Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

өзіне бәрін сиғызды». Сопы да тағдыр тәлкегіне шыдай біледі және оның тосын сыйына көңіл аудармайды.

Шүкір тірегінде – сопы жердегі және көктегі игіліктер үшін Құдайға ризашылығын білдіруі керек. Ризашылық оның жүрегінен орын алып, шын ниетте болуы керек.

Сонымен қатар, «інжу-маржан», «жар», «шырақ», «мұхит» секілді символдық мәні басым сөздер сопылар жырының өзіндік лексиконын кұрайды. Бұл туралы зерттеушілер төмендегідей түсініктер мен символдық ұғымдарды, метафоралық көркем кұралдарды алға тартады: «Сопылыққа тән ұғымтүсініктер: әсемдік (джамол), сұлулық (жуси), кемел (камол), тәртіп (тартип), тазалық (сафо), анықтық, айқындық (экнат), нұр (нур), айбындылық, ұлылық (джалол). Сопылық символдары: махаббат, ықылас, қалау, тілеу, ынтықтық, құмарлық, кездесу, ажырау, айырылу, сүю, шарап, шыны (бокал), құмыра, мастық күй (хэл), айығу, жарық, түс, тұр, т.б.».

«Түрік сөздігіндегі» сопылық дәстүрде жазылған жырлар аталмыш ағымның алғашқы үлгілері саналады, яғни, сопылық сарын сөздік өлеңдерінде кемелденген түрде көрінбейді.

Тілімізде әрі түсінігімізде ғашықтықпен қоса махаббат деген ұғым бар. Сопылардың пікірінше, Құдай – олардың өмір сүру мәні. Тек осы бірлікте ғана адамның мәні мен бақыты анықталады, және осы бірліктің негізі махаббат болып табылады.

Махаббат – бұл қайғы, тақуалық, өкіну, өзін-өзі қорлау, және ақырында Құдай мен адамның кездесуі. Сопының Құдайға деген махаббатының апофеозы – онымен біртұтас болуы.

Сопылардың махаббат мәселесі тіпті проблема емес. Сүю – бұл адамның табиғи жағдайы. Адам алдымен тарик жолында Мен және Сен қатынасымен көрінеді, хақиқатқа жақындағанда, ол Мен және Сеннің бірлігіне айналады. Сопылыққа жетудің ұзақ жолында сопы ғашық болуы керек, яғни қайғырған, осы жолды қорытушы өзінің махаббатын көруге тырысушы болуы керек.

Аллаға деген махаббат, онымен біртұтастанып, сіңіп кетуі – сопылық поэзия мен прозаның басты тақырыбы. Сопылар, әдетте, әйелдер бейнесіне жүгінген. Бірақ әйел бейнесінің қасында оның сүйіктісі тек Құдай болып есептелді. Сондықтан барлық сопылық әдебиеттің астарлы мәні бар. Сопылар мен мұсылмандық ортағасыр-дағы мектептер мен түрлі бағыттар өкілдері үшін сопылық мәтіндер-дің эзотериялық және экзотериялық мәні Құранды эзотериялық және экзотериялық талдаумен тығыз байланысты. Сондықтан сүйіктісінің бейнесі, онымен кездесуі және сол кездесуден Абай: «Махаббат пен құштарлық ол екі жол» дегендей махаббат адамдардың қоғамдағы отаншылдық, халық сүйгіштік, ұлтжандылық, патриоттық, жалпы адамгершілік, имандылық қатынастарын анықтайтын халыққа тән философиялық категория еді. Сондықтан да ортағасырлардан бұл түсініктің ресми қалыптасқан мән-маңызы болды.

Ал Қожа Ахмет Яссауи үшін махаббат ұлы сезім. Ол өз алдына пәк махаббатты мақсат етіп қояды. Өзінің асқақ махаббаты ретінде Аллаға табыну. Аллаға табыну мен сүюді таңдап алады. Өйткені махаббат адамды о баста даралық әлемінен алуан түрлі дүниеге әкелді. Шәкәрімдегі қайталанбас бір ерекшелік – онда сопылық сияқты жарға ғашық болу сарыны бар.

Тағы да айта кететін жәйт, Абай мен Шәкәрім поэзиясындағы рухани-адамгершілік ізденістердің негізін дін исламның иініне қаныққан, сопылық сарынында сарапталған жырлар құрайды. Абай сопылыққа көп бойұсына бермегенмен, қағидаларын ұстанған жандарға қарсы келмейді. Ал Шәкәрім болса, шырқау шыңға қол созған өлеңдерімен нағыз сопы екендігін өмірінің соңына дейін дәлелдеп өтеді. Алып ақындардың жырлары Аллаға арналған асықтық айшығында бір арнада тоғысады да, сопылықтың онан арғы соқпағында Шәкәрім дара кетеді.

Абай мен Шәкәрім шығармашылығындағы адамгершілікті ту етіп көтерген өлеңдерін саралау барысында ақындардың діни ұстанымын дәстүр негізінде қарастырылды.

Ойымызды қорытындылайтын болсақ, Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдері қоғамдық өмірдің барлық салаларында заң жүзінде және күнделікті өмірде тең саяси, мәдени, әлеуметтік құқықтарға ие болып отыр. жеке адамның рухани тазаруында, ізгілікті мұраттарды пір тұтатын жас ұрпақты тәрбиелеуде діннің үлкен рөл атқаратынын өркениетті елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Өз мәнінде уағыздалған діни нанымдар бір халықты екінші халыққа қарсы қоюды мақсат етпейді. Керісінше, дін барлық адамзатты бейбітшілікке, сенімге, тәубаға, келісімге шақырады. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық саясатында діннің зор рухани потенциалы қажетті орын ала бастады.

Жастарға батылдық, алған бетінен қайтпау тәрізді қасиеттер тән, бұл әрине жақсы. Бірақ, өкінішке орай, олардың көпшілігі әлемдік діндердің тарихын терең біле бермейді Бұның себептерінің бірі қазіргі жастардың діни санасының дұрыс қалыптаспағанынан болып отыр. Бұл өз кезегінде теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін.

181

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде Қазақстандағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 27,8%-ын, яғни 4,5 миллионнан астам адамды құрайды екен. Алайда, бұл көрсеткіштің ішінде дінді қуаттайтын жастардың саны белгісіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қыраубайқызы А. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2008. – 196 б.

2.Петраш Ю. Г. Ислам. Философско-культурологический взгляд. – М.: Республика, 2005. – c. 302.

3.Абдур-Рахман Джами - поэт и суфий // https://islam-today.ru/

4.Сопылық // https://kk.wikipedia.org/wiki/

5.Қазіргі дәуірден тыс діни қозғалыстар мен культтер / кураст. Байтенова Н.Ж. жэне т. б. – Алматы: Эрекет-Принт, 2009. - 275 б.

Реметов М.Қ.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2 курс магистранты

АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ

Талант - тұяқ, Абай жол. Сол жолмен анау Жидебайға, мынау Қарауылға кемеңгер де келеді, кеще де келеді. Мұнда «үйренемін» деп, «үйретемін» деп келмеу керек... Мұнда тазарамын, арыламын деп келу керек.

А.Сүлейменов

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының арналы саласы. Оның зерттеу нысаны – ұлы ойшыл, ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Оны тану мен таразылау, зерделеу, келешек ұрпаққа насихаттау, жеткізу ісі –егеменді еліміздің ғылым, руханият, мәдениет саласындағы мамандарының абыройлы парызы.

Абай сынды алып ой иесінің шығармашылық мұрасын оның өлеңдері мен қарасөздері құрайды. Абай шығармаларының тілі мен көркемдік ерекшеліктеріне, философиялық негіздеріне қатысты тілші-әдебиеттанушы, философ ғалымдар іргелі ғылыми зерттеу еңбектерін жазды. Бұл игілік іс ұлт руханиятын жаңа биікке көтерді, ол әлі де жалғасып келеді, жалғаса да береді. Себебі, Абай шығармалары өз халқын, өз оқырманын адамгершілік әлемінің асқаралы биіктеріне шығарып, жан дүниесін адами құндылықтармен нәрлендіреді.

Абайдың өмірлік тәжірибесі, сарабдал ақыл күші мен сезімтал жүрегінің терең сүзгісінен өтіп, оның философиялық көзқарастарын танытатын шығармасы – қарасөздері. Саналы ғұмырын абайтанудың өрісін кеңейтіп, өркен жаюына арнаған академик жазушы М.Әуезов бұл туралы былай дейді: «Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1896 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары – «қара сөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты-жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар он алтыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, отыз бірінші, қырық бесінші сөздері. Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын – қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала-очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелді, деректі қысқа зерттеу сияқты. Өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында «Ғақлия тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіліріп жүретін дін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен ойтолғауы болады. Бұл – отыз сегізінші сөз» [1, 209]. Көп еңбектерінде М.Әуезов Абайдың адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда педагогикалық жақсы әдісті қолданғандығын тілге тиек етеді.

Күллі адамзат қоғамының даму тарихына үңілсек, гуманизм идеясының ғасырлар бойы өзектілігін жоймай келе жатқан мәселелерінің бірі – адамгершілік мәселесі. Неліктен ? Проф. Т.Ғабитов мұның себебін былайша түсіндіреді: «Адам өмірі тұлғалық байланыстар, өзара қатынастар, қойылған мақсатқа жету жолындағы адамдардың коллективті топтасуы, ұйымдасулары мен байланыстары пайда болатын және қалыптасатын қоғамдық әрекет болып табылады. Адамгершілік әрекет бұл қырынан алғанда кең мағынадағы қоғамдық әрекет болып шығады. Моральдық қатынастарды адам ойлап таппайды, олар адамдардың объективті реалды қатынастары ретінде болмыстың рухани құрылымында болады» [2, 220].

182

Гуманист атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл, бағалы нәрсе – адам болса, сол адам бойындағы ең басты сипаттар неден тұрмақ дегенге әр заман ойшылдары өз ұғым-нанымы, заман талабы тұрғысынан жауап беріп келеді. Дәл осындай тарихи сұрақ Абай өмір сүрген XIX ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайында ұлы ойшыл алдына да қойылды. Абай өзінің гуманистік танымы тұрғысынан осы қоғамдағы өмір сүруші жастардың адамшылық негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөлді. Абай өз гуманистік танымының негізін құрайтын үш сүю (имани гүл) жайлы өзекті ойын «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» берілген тезистік ойлары арқылы таратып, мораль философиясын биікке көтерді.

Адамның негізгі сипаты адамгершілік деп білген Абай өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаны, оны құрайтын жеке адамдарды тәрбиелеу, түзеу арқылы рухани өзгеріске ұмтылған ойшыл тұлға. Осы себепті өз шығармаларында көп сөз болатын түбірлі, желілі негізі бар толық адам жайлы өте күрделі, тамыры ғасырлар қойнауында жатқан гуманистік танымға мейлінше мол түрде көңіл бөлген.

Абай қарасөздеріндегі адамгершілік мәселесінің негізгі ұғымдық түсініктеріне қатысты проф. М.Мырзахметұлы: «Абайдың адам болу жайлы ойларының желісі өлеңдерінде айтылғанымен, оның негізгі өзекті желілері қара сөздерінде толығырақ таратылған. «Адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамның адамдығы», «адамшылық», «адамшылығының кәмалат таппағы», «бенделіктің кәмалаты», «толық инсаният», «инсанияттың кәмалаттылығы» т.б. терең мәні бар терминдік сөздер мен күрделі ұғымдардың бәрі де шығар көзі, түп төркіні жағынан камили инсани жайлы пікірлер тарихымен сабақтас жатқан құбылыстар екенін көне дәуір деректерінен де көрерміз» [3, 99]

– дейді.

Кез келген адамның адамгершілік ұғымы жайлы өзіндік пайымы мен көзқарасы бар. Қарапайым адам үшін адамгершілік өнегелі істен, ізгі мұраттан, жақсы сөз бен орынды іс-әрекеттен көрініп жатады. Ғылыми-танымдық әдебиеттерге сүйенсек, адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. Ол «кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Сондықтан да халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін мынадай адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілдік, әділдік, қанағатшылдық т.б.

Адам бойындағы адамгершілік сынды рухани құндылықтың қалыптасуына байланысты Ұлттық энциклопедияда: «Адамгершілік принциптері – әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемлекеттік) және тұлғалық мүшелердің арасалмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор» [4, 95] - делінеді. Демек, адамның адамгершілік қағидаларын бойына сіңіруі мен ұстануы белгілі бір деңгейде қоғамның рухани-мәдени дамуының да көрсеткіші.

Абай қарасөздеріндегі адамгершілік ұғымы оның шығармаларының өн бойындағы мораль философиясына қатысты көзқарастарымен, гуманистік қағидаларды басшылыққа алатын адамтану мәселесімен тығыз байланысты. Бұл тақырыптарға байланысты түйінді ойларының мәні 12, 20, 36, 40-қарасөздерінде ашыла түседі. Проф. М.Мырзахметұлының: «М.Әуезов Абайдың дінге, адамгершілікке байланысты танымын, негізінен «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңіндегі пікірлерге сүйене отырып ашқанда, Абайдағы дін, тәрбие, адамшылық, мораль философиясы жайлы ойларының желісіне 12, 13, 27, 28, 35, 36, 38, 43, 45-қарасөздеріндегі ой төркініне де үнемі сүйеніп отырады... Абай ойының таратпақ болған негізгі ой желісі мораль философиясына, ондағы негізгі тетік – нравственная личность мәселесіне тіреледі деп танытады» [3, 96] – деген пікірі ойымызды дәлелдей түседі.

Абай адамның мінезі мен адамшылығының негіздері («толық адам», «толық инсаният», «инсанияттың кәмәләттілігі», «бенделіктің кәмәләттілігі» т.б.) туралы сан жылғы ойларының түпкі нанымын 38-сөзінде молырақ таратуды мақсат еткен. Ол былай деп жазады: «Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам уғлының мінездері туралы біраз сөз жазып, ядкар қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңдар», - деп, оқырманға өтініш етіп, ең әуелі, ескертіп алады. Мұнда ескере кететін бір жайт бар. «Абай «бенде» (пенде) деген сөзді құдайдың құлы мағынасында қолданып, суфизм әдебиетінде уағыздалып келген діни моральға басымдық берсе, «инсан» сөзін өмірдің гүлі – адам деген гуманистік мағына алған» [3, 101].

Абай баладағы адам болу талабы неден басталады деген сұраққа: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады», - деп жауап беретіні бар. Абай ұсынып отырған бұл өлшем – адам болам десеңіз деген талаптың алғышарты ретінде баланың саналы түрде махаббатпен қызығуынан туатын жан құмары арқылы ғылымды меңгеруге ұмтылған

183

талабында жатады. Ал, мұның өзі 38-сөздегі Абайдың танытуынша, үш түрлі себептен – яғни нәсілінен, әлеуметтік ортасынан, алған тәрбиесінен пайда болатын аса күрделі құбылыс. Қазақ қоғамында баланың толық адам боп қалыптасуына залалын тигізетін нәрсе – бала тәрбиеленетін әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерінен қиянатшыл болады деп қаралады. Мұндай ортада өскен бала бойына жаман қылықтарды ұялатуына байланысты тәрбие процесінде оны жөндеуге қаншалықты күш жұмсалса да, толық адам боп шығуы қиынға соғатындықтан: «Қиянатшыл балалар талапқа да, ғылымға да, ұстазға да ... қиянатпен болады. Бұл қиянатшылар жарым адам... Олардың адамшылығының кәмәлат таппағы қиынның қиыны» боп, тәрбие ырқына көнбей, шырық бұза бермек.

Абайдың қарасөздеріндегі адам болу мәселесі адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің көрінісіне тікелей байланысты. Адамшылық қасиеттердің қайдан шығатынына қатысты пікір сабақтастығы Абай мен ұлы ұстаз әл-Фараби мұрасынан анық байқалады. Мәселен, бұл мәселеге қатысты әл-Фараби былай дейді: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі (жақсы мінез-құлық пен ақыл күші) бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады» [5, 11-12].

«Адам баласындағы адамгершілік қасиеттің қайнары не, ол қайдан шығады?» деген сұраққа Абай «жүрек» деп жауап береді. Абай көптеген өлеңдері мен, әсіресе, 17-қарасөзінде жүректің культін көтеріп, барлық ізгі сезім, рақым, шапағат, махаббат атаулының шығар көзі ретінде жүректі шешуші орынға қойып, онда адамгершілік танымның негізі жатыр деп қараған. Себебіне үңіліп көрейік. Мәселен, Абай 14-қарасөзінде тыңдаушыларына орай: «Жүректің қасиетін анықтап біле алмайды», - деп кейи ескертетіні бар. Өлеңдері мен қараөздерінде жүректі рахым, әділет, шафағат атаулының қанат қағып ұшар құтты мекені деп қарап, жүректің культін көтере мадақтайды. Бәрімізге жақсы таныс 17-қарасөзіндегі ғылымның жауабына назар аударсақ та жүректің шешуші мәнге ие екендігін аңғару қиын емес. Онда жүрек былайша сөз саптайды: «Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алалаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не?» [6, 43]. Міне, осы себептерден болса керек, ғылым: «Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда: қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп, кітаптың айтқаны осы» [6, 45] - дейді.

Абай ұғымында адамгершілік қасиеттерлі бойға сіңіру, игілікті мұратқа талпынып іс қылу, талаптану және оның жолдары мен түрлерін білу адам болудың негізгі шарттарын қамтиды. Абай адам болмақ жолын таңдап алған, адам болмаққа талап қылған жастар талаптың, талаптанудың шарттарын білуге тиіс деп есептейді және оларды топтап көрсетіп, әрқайсысына тиісті сипаттама береді.

