- •Стандарттау, метрология және сертификаттау
- •Алғы сөз
- •1.3 Стандарттаудың санаттары мен түрлері
- •Кесте 1.1 - Ұйымдық стандартты белгілеу тәртібі
- •1.6 Мемлекеттік стандарттау жүйесінің ақпараттық инфроқұрылымының нормативтік құжаттамасы
- •1.8 Қызметті стандарттау
- •1.9 Халықаралық стандарттау
- •Исо халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтері
- •2 Тарау. Метрология және техникалық өлшеу
- •2.1 Қазақстан Республикасында метрология жүйесінің қысқаша даму тарихы мен қазіргі жағдайы
- •2.2 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Гост 8.417 бойынша уақытша қолдануға жіберілген жүйесіз өлшеу бірліктері:
- •2.3 Метрология және метрологиялық өлшеу бірлігін
- •2.4. Өлшеу құралдарының сұрыпталынуы және олардың негізгі метрологиялық көрсеткіштері
- •2.5 Өлшеу әдістері мен түрлері
- •2.6 Мөлшерлерді өлшеу құралының кателігін есепке алу
- •2.7 Өлшеу кұралдарының біркелкілігі және өлшеу құралдарын сынау
- •2.8 Өлшеу құралдарын (өқ) салыстырып тексеру
- •2.9 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау, бақылау және өлшеу құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу
- •3 Тарау. Сертификаттау негізі
- •3.1 Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары
- •3.2 Сәйкестікті растаудың негізгі түрлері
- •Сәйкестікті растау
- •3.3 Сәйкестікті растау сұлбасы
- •3.4 Өнімнің сәйкестігін растау тәртібі
- •3.5 Сәйкестікті растаудың маңызды салалары
- •3.5.1 Өнеркәсіп өнімдерін сертификаттау
- •3.5.2 Сапа жүйесін сертификаттау ережелері мен тәртібі
- •3.5.3 Экологиялық сәйкестікті растау
- •3.6 Қызмет етуді сертификаттау жұмысының тәртібі
- •3.7 Шетелдік өнімдерді сертификаттау ерекшелігі мен тәртібі
- •Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы – аудитор
- •4 Тарау. Аккредиттеу негіздері
- •Аккредиттеу саласында қолданылатын негізігі ұғымдар және аккредиттеу принциптері
- •4.1 Аккредиттеудің даму тарихы мен халық-аралық тәжірибесі
- •4.2 Қазақстанда аккредиттеуді дамытудың перспективалары
- •1 Сатып алушылар үшін артықшылықтар
- •2 Өндірушілер мен жеткізушілерге арналған артықшылықтар
- •4.3 Аккредиттеу саласына қатысушылар
- •4.4 Аккредиттеуге жалпы сипаттама және тіркеу тәртібі
- •4.5 Аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу тәртібі
- •4.6 Аккредиттеу субъектілері
- •4.6.1 Аккредиттеу жөніндегі орган
- •Сәйкестікті растау органын аккредиттеу тәртібі
- •4.6.3 Сынау зертханаларын аккредиттеу тәртібі және кезеңдері
- •4.8 Қазақстан республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу тәртібі
- •4.9 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында тәуелсіз сараптама бағалауды жүргізу құқығына аккредиттеудің талаптары және тәртібі
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
4.5 Аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу тәртібі
Аккредиттеу аттестатын қайта ресiмдеу:
● оның ұйымдық-құқықтық нысаны (қайта құрылған), орналасқан жерi, аккредиттеу субъектiсiнiң атауы өзгерген;
● аккредиттеу саласы кеңейген немесе қысқарған жағдайда жүзеге асырылады.
● Аккредиттеу субъектiсi шешiм қабылдаған сәттен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде уәкілеттi органға аккредиттеу субъектiсi, аккредиттеу саласының кеңеюi немесе қысқаруы туралы жаңа мәлiметтер көрсетiлген аккредиттеу аттестатын қайта ресiмдеу туралы өтінiш беруi керек.
● Осы Ереженiң 17-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде аккредиттеу субъектiсi сәйкестiктi растау жөнiндегi және аккредиттеу саласына сәйкес жүргiзiлетiн сәйкестіктi растау мақсатындағы сынақтарды өткiзу жөнiндегi қызметті тоқтатуы және отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей комиссияның қарауы және аккредиттеу аттестатын қайта ресiмдеу туралы немесе қайта ресiмдеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауы үшін аккредиттеу материалдарына енгізілетiн өзгерiстердi уәкілетті органға беруi қажет.
● Уәкілетті орган отыз күнтізбелік күн iшiнде аккредиттеу аттестатын қайта ресiмдеу немесе қайта ресiмдеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Бұл ретте аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi бұрынғыша қалдырылады.
Аккредиттеу аттестатын қайта ресiмдеуден бас тартқан жағдайда өтiнiш иесi Ережеге сәйкес аккредиттеуден өтедi.
Ереженiң талаптарын орындамаған жағдайда, зертхана көрсетiлген тармақтарды тиiстi түрде орындағанға дейiн уәкілеттi орган аккредиттеу аттестатын керi шақыртады.
Керi шақырту себептерiн жоймаған жағдайда үш ай iшiнде аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылады.
Аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою, жарамсыз деп тану
Уәкiлеттi орган:
● өтiнiш иесiнiң бастамасы бойынша;
● аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi iшiнде сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдер және стандарттау жөнiндегі нормативтiк құжаттар талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда алты айға дейiнгі мерзiмге аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдау құқығына ие.
Осы тармақта көзделген жағдайларда уәкілеттi орган аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұру туралы бұйрық шығарады, бұйрықтың көшiрмесi аккредиттеу субъектiсiне және аккредиттеу субъектiсiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдарға жiберiледi.
Аккредиттелген субъект хабарлама алған күннен бастап сәйкестiкті растау жөнiндегi және аккредиттеу саласына сәйкес сәйкестiктi растау мақсатында сынақтар жүргiзу жөнiндегi қызметті тоқтатуы және бұзушылықтарды жоюы керек.
Анықталған бұзушылықтарды жойғаннан кейiн аккредиттелген субъект аккредиттеу аттестатының қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдау үшiн уәкілеттi органға көрсетілген бұзушылықтардың жойылғаны туралы мәлiметтер бередi.
Уәкілетті орган он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде бұзушылықтарды жою фактісi бойынша тексеру ұйымдастырады, одан кейiн жетi күнтiзбелiк күн iшiнде аккредиттеу аттестатының қолданылуын қалпына келтiру немесе қалпына келтiруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Анықталған бұзушылықтарды жоймау қолданыстағы заңнамаға сәйкес аккредиттеу аттестатының күшiн жоюға әкеледi.
Аккредиттеу аттестаты мына жағдайда жойылады:
● олар бойынша аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылған себептердi жоймаған жағдайда немесе аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi iшiнде техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленген талаптардың қайтадан бұзылуы анықталған жағдайда;
● аккредиттеудiң белгіленген саласында сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындауда оның құзыретiне күмән келтiретiн аккредиттеу субъектiсiнiң қызметiнде бұзушылықтар анықталған жағдайда;
Сондай-ақ, аттестатты алу кезiнде аккредиттеу субъектiсi көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайда уәкiлетті органның өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сот жүргiзедi.
Өтiнiш иесi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмге шағымдану құқығына ие.
Аккредиттеу аттестатын жоғалтқан жағдайда аккредиттеу субъектiсi:
● уәкiлеттi органның ресми баспа басылымында аккредиттеу аттестатының нөмiрiн, берiлген күнi мен қолданылу мерзiмiн көрсетiп, аккредиттеу аттестатын жарамсыз деп тану туралы мәлiметтi жариялауы;
● уәкiлеттi органға аккредиттеу аттестатының нөмiрiн, берiлген күнiн, қолданылу мерзiмiн және бекiтiлген аккредиттеу саласын көрсетiп, аккредиттеу аттестатын жарамсыз деп тану туралы және аттестаттың төлқұжатын беру туралы өтiнiш беруi қажет.
Өтiнiшке осы Ереженiң 26-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәлiметтердiң жарияланғанын растайтын құжат қоса берiледi.
Аттестаттың төлқұжаты өтiнiш берілген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде берiледi.