Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

47

.pdf
Скачиваний:
10
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.5 Mб
Скачать

Сандықтың түрлері мен қолданылу ауқым:Сандықтың көлемі мен қолдануна қарай үлкен сандық ,қолсандық және шайсандық деп ажыратылады . Оларды құрастыру және көркемдеу тәсілдері қазақ елінің барлық аймақтарында ұқсас болып келеді. Осындай үлкенді – кішілі Сандықтардың құрлысы менкөркемделу жағынан мынандай түрлеріболағандығынмузейқорларындасақталғанСандықтардан көруімізге болады:

Көлемі айтарлықтай үлкен , екі қапталында қосалқы қоржындары ,төменгі жағында өрнектеп шапқан аяғы бар ,алдыңғы беті қаңылтыр тіліктермен әшекейленген Сандықтар

Көлемішағындау, ықшам,бетіменекібетісимметриялыою-өрнекпенәшекейленген, оймыштың2- 3 түрі қолданылған сандықтар.

Сандықтың көркемделуіне байланысты аймақтық ерекшеліктер бар .Мәселен, Ақтөбе аймағы шеберлерінің қолынан шыққан сандықтар түгелдей сүйектеумен, ал басқа аймақтарда сандықтар оймыштап түсірілген ою-өрнектерімен ерекшеленеді.

Халық тілінде Сандық деген ұғымда абажа , әбдіре, арша ,жағлан және т.б. атаулары қолданылған

. Мысалы , абажа – ағаш тақтайлардан құрастырылып жаслатын Сандықтардың ішіндегі ең үлкені. Абажа – ағаш тақтайлардан құрастырылып, былғарымен, киізбен қапталған, ұзындығы бір құлаш, биіктігі жарты құлаштай көлемді уй жиһазы. Абажа тым үлкен болғандықтан оған көп зат кетеді, сондықтан оны көтеру, қозғау ауыр болады. Осыны шеберлер ескеріп Сандықтың екі бүйіріне қос тұтқа орнатқан. Көлемі шағындау және неғұрлым кішкенем сандықтар түрлеріне әр аймақтың жергілікті тұрғындары арасында қолданылатын әржі, бөріге, жағлан, қолсандық және т.б. деп аталады

.Осылардың ішінде былғарымен қапталып, әр жеріне алтын, күміс шытырлар қондырып әшекейленіп,ұзыатылатын қыздың жасауына деп арнайы жасалатын жағланға киім-кешек, әртүрлі бұйымдар салынады киім-кешектер мен сақ түйек бұйымдарды салуға түрлі түсті бояулармен боялған немесе сүйектермен әшекейленген шағын көлемдегі қолсандық деп аталатын сандықтар пайдаланылған. Ыдыс аяқ пен шай жабдығын салуға арналған кішкене сандықтар халық тілінде бөгіре немесе бөгіребас, шайсандық деп аталады. Кей жерлерде шайсандықты текшесандық деп атайды.

Сандық – ұлттық бұйым. Сандық әр түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған тұрмыста қолданылатын үй жиһаздары негізіне жатады. Сандықтар күні бүгінге дейін қазақ жерінің барлық өңірінде кездескенімен, кең қолданыстағы түрі ағаш сандықтар. Ал, дәстүрлі тұрмыста қолданыста болған жағлан, киіз сандық, сүйек сандық, кебеже сияқты түрлерін музей қорлары мен экспозицияларынан кездестіруге болады. Үйде сандық ұстау, сандықты үйдің негізгі бір жиһазы ретінде санау дәстүрі Сыр өңірінде және қазақ жерінің батысында берік сақталған, әрі бұл өңірлерде қазіргі кездегі жергілікті шеберлердің барлығы дерлік сандық соғу әдісін меңгерген. Сандыққа мән берудің тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналып отырғаны бұл өңірлерде қазақы дәстүрлер берік сақталғанымен, қазақи аймақ екендігімен тығыз байланыты.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Халел Арғынбаев Қазақ халқының қолөнері. Алматы Өнер. 1987 .

2. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы . Алматы:1974 . ҚСЭ 4- т.

Р. Г. КУЗЕЕВТІҢ ШЕЖІРЕТАНУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Әлімхан Дәурен

«Археология және этнология» мамандығының 4-курс студенті.

Ғылыми жетекшісі: Тургунбаев Е.М.

Қазіргі уақытта көптеген түркі халықтарында қалыптасқан шежіре-генеалогиялық жылнамаларды зерттеу өзекті, әрі талдау мәселелерін талап етеді.

Башқұрт этникалық тарихының көптеген мәселелерін зерттеу және зерттеудің хронологиялық шеңберін кеңейту ғылыми айналымға башқұрт шежерінің деректерін енгізу арқылы мүмкін болды.

Өзінің шығармашылығын башқұрт шежіресіне немесе генеалогиялық жылнамаларға арнаған зерттеушілердің бірі – көрнекті ғалым Раиль Гумерович Кузеев, РҒА корреспондент-мүшесі, Башқұртстан Республикасы ҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, көрнекті ғалым - этнолог, Уфа қаласындағы Археология және этнография мұражайының негізін қалаушы, Ресей Ғылым Академиясының Уфа ғылыми орталығындағы этнологиялық зерттеу орталығының бірінші директоры. Ол тарихи және дәстүрлі этнография, әлеуметтік-экономикалық және саяси тарих, мәдениет тарихы, археология, антропология және популяциялық генетика, шежерология, музеология, этнодемография,

211

этнолингвистика, этносоциология және этнополитология сияқты бағыттарды әзірлеуге белгілі бір үлес қосты.

Оның оқушысы, т. ғ. д., профессор Р. И. Якупов, Р.Г. Кузеевтің этнограф ретінде қалыптасуы С.П. Толстов, Н.Н. Чебоксаров, С.А. Токарев, И.М. Потехин, С.М. Абрамзон және басқа да зерттеушілердің есімдерімен, сондай-ақ өткен ғасырдың бірінші жартысында құрылған КСРО ҒА Н.Н. МиклухоМаклай атындағы классикалық мектеппен де тығыз байланысты екенін айтып өткен болатын. Р.Г. Кузеев КСРО ҒА Ортаазиялық экспедициясына қатысып, далалық этнографиялық жұмыс тәжірибесін жинақтады.

Ғылыми ізденістердің маңызды нәтижесі ретінде Р. Г. Кузеевтің алғаш рет 25 шежіренің фотокөшірмелері, транскрипциясыжәнеорыстілінеаудармасыжасалған"Башкирскиешежере" (1960) кітабы саналды. Негізінде генеалогиялық жылнамаларда болған башқұрт шежіресі бастапқыда ауызша түрде болған. Алайда, Р.Г. Кузеев жазғандай, "XV-XVI ғғ. өндірістік күштің дамуына және қоғамдық өмірдегі прогреске байланысты башқұрттарда ресми жазбаша редакцияны құру қажеттілігі туындады және осылайша шежіренің жазбаша нұсқаларын құру қажет болды, кейіннен олардан көптеген көшірмелерді алу кезінде, әдетте, азырақ өзгерістерге ұшырады" [1, 13 б. ].

Башқұрт шежіресінің құрылымы мен мазмұны бойынша үш топқа бөлуге болады: 1) ер адамның аттарымен тізбектелетін генеалогиялық ағаш; 2)түсіндірме сипаттағы мәтіндері бар генеалогиялық схема; 3) шежіре-хрониканы, жылнаманы, аңызды еске салатын мәтін.

Р.Г. Кузеевтің «Башкирские шежере» жинағында 25 шежіре жариялаған болатын. Жинаққа Юрматы, Мин, Бурзян, Қыпшақ, Үсерған, Тамьян, Табын және Айле тайпалары, яғни Шығыс Башкирияның ең ірі шежірелі ұйымдары кірді. Сонымен қатар жинаққа Башкирияның тарихы мен этнографиясы тұрғысынан қызығушылық танытатын шежірелер енгізілген.

«Происхождение башкирского народа» "Башкир халқының шығу тегі" атты басқа монографияда Р.Г. Кузеев өз қорытындыларын нарративті және құжаттық материалдар мен далалық бақылаулар негізінде қалыптастырмай, сонымен қатар оларды этногония(шежірелік, халықтық аңыздар, эпикалық шығармалар) материалдарымендесалыстырыптексерді. тексереді. Авторосыпікірінбылайбілдіреді: "Башқұрт этникалық тарихының көптеген мәселелерін зерттеу және зерттеудің хронологиялық шеңберін кеңейту ғылыми айналымға башқұрт шежіресін енгізудің арқасында мүмкін болды" [2, 33 б. ].

1976 жылы 27-29-қыркүйекте Алматы қаласында өткен ІІ Бүкілодақтық түркология конферен– циясында Р.Г. Кузеев пен Р.Х. Халикованың бірлескен баяндамасында башқұрттардың генеалогиялық жазбалары, олардың жиналу тарихы, сондай-ақ оларды ғылыми айналымға енгізу қажеттілігі туралы айтылды. Бірлескен баяндаманың авторлары башқұрт шежіресін тарихи дерек көзі және тіл ескерткіші ретінде пайдалану, "генеалогиялық жазбалардың" табиғатын белгілеу және олардың тұрмыс-тіршілігі, шежіреге байланысты материалдарды жинақтау, баспаларда жариялау секілді мәселелерге ерекше назар аударды [3, 335-357 б. ].

Р.Г. Кузеевтің бастамасы бойынша археологиялық ізденістерді жүзеге асыру басталды: олардың мерзімін белгілеу мақсатында шежіре қолжазбаларын анықтау, зерттеу үшін мазмұнын ашу, каталогтауды жеңілдету және алдын ала және мұқият жүргізілген текстологиялық дайындықпен бірге жекелегенжазбаескерткіштерініңфаксимильдібасылымдарынсипаттау. Қолжазбалардысипаттаудың әр түрлі тәсілдері мен қағидалары үнемі жетілдіріледі. "Шығыс жазбасының ескерткіштерін мұқият сипаттау – дереккөзді зерттеудің, оның жариялануының маңызды алдын ала шарты, одан барлық мүмкін болатын деректік ақпаратты алудың маңызды алғышарты. Бұл жерде археографиялық және текстологиялық міндеттердің өзара байланысын атап өту орынды: құжаттардың археографиялық дайындығы тек мәтіннің алдында ғана емес, сонымен қатар оның деңгейін, сондай-ақ мәтінді тарихи интерпретациялаудың толықтығын алдын ала анықтайды", - деп атап өтті Р.Г. Кузеев [4, 8 б. ].

Башкирия тарихы мен этнографиясы бойынша дәрістерге дайындық материалдарында Р.Г. Кузеев былай деп жазды: "шартты түрде сол жағалау қыпшағын қыпшақ толқыны, оң жағалауын – половец деп атауға болады. Олар антропологиялық, диалектілермен, кейбір мәдени белгілермен ерекшеленді. Осы және басқалары да Волго-Орал өңірінің тұрғындарына, башқұрттарға әсер етті" [5, 118 б. ].

Осылайша, башқұрт генеалогиялық жылнамалар-шежіре – құнды тарихи дереккөздер. Башқұрттардың этногенезі мен этникалық тарихы, генеалогиялық жылнамаларшежірелер мәселелерін шешу үшін басқа да дереккөздермен қатар зерттеу Р. Г. Кузеевтің көп қырлы ғылыми қызметініңнегізгімазмұныболыптабыладыжәнеғылымизерттеудіңжаңабағытышежіреологияның бастауына жол ашты.

212

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кузеев Р.Г. Башкирские шежере. – Уфа: Башкирское книжное издательство, 1960. – 304 с.

Кузеев Р.Г. Происхождение башкирского народа: Этнический состав, история расселения. – Москва: Наука, 1974. – 572 с.

Кузеев Р.Г., Халикова Р.Х. Башкирские шежере-памятники истории языка // Проблемы современной тюркологии: МатериалыII Всесоюзнойтюркологическойконференции, 27-29 сентября1976 г., г. Алма-Ата. – Алма-Ата: НаукаКазахской ССР, 1980. — С. 355-357.

Кузеев Р.Г. О задачах археографических и текстологических исследований памятников восточной письменности // Вопросы описания и каталогизации восточных рукописей Южного Урала: материалы сб. – Уфа, 1985. – С. 5-13.

АнтоновИ.В. РаильГумеровичКузеевобэтническойисторииВолга-Уральскогорегионавэпоху средневековья. – СПб.:

ООО “Своё издательство”, 2015. – 248 с.

ҚАРАҚАЛПАҚТАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА XVIII-XX Ғ.Ғ БАСЫНДА ҚОНЫСТАНУЫ МЕН ТАРИХИ ЖАҒДАЙЫ

Тәлім Аяулым

АЭ мамандығының 1 курс магистранты.

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к. Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы

Халықтардыңтарихитағдырлары– солхалықтардыңэтникалық территориясыдепаталына алатын қандайда бір географиялық аймақпен тығыз байланысты. Бұл территорияларды мекендеушілер осы халықтардың этникалық ерекшелігін айқындайтын өзіндік шаруашылық тәжірибесі мен салт дәстүрін ұрпақтан – ұрпаққа мұра етті.

Әлем халықтарының, ал соның ішінде Орта Азия халықтарының тұрмысы мен мәдениеті өзара тығыз байланыста дамығандығына сан ғасырлық тарихтың барысы куә.

Бүгінде, әр халық өзінің тарихи тағылымын толық игеріп, өткенін саралап, ұлттық сипатын зерделеген шақта салт-дәстүр мәселесі біз үшін маңызды.

Қарастырып отырған кезең-аймақ халқының әлуметтік-экономикалық, этникалық, саяси және мәдениөзгерістеркезеңіеді. Бұлкезеңде ОртаАзияхалықтарын Ресейимпериясыөзқұрамынақосып алған болатын. Кеңестік дәуірдің саяси идеологиялық саясатының ықпалында ұмытылуға айналған дүниетаным, рухани мәдениеттің кенже қалуы, бүгінгі заман талабы тудырған қоғамның рухани өміріне қажетті игіліктердің барлығын түбегейлі зерттеудің мәселесі тұрғысындағы бағдардың бір саласы. Қарақалпақтар– ӨзбекстанқұрамындағыҚарақалпақ Республикасынмекендейтінтүркітілдес халық және Қазақстанда өмір сүріп жатқан 25 түркі халықтарының бірі болып табылады. Зерттеушілердің пікірінше, қарақалпақтардың арғы тегі – б.з.б. Арыс жағалауынан бастап Жайық өзенінің аралығын, Солтүстік Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонған тайпаларға саяды. XVI ғасырларда Үлкен Ноғай ордасынан қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бөлініп шыққан. Қазақ және қарақалпақ түркілері этностық қалыптасу кезеңдерінен бастап қоян-қолтық араласып, саяси-әлеуметтік, экономикалық және тілдік тұрғыдан ылғи да өзара ықпалдастықта дамыды.

