психиатрия с ответами
.doc
|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ПСИХИАТРИЯ ЖӘНЕ НАРКОЛОГИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА МЕН РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ «ПСИХИАТРИЯ, НАРКОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕР |
«БЕКІТЕМІН»
Дипломнан кейінгі білім және аймақаралық ынтымақтастық бойынша проректор,
профессор_________________ А.Д.Дуйсекеев
«___»________________2012ж.
ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТТЕР
«Ішкі аурулар» бағыттағы интернатураға арналған
Мамандығы – «ТЕРАПИЯ «ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР»
Пән (модуль) «Психиатрия және наркология»
Оқу сағатының көлемі (кредиттер) – 180 сағат
Тәжірибелік сабақтар – 60 сағат
ИОӨЖ-60 сағат
ИӨЖ-60 сағат
Курс – 6 – 7
Семестр – 11 - 12
Бақылау формасы: емтихан
Алматы 2012
-
7 «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫНА ПСИХИАТРИЯ БОЙЫНША БІЛІМ ЖӘНЕ ДАҒДЫНЫ ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ ҮШІН БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕМДІК ҚҰРАЛДАР:
! Кандинский-Клерамбо синдромына тән сандырақ:
* мегаломаниялық
* резидуальді
* өзін-өзі кінәлау
* +әсер ету
* ұлылық
! Өзін-өзі жатырқау - бұл:
* жалған галлюцинация
* +деперсонализация
* аутопсихикалық галлюцинация
*егіздер сандырағы
* дереализация
! Дисморфомания синдромына кіреді:
* +физикалық жеткіліксіздік
* қызғаныш сандырағы
* ұлылық сандырағы
* соңына түсу сандырағы
* көңіл күйі
! Қоршаған әлемнің шынайы еместік сезімі - бұл:
* инсценировка сандырағы
* метаморфопсия
* көру иллюзиясы
* +дереализация
* деперсонализация
! Рибо заңы бойынша – дамиды:
* антероградты амнезия
* фиксациялық амнезия
* ретроградты амнезия
* + прогрессирлеуші амнезия
* ретроантероградты амнезия
! Гиперестезия тән:
* ипохондрияға
* қорқынышқа
* есеңгіреуге
* +делирийге
* онейроидқа
! П. В. Ганнушкин бойынша психопатия белгісіне жатады
* психиканың жеке құрамының дамуының кешігуі
* +тұлғаның патологиялық мінездерінің тотальділігі
* патологиялық қиялдауға бейімділік
* төмен интеллектуальді деңгей
* мінез акцентуациясы
! Эмоциональды ұстай алмау көбірек тән:
* реактивті депрессияға
* +атеросклерозға
* эпилепсияға
* невроз тәрізді шизофренияға
* сенильді деменцияның қарапайым түріне
! Мнестикалық қызметті жақсартуға мүмкіндік туғызады:
* +аминалон
* аминазин
* анафранил
* реланиум
* галоперидол
! Науқастармен әңгімелесуге құрылған және қолданылатын сөздер аталады:
* ойлап тапқыштықтың сандырағы
* реформаторлық сандырағы
* резонерлiкпен
* +неологизм
* ойлаудың байланыссыздығы
! Аментивті синдромға тән емес:
* әрекеттің мақсатсыздығы
* инкогеренция
*+ сахналы сандырағы
* кейіннен амнезия
* төсекте қозу
! Сананың күнгірттеніп қарауытуы кезінде болады:
* аффективті күш
* автоматты әрекет
* агрессивті әрекет
* сандырак пен галлюцинация
*+ абсанс
! Кандинский Клерамбо синдромы көрінісі сияқты бастағы тамыр соғу сезімі – бұл:
* ипохондриялық синдром
* +сенсорлы автоматизм
* гиперестезия
* тактильді галлюцинация
* висцеральдi галлюцинация
! Сөндірілген сана түріне жатады:
* аменция
* делирий
* +есеңгіреу
* онейроид
* сананын карауытқан бұзылысы
! Аменция дамымайды:
* инфекциялық психоздарда
* босанудан кейінгі психоздарда
* күйік ауруында
* +шизофренияда
*алкогольдҝ психозда
! Қарауытқан сананың бұзылысынан шыққаннан кейін науқаста көрінеді:
* амнезияның жоқтығы
* ретроградты амнезиясы
* антероградты амнезиясы
* +психоз кезеңінің амнезиясы
* фиксационды амнезия
! Шынайы объектті жалған қабылдау:
* галлюцинация
* псевдогаллюцинация
* егіздер сандырағы
* дереализация
* + иллюзия
! Фотопсиялар байқалады:
* алкогольді галлюцинозда
* есеңгіреуде
* +эпилепсияда
* сопорда
* комада
! Дисфорияда сананың бұзылысы көрінеді:
* есеңгіреу
* ұйқылы-ояулы
* онейроидты
* +аффективті-тарылған
* аментивті
! Қарауытқан сананың бұзылысы белгілері
* шамадан тыс ұйқышылдық
* +мінез-құлықтың және мимиканың ситуациялық адекватсыздығы
* кататониялық тежелу
* қойылған сұраққа жауаптың тездігі
* жабысқақ ойлар
! Сандырақ ойлар
* әрқашан науқастың мінез-құлқын анықтайды
* психологиялық түзетуге келетін
* сау негізінде пайда болған
* шындыққа сәйкес келмейтін жалған ой
* +шандыққа сәйкес келетін ой
! Импульсивті әуестікке жатпайды
* дромомания
* дипсомания
* +дисморфомания
* клептомания
* пиромания
! Сопордың белгілеріне жатады
* апатия
* автоматизмы
* +гипорефлексия
* гиперрефлексия
* абсанс
! Патологиялық аффекттің диагностикалық критерилеріне жатпайды
* сананың қараутуы
* +ұйқысырау жағдайы
* тітіркендірудің күшіне және сапасына әсердің адекватсыздығы
* мәнез-құлықта мақсаттылықтың жойылуы
* аффективті жағдай кезіндегі амнезия
! Делириозды синдром құрамына кіреді
* жалған галлюцинациялар
* +психомоторлы қозулар
* өзін-өзі кіналау сандырағы
* конфабуляциялар
* ұлылык сандырак
! Апатиялық синдромға тән:
* ауру сезімді психикалық анестезия
* витальды зарығу
* деперсонализация
* дереализация
* +селқостық
! Парейдолиядан басталады
* есеңгіреу
* +делерий
* қарауыту
* аменция
* абсанс
! Патологиялық аффектте көрініс береді:
* есеңгіреу
* делерий
* онейроид
* +сананың қараңғылану жағдайы
* аменция
! Шындыққа сәйкес келмейтін, түзетуге келмейтін, патологиялық негізде пайда болған ойлар * *аталады:
* фантастикалыі ойлар
* доминанты ойлар
* жабысқақ
* аса құнды ойлар
* +сандырақ ойлар
! Делириозды сананың бұзылуы кезінде бағдардың бұзылысы көрінеді:
* өткен шақта
* екі есе бағдардың құбылысы
* +уақытта
* бағдардың толық жойылуы
* дезориентировка жоқ
! Өз денесін бұрмалап қабылдау – бұл:
* егіздер сандырағы
* дереализация
* галлюцинация
* иллюзия
* +деперсонализация
! Гиперестезия симптомы болып табылады:
* қарапайым шизофренияда
* есеңгіреуде
* ипохондриялық сандырақтың
* реактивті депрессияның
* +астениялық синромының
! ойдың ерiксiз ағымы - бұл:
* жабықақ ойлар
*аса құнды ойлар
*үстемелi ойлар
*+ментизм
*амбулаторлы автоматизм
! Жабысқақ ойлар анықталады:
