік вирус
- •Билл Гейтс және оның компаниясы
- •Пайда болуы
- •Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуі
- •336Тапсырма. Сөйлемдерден түбір мен қосымшаның аралығындағы кейінді ықпалға ұшыраған сөздерді табыңыздар.
- •337Тапсырма. Мәтінде кездесетін кейбір ұғымдардың анықтамасын тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
- •338Тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын сақтай отырып, дұрыс орналастырыңыздар.
- •Мұнай мен газдың халық шаруашылығындағы маңызы
- •Сәулеттік құрылыс саласы
- •Ғимараттар мен имараттардың түрлері
- •Сәулеттік құрылыс жүйелері
- •Айша бибі кесенесі Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
- •Құрылыс материалдарының өнеркәсібі
- •Құрылыс машиналары
- •Экономикалық дамудың жалпы негіздері
- •Өндіріс және оның ерекше формалары
- •Меншік – экономикалық категория
- •Меншік және иемдену заңдары
- •Экономиканы реформалау және ондағы меншіктің орны
- •Ресурстар
- •Өндіріс процесі мен тұтыну процесі
- •Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары
- •Кәсіпкерлік және кәсіпорын
- •Экология ғылымы және оның құрылымы
- •Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
- •Табиғат – тәңірдің сыйы
- •Табиғаттағы зат айналымдары
- •Машина жасау технологиясы негіздернiң даму тарихы
- •Машина жасау кешені
- •III. Аралық бақылау жұмысы.
- •Тапсырмалардың тізімі мен түрлері
- •2.3. Өздік бақылау үшін тест тапсыралары
1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
Оқытушылар туралы мәліметтер:
Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – п.ғ.к., профессор,
тегі, аты, әкесінің аты
Шүленбаева Ұ.Р. – ф.ғ.к., доцент, Әбдісүлейменова Р.Ш.– п.ғ.к., доцент,
Итемирова А.С. – аға оқытушы
Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 .
телефон, E-mail
Кафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 .
аудитория, уақыты
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы Техникалық қазақ тілі .
Кредит саны 3 .
Өткізу орны Бас оқу ғимараты
Оқу жоспарының көшірмесі
Курс |
Семестр |
Кредиттер |
1 аптадағы академиялық сағаттар | ||||
Тәжірибелік/ семин. сабақт. |
СӨЖ* |
СОӨЖ* |
Барлығы, 1 аптадағы академ. сағаттар |
Бақылау түрі | |||
1 |
1-2 |
3 |
3 |
3 |
3 |
9 |
Емтихан |
1.3. Пререквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Техникалық қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешен оларды кәсіби мамандықтарына бағыттап оқытады, болашақта кәсіби тілді қатынас құралы ретінде игеріп шығуларына көмектеседі. Бұл пәнді білу үшін техника саласының даму тарихын, өндіріс технологиясының негіздерін, әртүрлі тәсілдерін оқып білулері қажет. Студенттерге өздерінің таңдап алған техникалық мамандықтарына сай тау-кен, металлургия, құрылыс-сәулет, экономика, машинажасау, ақпараттану технологиясы, автоматика және басқару жүйесі, мұнай-газ және т.б. салалардан мәлімет алып, меңгереді.
1.4. Постреквизиттері: Техника саласындағы кәсіби мамандықтарға қажетті пәндерді білу үшін оқу бағдарламасы бойынша арнайы дайындалған курсты меңгеру қажет.
1.5. Пәннің мазмұнында әр техника саласындағы мамандықтарға
негізделген материалдар қамтылған. Сан-салалы жұмыстың түрлерін орындау арқылы студенттер тілді дамытудың жан-жақты қамтылған көптеген шараларын іске асыруға өз үлестерін қосады, мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, кәсіби сөздерді меңгеріп, тіл заңдарын орындауға атсалысады.
Студенттер кешеннің мазмұнында қамтылған жұмыстарды орындау арқылы техникалық ғылым тіліндегі ұғымдарын жетілдіреді. Ал мәтіндер арқылы танымдық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырады, кәсіби мамандықтарынан нақты деректер алады. Осы айтылғандарға орай аталған пәнді меңгерулері үшін, төмендегі мәліметтерді білу қажет:
Дүниежүзілік және Ресейдегі тау-кен ісінің даму тарихын;
Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдарын;
Тау-кен өнеркәсібінің өркендеу тарихын;
Кен орындарын жерасты арқылы қазудың болашағын;
Пайдалы қазынды кен орындарының кен-геологиялық сипаттамасын;
Металлургия саласының зерттелуін;
XVIII ғасырға дейінгі Ресейдегі металлургияның дамуын;
Қазақстандағы металлургияның дамуын;
Геология ғылымын;
Гелогияның даму тарихын;
Өздері оқитын институттың ашылу тарихын;
Геологиялық зерттеу әдістерін;
Геологияның халық шаруашылығындағы маңызын;
Мұнай мен газ көздерінің пайда боуын;
Қазастандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуін;
Экология ғылымы мен оның құрылымын;
Экологиялық шараларды;
Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелерді;
Қазіргі замандағы экологияның пәні мен міндеттерін;
Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық проблемаларын;
Сәулет өнері мен оның зерттелуін;
Ғимараттар мен имараттардың түрлерін;
Сәулеттік құрылыс жүйелерін;
Экономикалық дамудың жалпы негіздерін;
Машинажасау ғылымы саласының дамуын;
Ақпараттық технология саласын;
Автоматика және басқару жүйесін және т.б.