Мысалы, 1723 жылғы Жоңғарлардың шабуылынан «ақтабан шұбырындыға» ұшыраған қазақтармен бірге қарақалпақтар да Орта Азияның ішкі аудандарына, Ресей шекарасына ауа көшті, Кіші жүз қазақтарымен күш біріктіріп, қалмақтарды Жайық пен Жем бойынан ығыстырды. Осылай қазіргі ел болып отырған территорияларында тұрақтап қалды. Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының шоғырланған орындары Маңғыстау, ОҚО және Жамбыл облыстары болып табылуы да тегін емес. Яғни қарақалпақтар елдерімен шекаралас қазақ жеріне көптеп қоныстанып отыр. Қарақалпақтар Қазақстанға қашан және не үшін келді деген сұрақтарға нақты жауап беру мүмкін емес. Қарақалпақ халқының туыстас қазақтармен жақын әлеуметтік-лингвистикалық байланысы өте ерте кезден жалғасып келеді.

Бұл мақалада қарақалпақтардың қысқаша тарихы, қазақ жеріне келуі мен себептерін талдайтын боламыз.

Қарақалпақ халқының этникалық атауы «Қарақалпақ» атауы қара мен қалпақ сөздерінің бірігуінен туған. Рашид ад-Диннің дерегі бойынша, монғол шапқыншылығы кезінде қарақалпақтар "Kavm-i külah-i siyah" (қара қалпақты халық) деген атаумен танылған. Ерте орта ғасырларда қара бөрікті (Karaborkli) тайпасы Арал теңізі маңында печенег (бажанақ) деген атпен өмір сүрген. Ғылыми әдебиеттерде қарабөрікті, қарақалпақ және қарақұлахан деген этноним бір мағынада қолданылған

[1:50-91]

213

Ескі орыс жылнамаларында черные клобуки, чёрный колпак, ал араб дереккөздерінде karabörklü атауларымен кездеседі. Бүгінгі қарақалпақ этнонимімен танылып отырған халық, тарихи деректерде, осы атаумен алғаш рет XVI ғасырдың соңында (1578 жылы) аталына бастады [2:62].

Ұзақ уақыт бойы қарақалпақ халқының шығу тегі туралы нақты тұжырымдама болған жоқ. ХХ ғасырдың 20-жылдарына дейін олар туралы ғылыми әдебиеттер өте аз болып, олар «қарақалпақ» этнонимін сипаттаудан аспады. Белгілі шығыстанушы Дассон «Монғолдар тарихы» деген еңбегінде Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағын» талдай отырып, орыс жылнамаларында черные клобуки деген атпен белгілі болған халықтың қарақалпақ екендігін анықтайды [1:51]. Н.И.Березин де «Нашествие Батыя» деген еңбегінде сондай қорытындыға келеді [3:4-30].

Кейбір ғылыми әдебиеттерде қарақалпақтардың төркіні печенегтерден, қыпшақтардан ізделді. Мысалы мажар түркітанушысы А.Вамбери [4:373] мен Н.Аристов [5:311] печенег деп білсе, ағылшын тарихшысы Ховорос печенегтердің тікелей ұрпағы ноғайлар деп, қарақалпақтардың қыпшақтардан тарауы мүмкін деген болжам жасайды (Мамедов 2007:25).

Кейінгі зерттеу нәтижелері қарақалпақ этногенезінің қалыптасуында оғыз-печенег, қыпшақ және ноғайлардың үлкен рөл ойнағанын көрсетті. Алайда қарақалпақтарды аталған тайпалардың тікелей ұрпағы деп санау мүмкін емес. Өйткені ғылыми ізденістер бұл халықтың этникалық қалыптасу процесіне жергілікті және басқа да тайпалардың қатыстылығын дәлелдеп отыр. Мысалы сенімді дереккөздер қарақалпақ халқының этникалық құрылымын мынадай онторт уру (он төрт ру) құрайтынын көрсетеді: – анна, құйын, боклы-хытай, мәңжүлі, кырк, черучи, ай-теке, аралбай, бешсары, кайчилы, еки-шейх, казаяклы, қаңлы, қыпшақ, кенегес, манғыт. Бұл тізімнен қарақалпақ халқының этногенезінің күрделі екендігін және тарихи қалыптасу үдерісіне көптеген ру-тайпалардың қатысқандығын көруге болады[6:25].

Тарихи деректерге сүйенсек, Қарақалпақстан аумағында адамдар неолит кезеңінен бері өмір сүріп келеді. Б.э.д. V ғасырға тиесілі Дарий І қорғанының ақпараты бойынша, Арал маңы мен Сырдарияның төменгі ағысы аумағында (қазіргі Қарақалпақстан территориясы) тиграхауд (шошақ бөрікті) сақтар өмір сүрген. II-VI ғасырларда бұл аймаққа Алтай мен Шығыс Түркістан аумағынан көшкен түркі тайпалары қоныстанды. Тұрғылықты сақ тайпалары мен көшпелі түрк тайпаларының ассимиляциялануы нәтижесінде печенег және оғыз деген екі жаңа этникалық қауымдастық пайда болды. Қарақалпақтардың этникалық құрылымының негізін осы печенег тайпасы құрады.

Тарихи деректер Х ғасырларда печенег тайпасының шығыс түркі тайпаларының жаңа шапқыншылығы салдарынан қазіргі қарақалпақ топырағынан орыс жерінің оңтүстігіне көшкенін көрсетеді. Олар жаңа қонысында Ноғай Ордасының құрамында болады. Печенегтер Ноғай Ордасы құлаған соң, атақонысына оралады және осы кезден бастап «қарақалпақ» деген атаумен белгілі бола бастайды.

Ең көп таралған нұсқа бойынша, қарақалпақтардың жеке этнос болып құрылуы 1556 жылы Ноғай Ордасының құлап, оның құрамынан бөлініп шыққан «алты арыс» - мүйтен, қоңырат, қытай, қыпшақ, кенегес, маңғыт руларымен байланысты. XVII ғасырдың басында қарақалпақтар Түркістан жерінде үстемдікетугетырысып, Ташкентпенбіргебірнешеқалалардыбасыпалады, алайдаолардыңбилеушісі Әбдал Ғаппар жалған төре танылып, көп ұзамай қазақ төрелері тарапынан өлтіріледі де, нәтижесінде Қазақ хандығына бағындырылады. XVII ғасырдың екінші жартысында Сырдарияның орта және төменгі сағасында қоныстанған қарақалпақтар Сібір ханы Күшімнің билігіне мойынсұнады. Сібір хандығының қарақалпақтарға жүргізген үстемдігі Күшік, Жәңгір, Есім Мұхаммет, Қайып, Шайбақ деген хандарының билігімен XVIII ғасырдың екінші жартысында дейін созылды.

1723 жылы қарақалпақтарды үлкен шығынға ұшыратқан жоңғар шапқыншылығы басталып, оларды жоғарғы және төменгі деген екі топқа бөлуге әкеп соқты. Жоғарғы қарақалпақтар жоңғарға бағынса, төменгіқарақалпақтарҚазақхандығынаналыстауүшінЖаңадарияғакөшеді. XVIII ғасырдың соңына қарай қарақалпақтар Хиуа хандығының иелігіне, Әмударияны жағалай қоныс аударады.

XVII-XVIII ғасырларда қарақалпақтар Бұхара, Қазақ, Хиуа және Сібір хандығының саяси және әскери қызметіне белсенді араласып, башқұрт көтерілісіне қатысты. Қарақалпақтардың тәуелсіздік үшін күресі, негізінен, хиуалықтарға қарсы бағытталды. Мысалы 1827 жылы Айдос Би, 1855-56 жылдары Ерназар Алакөз, 1858-59 жылдары Мұхаммет Фен бастаған бірнеше ірі көтерілістері болды. 1873 жылы Әмударияның оң жағалауын мекендеген қарақалпақтар Ресей империясының құрамына енсе, сол жағалауындағылар Хиуа құрамында қалды. Кеңес билігіне дейін қарақалпақтар осылай екі бөлек билік қарамағында болды.

Қарақалпақ автономды облысы ҚазССР құрамында 1924 жылы құрылып, ол 1930 жылы тікелей Кеңес Одағыныңқұрамындадептанылды. 1932 жылы20 наурыздаҚарақалпақАвтономиялыСоветтік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды. 1936 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Өзбек КСРО-

214

ның құрамына кірді. 1992 жылдан бастап Өзбекстан Республикасы қарамағындағы Қарақалпақстан мемлекеті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Баскаков Н.А. (ред.). Каракалпакский язык. Т.II. Фонетика и морфология. — М., 1952. История Каракалпакской АССР. – М., ФАН, 1986, с. 50-91

2.Ахмедов Б., Историко-географическая литература Средней Азии XVII-XVIII вв, II. Писменниые Памятники, Ташкент, 1985, с.62

3.Нурмухамедов М.К., Жданко Т.А., Камалов С.К. Каракалпаки, Ташкент: ФАН, 1971. -120 с.

4.Vambеri H. Das in seinem etlinologischen und ethnographischek Bezihungen – Leipzig, 1885. – s. 373, 374. http://tyurki.weebly.com

5.АристовН.А. Заметкиобэтническом составе тюркских племенинародностейисведенияобих численности. // “Живая старина», 1896. – Т. III-IV, с.311

6.Мамедов Н. Каракалпакская литература. – Баку, 2007.

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫНДАҒЫ ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЕМДЕУ ТҮРЛЕРІ

Қалшабаев А.Ж.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау педагогикалық университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті, 1 курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д,ғ проф. Қалшабаев А.Ж.

Қазақ халқы медицина дамымай тұрған кезеңде ақ түрлі тәсілдермен емдеу жолдарын білген. Соның ішінде халық медицинасында магиялық және эмперикалық емдеу тәсілдері кездеседі. Мистика мен магияға яғни, тылсым мен сиқырға сүйенген емдеу жолдарын бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.

Үшкіру. Күнделіктіөмірденақтылыкөріпжүрген емдеудіңбұлтүрінкөбінесеқартдіндарадамдар жасайды. Үшкіруді кейде «дем салу» деп те атайды. Бұл емді негізінен құран сөзін, аятты айту арқылы жүргізгендіктен ислам дініне негізделген деп бағалауға болады. Өйткені Үшкіруді немесе дем салуды көбінесе кешқұрым, науқастың әлі біткен шақта жүргізеді. Үшкіруші немесе дем салушы науқастың жанына отырып, оның жағдайын байқағаннан кейін белгілі бір аятты сыбырлап айтып аурудың бетіне «сүфф» деп үрлейді. Бұл тынысы тарылып, демі біте бастаған адамға дем береді. Халық емшілерінің түсінігі бойынша, құран сөзі қасиетті сөз, сондықтан, аятты оқып бетке үрлегенде бойға күш бітеді, еңсені басқан ауру мен уайым қайтады. Осылайша, үшкіру емі хал үстінде жатқан адамның көңіліне демеу болып, оның бойында үміт отын тұтатады. Сырқат адамның кеселінен айығып кетуі ықтимал деген сенімін күшейте түседі [1, 89 б.].

Магиялық емдеудің келесі бір түрі ұшықтау. Емнің бұл түрін әдетте халық емшілері, тәуіптер мен қарт кісілер қолданған. Әдетте, ұшықтауды ыстығы көтеріліп, басы сырқырап ауырып жатқандарға қолданады. Оны кешке, күн бата бастағанда немесе таңертең, күн шыға бастағанда жүргізеді. Ұшықтаушы сырқат адамды оңтүстікке қаратып отырғызады да, бір тостағанға су құйып, оның ішіне үш түйір бұрыш пен үш түйір қалампыр салады. Біраздан кейін бұрыш пен қалампырдың иісі шыға бастағанда емші судың дәмін татады да, ештеңеге көңіл бөлмей жайбарақат отырған науқастың бетіне кенеттен қатты бүркіп жібереді. «Кет бәлекет, кет, шық бәлекет, шық» дейді. Содан кейін, тостағанды науқасқа көрсетіпей, шамалы одан алысырақ жерге төңкеріп тастайды, оған ертеңіне дейін ешкімді тигізбейді. Сырқат бетіне бұрыш пен калампырдың иісі бар су бүркілген кезде, «селк» ете түседі де, оның денесі тітіркенеді. Осы тітіркену үстінде ол емшінің айтқан сөздерін естиді. Терісі түрпілене бастаған ол, расында бойынан ауру шыға бастағандай сезінеді. Осыдан кейін ауруды дереу төсекке жатқызып, оның үстін «тоғыз қабат» көрпемен жаптырып тастайды [2,31 б.].

Емнің «ұшықтау» деп аталуы халық емшілерінің түсінігінше, «ұшық тию» деген ауру астың бетін ашық тастағандықтан, таза, адал етіп ішпеуден шығады. Дұрыс сақталмаған, ашық қалған асқа жыншайтан тиіп, сол асты ішкен адамға ұшық тиеді деп түсінген. Бұл жерде, қазақ халқының дұрыс сақталмаған астан ауруға шалдығу мүмкін екендігін байқағанын аңғарамыз. «Ұшығуда» көбіне адамның ерніне немесе бетіне бөртпе шығады. Оны «ұшық шығу» дейді. Ол осы күнгі медицинада «герпес» деп аталады. Ұшық шыққаннан кейін сырқат тәуір бола бастайды. Осы себептен ыстығы көтеріліп, сүйек-сүйегі, басы сырқырап ауырып жатқан адамды тезірек айықтыру үшін ұшықтайды. Дененің тітіркеніп, терінің түрпіленуі ұшықтың шығуы деп түсінілген. Ерінге, ауызға ұшық шығу, халықтың түсінігінше, сырқаттың қайтқаны деп есептелген.