* науқастың тарапынан оларға деген сынның жоқтығымен
* +науқастың олардан құтылуға талпыныстарымен
* оларды өмірде жүзеге асыруға тырысумен
* депрессия
* әсер ету сандырағымен
! Бұзылған сана түрлеріне жатады:
* абулия
* +обнубиляция
* ментизм
* мутизм
*апатия
! Прогрессирлеуші амнезия тән:
* шизофрения
* эпилепсия
* пресенилді психозов
*+қарттық ақылкемдік
* реактивті психоз
! Импульсивті әуестікке барлық бұзылыс жатады, біреуінен басқа :
* дромомания
* дипсомания
*+дисморфомания
* клептомания
* пиромания
! науқаста ойлаудың маңыздылығы тән:
*+эпилепсия
* паранойяльды психопатия
* истериялық психопатия
* реактивті депрессия
* шизофрения
! Иллюзияға тән келесілер:
* дені сау адамдарда байқалады
* жедел алкоголді психоз бастамасы болады
* аз мағлұмат болғанда
*+шынайы затты бұрмаланған түрде қабылдау
* орналасуының анық еместігі
! шынайы галлюцинацияға тән емес:
* объективті кеңістікте проекцияланады
* шындықпен жасалған
*+жасалғандай сезім болады
* жасалғандай сезім болмайды
* науқастың еркінсіз пайда болады
! жалған галлюцинацияға тән:
* негативті (дефицитарлы) симптомға жатады
*невротикалық деңгей бұзылысы
* тек шизофренияда кездеседі
*+субъективті обьекті қабылдайды
* объективті обьективті қабылдайды
! Галлюциноз синдромына тән
*+орасан көп галлюцинация
* экзогенді зақымдалуда дамиды
* эндогенді зақымдануда дамиды
* сандырақ ойлар кезінде
* аффективті бұзылыстар салдарынан
! шынайы галлюцинация пайда болады:
* маникальды синдромда
*депрессивті синдромда
* невроздарда
* +алкогольді делирийде
* улкен тырысулы ұстамада
! Галлюцинациялардың қай түрін вербальді деп атауға болатынын көрсетіңіз:
*+комментирлеуші
* тактильді
* көру
* гипногогиялық
* гипнопомпикалық
! психоздың шартсыз белгілері иллюзия болып табылады :
* эйфория жағдайында дамуы
*+Парейдолиялық
* мағлұмат жеткіліксіз болғанда дамиды
* сананың қарауытқан бұзылысында
* абсанста дамиды
! келесі психикалық ауруда галлюцинация байқалмайды:
* Шизофренияда
*+Неврозда
* Эпилепсияда
* Алкогольды психозда
* Прогрессивті параличте
! шынайы галлюцинация жиі байқалады:
* Эпилепсияда
* Реактивті психозда
* Шизофренияда
*+Алкогольды делирийде
* ақылының артта қалуында
! Шынайы бар заттарды, құбылыстарды бұрмалап қабылдау - аталады:
* галлюцинациялар
*+иллюзиялар
* деперсонализация
* конфабуляциялар
* маниакальді синдром
! Шынайы галлюцинациялар - байқалады:
*+алкогольді делирийде
* психикалық автоматизм синдромында
* маниакальді – депрессивті психозда
* шизофренияда
* ақыл – ес кемістігінде
! Корсаков синдромы кезінде - пайда болады:
* сенестопатиялар
*+конфабуляциялар
* абсанс
*параноидты синдром
* жабысқақ есеп
! Сананың қарауытуының белгісі болып табылады:
*+аллопсихикалық және аутопсихикалық бағдардың бұзылысы
* фиксациялық амнезия
* идеаторлы автоматизмдер
* кататониялық ступор
* парамнезиялар
!Кенет басталып және кенет аяқталады:
*Делирий
*Онейроид
*Аменция
*+Қарауытқан жағдай
*Үлкен тырыспалы ұстама
! Делириозды синдромға тән емес клиникалық көрініс.