Абай қарасөздерінде айтылатын талаптарды проф. Ж.Дәдебаев былайша баяндайды: «Талап қылу үшін, әуелі көңілдің тыныштығын сақтау шарт. Көңілге талап салатын – осы тыныштық. Көңілдің тыныштығы бұзылған жағдайда, кісі бір маңызды, игі нәрсеге талап қылып, белін бекем буа алмайды. Көңілдің тыныштығына жету үшін кісі мынадай істерден аулақ болу қажет: 1.адамның адамдығын бұзатын жамандықтан; 2.өзін өзі өзгешелікпен артық көрсетпектен; 3.біреуге қастық қылмақтан; 4.біреуді қор тұтпақтан; 5.біреуді кемітпектен. Аталған істердің адамшылыққа жат болатын себептері, белгілері де анықталады: өзін өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады; біреуге қастық қылмақ, біреуді қор тұтпақ, біреуді кемітпек дұшпандық шақырады» [7, 144].

Абай қарасөздеріндегі адамгершілік туралы танымның түпнегіздері «жәуанмәрт» ұғымының мағынасымен өзара байланыста өрбиді. Абай былай деп жазады: «Белгілі жәуанмәртлік үш хасләт бірлән болар деген: сиддық, кәрәм, ғақыл – бұл үшіндәң сиддық ғадаләт болар, кәрәм шафағат болар,

ғақыл мағлұм дүр-ғылымның бір аты екендігі» [6, 110] – дейді. Абай адамгершілік туралы ой сабақтағанда осыларды бойына мінез ғып сіңірген жан иесі ғана толық адам атына ие болады дейді. Ақынның үш хасләт деп тұрғаны – рақым, әділет, ақыл сынды үш түрлі сипаты. Бұл ұғым Абайдың 38-қара сөзінде жалғыз-ақ мәрте айтылса да, өзінше үлкен жүк арқалап, салмақты ойды таразылап тұр. Оны мінезбен эквивалент ретінде қолданылатын этикалық ұғым десек болады. Аталған ұғымның мағынасына қатысты проф. М.Мырзахметұлы: «Шындығында, бұл сөз XIII ғасыр ескерткіші

184

«Мұхаддимат ал-Адаб» сөздігінде «Лаванмардлық» түрінде ұшырасады. Мағынасы «қайырымдылық,

ізгілік» дегенге келеді» [3, 80] – десе, жазушы, абайтанушы Д.Досжан: «Жәуанмәртлік дегеннің түп тамыры парсының «жувон» - бозбала, жігіт, «мәрт» - жомарт, мәрт деген ұғымдарының қосындысы деп түсіндіріліп жүр. Мәрт сөзі қазақта да бар, қолы ашық, көңілі таза, сері мінезді қазақты «мәрт» деп бағалап келген» [8, 112] – деген пікір айтады. Жоғарыда айтылған ойлардан кейін ғана бұл ұғымның Абайдың адамгершілік іліміне қатысы ұғынықты бола түседі. Себебі, жомарттық та өз негізін адамгершіліктен алады.

«Адам баласына адам баласының бәрі дос, - деп жазады ақын өзінің 34-қара сөзінде, - не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жердің бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахаттың бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Бірің қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық жасап көз алартыспақ

лайық па?». [6, 87-88]. Абай дүниетанымының негізін құрайтын осы идея. Қарасөздерінде айтылатын адамгершілік қасиеттер дәл осы тұжырымнан нәр алады.

Ұлы ойшылдың адамгершілік мәселесіне арналған түйінді ойлары мен көзқарастары 25, 34, 37-

қарасөзінде беріледі. «Құдайдан қорық, пендеден ұял» [6, 62] - дейді Абай. Ежелден-ақ адамгершілік ілімдеріне сүйеніп өмір сүрген халқымыз үшін осыдан әділ әрі аяулы сөз бар ма?! Адам бойындағы ар-ұятты Абай адамшылықтың ажырамас бөлігі деп қарастырады. Ар-ұяттан жұрдай адамды адамшылықтан шыққан адам деп есептейді.

Абай ұғымында ғылым іздеу, ақыл тыңдау – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын игілікті істер. Ол 34-қарасөзінде: «Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ, өзімдікін жөн

қыламын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?» [6, 88] - дейді. Расында, бақастық пен бақталастық болған жерде қайдан береке орнасын, адамгершілік қалай ғана үстемдік құрсын?! Сондықтан адам болу, адамгершілік қасиетке болу өнегелі іске ұмтылуымен байланыста қаралады.

Абайдың 37-қарасөзі – афоризмдік мәні бар адамгершілік қағидалары. Қысқа да нұсқа жазылған әрбір ойдың астарлы мәні бар: «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес»; «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы – бауырың»; «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек

қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың» [6, 94-95]. Байқасақ, бұл сөздерінде Абай қарақан бастың қамын биік қоюды адамгершіліктен ада тірлік деп танып, көптің игілігі үшін қам-қарекет қылуды абыройлы іс деп біледі.

Қорыта айтқанда, Абай қарасөздеріндегі адамгершілік ұғымы мен мәселесі – өз негізін өте ежелгі кезеңдерде түркі топырағында, мұсылмандық шығыста пайда болған адам болу ілімдерінен бастау алатын күрделі таным нәтижесі. Абай ұғымындағы адамгершілік – толық адам, кемел адам тұжырымдамаларының түпнегізін құрайтын тірек идея.

«Өзінен өзі туындайтын түйін біреу: халқының ұлы ұстазы, тағылымды тәрбиешісі болған Абай өзінің күллі шығармашылық мұрасымен ел-жұртын адамгершіліктің асыл қасиеттеріне баулып, рухани тазалық биігіне қарай бастап отырған. Имандылық пен инабаттылық, ақ ниет пен ақ тілеу пейілділік, ар-ождан беріктігі, адам бойындағы небір жарқын мінездерге арқау болған ақыл-парасат байлығы – міне, ұлы ақынның алдына нысана еткен мұраты да, халқына тілеген жақсылығы да осындай» [9, 189] – деп, әдебиеттанушы ғалым Ж.Ысмағұлов жазғандай, Абай мұрасы әрбір қазаққа, әрбір оқырманына адамгершіліктің таразысы ретіндегі қызметін қалтқысыз атқара береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Санат, 1995. – 320 бет.

2.Ғабитов Т.Х. Қазақ этикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 276 бет.

3.Абайтану. Таңдамалы еңбектер. XXX том. Мырзахметов М. Абай және Шығыс / жалпы ред.басқ. Ж.Дәдебаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 294 б.

4.«Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – 720 бет.

5.Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1975. – 455 б.

6.Абай Құнанбайұлы. Қара сөз. – Алматы: Meloman Publishsing, 2018. – 154 бет.

7.Дәдебаев Ж. Абайдың антропологизмі. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 238 бет.

8.Досжан Д. Абайдың рухы (Ғұмырнамалық ойтолғау). – Астана: Фолиант, 2008. – 432 бет.

9.Ысмағұлов Ж. Абай: Даналық дәрістері. – Алматы: Өнер, 2007. – 400 бет.

185

Бауыржан Мырзақұлов,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әдебиеттану мамандығының 1-курс магистранты.

Ғылыми жетекші: Зұфар Сейтжанов,

Ф.ғ.д., профессор.

«НАҚЫШ-СОПЫ» ЕМЕС, «СОПЫ НАҚЫШ» ДЕГЕН ДҰРЫС

Әңгімемізді бастамас бұрын, ең алдымен, «нақыш» сөзінінің мағынасына тоқтала кетсек. «Нақыш» сөзі – ою-өрнек, нақыс, әшекей; саз, ырғақ, мәнер сынды мағыналарды білдіреді. Яғни, «нақыш» дегенді тілдік қолданыста бір заттың көркем түрге еніп әдеміленуін яки бір заттың белгілі бір сипатпен безенуін айтсақ болады. Сөзімізге ақын Х.Ерғалиевтің мына өлең жолдарын мысалға келтірсек жеткілікті:

Үйіміздің төбесі өсіңкіреп қалыпты, Терезесі, көбесі әдемі НАҚЫШталыпты.

Негізі біздің айтпағымыз бұл емес. Бүгін біз түркі жұратына Хәкім Ата ныспысымен танылған Сүлеймен Бақырғани және оның туындысы делінетін «Нақыш-сопы хақында (әсілі – сопы нақыш)» атты хикмет төңірегінде сөз қозғамақпыз. Иә, Хәкім атамыз өз заманында Әлемнің Құтыбы, «Ахмет сәни», «Султанул-Арифин» атанған – Қожа Ахмет Яссауидің ең үздік мүдиттерінің бірі болып, ұстазының ұлы жолын жалғастырған, артына өшпестей «Бақырған кітабы», «Ақырзаман», «Хазреті Мәриям» сынды діни-дидактикалық жыр-дастандар мен рухани тәрбиеге құрылған хикметтерін мұра етіп қалдырды.

Дегенмен, жоғарыда келген «Нақыш-сопы хақында» деген хикметті Бақырғани еңбектерінен көп кездестірмейміз. Есесіне, Бақырғанидікі делінетін хикметте шумақ сайын қайталанатын «Нақыш-

сопы, неге сонша сорладың, сопы болдың, еш мұсылман болмадың» деген жолдардың түп-нұсқадағы сөзімен үндес, тіпті бірдей келетін «Сопы нақыш болдың, уәле (бірақ) әркез мусулман болмадиң» деген жолдарды Яссауи хикметінен жиі ұшыратамыз. Бұдан «бұл хикмет кімдікі» деген сауалдың туындауы заңды.

Ғылыми деректерге сүйенсек, С.Бағырғани кітаптары осыған дейін бірнеше рет жарық көргендігі мәлім. Барлығы бір нұсқада емес, әрине. Солардың бірі ретінде, Бақырғанидің «Нақыш-сопы хақында» деген хикметі енген делінетін нұсқа Маңғыстауда Шотан Жары Шайхы мен Шоңай Наушабай ахундардың медреселерінен табылған. Бұл нұсқа қазір Маңғыстау облыстық мұражайында сақтаулы тұр. Бірақ, бұл нұсқаны ғылыми айналымға енгізіп, басқа нұсқаларымен түп-нұсқалық салыстырулар жасап, аталмыш хикметтің Бақырғанидікі ме, әлде Яссауидікі ме, оны әлі анықтау қажет. Өйткені, екі ақынның бірдей хикмет жазуы тарихта сирек кездесетін жағдай.

Сөзіміз дәлелді болу үшін екі ақынның хикметтерін қатар келтірейік:

Яссауидің нұсқасы:

Ей, көңіл қылдың күнә, әркез пұшайман болмадың, Сопымын деп жар салып, талапкер жанан болмадың, Өкінішті, өмірің өтті, бір мезет жылаушы болмадың, Сопы нақыш болдың, әркез мұсылман болмадың.

Сопылық осылай ма еді, дҽйім ішің ғапілет білҽн, Даналық тҽспісі қолыңда, тілдерің ғайбат білҽн, Қырық қабат сәлде орарсың, жаман нәпсі ізет білҽн, Сопы нақыш болдың, әркез мұсылман болмадың. [1]

Бақырғанидікі делінген нұсқа:

Ғұмыр – тәмам. Жасамадың құлшылық, Жүрегің – кір, сыртың ғана пірсініп. Жан-жарағын қамдамадың құлшынып,

186

Қармағаның – қызыл-жасыл тіршілік. Нақыш-сопы, неге сонша сорладың? – Сопы болдың, еш мұсылман болмадың...

Сопы болдың, еш мұсылман болмадың. Сопы болсаң, – иманды біл әуелі, Парыз, уәжіп, сүннет – дарақ мәуелі. Жанды баурап шариғаттың әуені, Адал еңбек сәулелесін сәуені. Нақыш-сопы, неге сонша сорладың? –

Сопы болдың, еш мұсылман болмадың [2].

Куә болғанымыздай, екі нұсқа бір-біріне мағыналық һәм стилдік тұрғыда өте жақын. Бұл мәселе де көп күттірмей шешімін табар деген үміттеміз.

Ал, енді тақырыбымызға арқау болған негізгі мәселеге көшсек.

Жоғарыда келген екі хикметке жіті назар салсақ, бір тіркестің екі түрлі қолданысқа ие болғанын байқаймыз. Қалай дейсіз бе? Былай: Түп-нұсқадағы «сопы нақыш» тіркесі Яссауи хикметінде сол күйінде берілген, ал Бақырғанидікі делінген хикметтің көркем аудармасында «нақыш-сопы» деп екі сөз орын ауысып тұр. Әсілі, Бақырғанидің хикметі де түп-нұсқада «сопы нақыш» деп келген, «нақыш-сопы» емес. Сырттай қарасаңыз, екі тіркес те бір мағынаны аңдатқандай болады. Бірақ, бұл сөздер орын ауыстырғанда мүлдем мағыналық өзгеріске ұшырайтынын ескерусіз қалған. Мәселен, біз «нақыш-сопы» дегенде, бірден ойымызға нақыш жолын ұстанатын, нақышталған сопы келе қалады. Ал «сопы нақыш» десек, сопылықпен безенген, сопылықпен әсемденген адамды елестетеміз.

Негізінен, екі хикмет те түп-нұсқасында сыртын сылап өң бере сопылықпен безенген, бірақ ішкі жан-дүниесі мұсылмандық талаптарға сай келмейтін діндарды сынағанын анық байқаймыз.

Бұл жерде шегелеп айта кететін тағы бір мәселе, хикметтердегі «сопы нақыш» тіркесі «бәзбіреулер» айтқандай Ихсан іліміндегі Нақшбандия жолымен түк қатысы жоқ. Өйткені, Қожа Ахмет Яссауи мен оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани нақты деректерде көрсетілгендей ХІІ ғасырда өмір сүрген. Ал, Нақшбандия жолы ілгеріде хазреті Әбу Бәкірдің құрметіне – “ас-Сиддиқия”, Баязид Бастамидің құрметіне – “Тайфурия”, кейіннен, Ғыждуанидің кезеңінде – «Хожаган» жолы, ең соңында, яғни XІV ғасырдың соңғы ширегіне қарай Бахауиддин Нақшбандтың (1318-1389) атына байланысты “Нақшбандия” тариқаты деп атала бастады.

Бұдан шығатын қорытынды, Сүлеймен Бақырғани өмір сүрген кезеңде «Нақшбандия» атауы мүлдем болмаған. Сонымен қатар, хикметтердегі «сопы нақыш» деген тіркес те «Нақышбандия жолын ұстанған сопы» дегенді емес, қайта «сопылықпен нақыштанған, сопылықпен безенген адам» деген сипатта айтылып тұр.

Тоқ етері: хикметтегі «нақыш-сопы» деген тіркесті «сопы нақыш» деп оқыған дұрыс болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ахмет Иасауи. Диуани хикмет (аударма, транскрипция, мҽтін, сҿздік). Түркістан, «Тұран» баспаханасы, 2010. - 119

бет.

2. http://adebiportal.kz/…/…/6af7627bd70cb6edc0a48ac0628fe1a5. – 98 бет.

187

2-секция ТҮРКІТАНУ:ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ

Салқынбай А. Б.

ф.ғ.д.,профессор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қ.

ӨРЕЛІНІ ТӨРГЕ ЖЕТКІЗЕР ТОЛҒАҚТЫ ОЙ МЕН ТОЛЫМДЫ ТАҒЫЛЫМ

««Һибат-ул хақайиқ» нұсқаларының (ХІІ ғ.) қолданбалы мәтіні» атты зерттеу Халықаралық Түркі Академиясының қолдауымен жарыққа шықты

Түркітану ғылымында қазақ ғалымдарының да салған олжасы аз болмаған. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Ғ. Айдаров, М. Томанов, Ә. Құрышжанов, А.С. Аманжолов, А.Н. Гаркавец сынды ғалымдардың түркітану саласы бойынша жазған ғылыми зерттеулері қалың көпшілікке белгілі. Бұл зерттеулердің ғылыми негізділігі мен қисындық мәнділігі түркітанушы ғалымдар тарапынан жоғары бағаланған-ды.

Соңғы жылдары түркітану ғылымы бойынша жазылған күрделі еңбектердің ішінде Б. Сағындықұлының «Һибат-ул хақайиқ» нұсқаларының (ХІІ ғ.) қолданбалы мәтіні. Ескерткіштің лингвостатистикасы» атты зерттеуінің орны ерекше деп білеміз. Бұл еңбектің бағалы жағы, ең алдымен, «Һибат-ул хақайиқтың» бірнеше нұсқаларын салыстыра отырып, мәтіндік тұрғыдан талдауы, статистикалық есептеулер жасап, орфографиялық ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, дыбыстардың жазылуындағы өзгешеліктер мен ерекшеліктерді саралап, бірінші рет мәтіннің алғашқы қалпына келтірілуі дер едік. Зерттеудің алғысөзінде тарих ғылымдарының докторы, Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті Дархан Қыдырәлі атап өткендей, «Орта ғасырдағы түркі әдебиетінің нұсқаларының ішінде Қараханид дәуіріне қатысты аса бағалы ескерткіш Ахмет Йүгінекидің «Һибат-ул Хақайық» («Ақиқат сыйы») атты дастаны сөз өнерінің қайталанбас бірегей мұрасы.

2018 жылы Түркие Республикасының ЮНЕСКО жөніндегі ұлттық комиссиясының қолдауымен ЮНЕСКО шеңберінде бұл шығарманың жариялануының 100 жылдығы аталып өткені де есімізде. Халықаралық Түркі Академиясы осыған орайластыра отырып, қырық жылдан астам уақыттан бері Ақиқат сыйын» зерттеп келе жатқан, кешегі атақты түркітанушы Э.Н. Наджиптен бата алған, «XIV ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы» атты 1977 жылғы кандидаттық диссертациясынан бастап, ұзақ уақыт сарыла зерттеген Б. Сағындықұлының ғылыми зерттеуінің нәтижесін жариялауы мақтарлық іс.

Екі кітаптан тұратын зерттеуде «Ақиқат сыйының» алты нұсқасының ішіндегі ғылыми құндылығы жағынан жоғары, біршама толық деп танылған 3 нұсқасын алып, ғалым толық сөздігін жасаған, ескерткіштің түркіше-қазақша, сөздігін, араб-парсы элементтерінің қазақша аудармасын бөлек жариялаған.

Б. Сағындықұлы мұны «кейінгі зерттеушілердің, түркітанумен әуестенушілердің пайдалануына жеңіл болсын» деп жазғанын ескертеді. «Ақиқат сыйындағы» сөздер мен грамматикалық тұлғалардың ескі қыпшақ тіліне, сондай-ақ, бүгінгі қазақ тіліне қатысы бар екенін тұлғалардың фонетикалық, морфологиялық, семантикалық ерекшеліктерін анықтау арқылы көз жеткізеді.

Мәселен, ең алдымен, «Һибат-ул хақайиқ» тіліндегі сөздердің дыбыстық жағынан тұлғалануы жағынан қазіргі қазақ тілінде белсенді қолданылып жүрген сөздермен айна-қатесіз ұқсас екені анықталған. Мысалы, түбір сөздер: ат, ата, ана, ара, аз, атан -, ал -, күн, түн, мең, өз, бер -, сөз, көп,

188

кең, тар, оқ, ол, от, он, де, мал, қол, қарын, т.б. Қосымшалы сөздер – алды, қалды, қалып, қылды,қайтарылмас, малы, малсыз, малға, оқыса, байлық, болғай, толды, тоны, сынаған, соңы т.б.5

Сондай-ақ, ескерткіште қазақ тілінің ерекшелігіне жатпайтын ш-с, й-ж, д-й, ч-ш, ғ-у, м-н т.б. дыбыстардың сәйкестігі арқылы жасалған сөздер де молынан ұшырасады. Мұндай дыбыстық сәйкестіктерді тілдің даму үдерісіндегі табиғи даму деп түсіндірген абзал. Профессор Әмір Наджип еңбектеріне сүйенсек, дыбыстық әртүрлілікті ғалым сол кезде жазба тілде болған диалектілердің ізі ретінде немесе әр ғасырда көшірмешілердің қаламынан кеткен ерекшеліктер болуы мүмкін деген пікір айтады. Қалай болғанда да, ғылыми мұрат «Һибат-ул хақайиқ» ескеркішінің ғылыми сипаты мен ерекшелігін дұрыс анықтау, оның кімге, қай түркі халқына жақындығын емес, ескеркіштің болашаққа берерін, ұлттық кодқа негізделуін, түркілік танымды зерделеудегі орын мен маңызын көрсету.

Осы тұрғыда Б. Сағындықұлы ескерткіштің А, Ә, Б нұсқаларының транскрипциясын және оның сөзбе-сөз аудармасын ұсынады. Аудармадан білімге қатысты бірнеше жолдарын ұсынайық:

81.А нұсқасынан. Билигдин урурман сөзүмга ула Ә нұсқасынан. Билигтин айурман сөзүмга ула.

Б. Сағындықұлы аудармасы. Білімнен қалаймын сөзіме іргетас.

82. А нұсқасынан. Билигликка йа дост өзиңни ула Ә нұсқасынан. Билигликка йа дост өзиңни ула

Б. Сағындықұлы аудармасы. Білімдіге ей дос, өзіңді мата

83. А нұсқасынан. Билиг бирла булнур са'адат йолы Ә нұсқасынан. Билиг бирла билнур са'адат йолы.

Б. Сағындықұлы аудармасы. Білімменен табылар бақыт жолы.

84. А нұсқасынан. Билиг бил са'адат йолыны була Ә нұсқасынан. Билиг бил са'адат йолыны була

Б. Сағындықұлы аудармасы. Білім біл, бақыт жолын тап.

Одан әрі Ахмет Йүгінекиден қалған асыл мұраның Б нұсқасының сөзбе-сөз аудармасын жасап, өзге нұсқалардан текстологиялық айырмашылықтарын анықтаудың үлкен ғылыми және тәжірибелік маңызы бар деп есептейміз. Осы нұсқаның мағыналық аудармасын жасауда да, ғалым қаламының қарымдылығын, аударманың сәтті жасалғанын көруге болады:

141.Ақылсыз ердің тілі – өз басының дұшпаны.

142.Талай ердің қаны тілінен төгілді.

143.Көп сөйлеген – көп өкінеді.

149.Тіліңді бақ, Аз сөйле.

150.Тіліңді бақсаң, өзің аман боласың.

157.Сөзі жалған адамнан тез қаш.

159.Тіл мен жақтың көркі – шын сөз.

Әр сөзі алтынға бергісіз ұлағатқа толы көне мұраның ішінде кездесетін түркі-қазақ, араб-парсы сөздерінің бөлек талданып берілуі еңбектің маңызын арттыра түседі.

Зерттеу еңбекте алғаш рет Б нұсқасының әліпби тәртібіне түсірілген сөздік мәтіні жасалған. Яғни еңбекте кездесетін әр сөз жеке талданып, оның мәтіндегі мысалы беріледі. Біздіңше, мұндай күрделі ғылыми жұмыс түркітану ғылымында бұрын жасалмаған еді. Яғни болашақ зерттеуші үшін, ескерткіш тіліндегі сөздердің мәтіндегі негізгі мағынасы мен ауыспалы мағынасын, метафоралық мәнін, сөздің қанша рет қайталанатынын саралауда толық материал дайындалды деген сөз. Сөз қолданысының стилистикалық ерекшеліктерін анықтауда да, атаулардың мағыналарының дамуы мен тарылуын саралауда да, ғылыми жұмыстар жазуға кеңінен жол ашылады.

Ғалымның ескерткіштің үш қолжазбасын қатар өрбіте зерделеп, олардың жеке-жеке транскрипциясын жасап, мәтіндерді салыстыра зерделеп, ондағы дыбыстық, сөздік ерекшеліктерді астын сыза отырып көрсетуі – қажырлы еңбектің ғана жемісі екені анық. Ал Һибат-ул хақайиқта

5 Һибат-ул хақайиқ нұсқаларының (ХІІ ғ.) қолданбалы мәтіні. Ескерткіштің лингвостатистикасы». –Астана, 2018. 31-бет.

189

кездесетін кісі есімдері мен географиялық атаулардың жеке тізбемен берілуі, ескілік ұғымдарының түсініктерінің көрсетілуі - оқырманның таным-түсінігін тереңдете түсері даусыз.

Еңбектің екінші кітабында профессор Б. Сағындықұлы ескерткіш қолжазбаларының мәтіндік айырмасын анықтап, олардың орфографиялық айырмаларын барынша терең зерделейді. Ғалымның ғылыми зерттеулерде бұл ескерткіштің атауы екі түрлі аталып жүргеніне ерекше мән беріп, оның мәнісін түсіндіруі де ғылыми көпшілік пен оқырманға ой салары анық. Һибат-ул хақайиқтың (Ақиқат сыйы) қалайша «Атибат-ул хақайық» (Шындық қақпасы) аталып кеткенін ғалым өзінше түсіндіріп, толымды да нақты ғылыми деректермен дәлелдей отырып, дұрысы «Һибат-ул хақайиқ» болатынын талдай жеткізеді.

«Һибат-ул хақайиқтың» тілдік ерекшеліктерін Махмут Қашқаридың «Диуану луғат-ит түрк» еңбегі мен Йүсүп Баласағунидың «Құтадғу билигімен» салыстыра отырып, олардың идеялық мазмұны мен тілдік жақындығын нақты деректермен көрсетеді.

Ғалым көшірмелерде кеткен қателіктерді түзету үшін, автордың әуелгі сөз қолданысын қайта қалпына келтіру үшін, статистикалық тәсілді қолданғанын ескертеді. Яғни сөздер мен сөз қолданыстарын, грамматикалық формалардлың қанша рет және қалай кездесетінін саралай отырып, авторлық қолданыстың ерекшелігін дәлелдей отырып, оны бұрынғы қалпына келтірген. Біздіңше, мұндай шешуі аса мұқияттылық пен қажырлылықты талап ететін жұмысты орындауда, Б. Сағындықұлының көне түркі жазба ескерткіштерінің әдеби нормаларын ескергені де байқалады.

Ғалым зерттеу еңбегінде текстология ғылымының қазіргі жетістіктерін, соның ішінде тарихи мәтіндермен жұмыс істеуде, оның бастапқы мәтінін қалпына келтіруде қолданатын әдіс-тәсілдерді жетік пайдалана отырып, орта ғасырдың інжу-маржаны саналатын Ахмет Йүгінекидің «Һибат-ул Хақайық» («Ақиқат сыйы») атты дастанының бастапқы сипатын қалпына келтірген. Көшірмеден кеткен кемшіліктердің себебін анықтап, орфографиялық жазудағы өзгерістердің тарихи себебін ашқан.

Осындай ұланғайыр еңбектің авторы, филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Сағындықұлы биылғы жылы 80 жасқа толып отыр. Әрі Біз ағайдың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің түлегі болғанымен, қазіргі таңда осы университеттің профессоры екенімен мақтанамыз.

Ғалымның бұған дейін көп ғалымдардың қолы бара қоймаған, ғылымда өз зерттеушілерін күтіп жатқан Хорезмидің “Мухаббатнамесін”, Қутбаның “Хусрау уа Шырынын”, Сейф Сарайидың “Гулистан бит-туркиін” зерттеп, ондағы сөздерді салыстыра зерттегенін, ұқсастықтары мен айырмашылығын саралап, араб-парсы тілінен енген сөздерді анықтағанын мақтанышпен айтамыз. Орта ғасыр мұраларын “қазақ тіліне жақын саналатын қыпшақ-оғыз аралас тілінде жазылған. Осы заманғы түркологтардың анықтауы бойынша, бұл жазба әдеби тілдің диалектілік негізі – ескі қыпшақ тілі” – дей отыра, ескі қыпшақ тілі мен жаңа қыпшақ тілін бір-бірінен бөліп қарауға болмайтынын ерекше ескерткен.

Профессор Б. Сағындықұлы төрт ғылыми бағыт бойынша қырық жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Ең алдымен, оның түркологияның сан-салалы ғылыми-теориялық мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін атап өтуге болады. Бұл бағытта ғалым аталған докторлық диссертациясында ірі-ірі жаңалықтар ашты. Бұлар кезінде ғылыми талқылауларда, баспасөз беттерінде тиісті бағасын алды. Ғалым бұл бағытта сегіз ғылым кандидатын даярлады. Олардың арасында ұстазының теориялық концепцияларын дамытып, докторлық диссертация жазғандар да бар.

Ғалымның өз өмірі мен бүкіл шығармашылық мүмкіндігін жұмсаған екінші бір бағыты – орта ғасыр ескерткіштерінің транскрипциясын, аудармасын, түсіндірмелі, алфавитті, кері алфавитті жиілік сөздіктерін шығарып, олардың шын мәнінде ғылыми айналымға қосылуына атсалысуы деп білеміз. Ескерткіштерді түпнұсқадан оқып, олардың лингвистикалық тұрғыдан дәлме-дәл аудармасын жасау, әрбір сөздің мағынасын ашып, сөздік құрастыру кез-келгеннің қолынан келетін әрі оп-оңай атқарыла салатын шаруа емес. Себебі, түпнұсқадан оқу сол саланы жете меңгерумен бірге, теориялық дайындықты, мәтін теориясы мен мәтінтанушылық біліктілікті, тағы басқа сапаларды қажет етеді.

Профессор Б. Сағындықұлының ғылымда маңдай терін төгіп, талмай алып келе жатқан үшінші бағыты – тілдің лексикологиялық саласына орай қалыптасқан. Лексикология пәнінен университетке келгеннен бері дәріс оқиды, семинар және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді. Көп жылғы ұстаздық тәжірибесіне сүйеніп, аудиторияның атмосферасын жіті түсінуі арқасында, жоғары оқу орындарының

190

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]