215

«Көшіру» - ауру бойындағы сырқатты басқа нәрсеге аудару мағынасында істелетін шара. Онда көбіне жылқы, түйе, сиырдың бас сүйегін бояумен сырлап, елден аулақ сырт жерге апарып тастайды немесе қуыршақ жасап ауру кісінің орнына жатқызады. Солай еткенде, ауру бас сүйекке немесе қуыршаққа ауысады деген сенімде болған. Көшіру емі сырқаттың бойындағы ауруды басқа жаққа ауыстыруға бағытталған. Халық емшілері көшірудің әр түрлі жолдарын тапқан. Соның бірінде науқас адам түйенің жілігін кеудесіне қысып, салқын суға үш рет сүңгиді. Үшінші рет сүңгігенде, науқас сүйекті су түбінде қалдырып кетуі тиіс. Сонда ауру түйенің жілігіне көшіп, су астында қалады. Бұлайша емдеу сиқырлық ұғымға тығыз байланысты. Көне заманнан келе жатқан аңыз-әңгімелер бойынша түйе адамға қорғаныш болған. Үш санына да сиқырлы қасиет таңылған [3, 158 б.].

Аурудан құтылудың тағы бір әдісінде науқас адам қара сиырдың жатқан жеріне аунауынемесе қой арасына жатып ұйықтауы тиіс. Сонда ауру оның бойынан малға көшеді. Көшіру емнің енді бір түрінде арнаулы қуыршақ жасап, сырқат адамның төсегіне (орнына) жатқызып қояды. Сонда қуыршаққа сол адамның ауруы көшеді. Бұл емдер көне заманнан келе жатқан анимизм ұғымдарына негізделген. Онда ауру да жаны бар, сезімі бар зат сияқты қаралады. Аурудың бейнесінде адамға ұқсастық та бар сияқты көрінеді. Арнаулы әдебиетте бүны антропоморфизм дейді, яғни адамға ұқсастық деген ұғымға жақын. Алайда, көшіру емі ауруды алдаусыратуға бағытталған.

Егер ауру көшіруге көнбесе қорқытып, науқастың бойынан ауруды қуып шығуға тырысқан. Ол үшін де әр түрлі амалдар қолданған. Соның бірінде қатты ауырып жатқан адамның басынан асыра кенеттен мылтық атқан немесе оның қойнына тірі тышқанды салып жіберген, суық су буріккен. Осылайша, ауырып жатқан адамды шошыту арқылы да, оның бойындағы ауруды «қорқытып» қуып шығуға тырысқан. Некен-саяқ болса да кейбіреулердің халі осындай емнен кейін едәуір тәуірленген. Оның себебі, осы күнгі ғылыми көзқарас бойынша кенеттен адамға қатты әсер ету салдарынан пайда болатын психологиялық күйзелістен адам ағзасында өзгерістер болады. Психологиялық күйзеліс адам ағзасындағы ауруға қарсы тұрып, тыныш жатқан күштерді оятуы, содан ішкі бездердің қызметін жандандыруы мүмкін. Халық ыстығы көтеріліп науқастанған адамды шешіндіріп қойып, оның дәл басынан жоғары жерден ақсарыбас қойды бауыздайды. Сонда қойдың қаны аурудың басынан бүкіл денесіне жайыла ағуы тиіс. Бұлайша аққан қойдың қаны аурудың бойындағы бүкіл сырқатты әрі қарай алып кетеді деп түсінген.

Қақтыру. Бұл ем «қағынды» деген ауруды емдеу үшін қолданылады. Ертеде «қағынды» деп ұзаққа созыла бастаған, әрдайым ыстығы көтеріліп, әлсіреуге жеткен, шамасы мүшкілдене бастаған науқастардың ауруын атаған. Сырқаттың «қағынды» делінуі, бұған ұшыраған адамды «жыншайтандардың» соғуынан шығады деп түсінуден.

Қағынды – ауру, бұл аурумен ауырғанда адамның қатты науқас екені түр-түсінен, бет-бейнесінен айқын байқалады. Қағындыны да ырыммен емдейді, ол ырым емді қақмақ дейді. Емнің аты айтып тұрғандай, денеге жабысқан ыбылыстан қағып тазарту керек. Қағындыға шалдыққан адамды жаңа сойылған малдың өкпесімен сабалайды [ 4, 176 б.].

Қақтыру емі былайша жүргізіледі. Ауру адамды алдымен астына бірдеңе төсеп жерге отырғызады да, оны тоқылған шимен қоршайды. Содан кейін бір ешкіні бауыздап, оның терісін де сыдырмастан, өкпесін жылы қалпында алып, қаны сорғалаған түрінде сырқатты қоршап қойған қоршауға: «Ем бол, ем бол, шипа бол!»— деп, бес немесе жеті рет қаққылайды. Осылайша, жаңа алынған өкпені шиге қаққылап болғаннан кейін ауруды орнынан тұрғызып, оған бес түрлі киімді белгілі бір ретпен жамылдырады. Алдымен көрпе, одан кейін қамзол, шапан, орамал, ең соңында қол орамалды жабады. Сөйтеді де төсекке жатқызады. Егер малдың өкпесі шиге қаққаннан кейін қарайса және одан кейін науқас терлей бастаса, онда емнің қонғаны. Ал олай болмаса, онда бұл емнен жәрдем күтілмейді. [5, 23 б.].

Қорыта келгенде қазақ халқы да наным сенімдерге негізделген емдеу тәсілдерін жақсы меңгерген. Ғасырлар бойы әр халық өзінше дамып, өзінше әдет-ғұрып қалыптастырса, солайша аурусырқауларданқұтылужолындаіздестірген. Олардыңсырынбілугеталпынған, өзіншеолардытаныған, алдын алу, оларға қарсы күресу жолын жүргізген, өздерінше ем-домын тапқан.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Алдашев А., Әлімханов Ж. Қазақтың халық медицинасының құпиясы. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 130 б. 2.Әбдіраман Ө. Қазақтың дәстүрлі халық емшілігі.–Алматы: Қазақпарат, – 2002. - 160 6.

3.Тоқтабай А., Сейтқұлова Ж. Төрт түліктің қасиеті. (Қазақ мал шаруашылығына байланысты әдет-ғұрыптары). –

Алматы, 2005.–192 б.

4.Уалиханов Ш.Ш. Таңдамалы шығармалар – Алматы: Жазушы, 1985. – 2 том. – 560 б. 5.Сахабат С. Халық емінің құпиясы. –Шымкент, 1996.– 40 б.

216

ҚАСИЕТТІ ҚАЗЫҒҰРТ

Бөкенова Айдана Тілектесқызы

С.Сейфуллин ат. ҚАТУ 1 курс студенті. «Топырақтану және агрохимия» мамандығы, 1 курс студенті. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Абишева Ж.Р.

Созылып кербез жатқан қазақтың Ұлы даласының табиғаты қандай бай болса, оның фольклоры да небір аңыз бен шежіреге, адам таңғаларлық таңғажайып кереметтерге толы. Сондай керемет мол өңірдіңбірі–ҚасиеттіҚазығұртаймағы. Олқазақтыңтарихытерең, құнарлыдашұрайлы, өзгешеөңірі. Қазығұрт тауы-біздің көне дәуіріміздің алып ескерткіштерінің бірі.