* айқын шынайы көру галлюцинацияның болуы
* аутопсихикалық ориентировка сақталуы
* қозғалыс мазалау
*+Псевдогаллюцинация
* Гиперестезия
! Фиксациялық амнезия тән:
* шизофренияға
* акогольды галлюцинозға
* алкогольды қызғану сандырағына
*+корсаков психозына
* Гайе- Вернике психозына
! Психикалық автоматизмдердің болуы - тән:
*+Кандинский-Клерамбо синдромына
* паранойяльді синдромға
* астениялық синдромға
* жабысқақ жағдайлар неврозына
* апато-абулиялық синдромға
! Сандырақ ойлардың жүйелендірілген интерпретативті сипаты - кездеседі:
* Кандинский-Клерамбо синдромында
*+паранойяльді синдромда
* галлюцинаторлы-сандырақтық синдромда
* абстинентті синдромда
* маниакальді синдромдар
! Әсер ету сандырақ ойлардың басымырақ болуы - тән:
*+ Кандинский-Клерамбо синдромына
* Паранойяльді синдромға
* аффективті-сандырақтық синдромға
* галлюцинаторлы синдромға
* психопаттәрізді синдромға
! Қызғаныш, шығармашылық сандырақ ойлардың болуы - тән:
* Кандинский-Клерамбо синдромына
*+паранойяльді синдромға
* астениялық жағдайға
* Истерияға
* парафрендік синдромға
! Науқас тітіркенген, басының ішінде ерекше «бұрқылдау және сыбдырлауға» ұқсайтын сезімді сезінетінін айтады:
* гиперестезия
*+сенестопатия
* психосенсорлық бұзылыстар
* парейдолиялар
* жалған галлюцинациялар
! Науқас анық локализациясыз төс артындағы «ішінде құрт жеп жатқанға» ұқсайтын жағымсыз сезімдерге шағымданады:
* гиперэстезия
* парэстезия
* психосенсорлық бұзылыстар
*+сенестопатия
*псевдогаллюцинация
! Науқас оған бөлменің қабырғалары өзіне құлап бара жатқандай жағымсыз сезімдерге шағынады:
* деперсонализация
* гиперестезия
* +психосенсорлық бұзылыстар
*парейдолиялар
*псевдогаллюцинациялар
! Науқас терісінің астында ұсақ жәндіктер және құрттар өрмелеп жүргендей сезінеді:
* парейдолиялық иллюзиялар
*+тактильді галлюцинациялар
* вербальді галлюцинациялар
* деперсонализация
* жалған галлюцинациялар
! Науқас әлем одан алыстап кеткендей және «құбыр арқылы сияқты» қабылданатын түсініксіз сезімді сезінеді:
* шынайы галлюцинациялар
* парейдолиялық иллюзиялар
* сенестопатиялар
*+дереализация
* жалған галлюцинациялар
! Науқас «іштей өзгергенін» айтады, оның сезімдері мен ойлары бұрынғыға ұқсамайтынына шағымданады:
* сенестопатиялар
*+деперсонализация
* сенсорлы депривация
* гиперэстезия
* Дене схемасының бұзылысы
! Науқас айнаға қарап: «Қызық! Түрім менікі, бірақ іштей мен бұрынғыдай емеспін ғой» дейді:
*+деперсонализация
* сенестопатиялар
* дереализация
* парейдолиялар
* жалған галлюцинациялар
! науқас шүйдесінде «примагничиванияны» сезеді.
* шынайы галлюцинация
* парестезия
* психосенсорлы бұзылыстар
*+сенестопатия
* псевдогаллюцинация
! Науқас «ішкі көздерімен» қабырғаның арғы жағында болып жатқанның барлығын көретінін айтады:
* сенестопатиялар
* шынайы галлюцинациялар
* вербальді галлюцинациялар
* парейдолиялық иллюзиялар
*+жалған галлюцинациялар
! Науқас уақыт өте келе аяқтары үлкейгенін («пілдікі тәрізді»), ал қолдары қысқарғанын сезінеді:
* сенестопатиялар
* метаморфопсия
* +дене схемасының бұзылысы
* парейдолиялық иллюзиялар
* жалған галлюцинациялар
! Галлюцинацияларға келесілер - тән:
* негативті симптомдарға жатады (дефицитарлы)
* невротикалық дәреже бұзылысы болып табылады
* шизофрения кезінде ғана кездеседі
*+шынайы объектісіз күмәнді қабылдау
* астеникалық симптомдарға жатады
! Корсаков синдромына – тән:
*+конфабуляциялар
* сенестопатиялар
* абсанс
*параноидты синдром
* жабысқақ есеп
! Қабылдаудың қандай бұзылыстары жедел госпитализациялауға көрсеткіш болып табылады?
