Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы бойынша тест тапсырмалары
1.Тұтас ағзаның, оның жеке мүшелері мен жүйелерінің қызметін зерттейтін ғылым
-
анатомия
-
*физиология
-
валеология
-
морфология
-
зоология
-
Гомеостаз деген не
-
*ішкі ортаның салыстырмалы тұрақтылығы
-
ішкі ортаның жағдайы
-
ішкі мүшелердің жағдайы
-
ішкі мүшелердің тұрақтылығы
-
ішкі ортаның абсолютті тұрақтылығы
-
Постнаталдық онтогенез –
-
*туғаннан кейінгі кезең
-
ұрық пайда болған кезден басталады
-
ұрықтың 3-айлық кезеңінен басталады
-
жүктіліктің соңғы айынан басталады
-
туғанға дейінгі кезең
-
Балалардың физикалық өсіп-дамуын бағалайтын әдіс?
-
тамыр соғуын және қан қысымын анықтау
-
*антропометриялық өлшеу
-
биохимиялық зерттеу
-
жүйке жүйесі типтерін анықтау
-
дене ұзындығын, салмағын өлшеу
-
Баланың физикалық даму көрсеткіштері М+2-дан М+3ға дейінгі аралықта болғанда, оның физикалық дамуы қалай бағаланады?
-
төмен
-
орташа
-
*орташадан жоғары
-
жоғары
-
орташадан төмен
-
Бала өсуінің алғашқы қарқыны қашан байқалады?
-
*туғаннан 1 жасқа дейін
-
1-3 жасқа дейін
-
6-7 жас аралығында
-
жыныстық жетілу кезеңінде
-
туғаннан 1 айға дейін
-
Физиометрияға физикалық дамудың қандай белгілері жатады?
-
сүйек-бұлшықет жүйесінің даму дәрежесі
-
*өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қолдың бұлшықет күші
-
бой ұзындығы, дене салмағы және кеуде шеңбері
-
бұлшықеттің даму дәрежесі, майдың жиналу дәрежесі
-
жыныстық жетілу белгілері
-
Әйел адамдар шамамен неше жасқа дейін өседі?
-
15-17
-
16-18
-
18-22
-
20-25
-
*20-22
-
Пубертаттық немесе жыныстық жетілу кезеңі?
-
3-5
-
6-7
-
7-10
-
*12-15
-
17-18
-
Өсу мен даму процесінің гетерохрондылығы:
-
жылдам өсу
-
сыртқы ортамен байланысы
-
баяу өсу
-
жыныстық жетілудің ерте тоқтауы
-
*өсу мен дамудың әркелкілігі
-
Баланыңң психикалық және функциональдық дамуының тездеуі қалай аталады?
-
адаптация
-
*акселерация
-
ретардация
-
аккомодация
-
дұрыс жауап жоқ
-
Жаңа туған нәресте кезеңі қай уақытқа дейін созылады?
-
Туғаннан 1 жасқа дейін
-
туғаннан 4 аптаға дейін
-
туғаннан 3 жасқа дейін
-
*туғаннан 10 күнге дейін
-
Туғаннан 1 айға дейін
-
4-7 жас қандай кезеңді құрайды?
-
нәрестелік кезең
-
еметін шақ
-
алғашкы балалық шақ
-
*бірінші балалық шақ
-
жыныстық жетілу кезеңі
-
Нейрон неден тұрады?
-
*дене мен өсінділерден
-
аксон мен дендриттен
-
ядро мен цитоплазмадан
-
жүйкелерден
-
жүйке түйіндерінен
-
Тітіркенуді қабылдаушы:
-
*рецепторлар
-
эффекторлар
-
мембраналар
-
синапс
-
жүйке жасушасы денесі
-
Нейрон өсіндісі аксонның негізгі қызметі:
-
тіректік
-
жинақтау
-
қоректендіру
-
*нерв импульсін басқа жасушаға жеткізу
-
иррадиация
-
Синапста қозуды бір нейроннан екінші нейронға немесе нейроннан жұмысшы мүшеге жеткізетін химиялық белсенді зат –
-
рецептор
-
эффектор
-
* медиатор
-
фермент
-
қышкылдар
-
Жұлыннан неше жұп жүйке тарайды?
-
8
-
10
-
24
-
* 31
-
12
-
Шайнау, жұтыну, ему, сілекей бөлу сияқты әрекеттерді реттейтін орталықтар мидың қай бөлімінің қызметіне тәуелді?
-
аралық
-
ортаңғы
-
мишық
-
*сопақша
-
Вароли көпірі
-
Ортаңғы мидағы қызыл ядроның қызметі қандай?
-
жүйке импульстерін өткізу
-
ағза температурасын реттеу
-
қимыл әрекеттерін реттеу
-
*қанқа бұлшықеттерінің тонусын реттеу
-
Е) қан қысымын реттеу
-
Сыртқы ортаның өзгерісін қабылдайтын рецепторлар:
-
хеморецепторлар
-
*экстерорецепторлар
-
проприорецепторлар
-
тепе-теңдік рецепторы
-
дәм сезу рецепторы
-
Қозудың орталық жүйке жүйесінде таралуы қалай аталады?
-
индукция
-
*иррадиация
-
концентрация
-
трансформация
-
доминанта
-
Балалардың үзіліс кезіндегі қозғалу белсенділігінің жоғары болуын
қалай түсіндіруге болады ?
-
теріс индукция
-
оң индукция
-
иррадиация
-
* бір ізді индукция
-
доминанта
-
Дәм сезу сенсорлық зонасы үлкен ми сыңарларының қай бөлігінде орналасқан?
-
маңдай
-
*төбе
-
шүйде
-
самай
-
шүйде және самай бөлігі аралығында
-
12-15 жас аралығында балалардың эмоциялық реакцияларының тұрақты болмауы мидың қай бөлімінің қызметіне тәуелді ?
-
сопақша
-
мишық
-
ортаңғы
-
*аралық
-
базальды ганглиялар
-
Рефлекс дегеніміз:
-
нерв импульсі
-
рецептор
-
*ОЖЖ қатысуымен әр түрлі тітіркендіргіштерге организмнің жауап беру реакциясы
-
атқарушы ағза
-
ақпаратты жеткізу
-
Ми рефлекстері деген еңбектің авторы:
-
Введенский
-
Павлов
-
Шеррингтон
-
*Сеченов
-
Декарт
-
Шартсыз рефлекстердің ерекшеліктері:
-
өмір бойы қалыптасады және тұқым қуаламайды
-
*туа пайда болған, тұрақты, тұқым қуалайды
-
рефлекторлық доғасы ми қыртысының қатынасуымен қалыптасады
-
рефлекторлық доғасы тұрақты емес, тұқым қуаламайды
-
рефлекторлық доға тұрақты емес, өмір бойы өзгерісте болады.
-
Жоғары жүйке әрекетінің типтері жіктелуінің негізіне не жатады ?
-
*жүйке процестерінің күші, ширақтығы және тепе-теңдігі
-
жүйке процестерінің иррадиациясы
-
жүйке процестерінің трансформациясы
-
жүйке орталықтарының стереотиптігі
-
жүйке орталықтарының доминанттігі
-
Адамның жоғары жүйке әрекеті процестерінің ерекшелігі: