Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

87

.pdf
Скачиваний:
12
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
8.65 Mб
Скачать

еңбегінің нәтижесінде аталмыш мұрахаттар ғылыми айналымға қосылып, заманауи тіл білімінде жаңаша аспектілерде зерттеу нысанына айналды. Сөзімізге дәлел ретінде «Хорезмидің «Мұхаббатнамесіндегі» (XIV ғ.) лингвосемиотикалық кеңістік» (2011), «Тарихи теолингвистика: қалыптасуы, дамуы, негізгі бағыттары Н.Рабғұзидің «Адам ата-Хауа ана» қиссасы мен А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны материалдары негізінде» (2017) атты монографияларды атауға болады. Бұл еңбектерде қазіргі қоғамда аса өткір қойылып отырған діни таным мен тілдік сана арақатынасы проблемасы тіл біліміндегі жаңа бағыт – теолингвистика аясында қарастырылған.

Қорыта айтсақ, белгілі түркітанушы, дінтану саласының білгірі профессор Б.Сағындықұлының қазақ руханиятын дамытуға қосқан қомақты үлесін шағын бір мақала шеңберінде толық көрсету мүмкін емес. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан көрнекті ғалымның бергенінен берері көбірек екеніне сеніміміз кәміл. Ұлағатты ұстазымызды мерейлі жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «бүкіл елдің сөзін сөйлеп, намысын қорғап, дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты абыз деп» атаған екен. Біз де Берікбай ағайымызды ғалым абыз деп құрметтей отырып, зор денсаулық, ғылыми-шығармашылық табыстар тілейміз.

Саткенова Жайна Бағашарқызы,

Филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

ПРОФЕССОР Б. САҒЫНДЫҚҰЛЫ – ЭЛИТАРЛЫҚ ТҰЛҒА

«Түркітанушы», «ғалым – аудармашы, «ғалым – фонетист», «ғалым – лексиколог», «ғалым – теолог», «ғалым – ұстаз», «ғалым – энциклопедист» Берікбай Сағындықұлы – аса білімді, мәдениетті, ой өрісі кең элитарлық тұлға. Бір бойынан осынау білімнің табылуы ғалымның ерен еңбегінің жемісі. Талмай еңбек етіп, қазақ тіл білімінің дамуына ерекше үлес қосты. Өзіне дейінгі қазақ тіл біліміндегі А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ә. Қайдар, Р. Сыздық сияқты алыптар ізін жалғастырып, ұлттық тіл біліміне көптеген жаңа жаңалықтар мен тың теориялар әкелді. Ұстаздың жылдар бойғы ерен еңбегі сексеннің сеңгіріне шыққанда ғалымды элитарлық тұлғаға айналдырды.

Профессор Б. Сағындықұлының есімі түркология саласынан ерекше орын алады. Ғылымды орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілін зерттеуден бастаған ізденушінің қадамы бүгінде Б. Сағындықұлын «түрколог-ғалым» деңгейіне жеткізді.

Ғылымдағы жолында ғалым қазақ тілінің тарихи лексикологиясы, тарихи фонетикасы, тарихи морфологиясы, түркі тілдерінің салыстырмалы лексикологиясы мәселелерімен терең айналысты. Б. Сағындықұлының ғылым жолындағы көптеген ізденістері «Қазақ тілінің шығу тарихы» атты жинаққа топтастырылды. Түркі тілдерінің жүйелік ерекшеліктерінен бастау алған бұл еңбекте ғалымның «силлобофонемалар теориясының» сан қыры сөз етіледі. Буын теориясы, қазақ тіліндегі моносиллаб және дисиллабтар, сөз құрамындағы тарихи фонетикалық айырмашылықтар туралы айтылған тың теориялар ғалымның көптеген жылдарғы еңбегінің нәтижесі.

Бұл еңбекте ғалымның лексикология саласындағы тың ізденістері де назардан тыс қалмаған. Көне және қазақ тіліндегі ортақ лексика, ескерткіштер тілі мен қазақ тіліндегі тұлғасы мен мағынасы бірдей екі буынды сөздер, ескерткіштер тілі мен қазақ тіліндегі үш одан да көп дыбысында өзгешелігі бар сөздерге қатысты тұжырымдары, ежелден қазірге дейін сыртқы пішіні өзгеріске түспеген қазақ сөздерінің жан-жақты талдануы осыған дәлел бола алады.

Ғалым ғылымда аудармамен де көп айналысты. Аударма саласында Ахмед Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» шығармасын, Рабғузи қиссаларын, әл-Хорезмидің туындыларын, Ж. Баласағұнның өлең жолдарын қазақша сөйлеткен аудармашы ретінде танылды.

Б. Сағындықұлы бірнеше жылдан бері студенттерге «Ислам және дін» тақырыбында теология саласына қатысты дәрістер оқып келеді. Бұл жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда. Ұстаз жас шәкірттерге ислам діні туралы мәліметтер береді. Оларды адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейді. Жас буынды «Ғаламның ғажайып сырларымен» үндесуге шақырады. Профессордың әр дәрісін тек студенттер ғана емес, университет оқытушылары да асыға күтеді.

Б. Сағындықұлы қазақ тіл біліміне мықты ғылым докторлары мен ғылым кандидаттарын дайындаған ұстаз. Ұстаздың шәкірттері республиканың барлық аймақтарында ағайдың екен

51

дәнімен көктеп, өздері де мықты тұлғаға айналған. Күні кеше ғана ұстаздың жас шәкірті (филология мамандығының 4 курс студенті) Хунанбай Арғынбек министрліктің ұйымдастыруымен өткен 15 ЖОО орны студенттері қатысқан пәндік олимпиадада «Үздік лингвист» номинациясы бойынша 1-орынды жеңіп алды. Профессордың силлобоголия ғылымындағы теорияларымен университет оқытушыларын таңғалдырған. Бұл да ағайдың ерен еңбегінің жемісі. Ұстаздың әлі де қазақ тіл біліміне берер тың теориялары өте көп. Ағайды мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз.

------------------------------

1.Қазақ тілінің шығу тарихы: Фонетика. – 1 том. – Бірінші кітап. – Алматы, 2013. – 236 б.

2.Қазақ тілінің шығу тарихы: Фонетика. – 1 том. – Екінші кітап. – Алматы, 2013. – 236 б.

Әлібек Байбол,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институтының I курс докторанты,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология факультетінің түлегі.

ҒАЖАЙЫП ҒАЛЫМ

Қазіргі кезде филология ғылымдарының докторы, профессор, түрколог, теолог Берікбай Сағындықұлын білмейтіндер кемде-кем. Қатарластарының айтуынша, ол кісі мектеп қабырғасында жүргенде-ақ ізденімпаздығымен, білімге деген құштарлығымен, өзгелерден дараланған құлшынысымен, еңбекқорлығымен ерекшеленген екен. Б. Сағындықұлы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Журналистика факультетіне оқуға түсіп, небір мүйізі қарағайдай ғалымдардың тәлім-тәрбиесін көріп, дәрісін тыңдап, көп нәрсені жадына тоқиды.

Берікбай ағамыз өзінің еңбек жолын сонау кездегі «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») басылымынан бастапты. Білуімізше, о кездегі талап – тастай. Әр қате үшін қатты сыналасың, жауап бересің. Ағамыз барған жеріне сыйлы, абыройлы боп, әр іске асқан жауапкершілікпен қараған-ды. Кейін өзін біржола ғылымға арнап, аспирант есебіндегі алғашқы диссертациясын ойдағыдай қорғап, ел-жұртқа таныла бастайды. Қазірге шейін ғалымның қоржынында оннан аса оқу құралы, бірнеше монография, ғылыми, танымдық, көсемсөздік мазмұндағы мақалалар бар. Бүгіндері Б.Сағындықұлы көп жыл бойына ұстаздық пен ғылыми жұмыстың тізгінін тең ұстап, нәтижелі де жемісті еңбек етіп келе жатқанына – мына халық куә. «Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» дегендей, ағамыз көптеген шәкірт тәрбиелеп өсірді. Мұның ішінде ғылым докторлары, PhD, ғылым кандидаттары, магистрлар бар. Олар қазақ тілінің лексикологиясы, жазба ескерткіштердің тілі, грамматика мен фонетика мәселелерін зерттеп жүр.

Түркітану – түркітілдес халықтардың мәдениетін зерделейтін арнайы ғылым. Бүгіндері оның өрісі кеңейе түскені сөзсіз. Себебі, жаһандану дәуіріндегі түбі бір түркі елдерінің ортақ тарихына ерекше көңіл бөліне бастады. Осы ретте, аталмыш ғалымның бұл салаға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз деуге негіз бар. Ол түркітануды жаңаша сипаттағы зерттеулерімен байыта түскені белгілі. Мысалы, Берікбай Сағындықұлы дауысты және дауыссыз дыбыстардың архетиптерін ежелгі жазба үлгілері, түркі тілдері, олардың диалектісін басшылыққа ала отыра айғақтап шықты. Бұл – профессор зерттемпаздығының бір ғана қыры. Ал, арнайы тоқталып, тәпсірлеуді қажет ететіні қаншама.

Ғалымның үш бөлімнен құралған «Ғаламның ғажайып сырлары» – түсінікті, жатық тілмен жазылған, әрі соншалықты мазмұнды да, терең діни-танымдық еңбек. Одан әркім өзін мазалап жүрген: «Жаратушы ғаламды не үшін жаратты?», «Көзге көрінбейтін әлем бар ма?», «Адам баласына әсер ететін қандай күштер бар?», «Әулиелер дегеніміз кім?», «Киелі орындардың өңге жермен салыстырғанда нендей айырмашылығы бар?», т.б. толып жатқан сауалдарға жауап табады. Бұдан бұрын, аталмыш кітапта аңыз, әпсана, қисса, ел есіндегі ескі әңгімелер көптеп кездеседі. Мәселенки, «Ғаламның ғажайып сырларында» былай делінген: «Ғайып Ерен Қырық Шілтен – он

52

сегіз мың ғалам құбылысының шоғырланған мекені. Жалпы, ел арасында әулиелік қасиетке жетудің жеті сатысы бар. Оның ең жоғарғысы – құтып, екінші сатысы – әруақуль муқаддас, үшінші сатысы – Ғайып Ерен Қырық Шілтен болып саналады. Қырық Шілтеннің құрамында қырық әулие болады. Халық танымында әулиелердің ұлықтары Ғайып Ерен Қырық Шілтенмен бірігіп, Жаратқанды ұлықтап намаз оқиды екен. Кез келген қазақтың ұғымында бұл әулие бейнесі

– зарыққанға медет, тарыққанға күш-қуат беретін ғаламат иесі болып танылады. Халық аузында Адам ата-Хауа анаға дейін табиғаттың заңын, тіршіліктің көзін көрсеткен осы Ғайып Ерен Қырық Шілтен деп айтылып, Қобыланды, Алпамыс батыр жырларында, қисса-дастандарда көп айтылады. «Қаражамбас Қазығұрттың қос өркештеніп, ал Шілтер бетінің қырық тесік болғаны осы даудың әсері екен» деседі ел аңызы. Алыстан қарағанда Қазығұрт шөгіп жатқан қос өркешті түйеге ұқсаса, Шілтер ата бетінен Қазығұртқа қараған тұсынан қараса ойдым-ойдым шұрқ тесікті көресің. Екеуінің бәсекесінен соң, көп ұзамай Шілтер атаның алдынан қатарласа аққан үш бұлақ пайда болыпты. «Шілтер ата құлағы, мойыны мен шүйдесіндегі жарақатын бірінші, кеңірдек, көкірек пен тыныс жолдарына түскен жарақатын екінші, көзі мен аузына түскен жарақатын үшінші бастаудың суымен шайып, қалған денесіндегі жарақаттарын үш бұлақтың суын араластырып емдепті» деседі. Сондықтан сол үш бұлақтың біріншісі – «Шұрық бастау», екіншісі – «Өңеш бастау», үшіншісі – «Көз бастау» аталыпты. Оқыған сайын өзіне баурай түсер осынау жазбадан кез келген оқырман өзіне қажеттісін алады, тың мағлұматтармен танысады. «Қазыналы оңтүстік» көптомдығында ғалым ойымен өзектес мынандай дерек кездеседі: «Ел арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда, бағзы заманда бір сахабаның баласы жанына серіктерін ертіп, барлығы қырық кісі болып, қасиетті жерлерді аралап, түнеп, зиярат етіп кете беріпті. Ол кісілер Қазығұрт тауы баурайына барып, қазіргі Әңгірата ауылына жақын тұста орналасқан тасқа түнеп, соны мекенжай етіпті». Ал, бұл жөнінде ориенталист-ғалым Толстов «Ежелгі Хорезм» атты зерттеуінде: «Шілтендер күндіз мешітке барып, түнде мазарларда болған, шөл кезіп, жол тосқан, молдаларды өлтірген, жолаушыға болысқан, шөлде оларға соқпай өтетін жан болмаған. Екінші жағынан олардан қорқуға да болады» деп жазған еді.

Бүгіндері ел ішінде дәстүрден ажырап, қазақы дүниетанымнан алыстаудың себебінен әулие, аруақ деген сөздерді дұрыс түсінбеу немесе оны бұрыс түсіндіру тенденциясы етек алды. Бұған байланысты, астралды, менталды және физикалық әлемдерді қатар қойып зерделеген Б.Сағындықұлы аталған кітабында былай дейді: «Ислам дінінде «әруақ» деген ұғым бар. Араб тілінде «әруақ» – «рух» деген сөздің көпшесі. Халық ұғымында «әруақ» деген сөзге «қасиетті» деген мән-мағына сіңген. Мынау тылсам дүниеде әртүрлі себеппен, әртүрлі мақсаттармен өлмей тірі қалған «әруақтар», яғни, әулие адамдар болған». Сөздің ашығын айту керек, қазіргі діни фанатизм мен террор өрттей өршіп тұрған тұста жалпақ жұрт ғажайып, жазмыш, тағдыр, күш, тылсым, ақырзаман, ақиқат, аян, құдірет, мұғзижа, түс, т.б. түсініктердің байыбына бара бермейтіні рас. Тілші соған ерекше мән беріп, әрқайсысына тоқталып, этимологиясына үңіліп, мысал келтіреді. Мәселенки, ғалым мұғжиза жөнінде былай деп жазады: «Мұғжиза – Құдайдың құдіреті. Бірақ, ол пенделердің қалауы бойынша орындалады. Мұғжиза дегеніміз – оқымыстылардың да, қарапайым адамдардың да ақылына сыймайтын, сенімнің (иманның) нәтижесінде ғана байымдауға, сезінуге болатын ғажап іс. Мұндай істер Алла тағаланың ғылымымен бола тұрса да, пайғамбар жасаған сияқты әсер қалдырады». «Ғаламның ғажайып сырларында» жер-су атауларына, адамдардың атына, наным-сенімге, дінге, дәстүрге, қазақы танымға қатысты көптеген дерек бар. Осы тұрғыдан келгенде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры м.а., филология ғылымдарының кандидаты Раушан Әбдіқұлова «Абыз ғалым» деп аталатын мақаласында Берікбай Сағындықұлы туралы мынандай ой қорытады: «Бүгінде қос ілімді қос қанатындай аялаған абыз ғалым, абзал ұстаз, ұстаздардың ұстазы атанған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Берікбай Сағындықұлының «Ғаламның ғажайып сырлары» атты діни-танымдық зерттеу еңбегін сақи кемелдіктің, бекзат ұстаздықтың, діни ілімпаздықтың ғана көрінісі ғана емес, жалпы халыққа қасиетті Құран сөздерін, ислам ілімдерінің інжу-маржан, жауһарларын түсіндіретін, осы арқылы бүгінгі дүбірлі дүниеде өмір сүріп жатқан еліміздің тыныштығын, қауіпсіздігін сақтауға, жоғарыда айтқанымыздай мемлекеттің дін саласындағы саясатын қолдауға, оны нығарлай түсуге қызмет ететін рухани құндылықтарға толы, бағалы, қозғаушы күші зор ғылымипублицистикалық стильде жазылған энциклопедиялық сипаты мол, өркениет ісіне үлес қоса алатын маңызды еңбек санатында бағалауға тиіспіз».

53

Ғылымды, мәдениетті, әдебиетті дамытудағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қосар үлесі зор деп білеміз. Себебін айтайын, бұл оқу ордасын тәмамдап, биік шыңдарды бағындырып, елге кеңінен танылған тарланбоз көп. Ағамыз «Құтты білік», «Диуани лұғат-ат түрік», «Һиббат-ул хақайық» сынды әдеби мұраларды зерттеп қана қоймай, ол туралы ой бөлісіп, білгенін айтып отырған екен. Бұл – бір жағынан адамгершіліктің, екінші жағынан парасат-пайымның белгісі. Кітапты оқып шыққан қарақты көз көп нәрсеге қанық боп, мол мәлімет алмақ. Біздіңше, «Ғаламның ғажайып сырлары» Қазақ елінің барлық лицей, колледж, университетінде оқытылып, оқу бағдарламасына енгізілуі қажет. Өйткені, ұлттың өсуі, кемелденуі осындай фундаменталды зерттеулермен тікелей байланысты деген ойдамыз.

P.S. Қасиетті қара шаңырақ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атағының алты қыр асуы Берікбай Сағындықұлы секілді математика, физика, геометрия, тригонометрия, журналистика, т.б. мамандықтарды аса терең білетін энциклопедист, әрі дара тұлғалардың арқасы екенін именбей айтуға тиіспіз. Алаш үшін аянбай еңбек етіп жүрген ағамыздың деніне саулық, отбасына амандық, ісіне береке тілейміз.

54

1-секция ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ

Жазира Исаева Исақызы,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Түркістан, Қазақстан

ҰЛЫ ДАЛА ПАРЕМИОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ПРЕЦЕДЕНТТІ ЕСІМДЕР

Резюме. В этой статье расматривается использование прецедентных имен персонажей в пословицах и поговорках великих степей. Единственный способ выявления путь паремиев как они сохранились на протяжении веков - это проанализировать их этнолингвистический подход с помощью легенд и историй.

Resume. This article deals with the use of the precedent names of characters in proverbs and sayings of the great steppes. The only way to identify the path of the paremias as they have been preserved over the centuries is to analyze their ethno-linguistic approach with the help of legends and stories.

Ұлт тарихындағы маңызды оқиғалар тілдің құжаттық, мәдени танымдық қызметінің негізінде фразеологиялық, паремиологиялық жүйеде, көне мәтіндерде тарихи есімдер арқылы таңбаланып, халық жадында сақталады. Ерекше ұлттық мазмұндық сипаттағы, мәдени ақпараттық мәні басым бұл атаулар тіл білімінде прецеденттік деп анықталып, тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастырылады. Мысалы, «Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бекет, Асан қайғыға салыну». Тіл арқылы мәдениетті тану қызметіне байланысты зерттеуші Г.Мәдиева бұл атаулардың мәнін төмендегідей бағалайды: «К ядерным элементам национальной когнитивной базы относятся прецедентные имена, которым принадлежит одна из ведущих ролей в накоплении и передаче культурной информации, понимании определенной ситуации и целого комплекса ассоциации, которые возникают при актуализации прецедентного имени в речи» [1, 122 б.].

Прецеденттік сипаттағы паремиялар халқымыздың ұшқыр ойы мен даналығынан туған бай ауыз әдебиеті мен шежіре тарихынан алынған фольклорлық мәтіндерде тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, наным-сенімге қарай бірнеше топқа бөлініп қарастырылады. Мысалы, мифтік бейнелер: Әзірет әли, пайғамбарлар (Дәуіт, Мұса, Сүлеймен), Қанбақ шал, Қыдыр ата;Ел аузындағы есімдер: Асан қайғы, Аяз би, Қорқыт, Қобыланды, Толағай; Қасиетті пірлер мен әулиелер: Бибі Фатима, Қожа Ахмет Иассауи, Ұмай ана; Тарихта болған тұлғалар: Абылай хан, Қасымхан, Есет батыр; Әдеби мәтіндердегі персонаждар: Дайрабай, Мырқымбай (Б.Майлин), Судыр Ахмет (Ә.Нұрпейісов); Ойдан шығарылған аттар: Алтай, Қамбар, Шығайбай, Тоңқылдақ т.б.;Осы тектес тарихи тұлғалар арқылы жасалған халық паремиялары қанатты сөздер, бата сөздер, нақыл сөздер көптеп кездеседі. Мысалы: «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би» Майқы би – ел билеген көсем, басынан сөз асырмаған шешен Аңыз бойынша Орманбет би қайтыс болған соң қазақтарды үш жүзге бөлген осы Майқы екен. Жұрт оны «Қарқуардай Майқы» деп, таңның атысы күннің батысы талмай шырылдайтын құсқа теңеген. «Майқы айтты» деген сөздің көпшілігі халық даналығына айналып кеткен. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би мақалының шығу тарихы XII ғасырда Шыңғыс хан тұсында өмір сүрген «киіз туырлықтының» атақты биі Майқы есімімен байланысты. Ол туралы халық арасында бірнеше аңыз бар. Соның бірі: Майқы би өлген соң сол төңіректің ұсақ билері төбе билікке таласып, бірінен-бірі сөз асырмақ болады. Бұрын Майқы айтып кеткен билік, шешімдерді олар өздерінше қолданып, «Біздің елдің биі былай деді», «Сіздің елдің биі солай деді" - деп әркім өз биін дәріптейді. Сонда Майқының көзін көріп, сөзін тыңдаған бір қария:» – Сендер несіне таласасыңдар? Бұл кешегі Майқы айтып кеткен сөз ғой. Түгел сөздің түбі бір, түп атасыМайқыбидепті».

Әрбір ұлттың адамзат қоғамындағы тарихи - мәдени рөлін, өркениетке қосқан үлесін рухани болмысы мен ментальдық құндылығын бағалағанда оның даналық қорында жинақталып, қалыптасқан мақалдары мен мәтелдерінің ауқымын ғана емес, дүниетанымдық ой-парасатының

55

тұңғиық теңдігін де, шарықтау шегінің биіктігі мен мазмұн-мәнінің кеңдігін де ескерген абзал. Осы тұрғыдан алып қарағанымызда қазақ мақал-мәтелдерінің өткен өмірі мен бүгінгі болмысты танып білудегі логикалық, философиялық, дүниетанымдық, эстетикалық, тағылымдық, прагматикалық, этнолингвис -тикалық мәні өте зор. Паремиялардың ғасырлар аттап, бізге жеткендерін анықтаудың бірден-бір жолы – олардың кезінде шығарған, дүниеге келтірген тарихи тұлғалар дың есіміне, олар туралы дәйекті деректерге (аңыз-әңгіме, қолжазба, шежіре, зерттеулерге) сүйену болмақ.Мәселен, “Қайда барсаң – Қорқыттың көрі” деген мақал бүкіл Орта Азия, Кавказ, Кіші Азия халықтары арасында есімі аңызға айналған абыз, өмір бойы өлімге қарсы күресіп өткен Қорқыт атаның осы бір ерекше әрекетіне байланысты қалыптасқандығы белгілі. Сондай-ақ, ел арасында аңыз болып айтыла беретін Аяз би атына байланысты «Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл» мақалы қолданылады. Онда әркім өз әлін, өз жолын, өз шамашарқын білсін, асып-таспасын деген ұғым бар. «Аяз би» ертегісі осы нақылмен былай аяқталады. «..Елі отыз күн ойын, қырық күн тойын қылып, Жаманды ақ киізге салып, хан көтереді. Жаман Ақша ханның еліндегі үйін көшіріп алады. Жаман таққа мінген соң, соғыспай, ақылмен бес хандықты өзіне қаратты дейді. Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, теңдік тауып кетіп жүріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға Аяз би деп ат қойып, сол аты өле-өлгенше қалды» дейді. Аяз би әділ болды. Тура билік ететін еді. Нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тымағы мен жаман тонын ордасының қақ маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде, хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегеге ілулі тымағы мен тонына қарап «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл деп көңілін басушы еді дейді». Дәл осы мақалдың этнолингвистикалық мәнін академик Ә. Қайдар былай берсе: «Аяз би әліңді, Құмырсқа жолыңды біл» 1.О баста: ел ішінде өзінің әділдігімен аты шыққан Аяз бидің айтқан сөзі ретінде кең тараған әңгімесінің сюжеті негізінде қалыптасқан бұл мақал: Билік басына көтеріліп, би болған Аяздың өзіне-өзі: «Аяз би, кеше кім болғаныңды, бұл билікке қалай жеткеніңді ұмытпа!» – деп ескертуінен қалған сөз; 2. ауыс. әркім ең алдымен өзін-өзі, кеше кім еді, бүгін кім болып отырғанын, билік, мансапқа қолы жеткенін, яғни өз өмір-болмысына сын көзбен қарап, өткенін естен шығармауын ескертіп тұр [2, 217 б]. Т.Нысанбектің «Даланың дара ділмарлары» еңбегінде осы мақалдың шығу төркінінің былай берілгенін көреміз: Аяз бидің Құмырсқа деген әрі биі, әрі батыр жан серігі болыпты. Қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. Ол екеуі Майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе елмен ел арасында елшілік, бітімгершілікпен айналысады. Сондықтан да Майқы би Аяз би мен Құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді екен. Ол екеуімен Майқы би халық тағыдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі-жиі ақылдасып, ой-пікір алысып отырады. Кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан оларға ескерту жасап түзеп, бағыт береді екен. Бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, Майқының алдын кес-кестей беріпті, сонда Майқы би оларға былай депті:

Билер бүгін Майқының алдын кесесің, Ертең жұрттың төбесін тесесің. Майқының да айтатын кебі бар, Айтуға аузының да ебі бар.

Хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс, Әзір сөзімде болмас бұрыс, Ақылым алжыған жоқ, Ондайды болжағам жоқ, Орынсыз ауыз ашсаң, Екі би басарсың шоқ.

Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл... [3, 16-б].

Мысал ретінде алынып талданған қазақтың осы мақал-мәтелдерінің шығуына ертедегі тарихи оқиғалардың себеп болғанын көреміз. Олардың шығу тарихын зерттей, аша отырып, біз сол тарихи дәуірдегі халықтың, елдің тарихынан, өмір-тіршілігінен мағлұмат аламыз, яғни тіл арқылы халық, ел тарихын түсінеміз, танимыз. Сол сияқты ”Өлдің Мамай – қор болдың”, “Жауды қашырған қарапайым халық – батыр атақ Барақта қалды”, “Абылайдың асында шаппағанда атаңның басында шабасың ба?”, Қазығұрттың басында кеме қалған, қасиеті болмаса неге қалған; Керей, қайдабарасың; Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы, “Бәлен жерде Балқан тау – ол да біздің барған тау” т.б. мақал - мәтелдердің баршасы қазақ халқының жалпы тарихына

56

және нақтылы тарихи тұлғалардың жеке басына, іс-әрекетіне байланысты қалыптасып, қазақ халқының тарихи-әлеуметтік өмірінің кешегісінен құнды-құнды әрі қызықты мағлұматтар береді. Мәселен тілімізде жиі қолданылатын Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы деген мәтелдің шығу тарихын білмей оның тура мағынасын түсіну қиынға соғады. Оны тек осы тіл фактілерін этнолингвистика тұрғысынан қарастырып зерттегенде ғана түсінуге болады. Бұл мәтелдің шығу тарихы туралы Қазақ Совет энциклопедиясында былай делінген: Қасымханның қасқа жолы - қазақтың Қасым ханының атына байланысты шыққан. Халық Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы - жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны Қасымханның қасқа жолы деп атап кетті. ... Қасқа жолдың заңдары өзгерусіз ХҮІІ ғасырға жетіп, Есімнің кезінде Есімханның ескі жолы деп аталады. Осы мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, егіншілік жоралары, жұртшылық заңы деп аталған бес заңға Тәуке ханның тұсында ойшы билер Төле би, Қазыбек би, Айтеке би тағы екі тарау қосып "Жеті жарғы" (жеті хақиқат) деп атаған. Ол екі тарау: жесір дауы және құн дауы. Жарғының үзінділері халық аузында қысқақысқа мәтел сөздерде сақталған [4; 135]. Қазіргі тілде үлгілі-өнегелі, әділ дұрыс шешім деген мағынада қолданылады.Сол сияқты мақал-мәтелдер сияқты даналықтан туған, өсиет мәнінде айтылатын әсерлі ой түйінділерде, ел арасында таралған, көбінесе өмірде болған, елге ерекше еңбегі сіңген, даңқы жер жарған тұлғалар туралы нақыл сөздерде:

Абылайдың асында шаппағанда,Атаңның басына шабасың ба [5, 150 б.].Абылай - Орта жүздің ханы болғанымен, Ұлы жүз бен Кіші жүзге ықпалын жүргізген, бүкіл қазақ халқын біріктіруге күш салған қайраткер, ақылды дипломат, батыл қолбасшы болған. Абылай хан дүниеден өткеннен кейін, үш жүздің баласы бас қосып, үлкен ас беріліп, 40 атқа бәйге тігілген. Тарихта ең ұлы ас осы болған, одан кейінгі астарда ешкім де 40 атқа бәйге тігіп көрмеген.Бұл сөздің қазақ халқына кең тарағаны соншалық, нақыл сөзден мақалға айналып кеткен. Абылайдың атына байланысты тілімізде «Абылайдың ақ туы, «Абылай аспас бар ма асу». «Абайдың ақ туы», бір тудың астына жиналу, яғни бірлікті, бірігуді» білдіретін символдық ұғымға айналған.Аспанға ұшсам, қанатым талады, Жерге түссем, Жалайыр Шора алады. т.б. «Абылдайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» 1. Абылай ханның ұлан-ғайыр тойға айналған асында қыл құйрық мінген қазақтың бірі қалмай түгел тыраңдағаны –ел жадында сақталған бір үзік тарихи оқиға; 2. ауыс. «ел есінде қалған осы тәрізді елден озып, бәйге алмасаң да, қолдан келгенше тыраштанып қалу – исі қазаққа тән ата салты» дегенді аңғартады... «Адай қазақ қорықса, «бекет» дейді, Бекет те айтқанды екі етпейді» Маңғыстау өңірінде қалыптасқан сөз:

тірі жаннан қорықпайтын адай руының қазақтары да Бекет атаны аузына алып, одан медет тілесе, ол шапағатын аяған емес демекші.

«Барар жерің Балқан тау, о да біздің көрген тау» 1. Бұл тарихи мақалды аңыз-әңгімелер әр түрлі түсіндіреді. Соның бірінде: бір кезде Бала Әмір мен Еділге ілескен ғұндар әулеті Еуропаның көп жерлеріне дейін барыпты. Тарихшы Геродоттың мағлұматтарында скифтер (сақтар) де ұғымға дейін барғандығы, ұғымдықтарға логикалы (жүйелі) сөйлеуді үйрететіндігі айтылады. Ендігі бір аңызда: Шыңғысханның жаугершілік жорығынан дүрліге көшіп-босқан қазақтардың алды Қызылқұм, Қарақұм шөлдерінен өтіп, Түрікмен жеріндегі Балқан тауына (Набет-дағ қаласына) дейін барып қайтыпты делінеді (Н.Төреқұлов). Тағы сондай ағызда. Сарыарқада да Балқан тауы болған (С.Қондыбаев) делінсе, Башқұрт жерінде де (Асылыкөл маңы, Даулекан ауданында да), Челябі обл., Дема өзені аңғарында да Балқан таулардың барлығы айтылады. Бұл таулар «байлық, жерұйық, космостың таза кеңістігі, жалпы ғаламның моделі» деген символдық, мифтік мәнге ие екендігі айтылады. 2. ауыс. «біздің де көзіміз көрмеген, аяғымыз баспаған жер жоқ бұл әлемде: сіздер көшіп бара жатқан Балқан тау да біз үшін жат емес» деген көшпелі халықтың, көне ата-бабаларымыздың үдере көшкен түркі елін көріп айтқан бір сөзі болса керек.

«Бәленің басы Дайрабайдың қызыл сиырынан басталады» 1. Тарихта болған Дайрабай есімді адамның басында болған бір (тарихи, әлеуметтік т.б.) дау-дамайға, оқиғаға байланысты ел жадында сақталып қалған бір үзік сыр..; 2. ауыс. өмірде болып тұратын дау-жанжал, айтыстартыс, кикілжіңнің басталу себебін (жалпы емес, нышандап айтқанда қолданылатын), айтылар ойға нақтылы реңк беру үшін еске алынатын мәтел. Ұлы жүз үйсіннен Абақ, Тарақ ұрпақтары тарайды. Тарақ балуан кісі болған, асаудан құлағанда, аттың жалын айырып түсіпті, Содан «Жалайыр» атаныпты Атақты құсбегі Шора осы Жалайыр ұрпағынан, оның құс біткеннің торына шырмалдыру шеберлігіне тәнті болған халық осы сөзді айтып бүркіт біткен уайымға түседі, деп шығарған екен. «Ердің соңы Есет Пірдің соңы Бекет» Кіші жүзде екі Есет батыр болған.

57

Біріншісі - Еділ, Жайық бойындағы қазақтардан, Маңғыстауда Бұхар, Хиуа қалмақтарынан қорғаған Есет Көкіұлы. Осы осынау жанкешті батырлығына риза болған Тәуке хан «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын» деп батасын берген екен. Кіші жүзге ауыз салмақ болған түркімен, қалмақ башқұрт «Есет келді дегенше, әзірейіл келді десейші» деп үрейленіп жөнеледі екен.

Бұл Есеттен бір ғасырдан кейін келген Есет Көтібарұлы ХІХ ғ. аты шыққан батыр ғана емес, елдің Алшындардың қамқоршысы, ағасы, сахараның саяхатшысы да болған адам. Жауға қарсы сөз найзасы мен өз найзасын кезеген Махамбет пен Исатайлар Есеттен рухани жәрдем, ақыл кеңес алып отырғаны ел жадында қалған. Есеттің өрлігі мен ерен ерлігіне сүйсінген ел Ердің соңы Есет деп айтып кеткен. «Жүректі болсаң, Есеттей бол, Білекті болсаң, Бекеттей бол» деп Жетпіс бидің де айтқаны ел ішіне тараған. «Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бекет». Қазақ қауымында батырлық дәуірді, пір тұту дәуірі шамамен ХҮІІІ ғасыр соңында пайда болған. Бұл мақал Қазақстанның батыс өңірінде өзінің батырлығымен аты аңызға айналған Есетті сол дәуір батырларының соңғылары деп, ал Бекетті сол Маңғыстау өңірінде ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмір сүрген аты аңызға айналған әулие, көріпкел, ұлағатты ұстаз, қолбасшы бахадұр, әділетті арашалаған қазиғ, обал мен сауапты арашалаған пірәдар, сәулеткер шебер пірлердің соңғылары деп санаудан туындаған. «Ер жігіт үйде туып, түзде өледі» Ел жадында қалған аңызда: жас Әбілмансұр (болашақ Абылай хан) қалмақтарға қарсы аттанып бара жатқан батырларды көріп, құстай ұшып, Төле биге келіп: «Ата, ер жігіт үйде туып, түзде өледі» деген емес пе, жау есебіне батырлардың артынан мен де барайын, батаңызды беріңіз» депті. Төле би ризашылығын бідіреді. Масаттанған Әбілмансұр ерттеулі тұрған атына мініп, шаба жөнеліп артына бір қараса бидің жанында тұрған Ескелді би (Төле бидің жиені) оған: басындағы бөркін алып, беліндегі белбеуін көрсетеді, тілін шығарып, шұқып көрсетеді. Батырлар тобы жауды жеңіп қайтады. Сол шайқаста Абылай ерекше ерлік көрсетеді. Ескелдінің ишаратын ол дұрыс түсініп, бұлжытпай орындапты: Ескелдінің бөркін шешкені – басыңа қиындық туар, соған шыдап бақ; белбеуін көркеткені – жаудың шебін аларда беліңдегі белбеуіңді шешіп ап, жалау ет, ұрандап шап; тілін көрсеткені– тіліңе сақ бол дегені екен [5, 150 б].

Өлдің, Мамай, қор болдың. Мамай - Алтын Орданың қолбасшысы және Әбілқайырдың немере інісі болған. Мамай батыр Руське аттанған жорықта Куликово шайқасында жеңіліп, Кафаға қашады сол жерде дүниеден өтеді. Тірісінде ел билеп, батыр атанып, көзі жұмылғасын аты да, атағы да өшеді..

Бұл мақал Мамай батырға байланысты туғанмен, келе-келе адам баласының бәрін де қатысты мәнде жұмсалады. Оның астарында адам атының да, затының да мәңгілік емес екендігі деген тұжырым жатыр. «Өлдің Мамай – қор болдың». 1. Орақ-Мамай екі батырдың өліміне байланысты айтылып қалған бір тәмсіл : тіршілікте қанша даңққа ие болып, атағы жер жарса да, өлгеннен соң көп адам әркімнің сөзіне ілігіп бұрынғы беделінен алыстауы мүмкін...; 2. ауыс. Адам тірісінде, Мамай батыр тәрізді қанша мықты болса да, өлгеннен соң ол мықтылық ұмыт болады, оның атына көрінген сөз келтіріп қорлауы және мұндай жағдай кез келген адамның басында да болуы мүмкін демекші. «Жауды қара қашырады, Батыр атақ Барақта қалады». 1. Тарихта болған Барақ батырға қатысты бұл сөз қаптап келген қалың жауға қарсы тұрып, қатарын бұзып, кейін қашыратын қатардағы жауынгерлер болса да, «жауды жеңген» атақ қол басшы – Барақ батырдың атымен аталатынын шындық ретінде мойындатып тұр; 2. ауыс. Тер төгіп, еңбек етіп, табысқа қолы жеткен қарапайым азаматтар болса да, оның жақсы атағына басшылар ие болады демекші.