* комментирлеуші галлюцинациялар
* сахна тәрізді галлюцинациялар
* сенестопатиялар
*+императивті галлюцинациялар
* астениялық жағдай
! Қоршаған ортадан алшақтау, амнезия және дезориентировкамен сипатталатын белгі:
* Корсаков синдром
* кататоникалық синдром
* депрессивті синдром
* Котар синдромы
*+онейроидты синдромы
! Псевдогаллюцинацияға тән
*+жасалған сезім
* астенияның болмауы
* объективті аймақта проекция
* кешкі уақытта галлюцинация күшейеді
* эйфория
! Псевдогаллюцинация жиі байқалады:
* неврозда
*+шизофренияда
* алкогольды делирийде
* алкогольды галлюцинозда
* эпилепсияда
! Мутизм – бұл:
* ыңғайсыз қалып сақталуы
*+сөйлеу аппаратының сақталуымен толық үндемеу
* өзінің жеке өміріне кету
* эмоциональды контакт жоғалу
* тамақтан бас тарту
! галлюцинаторлы уайымдау мен психикалық автоматизм симптомының байланысы.
*+псевдогаллюцинация
* шынайы галлюцинация
* сандырақ ойлар
* жабысқақ ой
* абстинентті синдром
! Науқас көп сөйлейді, ассоциациялары беткей, оңай алаңдайды, осыған байланысты сұраққа кейде жауап ала алмайсың, жиі тақырыпты өзгертеді, алдындағы ойын аяқтамай жатып басқа тақырыптарға ауысады
*+ойлаудың жылдамдауы
* байланыссыздық
* ойдың үзілуі
* Ментизм
* Резонерлік
! Науқас үндемеген, тұйық, сұраққа біртекті жауап береді, фраза арасында ұзаққа созылған үзіліс
* мутизм
* шперрунг /ойлаудың бітелуі /
* аутистикалық ойлау
* толықтылық
*+ойлаудың баяулауы
!Науқас созып, баяу бірақ көп сөйлейді. Сөздерді қиындықпен таңдайды, детальдарда тұрып қалады, өзі жайлы әңгімеде негізгісін ажырата алмайды:
*ойлаудың баяулауы
* шперрунг
* резонерлік
*+патологиялық байымдылық
* паралогиялық ойлау
! Науқас сөздерді дұрыс құрастырады, бірақ кездейсоқ ассоциацияларды қолданады, сондықтан сөздерінде логикалық мағына жоқ:
* байланыссыздық
*+ойдың үзілісі
* вербигерациялар
* резонерлік
*символикалық ойлау
! Науқас дәрігердің шағымдары, өзін сезінуі, денсаулық жағдайы жайлы барлық сұрақтарына бір ғана жауап береді: «Басымнан ұрды... Мені басымнан ұрды... Ұрды басымнан...»