Қазақтың Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Жетісуға дейін көсіліп жатқан кең даласында талайталай тарихи орындар баршылық. Тек қана Ұлытау мен Қаратаудағы, Қозыбасы мен Аңырақайдағы, Ерейментеу мен Маңғыстаудағы тарихи орындардың өзі неге тұрады. Осылардың бәрінің тарихын бір ізге түсіріп, жүйелей келсең бүкіл қазақ даласының да, қазақ халқының да тарихы жарқырап шыға келеді. Қазығұрт тауы да еліміздің аумағындағы аңыз-әпсаналарға толы, аты көпке мәлім тарихи орындардың бірі болып саналады. Алатаудың Талас жотасының оңтүстік-батыс сілемі халық әдебиетінде, тарихи-мәдени зерттеулерде Қазығұрт тауы деген атаумен белгілі. Шымкент қаласынан 35 шақырымдай жерде. Ұзындығы – 20, ені – 10 шақырымдай аласа тау. Биіктігі 600 метрден 1768 метрге дейін көтеріледі [1, 146]. Оңтүстік беткейінде Келес өзені бар.

ҚазығұртмаңыбіркездегіТүрікқағанатықұрылғандаБатысорданыңорныққанжері, «Қорқытата» мен «Оғызнамада» жырға қосылып, Тәуке хан мен Төле бидің жайлауы болған тау. Бәйдібектің шоқысы Қазығұрттың оңтүстігінде «Орда қонған» деп аталған мекенде болса, ал сол бабамыздың бейіті солтүстігінде жатыр. Шығысындағы Батыс Тянь –Шань тауларының етегі саналатын тізбек таулар Өгем, Қаржан, Шымған қыраттары мен табиғаттың тамаша тартулары Ақсу –Жабағалы, Шатқал, Шарбақ қорықтары өз алдына бір төбе. Қасиетті Қазығұрт тауы дәл осы аймақтың орта белінде тұр.

Жергілікті жұрт тау атын – Қазығұрт әулие деп кісі есімімен байланыстырады. Халқымыздың аңызында дүниені топан су басқанда қазіргі тіршілік иелерінің тұқымын сақтап қалған Нұх пайғамбардың кемесі осы Қазығұртқа тоқтаған екен дейді. Тауда кеменің нышаны бар. Аңыз өлеңдегі: «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған,» - деген сөздер исі қазаққа тараған. Нұх пайғамбардың кемесінің Қазығұртқа қайырылғаннан кейінгі оқиғасы бойынша былай өрбиді. Кеме тоқтаған соң Нұх пайғамбар қасындағы серіктерімен жерге түсіп, өздерімен бірге аман сақтап қалған хайуандар мен жануарларды өріске жіберіп, алып келген тұқымдарын жерге сеуіп, жаңа өмірді бастайды. Бұл енді рухани арылудан кейінгі жаңа өмір. Осы өмірдің өркендеуі туралы халық арасында сақталып қалған талай-талай жырлар бар. Белгілі жазушы Ш.Мұртаза өзінің «Егемен Қазақстан» газетіндежазғанмақаласындаНұхпайғамбардыңкемесіқайырлады-аудегенөзгеатулартуралыпоэма бары-жоғын білмейтінің [2], ал Қазығұрт туралы поэма бар екенін айтады. Рас, өзге таулар туралы полэма (халық жаратқан көне туынды мағынасында) бары-жоғы бізге де белгісіз. Ал Синай тауына байланысты эпос бола қойса оны еврей ағайындар әлдеқашан-ақ бүкіл әлемге таратып үлгіретін еді.

Аңыз төрт түліктің, жалпы жер бетіндегі тіршіліктің топан судан кейінгі қайта жандануын Қазығұртпен байланыстырады. Бұл туралы басқа жұрттардың да аңыздары бар. Ал бұл біздің қазақы төл аңызымыз. Әркімнің өз аңызы өзіне нанымды. Ал ғылым болса, әлі ізденісте.

Қазығұрттауыөзініңаңызғатолыкереметіментекқазақтыңғанаемес, шығысхалықтарының, тіпті адамзаттың алтын бесігі деуге тұрарлық. Жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесін әр елдер өзінің қасиетті тауларына, ал қазақтар Қазығұрт тауында қайырлатады. Қазығұрт туралы аңызда өмірге деген ынтықтық, адамзаттың шыққан түбі бір деп ынтымақ пен бірлікке шақыру басым. Қазығұрт асуынан табылған динозавр сүйегінің өзге де жаратылыстарды зерттеген дүние жүзі ғалымдарыныңпікірінесүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем тауларыаралығындатіршілік ерте пайда болып, алғашқы адам баласы осы маңда тіршілік еткенін мақтанышпен айтуға болады. Асанқайғы бабамыз жырлағандай «Қазығұрт Алланың мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екенсің. Нұхпайғамбардыңкемесіқалып, барқасиетбойыңнантабылғандайтауекенсің... Жемісікөп, жерікөп, жер төресі мұнда екен, жігіті көп, ері көп, ел төресі мұнда екен» [3], -деп сүйсінгендей тау.

Наурыз біздің төл мерекеміз. Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтаған мезгіл дәл күн мен түннің теңескен күні, осы күні үлкен той жасалған, сол ұлы мерекеге адам мен аң құс түгел қатысқан, Нұх шашуын шашқан. Адам да, аң да өз-өзінің өнерін көрсеткен. Сөйтіп, бұл жаңа жылдың басыретіндемирасболған. Аңызданқашандаақиқаттуындайды. Ғылымидеректергесүйенсекосыдан

217

біраз жыл бұрын орыс ғалымдары «Топан су іздері» деген зерттеу жүргізген. Сөйтіп, Орта Азия өңірінен де, Қазығұрт маңынын да топан су өткені жайлы деректер тапқан. Сол ұлы оқиғаның болып өткеніне қазірге дейін 12670 жыл толғанын есептеп шығарған. Ең бұлтартпас дәлел Тәжікстанның 3 мың метрлік биік тауының басынан акуланың тасқа айналған сүйегі табылған [4]. Бұдан шығатын қорытынды - Нұх пайғамбар бастаған топан судан аман қалғандардың Қазығұрт тауындағы тойы - Наурыз тойының басы делінеді. Наурыз мерекесі тойланғалы 127 ғасыр өтті деуге ғылыми негіз бар. Наурыз сөзі алғаш рет Нұх пайғамбардың аузынын шыққаны күмәнсіз.

Жазушы Сәуірбек Бақбергенов “Басында Қазығұрттың...” атты еңбегінде аңыздағы Майқы би, Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Аяз би және Әл-Фараби сияқты ел қамын ойлаған, сол үшін бар саналы ғұмырын арнаған ардақты азаматтардың Қазығұртта тұрғанын немесе ұзақ сапарға шығар алдында киелі тауға келіп, тәу етіп, бас игенін жазады. Тәуке хан мен Абылай хан да, Төле би,сҚаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билер де Қазығұрттың бал ауасын жұтып, дәмін татып, талай аялдаған. Абылай хан осы тау етегінде соғысқан. Сол кездегі оқиғаларға байланысты бүгінгі күнге дейін Қаралы төбе, Қаралы қия, Хан-шейіт атайтын орындар соған куә. Алыстан қарағанда шөгіп жатқан қос өркешті түйені елестетін Қазығұрт тауының төбесі ойпаң, жазық. Шымкент – Ташкент күре жолының бойындағыҚазығұртжотасынақойылғанНұхкемесініңсимволдықмакетіосынауатыаңызғаайналған киелі жердің қадір-қасиетін айшықты ашып беретін толымды туынды. Кезінде облысты басқарған азамат Болат Жылқышиевтің бастамасымен ірге көтерген пайғамбар кемесі осында туристерді тартудың, ел азаматтарын рухтандырудың алғашқы баспалдағы іспеттес болды. Бұл ескерткіш жалпы қазаққа тағы да бір рухани тірек болғандай.

Аңыздың түбі – ақиқатқа тірелері белгілі. Дана халқымыз: «Болашағы зор ел – тарихын тасқа жазады» деген екен. Қолдағы бар қазынамыз – тауымыз бен тасымыздағы текті тарихымызды түгендеуімізкерек. Тәуелсізелдіңберекесісондағанакөркейетүседі. Еңмаңыздысы, біздіңұрпағымыз тарихымызды терең түсініп, қасиетті жерлеріміздің қадір-қасиетін жүрегімен сезіне білуге тәрбиеленеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Алаштың ардағы. – Астана: Зерде, 2008

2.Шерхан Мұртаза // Егемен Қазақстан. 2001 ж. 11 қазан.

3.Ана тілі. 1998 ж. 26 маусым.

4.Парасат. 2006 ж. №3

ШЕЖІРЕЛІ ҚАТОНҚАРАҒАЙ

Ілияс Кәмшат Ерғазықызы

«Ветеринарлық медицина» мамандығы, 1 курс студенті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Ғылыми жетекшісі: тарих магистрі Қоскеева Ә.М.

Қатонқарағай ауданы 1928 жылы 1 тамызда құрылған. 1932 жылы Қатонқарағай ауданы ШығысҚазақстан облысының құрамына кірді. 1954 жылы аудан көлемі Алтай өлкесі Таулы-Алтай автономдық облысы Усть-Коксинский ауданы«Жоғарықатон» совхозының қосылуы есебіненкеңейді. 1963 жылы 2 қаңтарда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен аудан таратылып, территория Үлкен Нарын ауданының құрамына енген. 1970 жылы 4 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы орталығы Қатонқарағай селосы болып қайтадан құрылды. Ал 1997 жылы 23 наурызда Үлкен Нарын ауданы жойылып, Қатонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Үлкен Нарын селосына көшірілді. Аудан солтүстік және солтүстік-шығыста Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, оңтүстік-шығыста Қытай Халық Республикасымен, оңтүстікте Күршім ауданымен, солтүстікте-Зырян ауданымен шекаралас, ал батыста Бұхтарма бөгенінің суымен шектесіп жатыр.

Ал ауданнын атауына келетін болсақ, аудан атауы бұрынғы Қатонқарағай әкімшілік орталығынан алынған (1871). А. Ислямованың «Топонимика Восточного Казахстана» еңбегінен Қатонқарағай топонимінің пайда болуы туралы мол ақпарат алуға болады. «Қатонқарағай ауылының маңында үлкен қарағай орман болған екен. Бұл жерді қазақ және қалмақтар «Қотон» деп атаған. Осылайша «Қатонқарағай» атауы пайда болған. «Топонимика Казахстана» энциклопедиялық сөздігінде: «Қазіргі атауын «Алтай» стансасымен біріккен соң алған және «қарағайлы орманмен қоршалған өлке» деген мағынаны білдіреді» делінген. Қатонқарағай ауданын мекендеген көне тайпалар Шығыс Қазақстанның таулы белдеуінде, дәлірек айтсақ Қатонқарай ауданында орналасқан Алтай тауларында

218

аримаспа, аргипей тайпаларының өмір сүргенін, ал антик авторларының аримаспалар жерінде ірі-ірі алтын кеніштері бар деген жазба деректері (Геродоттағы «Алтын қорғаған самрұқтар» және т.б.) көп нәрсені аңғартса керек. Археологиялық қазба мәліметтері Алтайдағы, Пазырықтағы, Берелдегі аримаспа тайпаларының өмір сүрген аймағын заттай ескерткіштері арқылы дәлелдейді. Моңғолия тарихшылары б.д.д VІІ-VІ ғасырларда қазіргі Қазақстан аймағының Солтүстік-шығысында тұратын сақ-сармат этникалық мәдени бірлігіне кіретін дайларды – аримаспалар деп атаған деген мәлімет келтіреді. Сақтардан кейін тарих төріне шыққан хұндар да Алтайға соқпай кете алмады. Тарихта жиырма төрт тайпадан біріккен көшпелі хұндар б.з.д ІІ ғасырда дәуірлеп – б.з І ғасырында ыдыраған. Өз ішінен екіге ыдыраған бұл одақтың солтүстік-батыс хұндары Алтай тауы, Іле өзені алабы , Жетісу менСырдариябойынакеліп, жергіліктітайпаларғаараласып, сіңіпкеткен. Алтайтауыныңатынәлемге танытқан тағы бір құрылым – Түрік қағанаты. «Түрік» атының қытай жылнамаларында ең алғаш рет аталуы 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді хұн тайпаларының бірі деп есептейді. Екінші Шығыс ТүрікқағанатынанқалғанасылмұраОрхон-Енисейтасжазуында: «ОлйылқатүргістапаАлтунйышыг тоға, Ертіс үгүзік кече йордымыз» («Сол жылы түргешке қарсы Алтын қойнауынан аса, Ертіс өзенін кеше жорыттық.») – деген жолдар бар. Бұдан Түрік қағанаты өмір сүрген VІVІІ ғасырларда Алтай тауы Алтын қойнау (Алтын тау) аталғанын көреміз. Сонау Геродот заманындағы Алтын тау өз мәнін өзгертпей келген деп тұжырым жасауға болады. Жалпы қарлықтың әуелде мекендеген аймағы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы жеріне сәйкес келеді. «Қарлық» деп аталуы Оңтүстік Алтайдың биік, қарлы тауларын қоныс еткеніне байланысты болуы мүмкін. Ташлы тайпасы Қалба, Өскемен маңындағы тасты тауларды мекендегенге ұқсайды. Екінші жағынан В.И.Иллич-Свитычтің қар, кер, қр формасы ностратикалықтілдерде«тау», «тас», «шың»мағынасынбередідегендіескерсек, арабсаяхатшысыИбн Калдунның Мұзтауды Мұзқар деп белгілеуіне сүйенсек, қарлық этнонимі «таулық» мағынасын да береді. Оңтүстік Алтай өңірінің тарихы найман тайпасының тарихымен тығыз байланысты. Қазақтың іргелі бір тайпасы болып отырған наймандар Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін Үгедей ұлысына енеді де, Алтай тауының батысы мен оңтүстігінде, Нарын жотасында Зайсан-Ертіс жүйесі бойында көшіп жүрген [1, 35 б.].

1998-1999 жылдары Берел ауылының маңынан Италия, Франция және Қазақстан археологтары бірлесіп жүргізгенқазба жұмыстары асанәтижелі болып, 13 тұлпарымен біргежерленгенсақханының мүрдесі табылды. Ғалымдар оны б.з.д ІV-ғасырға жатқызып, жаңалығы жағынан әлем бойынша жоғары бағаланды. Қолдан жасаған мәңгі тоң астында жақсы сақталған ат денелері, ер-тұрман, қаружарақ сақтар өмірінен мол деректер береді. З. Самашев бастаған археолог-ғалымдар көне қытай, грек жазбаларында кедесетін Хандар жерленген аңғар (Долина царей) осы жер болуы керек деп болжап отыр [2, 211 б.].

Алтай тауы – түркі өркениетінің бесігі. Дәл осы жерден әйгілі Ұлы Жібек жолының «Алтын тармақ» деп аталған Солтүстік тармағы өткен. Яғни, бұл керуен Батысқа Алтайдың алтыны мен қоласын тасымалдаған [3, 105 б.].

Ал қазіргі кезде Қатонқарағай ауданы экономикасының басты бағыттары - ауыл шаруашылық өндірісі, орман шаруашылығы, ағаш өңдеу болып табылады. Ара шаруашылығы, марал шаруашылығы, туризм – аудан және Шығыс Қазақстан экономикасының өзіндік бренді болып табылады. Қатонқарағай ауданыныңосындайкелешегізорсалаларыбір-біріментығызбайланыстыәрі тәуелді. ПанталымаралшаруашылығыАлтайдапайдаболып, бастауалған. Бүгінгікүнікоммерциялық фирмалар клиенттеріне – пантамен емдеу қызметін көрсетуде. Ауданда туризмді ары қарай дамыту мақсатында инфрақұрылым (жолдар, демалыс пен емделуге арналған қолайлы жағдай, мобильді байланыс) белсенді түрде жолға қойылған. Осылайша ауданды Қазақстандағы туризмнің ірі кешеніне айналдыруға зор мүмкіндіктер жасалып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Жер жаннаты - Қатонқарағай / құраст. Ж. Қызыр. - Алматы: Орхон, 2008. - 368 б.

2.Жер-су атауларының анықтамалығы. – Алматы: Арыс, 2009.- 568 бет.

3.Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы.- Алматы: Санат, 1997.- 464 б.

219

XIXXX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ

Ж.Д. Серикова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 4 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., профессор А.Б. Қалыш

Зерттеу жұмысы Қазақстан жеріндегі музейлердің құрылуының тарихын қарастырып, оларға қатысты жазылған еңбектерді талдап, танысып шығуға арналған. XIX ғасырдан еліміздің тәуелсіздік жылдарына дейінгі музейлер тарихнамаларын қарастырып, негізгі мазмұны айқындалады. Алғашқы жарық көрген еңбектер көбінесе өзге ұлт өкілдерінің туындысы болса, XX ғасырда отандық ғалымдардың еңбектерінен біз зерттеп отырған тақырыптың дамуына қосқан үлесін нақты байқауға болады. Музей тарихнамаларына шолу жасау арқылы, еңбектерді талдап болашақ музей мамандарына ұсыну және де оның құндылығын арттыра түседі. Мақалада революцияға дейінгі мұражайдың негізгі мәдени іс-әрекеттерінің ерекшеліктерінде келтіреміз. Сонымен қоса Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы тарихи жағдайды сипаттай отырып музейге арналған тарихнамаларды талдаймыз.

Түйін сөздер: Қазақстан, историография, музей тарихы, музей, музеография, тарих.

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін тарихымызды қайта қарастырып, ашылмай жатқан қырларын зерттеуге іс шаралар ұйымдастырылып, халық көзқарасын біршама өзгертті. Қазақстан әлемнің алпауыт елдерінің арасында өз орнын нық қоюға талпыныстарын қарқынды жасады. Рухани жаңғыру мәселесіне назар аударылып, мәдениетте, өнерде өзін-өзі тану жұмыстары қарастырылды. Бұл мәселеде өзінің маңызды үлесі бар – музей, қазақтың материалдық және рухани құндылықтарын сақтаушы. Осы музейді дамытудың негізгі жолдарын қарастырып, оны зерттеу мәселесі қайта талдау қолғаалынды. Соныменқосамузейеліміздіжақынжәнеалысшетелдергетанытудыңнегізгіжолының бірі, осы себептен де оған қатысты еңбектерді қарастырып, зерттеу жүргізу – кезек күттірмес өзекті мәселе деуге толық негіз бар.

Музейтарихнамаларынзеттеубізгеоныхалықаралықдеңгейгекөтеругежолашады. Бұрынғыжәне қазіргі музейлердің әлеуметтік және мәдени қызметіне сүйене отырып, келесі анықтамаларды кеңінен танымақпыз: музей – ғылым, тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін жинайтын, толықтыратын, зерттейтін, сақтайтын және бейнелейтін мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу институты болып табылады Ал қазіргі таңда бұл құндылығымызды тек қана қазақстандықтарға ғана емес, соныменбіргетуристергедетаныстыратынжарнамабағытындададепқарастыруымызғаболады. Осы бағытта Қазақстан музейлерінің тарихын толық білуге міндеттіміз.

Қазақстан жеріндегі музейлердің пайда болу бір ғасырдың немесе бірнеше жылдың нәтижесінде болған жоқ, ол сонау қазақ жеріндегі мәдениеттің жандану кезеңінен бастау алды.

Біз осы аралықта XVIII ғасырдағы жазбаларды айта кеткеніміз жөн болар. Аталмыш ғасыр – Ресей музейлерініңқалыптасукезеңімен, іріколлекционерлердің пайдаболуыменерекшеленеді. Император Петр I музей ісіне қатысты бірнеше заң актілерін қабылдады: 1718 жылы ақпанда «Қаулы: Кем болып туғаннәрестелерді, соныменқатарбарлыққалалардангубернаторларменкоменданттартапқанерекше бұйымдарды әкелу, бұйымдарды бергені үшін марапат, тыққаны үшін айыппұл»; 1721 жылы «Сібір аймағынан табылған бұйымдарды сатып алу және осы заттарды Берги Мануфактураасына жіберу».

Петр I өнер туындыларын жинау мақсатында агенттердің қызметіне жүгінді. Нәтижесінде сарай коллекциялары көбейіп, 1717 жылы Ресейдегі ең алғашқы сарай сурет галереясы пайда болды. 1719 жылы Ю.И. Кологривов (1680 -1754) музей жобасын жасады, Петербургте мүсін галереясын ойлап тапты.

1734 жылыКунсткамераПетербургтеашылды. Ғылымакадемиясының кітапханасыИ.Д. Шумахэр (1690 – 1761) Еуропағасаяхатжасап, музейісіжайлы(қабылдау, есепкеалу, жүйелеу, сипаттау, сақтау, каталогизация) мәліметтер жинады. Ғылыми экспедиция нәтижесінде жинақталған коллекциялар тікелей Кунсткамераға түсіп отырды. Экспедицияларға қатысушылар: Д.Г. Меесершмидт 1720 -1727,

Г. Миллер 1733 -1743, П.С. Паллас 1768 – 1774.

1781 жылы П.С. Паллас Мәскеудегі П.А. Демидов ботаникалық бағындағы өсімдіктердің каталогын жасады. 1793 жылы өнертанушы А.С. Строганов алғашқы сурет коллекцияларының басқа каталогын жасады. 1754 -1755 жылы қару-жарақ музей ұйымына айналды [12, с. 60-63].

220

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]