«Қырықтың бірі – қыдыр». Ауыс. Қырық саны – қасиетті сан: қырыққа толғанда, қырықтан өткенде және жалпы қырық санына байланысты өмірдегі құбылыстардың баршасы игі-жақсы қасиеттерге, істерге алмасып, ауысып отырады деген қазақ халқының наным-сенімі бар. Осыған орай, мақалда да «адамның сапар жолында, игілікті іске байланысты қарбаласында, қуаныш, мереке, қонақ қылу үстінде кездесетін көп адамның алғашқысы қырқының ішінде біреуі жан баласына жақсылық, қамқорлық істейтін қасиетті Қыдыр (Қызыр) ата болуы да ықтимал, сондықтан той-жиында артық айтып, астамшылық жасама, арамызда құрметтейтін жан болуы мүмкін, әдеп сақта! деп ескертеді». «Ұмайға табынса, ұлды болар» Түркі жұртында Ұмай - жер ана нәрестелердің қамқоршысы, шаңырақтың, ошақтың киесі қолдаушысы деген түсінік бар. Сондықтан бала көтермеген әйелдер Ұмай анаға жалбарынып, бала сұраған. Көне ескерткіштерде «Ұмай текті шешем қатып құтына, інім Күлтегіннің ер атағы шықты» деген сөйлем кездеседі. Сәбиді шомылдырып, сылау кезінде «менің қолым емес, Ұмай ананың қолы» деп кие тұтып, табынған.

58

Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді этнолингвис -тикалық тұрғыдан зерттеу ұлттың рухани мәдениеті мен тарихын, дүниетанымын, тіршілік-тынысын танып білуге, олардың тілдегі көріністерінің ерекшелікгерін ашуға көмектеседі. Ұлы дала даналығындағы прецедентті есімдер біздің мәдениетімізде, әдебиетімізде, тілімізде, тарихымызда ерекше орын алады және антропонимдердің этномәдени, әлеуметтік аспектісін мазмұнды сипаттайды. Сонымен, осындай прецеденттік мәтіндердің мазмұнының астарында тарихи тұлғалардың, мифтік бейнелердің аттарында, яғни антропонимдерде ұлттық болмыс пен мәдениет сақталған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Г.Б.Мадиева Теория и практика ономастики. – Алматы: Қазақ университеті, 2003, – С. 28-29. 2.Қайдар Ә.Халық даналығы. – Алматы: Толғанай Т., 2004.-558 б.

3.Нысанбек Т. Даланың дара дәлмәрлары. – Алматы, 2005, -553 б. 4.Төрекұлов Н., Қазбеков М. Қазақтың би шешендері. – Алматы: Жалын, 1993. - 395 б.

5.Әуезов М. Тарихи өлеңдер //Абылай хан. – Алматы, 1993. – 150

Кулжанова Нагима

Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҰЛЫ ДАЛА НАНЫМ-СЕНІМДЕРІНДЕГІ КИІМ АТАУЛАРЫ

Резюме: В этой статье расматривается языковая природа названий одежды, которые составляют основу национальной культуры.

Resume This article deals with the linguistic nature of clothing names that form the core of national culture.

Тіліміздегі киім атауларына байланысты туған ұлы дала фольклоры арқылы қалыптасқан әлем бейнесі, ұлттық мәдениет, халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері оның баға жетпес тілінде ғана бейнеленеді. Осыған байланысты халықтың тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің негізінде пайда болған, бойына ғасырлар құпиясын сақтап келген тілдегі киім атаулары арқылы жасалған мақал-мәтелдердің ұлттық танымдық табиғаты-оның «тілдік бейнесінде» айқын көрінеді.

«Тілімізде ұлттық мәдениеттің өзегін құрайтын киім атауларының этнолингвистикалық табиғатын тануда тілдік құралдармен айшықталған күрделі құрылымын қазіргі қоғамдық сана мен мәдениеттің бүгінгі деңгейіне сабақтастырудың негізі олардың «тілдік әлемінде» жатыр», - деп тұжырым жасайды ғалым Ә.Б.Алмауытова [1,47]. Мақал-мәтелдер дүние үзіктерінің тілдік бейнесі ғана емес, ұлттың рухани мәдениетін білдіретін тілдік константалар болып табылады. Өйткені мұнда өмір сынынан өткен халықтық философияға кездесеміз, оларда ұлттық даналық, психология мен тұрмыстық тәжірибе жатыр. Қазақ тіліндегі киім түрлеріне қатысты мақалмәтелдерден ұлт өкілдерінің дүниетанымы, ақыл-ойы, дүниені танудағы тілдің рөлі «дүниенің тілдік бейнесінде» көрінеді. Мысалы, «Кеңесті ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас», «Көлеңкеге қарап, көйлек пішпес болар»; «Тігілмеген етігіңді мақтама, орылмаған тарыңды мақтама», «Шақырусыз тойға барғанша, шарығыңды ки де қойға бар», «Шен алып, шекпен киді»; Тілдің аса маңыздылығының құдіреті - көркем туындылар тілі, «ғаламның тілдік бейнесі» яғни суреткердің тіл шеберлігінен де көрінеді. Ұлттың айнасы тіл десек, сол ұлт тілі көркем әдеби шығармаларда көрініс тауып, сол көркем шығармалар арқылы ұлттың шынайы болмысын беруге ұмтылады.

Киім атаулары арқылы кейіпкерлерінің мінезін, әлеуметтік жағдайын, ісін т.б. түрлі қасиеттерін суреттеуде Ғ.Мұстафин мен С.Мұқанов шығармаларында автордың кейіпкер киімін бейнелеген сөз саптауы шығармаға экспрессивті – эмоциялы рең беріп, образды айшықтай түседі. Мысалы, «Амантай келіп Айтжанға ұрыса бастады: - Шал ғұрлы, қатын ғұрлы қауқарың жоқ! Сендейлердің кесірінен ту кеткелі тұр. Бөріктінің намысы қоса кеткелі тұр дегенде: - Сап-сап! – деп қолын көтерді Шығанақ («Шығанақ» 123 б). «Жаман адамның кегі өле-өлгенше кетеді. Жақсы адамдікі ақ жаулық кепкенше ғана жетеді», - деді Төкен» («Шығанақ» 207б).

« - Ей, сені біреу тонап жіберген бе? – «Киімшең енсем көргенсіз, тонсыз енсем тонады дейсің» («Миллионер» 320 б). Бұл жерде сөзді түрлендіріп, мағынасын көркейтіп қолдануда жазушылардың өзіне тән стильдік-тілдік ерекшеліктері байқалады. Сондай-ақ Ғ.Мұстафин шығармаларында халықтық мақал-мәтелдер қолданысының мәні ерекше. Мысалы, «Ата көрген оқ жонады, ана көрген тон пішеді» («Дауылдан кейін» 255 б ); «Бас жарылса, бөрік ішінде, қол

59

сынса, жең ішінде» («Дауылдан кейін» 257 б). «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» («Қарағанды» 230 б ).

Киім мен оған қосалқы аксессуарлар да символ бола алады, мысалы, ер адамға қатысты белбеу – күшті білдірсе, әйел адамға қатысты-некелік адалдық пен қыздың тазалығын білдіріп, пәктіктің символы ретінде ұғынылады. Белбеу өте жоғары дәреже, лауазым белгісі болып та есептелінген. Тіліміздегі «беліңді таянба» деген тиым, күші кеткенді білдіреді әрі біздің мәдениет тиым – жоралғылар жүйесінде де орын алған, себебі белге байланысты тірек пен қорғаныштың жоғалғанының белгісі. Бел адам денесінің өмірлік күш берер басты мүшесі болып саналады.

Бөрікті – қазақ халқы тек киім ретінде емес, этникалық құндылық ретінде жоғары бағалаған. Бөріктің қазақ халқы үшін құндылығы мынада: сыпайылық көрсеткенде не біреудің аяғына жығылып, кешірім өтінгенде, бөрікті шешіп оның аяғының астына тастап, кешірім алған. Халқымыздың мәдениеті жоғары екенін көрсететін бөріктің этникалық және әлеуметтік мәніне байланысты: елтірі бөрік, құндыз бөрік, кәмшат бөрік, қарқаралы бөрік, пұшпақ бөрік, шеркеш бөрік, қазақы бөрік, оқалы бөрік, сусар бөрік т.б. түрлерін кездестіруге болады.

Қазақ халқы бөрікті символ ретінде бағалаған. Осыған байланысты халқымызда «Бөркіңді теріс киме» деген тиым сөз бар. Оның себебі бас киімді теріс қаратып киген жаман істің белгісі деп санаған. Сондай-ақ «Бөркін аспанға ату» деген тіркес адамның қатты қуану, шаттану дағдысынан туған. «Бөрі соғар жігіттің бөрігінен белгілі, Балта соғар жігіттің көрігінен белгілі» – деген мақалда ой «бөрікке», яғни, киімге қатысты айтылып тұрған жоқ, жігіттің біліміне, ісіне, намысына, ақылына қатысты ауыс мағынада айтылған.

Тымақ – ерлердің қысқы бас киім, оған тіліміздегі «Қаңтарда қалпақ пана болмайды, тымақ пана болады» деген мақал дәлел. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Осыған орай: ол түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ деп атала береді. Бұрын қазақ елі қай жүздің , қай рудың адамы екенін осы тымағына қарап тани берген. Яғни, Арғын тымағы, Жалайыр мен Найман тымағы немесе Торғай тымағы, Семей тымағы деген үлгілері болған.

Тымақ – қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. Бұрынғы қазақтар шала туған баланы неше күн кем болса, сонша күн тымаққа салып кереге басына іліп қоятын болған. Бұл да тымақтың қадыры мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі деп түсіну керек.

Сәукеле – қазақ әйелдері бас киімінің ішінде ең көріктісі де, ең ежелгілерінің бірі, көп әшекейлі, қымбат бағалы қалыңдық киімінің салтанаттысы болып табылады. Сәукелеге зергерлік әшекейлер мен асыл тастар тіл көзден сақтау үшін тағылып, өте биік бас киім қыз мәртебесін асқақтатып, қазақтардың ұлттық дүниетанымының жоғары екенін танытқан. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «сәукеле – бұрынғы кездегі дәстүр бойынша қазақ қыздарының ұзатыларда киетін сәнді бас киімі» - деп берілген [ҚТТС,8,237].

Сәукеле – тек бас киім емес, ол қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сонымен бірге ол қазақтың қыздарына деген өз көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, әзірше кие тұруға беруге болмайды.

Сайып келгенде тілімізде дүниеге келуі о баста киім атауларына қатысты туындаған мақалмәтелдердің астарына үңілсе, адамның болмысына байланысты ұлттық танымдық ассоциацияға құрылған. Мысалы: «Апасы киген сәукелені, сіңілісі де киеді» бұл мақалдың уәжі мына «Шарғы» деген халықтық дәстүрден көрінеді: «Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңілісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұны біздің ана тілімізде «Шарғы» деп атайды» [2,51]. Яғни бұл мақалдың этнолингвистикалық мәні тура мағынасындағы қалыңдықтың сәукелесін кию емес, күндердің күнінде «қыз жат жұрттық» деген негізде тұрмысқа шығады - деген ауыс мағынада қолданылады. Халқымызда: «Көн етіктіге бармай жүр, көк етікті алмай жүр» деген мақал бар. «Көн етікті» - кедей деген мағынаны білдірген. Ертеде ауқатты, дәулетті адамдар, яғни мырза атанғандар етіктің қара, көк түстісін киген.

Тон – қойдың терісінен тігілетін қыстық жылы киім. Әйелдер тонның иығына, жең ұшына, өңірі мен етегіне кесте жіппен ою-өрнектер салады. Қазақтың «Тон киген тоңбайды, тонап алған оңбайды», «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышағымның терісі артық» деуінің себебі тон әрі берік, әрі жылы, әрі сәнді де болады. «Ас – аттінікі, той – тондінікі» деуімізге қарағанда, тон сәндік киімге де жатады.Тон тігісіне, үлгісіне қарай қималы, бүрмелі деп аталады.

60

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]