* ойлаудың тыңғылықтығы
* жабысқақ ойлар
*резонерлік
* паралогиялық ойлау
*+персеверациялар
! Науқас басында бағынбайтын ойлар ағымының пайда болғанын айтады
* ойлаудың жылдамдауы
* байланыссыздық
* ойдың үзілісі
*+ментизм
* персеверациялар
! Науқас әңгіме кезінде «кенет басынан ойдың ұшып кеткенін» айтып әңгімесін кенттен үзе салады:
* байланыссыздық
* ойдың үзілісі
* ментизм
*+шперрунг
* метафизикалық интоксикация
! Науқас көп сөйлейді, қойылған сұраққа жауаптың орнына әңгіме тақырыбынан алыс, кейбір философиялық - этикалық шұғыл абстрактілі мәселелерді талқылайды:
* ойлаудың тыңғылықтылығы
* персеверациялар
* ойлаудың баяулауы
* паралогиялық ойлау
* +резонерлік
! Бұрын философияға қызығушылығы болмаған науқас философиялық терминдермен және категориялармен олардың мағынасын ескермей нәтижесіз талқылаулар жасайды:
* сандырақ
*+метафизикалық улану
* аса құнды ойлар
* паралогиялық ойлау
* жабысқақ ойлар
! Кандинский-Клерамбо синдромымен жүретін аурулар:
*+шизофрения
* истерия
* маниакальді-депрессивті психоз
* жабысқақ жағдайлар неврозы
* Ганзер синдромы
! науқастың жүріс-тұрысының әлеуметтік-қауіпті формасы төменде берілген бұзылыстардың қайсысында байқалады
* комментирлеуші галлюцинация
* парейдолиялық иллюзия
* сенестопатия
*+императивті галлюцинация
* депрессивті жағдай
! дәрігер қандай критерий бойынша науқастың ойлау патологиясын негіздейді:
*+туғандарының анамнестикалық мәліметтері
* науқаспен сөйлесу және қарап тексеру
* науқас жүрісінің объективті көрінісі
* науқас шағымдары
* берілгеннің ешқайсысы
! Науқастың сындық бағасы байқалады:
* сандырақ ойлары
* аса бағалы ойлар
* галлюцинация
*+жабысқақ ойлар
* сенестопатия
! Кандинский- Клерамбо синдромында психикалық автоматизм байқалады:
* бар бұзылыстың ауыру сипатымен берілген сана
*+псевдогаллюцинация
* шынайы галлюцинация
* ұлылық сандырақ ойлары
* сындық жағдай
! Ассоциацияның жедел ағымы байқалады:
* эйфория жағдайында
*+маниакальді синдромда
* эйдетизмде
* депрессияда
* дисфорияда
! Моторлық тежелу - байқалады:
*+депрессивті синдромда
* дисфория жағдайында
* маниакальді синдромда
* кататониялық қозуда
* гебефрениялық қозуда
! өзіндік мүмкіншілігін, қабілетін асыра бағалау байқалады:
* депрессивті синдром
*+маниакальды синдром
* дисфория
* астениялық состояния
* кататониялық қозу
! Эмоцияның тегістелуі, төмендеуі (уплощенность) - кездеседі:
* депрессивті синдромда
* маниакальді синдромда
* деменцияда
*+апато-абулиялық синдромда
* астенияда
! Өзін-өзі кінәлау және өзін-өзі жою ойлары - байқалады:
*+депрессивті синдромда
* дисфория жағдайында
* ипохондриялық сандырақта
* маниакальді синдромда
* астениялық синдромда
! Науқас әйеліне деген қатынасын бірден өзгерткен: оның іш киімдерін тексере бастады, оның ойынша ол киімдерден жезөкшеліктің белгілерін айқындайтын іздер табады. Өзі шомылып жатқанда, әйелі оның көзіне шөп салатынын айтып, оны ұрады.
* символикалық ойлау
* +қызғаныштың сандырақ ойлары
* аса құнды ойлар
* жабысқақ ойлар
* психикалық автоматизмдер
! Науқас дәрігер-психотерапевтке сексуальді сферадағы мүмкін болатын әлсіздігі жайлы үнемі миынан кетпейтін жаман ойлардан арылу мақсатында көмек сұрап келді.
* персеверация
* ипохондриялық сандырақ
* аса құнды ойлар
* +жабысқақ ойлар
* психикалық автоматизмдер
! Науқасты оның ойларын біреу басқарып отыр деген сезім үнемі мазалайды. Олар оның еркінсіз, өздігінен жүреді.
* бөліну
* персеверация
* метафизикалық интоксикация
* жабысқақ ойлар
* +психикалық автоматизмдер
! Студент сабақтарына үлгермейді, себебі ойлары оны тыңдамайды, «бір бірімен соғысады, бірігіп кетеді және таратылып» кете беретінін, біреу оларды басқарып отырғандай сезінеді.
* +психикалық автоматизмдер
* рәміздер
* ипохондриялық сандырақ
* жабысқақ ойлар